8 сынып
I тур
Мазмұндама
Шаруа мен су патшасы
Бір шаруа балтасын суға түсіріп алады. Соның қайғысынан жағада жылап отырады. Су патшасы шаруаның даусын естіп, өзеннен алтын балта алып шығып: «Сенің балтаң мынау ма?» - дейді.
Шаруа: «Жоқ, менің балтам бұл емес», - дейді.
Су патшасы өзеннен күміс балта алып шығады.
Шаруа: «Бұл да менің балтам емес», - дейді.
Сонан соң су патшасы шаруаның өз балтасын судан алып шығады.
Шаруа: «Міне, менің балтам осы», - дейді.
Су патшасы шаруаға риза болып, үш балтаны да беріп жібереді. Шаруа үйге келген соң, балталарын көршілеріне көрсетеді, өзінің көргендерін айтып береді.
Мұны көрген бір бай да солай етпек болады. Өзенге барып, балтасын суға тастап жіберіп, жағада жылап отырады. Су патшасы өзеннен алтын балта алып шығып: «Сенің балтаң мынау ма?» - деп сұрайды. Бай қуанып кетіп: «Менің балтам осы!», - деп айқай салады. Су патшасы жалған сөйлегендігі үшін байға алтын балтаны да, оның өз балтасын да қайтарып бермепті.
8 сынып
Тест
1. «оңай» деген сөздің антонимін табыңыз.
а) ауыр
ә) қысқа
б) қиын
в) ұзын
2. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.
а) айттым
ә) киімім
б) білім
в) жүзім
3. Тура мағынадағы сөз тіркесін табыңыз.
а) биік ой
ә) биік ағаш
б) биік тұлға
в) биік арман
4. Қай сөз тіркесі дұрыс?
а) кең алма
ә) кең бөлме
б) кең тіс
в) кең шаш
5. Асты сызылған сөзге қандай сұрақ қоюға болады? Мен ертең үйде боламын.
а) қалай?
ә) қандай?
б) қашан?
в) қанша?
6. Жедел өткен шақтағы етістігі бар сөйлемді табыңыз.
а) Бүгін кешке мен теледидар көремін.
ә) Сен осы жерде тұрасың ба?
б) Оқушылар мұғалімді тыңдап отыр.
в) Мен үйге автобуспен келдім.
7. Мақалды аяқтаңыз: Күлме досыңа, ...
а) ойлап сөйле
ә) өз тіліңді құрметте
б) қызыл тіл
в) келер басыңа
8. Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
а) Оқушылар мұғалімді тыңдап отыр.
ә) Кешке дейін ініммен үйде болғым келеді.
б) Халық батырына риза болады.
в) Менің анам – тамаша адам.
9. Қай сөздің жазылуында қате бар?
а) мұрын
ә) кереует
б) бөлме
в) құлак
10. Жіктік жалғау 2 жақ, көпше түрде тұрған сөзді табыңыз?
а) барамыз
ә) барасыңдар
б) барасыз
в) барады
Достарыңызбен бөлісу: |