Мемлекеттік табиғи биологиялық (ботаникалық және зоологиялық)



Дата14.10.2018
өлшемі22.07 Kb.


Мемлекеттік табиғи биологиялық

(ботаникалық және зоологиялық)

қаумалдардың аумақтарындағы

шаруашылық қызметтерді

шектеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы «Республикалық мәні бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесін бекіту туралы» №1074 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы «Қарағанды облысының ерекше қорғалатын жекелеген табиғи аумақтарының кейбір мәселелері туралы» №122 қаулысына сәйкес, өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік табиғи биологиялық (ботаникалық және зоологиялық) қаумалдардың аумақтарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеу белгіленсін:

1) ботаникалық мемлекеттік табиғи қаумалдарда мал жайылымы, шөп шабу, ағаш кесудің барлық түрлері, гүлдер теру, өсімдіктердің тамырларын, түйнектерін және жуашығын қазып алу, от жағу, көлік құралдарының бар жолдардан тыс жерлермен келіп кіру және жүру, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіру, сол сияқты өсімдіктердің бүліну және жойылуына туғызған немесе туғызатын басқа да әрекеттерге жол берілмейді;

2) зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда уәкілетті органның келісімімен жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаьы бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, жануарлардың қырылуын туғызған немесе туғызуы мүмкін басқа да әрекеттермен бірдей дәрежеде аң аулау, кез келген тәсілдермен және құралдармен, балықтарды қоспағанда, жануарларды аулау, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін интродукциялау, ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіру, жұмыртқа жинауға жол берілмейді.

2. Аудандардың әкімдері:

1) мемлекеттік табиғи биологиялық (ботаникалық және зоологиялық) қаумалдардың аумағында тұрған меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық енгізу және жерге орналастыру құжаттамасында шаруашылық қызметін шектеуді есепке қою бойынша;

2) мемлекеттік табиғи биологиялық (ботаникалық және зоологиялық) қаумалдардың аумағындағы барлық жер учаскелері меншік иелері, жер пайдаланушылар шаруашылық қызметтеріне қойылған шектеулермен таныстыру бойынша тиісті шаралар қолдансын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.С. Рақымбековке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қарағанды облысы әкімі С. Ахметов



Каталог: files -> NPA
NPA -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
NPA -> Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
NPA -> Павлодар облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидалары
NPA -> Заңы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
NPA -> Қарағанды облысының әкiмшiлiк шекарасындағы Нұра өзенiнде, Шерубай-Нұра, Сарысу, Соқыр өзендерiнде, Самарқант және Федоров бөгендерiнде су қорғау аймақтары мен су нысандары жолақтарын орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртiбi
NPA -> «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру»
NPA -> Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
NPA -> Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның iшiнде Қарағанды облысының әкiмшiлiк шекаралары шегiндегi Балқаш көлiнде шағын өлшемдi кемелердi және олардың тұрағы үшiн базаларды


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет