Мемлекеттік кірістер органдарында Құжаттарды тексеру кезіндегі маңызды мәселелер



Дата05.04.2018
өлшемі26.61 Kb.
#65317
Мемлекеттік кірістер органдарында

Құжаттарды тексеру кезіндегі маңызды мәселелер

Салық төлеушілер үшін мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жүргізілетін тексерістер қашанда өзекті тақырыптардың бірі болған, әлі де солай болып қалуда. Бүгінгі таңда жалған кәсіпкерлікпен күрес мәселесіне айрықша назар аударылуда.

Ондай компанияларды алдын ала анықтау өте күрделі. Өйткені, олар мемлекеттік органдарда заңнама талаптарына талаптарына сәйкес, тіркеуден өтеді. Аталған сипаттағы кәсіпорындар, әдетте, араға біршама уақыт салып барып айқындалады. Жалған кәсіпорындар заңсыз несиелерді, оның ішінде, мақсатты негіздегілерді алу, коммерциялық құрылымдарды оларға жасанды шот-фактуралар мен басқа да бухгалтерлік құжаттарды, сол тектес қажетті қағаздарды бере отырып, салық төлеуден жалтару қызметін көрсетеді. Сондықтан да, жалған кәсіпкерлік – қылмыс ретінде жазаланатын әрекет, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 8 тарауында жауапкершілік қарастырылған.

Мемлекеттік кірістер органдары өз қызметі барысында жалған кәсіпкерлік белгілерін анықтаған жағдайда, ондай материалдарды экономикалық тергеулер қызметіне жолдайды. Жалған кәсіпкерлікпен шұғылдану әрекеті қылмыстық үдеріс барысында дәлелденеді. Қылмыстық кодекске сәйкес, жалған кәсіпкерлікпен шұғылданушы ретінде кәсіпорынды бастапқыда кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысу үшін емес, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатымен құрған тұлға танылады.

Жалған кәсіпкерлікпен шұғылдану кезінде салықтар көлемі жалған кәсіпорынның контрагентімен заңсыз төмендетіледі.

Өз кезегінде, мемлекеттік кірістер органдары тұлғаның жалған кәсіпкерлікпен шұғылданғанын айғақтаған сот шешімінің заңды күшіне енуі негізінде, жалған кәсіпорынның контрагенттеріне қатысты бұрынырақ есепке алынған қосымша құн салығын (ҚҚС), сондай-ақ, жалған кәсіпорындар жүзеге асырған алыс-берістерден корпоративтік табыс салығын есептеулер бойынша шығындарды есептеп шығару шараларын заңды түрде қолданады. Өйткені, соттың тиісті шешімінен кейін жалған кәсіпорындардың шот-фактуралары жасанды, ал, кінәлі тұлғаның бюджет алдындағы міндеттемелері орындалмаған болып есептеледі. Нәтижесінде, әшкере болған бір ғана жалған кәсіпорын өзінің барлық контрагенттерінің мойнына тұтастай салық салмағын артады.

Былайша айтқанда, жалған кәсіпорындармен өзара есептесулері болған салық төлеушілерге камеральдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ескертпелер беріледі және олар орындалмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеріс тағайындалады.

Сонымен қатар, алыс-берістерді жарамсыз деп тануға қатысты енгізілген өзгерістерге тоқтала кету қажет деп санаймыз.

Тиісті мемлекеттік органдардың соттарға алыс-берісті жарамсыз деп тану туралы материал түсіруге заңды құқы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және арнайы заңнамалық актілермен белгіленген.

Соған орай, салық органдары қызметтеріне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында 2014 жылдан бастап, Салық кодексінің 19 бабына салық қызметі органдарына алыс-берістерді жарамсыз деп тану туралы сот органдарына талап арыз ұсыну бойынша құзырлы құқық беру жөнінде өзгерістер (қосымшалар) енгізілді. Осы құзырет аясында алыс-берістерге қатысты күмәнді белгілер айқындалған жағдайда сот органдарына оларды жарамсыз деп тану туралы талап арыз жолданады.



Салық кодексінің 19 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізумен қатар, аталған кодекстің 115 және 257 баптарына да өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Көрсетілген шамалық нормаларға сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жарамсыз деп танылған алыс-беріс бойынша шығындарды корпоративтік табыс салығын есептеу кезіндегі шығарылымға жатқызуға кірмейді және қосымша құн салығы сомасын есептеу кезінде есепке алуға жатқызылмайды.

Түсіндірмелік жазба түйінінде, қазіргі таңда Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары тарапынан мемлекеттің материалдық мүдделерін мүлтіксіз сақтау мақсатында аталған бағыттағы жұмыстардың белсенді түрде жүргізіліп отырғанын атап өткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет