1. Негiзiн тану – құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар/ студенттер оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.
1. Негiзiн тану – құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар/ студенттер оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.
2. Астарлы мағынаны ажырату – екi тұжырымның қатынасын көрсетудi талап етедi (тура көрсетiлмеген шешiмдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтiрiлуi мүмкiн).
3.Мотивация – себептердi айқындау. Оқушы /студент тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттердi танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.
Синтез түрінің мазмұны:
жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру;
болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа модель (құрылым) құрастыру.
Жұмыс және нәтиже түрлерi:
шығармашылық жанрлар.
жоспар құрастыру немесе тәжiрибе қою, өткiзу.
абстрактылы ұғымдармен негiзделетiн нәтижелер.
Бағалау түрінің мазмұны:
даулы және пiкiрталас туғызатын мәселелер бойынша шешiм қабылдап, оны дәлелдейді;
оқушылар /студенттер өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негiздейді;
оқушылар өз позицияларын нақтылық, логикалық жүйелiлiк, дәйектiлiкке негіздеуі қажет.
Білу
Білу
Анықтау, қайталау, белгілеу, санап шығу, еске түсіру, атау, назар аудару, жаттау.
Түсіну
Аудару, сөзбен қайта құрастыру, сипаттау, анықтау, түсіндіру, жеткізу, ерекшелігін анықтау, өз орнына қою, әңгімелеп беру, мәлімдеп беру, салыстыру, айырмашылығын көрсету, ұқсастықтарын келтіру, графикті оқып беру, суретті түсіндіру, өз сөзімен айту, анықтаманы тұжырымдау
Қолдану
Интерпретациялау, қолдану, бір нәрсеге тіркеу, пайдалану, көрсетіп беру (жұмыс ретін, қағидасын), ережесін сақтап орындау (рөлді орындау), практикада қолдану, иллюстрациялау, идеяларға жүгіну, жазып көрсету, реттеу, нобайын салу.
Талдау (анализ)
Бөліп шығару, талдау, бөлу, баға беру, санап шығару, тәжірибе жасау, тестілеу, салыстыру, қарама-қарсы қою, сынау, диаграммамен көрсету, тексеру, талқылау, анықтап сұрау, салыстыру, мәселені шешу, категорияларға бөлу.
Жинақтау (синтез)
Құрастыру, жоспарлау, ұсыну, жасау, сөзбен құрастыру, құрастыру/ретімен қою, жинақтау, шығармашылықпен орындау, ұйымдастыру, дайындау, жасап беру.
Бағалау
Тиянақтау, салмақтау, бағалау, рейтингілеу, салыстыру, қайта қарастыру, рет-ретімен қою, сұрыптау, таңдау, өлшеу, жазу, жақтап не жоққа шығаратын дәлелдер келтіру.
Таным мен ойлау деңгейі бойынша:
Таным мен ойлау деңгейі бойынша:
білу шкаласын «төменгі» деп бағаланады;
түсіну менқолдану шкаласын «орта» деп бағалаймыз;
Талдау (анализ), синтез және бағалау шкалаларын «жоғарғы» деп бағаланады.
Білу
Білу
Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
Бастауыш деген не?
Жай бөлшектер қалай жазылады?
Египеттiң астанасы қай қала?
Түсіну
Түсіну
1. Түсiндiрме:
Х пен У арасындағы айырмашылық қандай?
Батыс және Шығыс Қазақстанның рельефiн салыстырыңыздар.
Шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз.
3.Мысалдар:
Тақырып (анықтама) бойынша мысал келтiрiңiздер.
4.Анықтамалар:
3-сынып оқушысына түсiнiктi болатындай етіп проблеманың анықтамасын берiңiз;
Осы атауды өз сөзiңiзбен түсiндiрiп берiңiз.
Қолдану
оқушыларда /студенттер де метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың “Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.
“Қалай қолдануға болады? Жасап көр. Не бiлгiң келедi? Таблица, график жаса” тапсырмаларына сәйкес.
Талдау (анализ)
Талдау (анализ)
1. Негiзiн тану:
әңгiме бөлімдерінің өзара айырмашылықтарын келтiрiңiз;
теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз.
2. Астарлы мағына:
зейнетақы реформасының мәнi қандай?
“Ер туған жерiне, ит тойған жерiне”деген мақалды қалай түсiнесiз?
3. Мотивация:
Президенттің желтоқсан айындағы АҚШ-қа жасаған сапарының себебi қандай?
жердiң сатылуы туралы мәселенiң қазiргi күнi талқылануы нелiктен?