Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Мерзімі: Топ: «Ақбота» Білім беру саласы: «Қатынас». Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: «Тіл дамыту»



Дата17.07.2017
өлшемі25.04 Kb.
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мерзімі: Топ: «Ақбота»

Білім беру саласы: «Қатынас».

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: «Тіл дамыту».

Тақырыбы: «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі.

Мақсаты:Сурет бойынша әңгімелеуге үйрету.

Ертегі желісі бойынша диалогты сөйлесуді дамыту.

Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Түрлі түсті суреттер, сурет салуға арналған құралдар.

Билинвальдық компонент: жыл-год, жануарлар-животное.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс -әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

-Кәне, балалар, дөңгелене тұрып, бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

- Егеменді еліміздің дені сау баласы болыңдар.

- Бүгінгі күн сендерге сәтті күн болсын.



-Жүрегімдегі жылуымды саған ыстық алақаным арқылы жіберемін.

- Дос болайық!




Ұйымдастыру.

Ізденістер

«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны.

Шарты: педагог балалардың білетін шығармаларынан үзінді оқиды.



-Дұрыс. Бүгін сендерге өте қызық ертегі оқып беремін. Ертегі «Жыл басына таласқан жануарлар» деп аталады.

Педагог «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісінмәнерлеп оқиды. Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды.

- Жыл басы қай жануар болды?

- Түйе неге жыл басы бола алмады?

Сөздік жұмысын жүргізу.

Жусан –ащы дәмді,көкшіл бозғылт түсті аласа шөп.

Жабағы –қой мен түйенің көктемде қырқып алған қысқы жүні.

Бақташы – мал бағушы.

Өркеш – түйенің арқасына бір не екі айыр болып тік шаншылған қомы.

Сергіту сәті: Саусақтарым бір – бірімен амандасайық,

Саусақтардан гүл ашайық,

Саусақтарды ашып – жұмып,

А - ә,г-ғ, ү-ұ, н-ң, к-қ, о-ө

Дыбыстарын дұрыс айтайық.

«Кім зерек?» логикалық ойыны.

Шарты: әр жануардың қорегін тауып, қоршап, бояп, қалғанын қақпақтармен жауып қою.

«Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісімен таныстық. Ертегіде әр түрлі жануарлардың айтысқанын және тышқанның жыл басы атанғанын білдік.

Балалар оның қай шығарма екенін тауып айтады.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Балалар өлең мазмұнына қарай саусақтарымен қимылдар жасайды.

Әр жануардың қорегін тауып, қоршап, бояиды.



Рефлексивті

түзетушілік

Е. Өтетілеуұлының «Жыл аттары» өленің оқып, беру, жаттату.Дәптердегі қазақша жыл аттарын атату: Тышқан, Сиыр, Барыс,Қоян,Ұлу,Жылан,Жылқы,Қой. т.б.

«Жыл аттары» өленің жаттап, жыл аттарын атайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелеу.

Нені игереді: сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету.

Нені біледі: ертегі мазмұнын біледі.

Каталог: GU5IVX6YI3FH19N2
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: ы дыбысы және әрпі. Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Тақырыбы: Өзіне арна бұл күнді Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс –әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы Топ: «Балдырған» Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Мүсіндеу» Тақырыбы
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> «Ертегілер әлемі» Мақсаты: Білімділік
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Дене шынықтыру. Спорттық демалыс
GU5IVX6YI3FH19N2 -> 2 -кіші «Балдырған» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы Білім беру саласы
GU5IVX6YI3FH19N2 -> «Поможем поросятам одеться»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет