Математика 9 санын қосу және азайту



Дата21.01.2018
өлшемі34.27 Kb.
МАТЕМАТИКА

9 санын қосу және азайту

Қаратоғай орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Мұхамадиева Тыныштық Серікқалиқызы


Сабақтың мақсаты.

1. Білімділігі: Оқушыларға 9 санының құрамын еске түсіре отырып, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, қиялын ұштау.

3. Тәрбиелігі: Оқушыларды дәлдікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, карточка, слайд

Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану, ағылшын

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы күн, достым!

Қайырлы күн болсын!
Сәрсенбінің сәтті күні
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!!!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жасыл қоршаудағы есепті тексеру. (Ешкі, орамжапырақ, ешкіні алып қайтады, қасқыр, ешкіні қайта әкеледі.)



ІІІ. Жан-жақты білімін тексеру

1. Қосу амалының компоненттерін ата.

2. Азайту амалының компоненттерін ата.

3. Қосу амалының қасиеттерін ата.



«Көрші-көрші» ойыны. Сандардың көршілерін атайды.

IV. Жаңа сабақ: 9 санын қосу және азайту

9 санының қасиетіне тоқталсақ,ана құрсағындағы нәресте тоғыз ай,тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып,жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. 9 өмірге адамды әкеледі. Ол үш үштіктен құралған. Көшпенділер 9 санын болмыстың шыңы деп санаған,олардың салт-

дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. (тоғыз шелпек,тоғыз құмалақ,қалың малға үш тоғыз,т.б.) Тоғыз санының негізгі мағынасы – «ұзақ өмір».

Тоғыз санын орыс және ағылшын тілдерінде айтады.

№ 1.

а) қосылғыштарының бірі 9 болатын қосындылар құр.



Мәндерін тап.

Қосу кестесін қолдан.

9 + 1 = 10

б) Азайтқышы 9 болатын айырмаларды жаз.

Мәндерін тап.

10 – 9 = 1

9 санының құрамын еске түсіру




№ 2. Тақтамен жұмыс.



Сергіту сәті: Слайд № 8





№ 3.


Ә)Есепке мәтін құрау.

Болды-10 қап

Сатылды-8 қап

Қалды -? қап

Есеп не туралы? Не белгілі? Нені табу керек?

Шешуі: 10 – 8 = 2

Жауабы: 2 қап қалды.

Б)Түсте - 6 жәшік

Түстен кейін – 4 жәшік

Барлығы - ? жәшік

Шешуі: 6 + 4 = 10

Жауабы: Барлығы 10 жәшік

№ 4. Ойын «Тиісті санды орнына қой» Аюға бал жинауға көмектесу

3+ = 7 4+ = 9 6 + = 7 1 + = 6



+ 2 = 6 +2 = 7 +3 = 6 + 6 = 9

Логикалық есептер.

  1. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (Балық ұшпайды және өзенде болады)

  2. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкі ағашында алма өспейді)

  3. Торғай бір жылда неше қадам аттайды? (Торғай ұшады)

V. Бекіту: № 5. «Биатлон» ойыны

1.Алаңшада 9 қоңыраугүл және 1 қызғалдақ гүлдеп тұрды. Барлығы неше гүл гүлдеп тұрды?

А) 9+1 В) 9-1 С) 8+1

2. Гүлшоғында 4 қызыл және 3 ақ раушан гүлі болды. Қызыл гүлдер ақ гүлдерге қарағанда қанша артық?

А) 4+3 В) 4-3 С) 5-4

3. Ұлдар 5 гүлшоғын әкелді. Қыздар тағы да 4 гүлшоғын әкелді. Балалар барлығы неше гүлшоғын әкелді?

А) 5+4 В) 5-4 С) 9-5

VI. Қорытынды


  • Не өттік?

  • Не үйрендік?

  • 9 қандай сан?

VII. Үйге тапсырма: №4, 144 бет

VIII. Бағалау. Оқушыларға баға қою.

Шығыс Қазақстан облысы,



Күршім ауданы.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет