"Медициналық және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы



Дата03.07.2017
өлшемі27.78 Kb.
"Медициналық және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына езгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1452 Қаулысы

"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 10 желтоқсандағы № 611-615 (27007)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Медициналық және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 51-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;

1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелеріне сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура;»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш жабдықтар бар автомобиль көлігі;»;

7-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті (бұдан әрі - дәріхана пункті) үшін:

дәріхана пунктінің меңгерушісінде, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі.

Дәріханалар жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған дәріхана пункттерінде фармацевтикалық білімі бар маман жоқ жағдайда дәріхана пункттерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады.»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) оптика дүкені меңгерушісінде және көзге салынатын және көру қабілетін түзейтін линзаларды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімі;»;

8) тармақшаның төртінші абзацындағы «білімі.» деген сөз «білімі;» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) дәріханалар жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті (бұдан әрі - жылжымалы дәріхана пункті) үшін:

дәріхана пунктінің меңгерушісінде, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі.

Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады.».



2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтарда қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов
Каталог: Services -> NormativeLegalActs
Services -> Эпидемиология зно жкт по Мурманской области 2015 г
Services -> Анализатор оценки баланса водных секторов организма «авс- 01 Медасс» с базовой программой оценки состава тела abc01-03612
Services -> «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында Бірыңғай гербарий қоры құрылды Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет»
Services -> Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет