Мазмұны кіріспе і-бөлім. Негізгі бөлім



Дата06.07.2017
өлшемі151.81 Kb.

c:\users\admin\desktop\мектеп\шалкар\320px-chalkar_v_grozu.jpeg

«Шалқар көлінің флорасы»


МАЗМҰНЫ


Кіріспе................................................................................................................3

І-бөлім. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.................................................................................5

1.1.Зерттеу ауданының физикалық-географиялық жағдайы......................6

1.2. Су маңы және су өсімдіктері........................................................................7

1.3.Қамысқа сипаттама........................................................................................10



II- бөлім. ТӘЖРИБЕЛІК БӨЛІМ...................................................................12

2.1.Қамыстың шаруашылықтағы маңызы..........................................................12



ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................15

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР......................................................................17

Кіріспе.
Батыс Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылды. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөләгәнде, Жайық өзенінің орталық ағымының бассейнінде орналасқан.

Облыстың климаты континентальды, жазы ыстық, құрғақ, қысы салқын, қар аз түседі. Қысына қаттй жел, боран, жазына аптап ыстық жел тән келеді.Жауын-шашын жылына 180-300 мм түседі.

Облыс жерінде Каспий теңізінің ағынсыз бассейніне кіретін 196 өзен бар. Өзендердің суы аз, жазда көпшілігі кеуіп кетеді. Сондай ақ, Батыс Қазақстан облысының территориясында 3260 көлдер де жазда тайызданып, құрғайды.

Ірі тұщы көлдер: Қамыш-Самар, Итмұрынкөл, Балықты.

Ащылары: Шалқар, Аралсор.

Батыс Қазақстан облысында В.В.Иванов және О.Т.Кольченконың деректеріне сай, өсімдіктің 1256 түрі кездеседі. Олар 117 тұқымдыс пен 487 туысқа біріктіріледі. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан 14 түр Қазақстан Республикасының "Қызыл Кітабына" енген.

Мен бүгін Батыс Қазақстан облысында орналасқан ең үлкен көл-Шалқар көлінің флорасына тоқталғым келеді. Шалқар көлі гидробиологиялық қорықша болып табылады. Теректі ауданы жерінің 60 мың га көлемін алып жатыр. Қорықшаның территориясы-құрғақ дала зона астының жазықты ландшафты. Далалық көл-Шалқар Батыс Қазақстан облысындағы пішіні сопақша-жұмыртқа тәрізді болып келетін, ең ірі көл. Шалқар көлі Батыс Қазақстан облысының 3000-ға тарта көлдерінің ішіндегі бірегейі. Қуаңшылық жылдары (1978-1980) яғни соңғы 50 жыл ішінде ең төменгі деігейі кезінде де оның көлемі 180 км болған.

Батыс Қазақстан облысының неғұрлым үлкен көлі-Шалқар, облыс орталығының оңтүстік-шығысында 75 км әр түрлі топырақты далалық зонасында орналасқан. Жаз айларында суы ашқылтымдау болып келеді. Неғұрлым ыстық жазда тұздылы 2,0-3,5 пайызға дейін жоғарылап, тұрмыстық пайдалануға жарамсыз болады.

Шалқар екі өзен Есен-Аңқаты, Шолақ-Аңқаты құяды да, одан Солянка өзені бастауын алады. Көлдің солтүстік жағалауына Сантас, оңтүстігінде Сасай таулары орналасқан. Көлдің солтүстік жағалауында бозшөпті, оңтүстігінде бетегелі дала орын тепкен. Л.И.Макарованың (1968) деректері бойыша бұл жердің флорасында негізінен астрагүл, астық, бұршақ, өлеңшөп, алабота, сабынкөк, орамжапырақ, қияқшөп, сарғалдақ, тұқымдастардың өкілдерінен құрылған 583 түр тіркелген. Тұзды топырақтарда бүйіргін, тентексораң, көкпек, қараматау, ақ және қара жусандар өседі. Атамның айтуы бойынша, бетегенің қылшықты жемістері қойға өте қауіпті.Олар қойдың жүніне жабысып, одан соң терісіне қадалады, одан әрі етіне және ішкі мүшелеріне өтеді. Сондықтан бетеге жемісі піскен соң, ол жерге қой жаюға болмайды. Жылқы жайылса бетегенің піскен жемістерін шымға таптап тастайды. Одан соң қой жаюға болады.

1992 жылы Сантас тауы "Табиғи ескерткіш" деп жарияланған болатын, себебі мұнда Қызыл Кітапқа енген өсімдіктер мен эндемик Корнух-Троцк өгізкөзі, бор сылдыршөбі, Мейер шытырмағы, Маршал гүлкекіресі т.б. өседі. Жергілікті тұрғындар қамыс пен қоғадан құрылыс материалдарын дайындайды.

Сонымен кіші өзен жаймалары, олардың өсімдіктер дүниесінің халық шаруашылығында, әсіресе далалық зонада үлкен маңызы бар. Сондықтан оларды тиімді пайдалану және сақтау кіші өзендерді соның ішінде Шалқар көлін қорғауға байланысты шаралар барысында маңызды орын алады. Сонымен бірге жаймалық ландшавттарды шаруашылық пайдалану қарқындылығы жоғарылағын сайын ескерілуі қажет бірнеше ерекшеліктер бар. Олар өте динамикалық, тез өзгергіш, су, жел, түрлі транспорт, қарқынды ауыл шаруашылық малдарын жаю, жүйесіз шөп шабу әсерінен тез бұзылысқа ұшырағыш болып келеді.

Сондықтан кіші өзен аңғарларының өсімдігінің қалыптасуын зерттеу, антропогендік трансформацияға ұшырау деңгейін анықтау, тиімді пайдалану шараларын жасақтау, сирек және жойылып бара жатқан өсімдік түрлері және қауымдастықтарын анықтау маңызды болып табылады.


Зерттеу мақсаты: Өсімдік жамылғысының қазіргі кездегі жағдайын бағалау, антропогендік факторлар кешенінің әсерінен өсімдіктердің бұзылу деңгейін анықтау.

Өсімдік дүниесін тиімді пайдалану шараларын жасақтау. Қорғау обьектілерін: сирек және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін және қайталанбас қауымдастықтарды анықтау.


Зерттеу міндеттері:

1.Шалқар көлі маңыныңдағы қамыстың кәсіптік маңызын анықтау.

2.Қарқынды мал шаруашылығы, жүйесіз шөп шабу жұмыстары және өзге де антропогенді факторлар әсерінен туындайтын мәселелерді анықтау.


c:\users\admin\desktop\шалқар\фото\63141_362x212.jpeg

Шалқар көлінің көрінісі
c:\users\admin\desktop\мектеп\шалкар\320px-chalkar_v_grozu.jpeg
І-НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1.Зерттеу ауданының физикалық-географиялық жағдайы.
Қарастырылып отырған территория әкімшілік бөлінісі бойынша Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының территориясына енеді.

Гидрография. Шалқар көлі зерттеліп отырған ауданның негізгі су көзі болып табылады. Қорықша 1992 жылы кәсіптік балық қорын қалпына келтіру және көптеген бағалы құстардың ұялайтын орнын сақтау мақсатында құрылған. Ауданы 200 мың га. Қорықшаны жан-жағынан Шалқар, Бозай, Рыбцех, Сарыөмір ауылдары қоршап жатыр.Көл негізінен еріген сулармен қоректенеді.

Капий маңы ойпатының солт.стігінде орналасқан. Оның абсолюттік биңктігі 25-50 метр. Көл жағалауы күмбездерде биіктейдә, тұздылығы әртүрлі деңгейдегі қызғылт топырақ сортаңдарымен аралас орналасқан, 2,9-6,7 г/л аралығында ауытқып тұрады.

Өсімдік дүниесі: Зерттеу ауданы Еуроазиаттық дала облысының Еділ маңы- Қазақстандық провинциясына жатады. Шалқар көлі маңының өсімдік жабыны өсімдіктердің екі зона тармағынан: қоңыр топырақтағы нағыз шымдалған астық тұқымдасты құрғақ дала аймағынан және ашық қоңыр топырақтағы жусанды-шымдалған астық тұқымдасты шөлейттенген дала аймағынан құралған. Шалқар көлінің гидрологиялық режимі шалғындық- бұталы өсімдіктердің дамуына қолайлы жағдай туғызады. Жайылмада бидайықты, бидайықты-айрауықты, бидайықты -арпабасты, әр түрлі шөптесін- астық тұқымдасты шалғындар, галофильді ақмамықты, кебір жусанды-ақмамықты, қияқты, ақмамықты-қияқты, шөлейттенген қиякөлеңді-қоңырбасты бетегелі, және бетегелі қауымдастықтар таралған.

Жартылай гидроморфты жағдайда жайылма үсті террасаларында жылтыр ши, қияқты және миялы қауымдастықтар қалыптасады.

Қоңыр және ашық топырақтарға бетегелі-селеулі, селеулі бетегелі, селеулі-жусанды, қауымдастықтар және олардың мадификациялары: сүттігенді және шағырлы қауымдастықтар тән.


1.2. Су маңы және су өсімдіктері.
Зерттеу барысында су маңы және су өсімдік қауымдастықтарының ылғалдылыққа байланысты таралуы белгілі бір заңдылыққа бағынатынына көңіл бөлу керек.

Сыртқы белдеу ірі өлеңшөптер мен батпақты шөптесін өсімдіктерден құралады. Бұл мекен орнының ылғалдылық жағдайына бір мезгіл кеуіп кетушілік те тән. Келесі қатар нағыз галофиттер-қамыс, қара өлеңшөп, қоғаның қатары. Бұл маңдағы судың орташа тереңдігі 1-3 м, су маңы өсімдіктерінен басқа еркін жүзіп жүретін түрлерді де, мысалы: балдыршөп,элодия т.б. кездестіруге болады. Одан әрі 4-5 м тереңдікте галофиттердің белдеуі жапырақтары қалқып жүзіп жүретін өсімдіктер белдеуімен алмасады. Бұл тұңғиық пен сугүлдің зонасы. Бұдан тереңдікте шылаң тәрізді су астына батып, орналасатын өсімдік зонасы, ал одан терең-микрофиттер белдеуі кетеді.

Жалпы өсімдік жамылғысында бір кездері далалық сипаттың басым болғаны байқалады, бірақ оны пайдалану барысында табиғи жағдайының өзгеруінен бірте-бірте шөлге айналу құбылысы етек жаюда. Бұл өңір боз ері бетегелі дала болып келеді.

Боз дала Шалқар көлінің солтүстік жағалауымен, содан соң Елек және Қобда су айрығынан шығысқа қарай енеді. Бұнда далалық боздың алуан түрлерімен қатар қыштанақсыз арпабас, беде, түнгі шегіргүл, т.б. кездеседі.

Боз дала белдемі оңтүстікке қарай бетегелік дала белдеміне ұласқан.Мұнда бетеге айрықша басым болғанымен, оған әртүрлі боз араласқан. Дала мезофильді шөп түрлері азая түседі, бірақ оның есесіне бұталар: аласа бадам, шайқурай, тобылғы, сары қараған мен қара қараған өскен. Бұл өсімдіктер ойпаңдарда оқшаулана біткен, осы арқылы дала көркін алақұла етіп көрсетеді. Бұталар мен бірге ойпаңдарды бойлай қауырсынды солтүстік бозы өседі. Ірі ойпаңдарда бидайдың, сұлыбас және түлкі құйрықты шалғындық топтар, құмайт топырақты жерлерде жусанды ақшагүл аралас өседі.

Далалық жайлымдар төңірегінде сортаң топырақта негізінен ақмамықты не жусанды-ақмамықты көлтабан шалғындары жие ұшырасады. Көптеген жайлымдарды жағалай көкпек басып ажырықты және шырынды сораң өсімдік өскен. Камыс-Самар көлдерінің алаптарында,Жақсыбай жайылмасында қалың құрақты қамыс өседі.Шалқар көлінің шөптесін қорының басты түрі- жайылмалық шалғындар. Жайылмалық шалғындарда көбіне миямен араласа бидайың, сұлыбас өседі.

Тұңғиық (Nymphaea) туысының жапырағы дөңгелекше келген, астыңғы беті қызғылт, ұзын сағақты, су бетінде қалқып жүреді. Гүлі дара, ірі (диам. 3 – 30 см), гүл сидамы ұзын, көбіне 4 тостағанша жапырақты, гүл желегі көп, ақ, қызғылт, көгілдір түсті. Туыстың республикада 2 түрі: ақ тұңғиық және кіші тұңғиық бар. Тұңғиықтың тамыры мен дәнін су құстары, кәмшат, ондатр, жұпар тышқан, т.б. су жануарлары қорек етеді, әсемдік үшін қолдан да өсіріледі.тұңғиық — бұл су өсімдігі. Бір қасиеті бұл өсімдіктің тез өскіштігі, үш күн сайын жаңа жапырақ шығарады. Мынадай бір қызық-ты оқиға болыпты. Англияның Кью қаласының ботаника бағында тұңғиық гүлдейді деген хабар тек бақ қызметкерлерін ғана емес, суретшілер мен саққұлақ репортерлердің де құлағына жетеді. Гүл ашылады дегенде жылыхана адамға лық толады. Осы оқиғаның куәсі болған атақты ботаник Н.Ф. Золотницкий 1887 жылы былай деп жазыпты: «Гүлдің ірілігі мен әдемілігі көз алмайтындай. Гүл ашылысымен жылыхананы аралап кеткен жағымды хош иіс адамды рахатқа бөледі», - деген екен. Оның гүлі ақ, алқызыл, күлгін көк, қанқызыл болады. Қазақстанда аз мөлшерде Жайық өзені маңайында кездеседі.

Қоға – дара жарнақтылардың қоға тәрізділер тұқымдасына жататын өсімдік. Қазақстанның Тобыл, Есіл, Ертіс, Зайсан, Балқаш, Алакөл, т.б. өзен-көлдердің жағалауларында және Қызылорда, Ақтөбе облыстарында кездесетін 7 түрі бар. Соның ішінде Қызылорда облысының Сырдария өзенімен Шиелі ауданынан басталып Қызылорда қаласының батысына қарай қоға және жіңішке жапырақты қоға көп кездеседі. Биіктігі 3 – 4 м, сабағы ұзын және жуан төселмелі, батпақты-сулы жерлерде өседі. Жапырағы жалпақ, таспа пішінді, сабағынан ұзын болып келеді. Бір үйлі, гүлі ұсақ дара жынысты, желмен тозаңданады. Гүл шоғы – собық. Маусым-тамыз айларында жемістенеді. Жемісі жаңғақша, ұшуға бейімделген қанатшасы болады. Қоғаны арқан, жіп, ыдыстар жасау және құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Тамырында крахмалы көп болғандықтан ондатра, құндыз, жұпар тышқан, т.б. үшін құнды азық.[1]




https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcqanqoy7x8whvppwqd55z0ajkejku5src0afzluxtzuhrbl2p0c

Ақ тұңғиық

https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcttpf9ywj7yrskcmegmptxjxtpxvr74be3lo4xs6wq0gpbpgffiyw


1.3.Қамысқа сипаттама
ҚАМЫС - астық тұқымдасына жататын көп тараған көп жылдық шөптесін өсімдік. Суда, ылғалды жерлерде өседі. Қамыс жер шарында кең таралған. Негізінен, 250-ден астам түрі белгілі, ал Қазақстанда 14 түрі бар. Оның биіктігі 2,5 м-дей. Қамыс вегетативті өсіп-дамитын өсімдік. Төсемелі тамыры тереңге жайылып өседі. Ол сабақ, тамыр буындарынан шыққан өскіндерден және тұқым арқылы өсіп-дамып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі сулы аймақтарда, көл жағасында тұқым арқылы өсе алады. Қамыстың жер астындағы тамырын қазақ тілінде борық деп атайды. Борық - суда өсетін қамыс тәрізді өсімдіктің тамыры мен сабағының арасындағы шырынды, тәтті болып келетін сабағының түп жақ бөлігі. Сонымен қатар саси бастаған, борсыған иісті суды да борық деп атайды. Кейбір деректерге қарағанда, қазақ балалары борықтың сүйрігін әуес көріп жеген көрінеді. Өсімдік өзіне қажетті оттегін сабағына сақтайды да «үнемдеп»  пайдаланады.

Осы қасиетіне байланысты қамыстың тамыры тереңге кетсе де, тіршілігін жоймайды.

Ең жиі кездесетіні кәдімгі Қамыс немесе құрақ. Оның биіктігі 0,8 – 6 м. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Көп гүлді масақтары сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Негізінен, вегетативті жолмен көбейеді. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс – су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см-дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет.

a.

Қоға мен қамыс



https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcqqhf_-ozauh-lmp0uszpjze4ez675kpkmui96iolrifboarocl

II- бөлім. ТӘЖРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1. Қамыстың шаруашылықтағы маңызы
Шалқар көлі маңы флорасын 2014 жылғы жазғы демалыс кезіндегі зерттеу нәтижесінде 18 тұқымдасқа,46 туысқа жататын, жабайы өсетін түтікшелі өсімдіктердің 72 түрі анықталды. Біздің ата бабаларымыз осы көл жағасында өсетін қамыстың өте пайдалы екендігін ерте кезден біліп, күнделікті өмірде пайдалана білгендігін атамның айтуы бойынша білдім және өз зерттеулерімде оған көз жеткіздім.
Қамыстың маңызы:

1. Ағын суларды биологиялық жолмен тазартады.

2. Қамыстың сабанынан үй төбесін жабатын «мата» тоқиды.

3. Түрлі себеттерден тоқылған бұйымдар жасау.

4. Малшылар қамыс қора жасаған.

5. Музыкалық аспаптар жасаған.

6. Құрылыс материалдары ретінде пайдаланған.
Қамыс су өсімдігі сондықтан өзендердің сағасымен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыстың 0,5 метр шамасында өскен шөп мамық шөп деп аталады. Мал жеген кезде сүйсініп жейді, жұмсақ болады. Бірақ қамысты шабындықты жақсарту арқылы одан мол өнім алуға болады.

Бүгінгі ел аумағында өндірілетін және құрылыста қолданылып жүрген материалдардың дені тығыздалған ағаш, қамыс жоңқалы тақталар шығару қолға алынды. Қамыс суда өсетіні белгілі және ағашқа қарағанда 48 % ылғалға төзімді болып келеді. Көл бойында жылдар бойы жете мән бермей жатқан қамысқа деген сұраныстың күрт өсуі түсінікті жағдай. Қазақстанда тақталы материалдарды тұтыну негізінен жиһаз өндірісі мен құрылыс жұмыстарында байқалады. Шетел мемлекеттерінің де қамысқа деген сұранысы артуда. Қамыстың бағалылығы, беріктігі, ылғалға төзімділігі, өңдеуге жеңілдігі мен экологиялық  жағынан таза материал екені белгілі.

Қамыс шабындығына жайылған ірі қара малдардың қалдырған қыйлары қамыстың қысқа төзімділігін арттырады, өсіп дамуын жоғарылатады және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға қолайлы жағдай тудырады. Қамыс көгіне сиыр, жылқы, қой  ұстап сүт, қымыз, ет секілді арзан мал өнімдерін өндіруге және қамыс пішенін орып-жинап, жем-шөп қорын жасауға немесе баулап базарға сатуға да болады. Қамыс деген қорытып айтқанда нағыз кәсіп пен табыстың көзі. Қазіргі кезде қамыстан тоқылған стол, орындықтар да саудаға шығарылуда. Жалпы себеттерден тоқылған түрлі бұйымдар жасап жатқандығын да көреміз. Қамыстың  пайдасы құрылыста да қолданады шатыр төбелерін (шифер) жабуға да пайдаланамыз. Қамысты үйдің төбесін жауып қана қоймай қабырғаларын тұрғызуға да болады жылу ұстағыш құрылыс материалы. Сыр өңірінде каркастан үй салғанда төбесін, «мата» қамыспен жабады ал қабырғаларын бауланған қамыспен қаптайды. Қамыс үйдің жылулығын сақтап тұрады. Қамыс сабақтарын буып бақша қоршауын жасауда пайдаланады.

Кейбір тропиктік елдерде өздері тұратын баспана және жүзіп жүретін «аралдар» тоқиды. Оны біздерде қалқыма паром деп атайды. Осы «аралдарға» тіпті картоп егеді. Дәрілік өсімдік санап, тамырын тағам ретінде де пайдаланады. Қамыстан химиялық өңдеу жолымен шайыр және метал спирті, сірке қышқылы алынады. Қамыстың тағы бір пайдасы химиялық өңдеу жолымен қағаз алынады, қамысты отын ретінде де пайдаланамыз. Отқа жаққанда, немесе нан пісіргенде, балық ыстағанда қамысты пайдаланады. Қазақ халқы киіз үйді қабырғасын қамыстан тоқыған шиді пайдаланған. Шимен  киіз үйдің сыртын айналдыра ораған. Өйткені шидің қызметі жел болған жағдайда суырылған құмдарға кедергі ретінде, ал жазды күні ауа соғып тұруға қолайлы болған. Ал қыста тоқылған шиді төсеніш ретінде,  жерден ыза өтпеу үшін, киіздің астына  салынған.

Күздік қамыстарды «нар» - қамыстар деп атайды. Нар - қамыстардан өткелдер жасап, қамыстарды бумаға буып қайық жасаған. Қайық арқылы сулардан немесе көлдерден балық аулап, азықтарын тауып отырған. Нар қамыстарды орып алып, тоқып  үй құрылысына пайдаланған. Үй құрылысын салған кезде фундаменттің астына салып отырған. Себебі нар қамыс спираль қызметін атқарған. Көктемде жер босаған кезде қамыссабағының бойына ауа кіріп қыста көтеріледі. Бұл құбылысты  ғалымдар дәлелдеген. Өзегі қуыс қамыс түтігінен жасалған. Бүгінгі таңда көл суының тері ауруларына пайдасы анықталып, жағалауда демалыс шипажайы бар.

 Құрақты қамыс өсінділері көл жағалауы маңының 80-90%-ын алып жатыр. Бұл қамыс өсінділері су құстарының ұя салып көбеюіне ықпал етеді. Мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енген және облыста сирек кездесіп, қорғауды қажет ететін қызғылт бірқазан, жалбағай, кіші аққу, ақбас үйрек, шиқылдақ қаз, бізтұмсық, теңіз кептер шағаласы және басқалары кездеседі.



https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcr-_qowlvtiu7wlazl27d-mdizdcnoceudkutnbioqapalu7eml

Қамысты шаруашылықта пайдалануы




http://www.pushkinlibrary.kz/images/stories/nurgul/jrta.jpg

Қорытынды.
Бүгінгі таңда өсімдік жабыны өркениетті қоғамның дамуына сай адамзаттың ықпалына ұшырап отырғаны мәлім. Табиғи өсімдікпен жабылған жер бетінің көлемі күннен-күнге кішіреюде.Өсімдіктердің кейбір түрлері сирек немесе мүлдеп азайып бара жатыр. Солардың бірі -қамыс. Сондықтан мен өз жобамда қамыстың шаруашылықтағы және адам өміріндегі пайдасының Қазақстан экономикасын дамытудағы үлесі зор екендігіне тоқталдым. Болашақта өзіміздің жерімізде қамыстан тоқылған шиді киіз үйдің бір бөлігі ретінде қолдана білсек, еліміздің ұлттық дәстүрін дәріптегеніміз. Сонымен қатар қамыстың таза экологиялық материал есебінде құрылыста пайдалана білсек Қазақстан табиғатына тигізер әсеріміз мол болмақ. Қазірдің өзінде шетелдік инвесторларды қызықтырып отырған бұл экологиялық таза материал үлкен сұранысқа ие болатындығына сенімдімін. Болашақта бұл жобамды әлі де зерттеуді жалғастырамын.

Шалқар көлі маңының өсімдік жамылғысы құрғақ шымдалған астық тұқымдасты және жусанды астық тұқымдасты дала аймағында орналасқан.

Флористикалық құрамы 18 тұқымдасқа, 46 туысқа енген 72 түрден тұратын жоғарғы сатылы түтікшелі өсімдіктерден тұрады.

Бүгінгі таңда өсімдік жабыны өркениетті қоғамның дамуына сай адамзаттың ықпалына ұшырап отырғаны мәлім. Табиғи өсімдікпен жабылған жер бетінің көлемі күннен-күнге кішіреюде. Өсімдіктердің кейбір түрлері сирек немесе мүлдем жойылып бара жатыр. Құрақты қамыс өсінділері көл жағалауы маңының 80-90%-ын алып жатыр. Бұл қамыс өсінділері су құстарының ұя салып көбеюіне ықпал етеді. Мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енген және облыста сирек кездесіп, қорғауды қажет ететін қызғылт бірқазан, жалбағай, кіші аққу, ақбас үйрек, шиқылдақ қаз, бізтұмсық, теңіз кептер шағаласы және басқалары кездеседі.

Тың жерлерді жырту, атмосфераның, топырақтың, судың өндірістің әрқилы қалдықтармен ластануы т.б. көптеген факторлар өсімдік әлеміне қолайсыз әсер етуде. Жердің шектен тыс тапалануы толмас қкінішке әкеледі. Мұндай іс-әрекет өсімдіктердің жер беті бөліктерінің жойылуына, тамырдың өлуңн тудыратын топырақтың қатаюына алып келеді.

Қоршаған ортаны, біздің "жасыл достарымызды" қорғау таңдағы ең маңызды мәселе. Қандай-да болмасын өсімдік қауымын жоғалтудың нәтижесінде,біз адамның пайдасы үшін қажетті өсімдік әлемінің құпиясын, оның қауымдасып өмір сүруінің заңдылықтарын да біле аламаймыз.

Суды берекетсіз пайдалану, өзендердің ағынын жасанды жолмен бұру үшін бөгеттер тұрғызу тәрізді жұмыстар кіші өзендермен көлдердің, тоғандардың кеуіп кетуіне алып келеді.

Табиғатты қорғау тек санаулы адамдардың айналысатын міндет деп қарамау керек. Бұл жалпы халықтың міндеті, және баршы халық экологиялық сауатты болып, қазіргі таңдағы табиғаттың мүшкіл халіне жаны ашып дабыл қағуы, оны қайтадан қалпына келтіруге бір кісідей ат салысуы қажет.Табиғатты қорғайтын мемлекеттік органдар мен қатар арнайы өзіндік ұжымдар, белсенді топтар тәрізді ұйымдар құрылуы керек. Мұндай ұйымдардың мақсаты-өлкеміздің экологиясын таза сақтап қалу үшін күресу, табиғатты қорғау шараларын іске асыруға белсене қатысуы болуы тиіс.



Қолданылған әдебиеттер.
1.Батыс Қазақстан облысының географиясы. Ғалымов А.Ғ,

Амельченко В.И. "Батыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына арналған оқу құралы"

2001 жыл 172 бет
2.Батыс Қазақстан облысының өсімдік әлемі. Дарбаева Т, Циганкова Т, Отаубаева А. Жалпы білім деретін мектеп оқушыларына арналған оқу құралы. Орал-2003 жыл 96 бет.
3.Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы. Иващенко А.А. Қызыл Кітап беттерінен- Алматы: 2007 жыл 128 бет.
4.Батыс Қазақстанның су өсімдіктері. Иванов В.В. Орал-1998-1999жыл

5.Ақжайық қорықтары. Фомин В.П, Мазяркина Т.Н, Дебело П.В.



Орал-2000 жыл
6. Батыс Қазақстан облысының өсімдіктері.Құлжанова Н.А, Құрманова С.Е, Садырбекова Н.Қ.Орал 2003жыл.23-35 беттер



Каталог: uploads -> doc -> 0816
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0816 -> Сабақ тақырыбы: Сезім мүшелері. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет