Мектеп: «Ордабасы» жом



Дата15.07.2018
өлшемі102.58 Kb.
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Жер тарихы

Мектеп: «Ордабасы» жом

Күні: 25.01.18

Мұғалім аты-жөні: Утебекова Д.

Сынып:11

Қатысқандар саны:14

Қатыспаған саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мезозой заманында Жердегі тіршіліктің дамуы.Жабық тұқымды өсімдіктердің шығуы. Құстар мен сүтқоректілердің шығуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Жер бетінде тіршіліктің мезозой заманындағы қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Жер бетінде тіршіліктің мезозой заманындағы қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттайды

Оқушылардың басым бөлігі

Триас, юра , бор кезеңдердегі өзгерістерді дұрыс ажыратыды

Оқушылар кейбір бөлігі

8 жауабы бар тесттерді шешеді

Тілдік мақсат

Оқушылар:

... Жер бетінде тіршіліктің мезозой заманындағы қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттай алады



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Мезозой, триас, юра, бор, археоптерикс, гаттерия, ихтиозавр, динозаврлар

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Мезозой заманында қандай өсімдіктер кең таралды?



Талқылауға арналған тармақтар:

Сүтқоректілердің шығуына себеп болған ароморфозды талдаңдар

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?


Неліктен юра кезеңін динозаврлар кезеңі дейді?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Төменде берілген өсімдіктер мен жануарлар мезозой заманының қай кезеңінде дамығанын белгілеңдер...

Бағалау критерийлері

Жер бетіндегі тіршіліктің мезозой заманындағы кезеңдерін және сызбаларын сипаттайды, төменде берілген өсімдіктер мен жануарлар мезозой заманының қай кезеңінде дамығанын белгілейді

Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау,, жауапкершілікті сезіну, айналасындағыларға қамқорлық көрсету, өмір бойы білім алуға дайын болу

Пәнаралық байланыс

География

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында Power Point презентациясын және бейнебаян көрсету үшін интерактивті тақтаны қолдану, зерттеу жүргізу барысында Интернет желісін қолдану

Бастапқы білім

9 сынып Жердегі тіршіліктің пайда болуы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы/

негізгі бөлімі

Сабақтың соңы


Ұйымдастыру кезеңі

Сыныппен амандасу, ынтымақтастық атмосферасын құру.

Оқушыларды бөлу

Үй жұмысын тексеру: 

Мына кестені толтыр



Өсімдік не жануар (жәндік)

кезең

1

ашықтұқымдылар




2

стегоцефалдар




3

қырықбуындар




4

лепидодендрон




5

трилобиттер




6

ұлулар




7

Сауытты балық




8

ракоскорпиондарр




9

иықаяқтылар




10

псилофиттер




Ітопқа Т әрпін алғандар Триас тобы

ІІ топқа ю әртін алғандар Юра тобы

ІІІ топқа Б әрпін алғандар Бор тобы

топқа біріктіріледі

Әрбір топ мезозой заманының үш кезеңдерін триас, юра, бор мәтіндерін оқып топ ішінде талқылап, постер қорғайды не үштік әдіспен қорғайды

Триас тобы



Триас кезеңі

Триас — ("үш" деген саннан шыққан) Оңтүстік Германиядан табылған пермь кезеңінің үстіңгі жағындағы қабаттардың санына байланысты койылған атау. Мезозой заманын бауырымен жорғалаушылар мен ашық тұқымды өсімдіктердің заманы деп те атайды. Өсімдіктерден — алып қырықжапырақтар, ағаштектес қырықбуындар мен плаундар біржола жойылып, ашық тұқымды өсімдіктер кең таралды

Бауырымен жорғалаушылар— динозаврлар, ихтиозаврлар, тасбақалар, ертедегі қолтырауындар, т.б. түрлері кеңінен таралды. Ұзындығы (дене тұрқы) 10—12 м денесінің сыртында мүйізді қабыршықтары жоқ, тұмсығы дельфинге, тісі қолтырауынға, басы кесірткеге, жүзбеқанаттары китке, құйрығы балыққа ұқсаған ихтиозаврлар теңіздерде мекендегенБірақ олар өкпемен тыныс алған. Ихтиозаврлардың ұрпақтары аналығының денесінен жұмыртқаны жарып сыртқа тірідей туған. Қазбадан табылған ихтиозавр қаңқасының ішінен "ұрпақтарының" қаңқасы шыққан.Триас кезеңінен бері қарай тасбақалар мен гаттериялар тіршілік етіп келеді. Жаңа Зеландияның аралдарында қазіргі кезде таралған гаттерия нағыз "тірі қазба" болып саналады. Соңғы 200 млн жылда гаттерия шамалы ғана өзгерген. Оның ата тегінде болған бас сүйегінің қақпағындағы үшінші төбе көзі әлі күнге дейін сақталған. Осы күнгі бауырымен жорғалаушылардың ішінен ешкіемер мен батбат кесірткелерде де үшінші көздің қалдығы бар. Бауырымен жорғалаушылардың құрылым деңгейі күрделенгенімен, бірақ олардың дене температурасының тұрақсыздығы байқалады.

Юра тобы

Юра кезеңі — Франция мен Швейцарияның шекарасында орналасқан қаланың атымен аталады. Бұл кезеңді — динозаврлар (корқынышты кесірткелер) кезеңі деп атайды. Бұл кезенде ауада да, теңізде де құрлықта да бауырымен жорғалаушылар кеңінен тарады. Қазіргі кезде ертеде тіршілік еткен динозаврлардың 250 түрі белгілі болып отыр.Динозаврлардың ішінде денесі ірі, басы кішкене, мойны мен құйрығы ұзын, дене тұрқы 30 м, салмағы 50 т алып брахиозаврлар тіршілік еткен. Юра кезеңінде жәндіктердің түрлері де көп таралды және алғашқы құс — археоптерикс пайда болды.Археоптерикстің басы кесірткенің басына ұқсаған, денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған, жақ сүйектерінде тістері бар, құйрығы 18—20 омыртқадан түзілген, тырнақтары ұзын. Оның құсқа ұқсаған белгісі — басынан басқа жері түгелдей қауырсынмен қапталған.Бұл кезеңнің ауа райы жұмсақ болғандықтан жабық тұқымды өсімдіктер кеңінен өсе бастады. Бұл өсімдіктер эволюциясындағы ең ірі ароморфоздық өзгеріс болып саналады. Тұқымның жеміспен қапталып жабық болуы, ұрығын қолайсыз жағдайдан қорғап өте алыс алқаптарға таралуына мүмкіндік береді.

Бор кезеңі (бақалшақтар мен ұсақ теңіз жануарларынан түзілген бор қабаты қалың болғандықтан солай аталған). Бұл кезеңде гүлді өсімдіктер кеңінен таралды.Бұл кезеңдегі өсімдіктер әлеміндегі өзгерістерге: үйеңкі, терек, емен, эвкалипт, тал, қайың, т.б. жалпақ жапырақты ағаштардың пайда болуы жатады. Гүлді өсімдіктердің дамуы оны тозаңдандыратын жәндіктердің және жәндікпен қоректенетін құстардың пайда болуына себепші болды. Бор кезеңінің соңында ауа райының суынуына байланысты су жағалауындағы өсімдіктердің таралу алқаптары азайып, өсімдікқоректі және жыртқыш динозаврлар жойылды. Ірі бауырымен жорғалаушылар (колтырауындар) тек тропиктік белдеулерде ғана сақталып калды. Бор кезеңінде құстар мен сүтқоректілердің қарапайым топтары пайда болды. Бұл кезеңде жылықанды жануарлар құрлықта кеңінен таралып, ұшпайтын алып құстар пайда болды.
Сүтқоректілердің шығуына себеп болған ароморфоздық белгілер.
1. Жүйке жүйесінің күрделенуі, алдыңғы ми сыңарларының дамуы жануарлардың мінез-қылығының өзгеруіне, қоршаған орта жағдайларына бейімделуіне әсерін тигізді.
2. Омыртқа жотасы айқын бөлімдерге жіктелді әрі аяқтары денесінің бүйір жағынан бауыр жағына орналасты.
3. Ұрық аналық организмнің денесінде дамып, арнайы мүше — жатырда жетілді әрі ұрпағын сүтпен қоректендірді.
4. Денедегі жылуды қалыпты сақтау үшін түкті жамылғы пайда болды.
5. Газ алмасу қарқындылығын күшейтетін көптеген көпіршіктерден тұратын өкпе дамыды.

Суреттер, сызбалар, АКТ

Видеофильм



Бекіту

Мына кестені толтыр

Жабықтұқымдылар




триконодонттар




құстар




эвкалиптер




археоптерикс




тасбақалар




көбелектер




брахиозаврлар




гаттериялар




динозаврлар




өкпе




Тест жұмысы

1. Алғашқы желілілердің (бассүйексіздер типі) пайда болған дәуірі

A) Архей. B) Палеозой. C) Протерозой.D) Мезозой E) Кайнозой.



2.Қос мекенділердің жерде кең тараған дәуірі:

A) Архей.B) Мезозой. C) Кайнозой. D) Палеозой.E) Протерозой.



3. Мезозой заманындағы негізгі оқиғалар

А) омыртқасыз жәндіктер кең таралды

В) өсімдік пен жануарлар бөлінді

С) Динозаврлар үстемдік еткен заман

Д) архебактериялар тіршілік ете бастады

Е) ашықтұқымдылар басым болды

Ғ) бауырмен жорғалаушылардың көбі өлді

G) омыртқасыздардың даму кезеңі

Н) тіршіліктің қалыптасу заманы

4. Стегоцефалдардың шығу тегі

А) сауытты балық В) археоптерикс С) гаттерия Д) саусаққанатты балықтар Е) триболиттер Ғ) протоавис G) строматолиттер Н) сәулеқанатты балық



5. Мезозой кезеңдері

А) силур В) триасС) палеоген Д) неоген Е) бор Ғ) Антропоген G)девон ) юра



6. «Динозаврлар дәуірі» болып есептелетін заман:

A) Мезозой. B) Архей. C) Протерозой. D) Палеозой.E) Кайнозой.





Бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы Өзара бағалайды. Критерий бойынша



Кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлем» рефлексиясы

Бүгін мен..... білдім

Мен үшін қызық болды......

Мен үшін...... қиын болды

Мен ..... тапсырманы орындадым

Мен...... екенін түсіндім





Үйге тапсырма

§26



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс


Барлық оқушыға кестені толтыру беру арқылы мезозой заманындағы үш кезеңдерін ажыратып, ароморфоздарын дұрыс көрсетеді. Уақыт жетсе тест жұмысы беріледі.

Топтардың бірін-бірі бағалауы Өзара бағалайды. Критерий бойынша

АКТ қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек

Сабақ бойынша рефлексия



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет