Мақсаты: Баланы оқыту мен дамытудың жүйесіне нәтижелі әдістерді енгізу Кезеңдері: І индукция



Дата02.11.2017
өлшемі46.26 Kb.
#43299
түріСабақ
Педагогикалық шеберхана

Педагогикалық шеберхана – француз педагогтар ұсынған оқыту жүйесі.
Жаңа білім беру топ мұғалімдері (ЖФЕН) ХХ ғасырдың 20-шы жылдары құрылды.


Мақсаты: Баланы оқыту мен дамытудың жүйесіне нәтижелі әдістерді енгізу
Кезеңдері:

І Индукция-
-Қатысушылардың жұмыс алдындағы эмоционалды көңі-күйін көтеру, сезімдеріне әсер ете отырып, проблемаға бетбұрыс жасау. Бұл кезеңде шебер ашық-жарқын пікір айтуға лайық атмосфера жасауға, білім алушының мотивтерін оятуға бағытталған әрекеттер ұйымдастырады. Бұл сөз, зат , сурет төңірегіндегі қатысушылардың қызығушылығын оятатын, олардың жеке басына қатысты жұмбақ тапсырмалар болуы мүмкін.
ІІ Самоконструкция -өз бетінше гипотеза құру, шешімдер әзірлеу кезеңі (мәтінге, суретке, жобаға т.б).
ІІІ Социоконструкция –Барлық қатысушылардың элементтері топқа

біріктіріледі.


ІV Социализация –жеке топта жасалған жұмыстарды жариялау, жалпы талқылауға шығару.
V Афишалау шеберханада туған әртүрлі графикалық жұмыстарды (кесте, модель, жоба, сурет, коллаж т.б) іліп, аудиторияға таныстыру ұйымдастырылады.
VI Ағынан жарылу - шеберханаға қатысушылар өздерінің білімдеріндегі олқылықтарды түсініп, жаңа білім мен ескі білім арасындағы келіспеушілікті сезінуге келу сәті. Бұл білімді толықтыру үшін әдебиеттермен ғылыми еңбектерді оқуға ынталандырады (жаңа ақпараттармен ой толықтырылады).
VII Рефлексия жұмыс соңындағы өзіндік баға, жасалған әрекеттен туындаған сезімдерді бастан өткізу. Қорытындылар жасау, болашақты бағдарлау. Cоңғы міндетті кезеңі.

Сабақ үлгісі:

Педагогикалық шеберхана

Әдебиет сабағы, 4-сынып

“Қыс ”

І Индуктор


  • Қыстың сұлулығын суреттеуді оқу немесе аудиомен тыңдату (көзді жұмып тыңдау)

  • Сөздерден шашу шашу(қыс мезгілі туралы сөз тіркестерін қағаздарға жазып шашу, оқушыларға ашып оқыту)

  • Сөздік қатар дайындау

Таңдау: 1 сөз қыс мезгілі туралы беріледі, сол сөз жол ортасына жазылады, оған байланысты сөздерден сөздік қатар құру ұсынылады;

Мысалы;


«Ұлпа»

-қар

-аппақ қар

-жылытыраған қиыршықтар

-т.б.

ІІ Социолизация

1. Тақырыпты хабарлау

(іштен оқыту)

2. Өлең шумақтарын оқу (3 шумақ)

3. Мәтіннен үзінділер оқу

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы-үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң-қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.
Ақ қолғаппен құшақтап,

Сақылдайды қыс аппақ.

Өзен, теңіз, тау-төбе,

Киген аппақ сәукеле

Ақ қыс-сұлу ақ өлең

Табанымның астында

Таңғажайып ақ әлем.

Сырласады сырлассаң,

Қырға асады , қырға ассаң.

Аппақ әуен сықырлап,

Жырлағалы тұр бассаң.


  • Қыс. Айнала төңірек лезде ұлпа мамыққа оранып шыға келген. Қар толассыз жауып тұр. Жымыңдасқан кешкі шырақтарға шағылысқан қар ұшқындары одан бетер сәулеленіп шалынады.

  • Кейде қардың мсінезі қатал. Сарыарқаның қаһарлы қысы қыр жонында ойнақ салып тұр. Түнде жапала-жапалақ қар жауса, ертемен жел көтеріліп, ақ түтек ақ боран ышқынады. Екілене ызыңдай, үйіріле соққан ақ түтекті “ат құлағы көрінбейтін ақ боран”.

  • Міне, тағы қар жауды. Жоқ қар емес бұл...көздің жауын алардай аппақ шекер. Жер-дүние аппақ тәтті ұнтаққа толып, суылдап, сықырлап жатыр. Қаптап аласың ба, қанарлап аласың ба, ала бер керегіңше.



Пейзаж (қыс суретін тамашалау, өздерін сиқыршы ретінде сезіну, суретшімен бірге болу)

-Өздеріңді сиқыршы ретінде сезініп көріңдерші, пейзаждан нені көрдіңдер?

-Осы шығарамалардан үзінділерді тыңдай отырып, пейзажды тамашалай отырып не естідіңдер?

-не көрдіңдер?

Мына жолдарды толықтыру

Қ мен .................естідім

Ы мен ....................көрдім

С мен ....................қуандым

Т мен ....................таңғалдым

А мен...................... армандадым


ІІІ Самоконструкция. Социоконструкция. Таңдау.

Коллаж жасау: Оқушылар барлық жинақтаған ойларын қорытындылап, тақырыпқа сай өз ойларынан коллаж жасайды. Коллажға көркем сөз оралымдарын, теңеулерді, метафораларды таңдау, айту, жазу. (Коллажға арналған суреттер алдын ала дайындалынып, оқушыларға ұсынылады)



ІV Ағынан жарылу –Мәнерлеп оқу

«Қыс қызығы» И.Сапарбай



(орташа сосын дауыстап сезімді білдіре отырып оқыту)

Қар дегенім қашқалақ

Ақ көбелек тәрізді.

Қанатымен тастамақ

Қымтап , бүркеп бар ізді.

Қолыма да қонады,

Тоныма да қонады.

Ұстамақ боп ұмтылсам,

Мұным әлек болады.

Талға да кеп қонады,

Жолға да кеп қонады.

Ақ аспанға әжем де

Таңджанып кеп қарады.

Пластика.(Сергіту сәті)

«Қар ұлпасы» биі



VІ Самоконструкция. Социоконструкция.Таңдау.

-Музыка тыңдау, 5 минут ойға шому, көкейдегі сөзді анықтау.

Шағын шығарма жазу , эссе.

VІІ Афишалау

-Жазған шығармаларын еріктерімен оқыту



VІІІ Рефлексия

Түс таңдауы:



-сабақта алған әсерлеріңі түсті қағаздармен белгілеп түсіндіріңдер
Каталог: uploads -> doc -> 0df0
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0df0 -> Сабақтың тақырыбы : "Шылымның адам ағзасына әсері"
0df0 -> Урок геометрии в 8 классе тема: Теорема Фалеса


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет