Мемлекеттік орган Қр инвестициялар және даму министрлiгi Қызметті алушылар



Дата05.02.2018
өлшемі24.01 Kb.
#57367
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ

Кеден одағы аумағының шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты шығаруға арналған рұқсатты алу



Мемлекеттік орган

ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi

Қызметті алушылар

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар

Қызмет көрсету орны

Министрліктің Геология жер қойнауын пайдалану комитеті

«Электрондық лицензиялау» порталы

Қызмет құны

Тегін


Қызмет көрсету мерзімі

11 жұмыс күні



Қызметтің толық атауы

Кеден одағы аумағы шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы геологиялық ақпаратты шығаруға рұқсат беру



Қосымша

Сіз құжатты тексере аласыз 



Оқыту роликтерін қарау

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

  2. Авторлану немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.

  3. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін ашылған "Электрондық лицензиялау" порталының парағында "Өтініш беру" сілтемесі бойынша өту.

  4. Өтінішті толтырыңыз және өз  ЭЦҚ қол қойыңыз.

  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады

Құжаттарды ұсыну



  1. өтінім;

  2. өкілдің жеке куәлігі мен өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

егер геологиялық ақпарат табиғи тасығыштарда болса:

  1. геологиялық ақпаратты іріктеп алу актісі;

  2. шығарылатын геологиялық ақпараттың тізбесі;

  3. кеден зертханасының сараптамалық қорытындысы;

егер геологиялық ақпарат жасанды тасығыштарда болса:

  1. шығарылатын геологиялық ақпараттың тізбесі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Кеден одағы аумағының шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты табиғи немесе жасанды тасығыштармен шығаруға арналған рұқсат.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет