Масатбаева К., Төлеубаев Ж., Зияева Г., Сейдахметов Н. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.,Тараз қ. Жамбыл облысында рапс майлы дақылын өсірудің агробиологиялық негіздері



Дата02.07.2017
өлшемі242.68 Kb.
Масатбаева К., Төлеубаев Ж., Зияева Г., Сейдахметов Н.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.,Тараз қ.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА РАПС МАЙЛЫ ДАҚЫЛЫН ӨСІРУДІҢ АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ӘОЖ 633.85

М 27

Қазақстанның табиғи – климаттық жағдайы рынокта сұранысқа ие әр түрлі майлы дақылдарды – рапс, соя, күнбағыс, зығыр, мақсары т.б.өсіруге өте қолайлы. Майлы дақылдар Республикамызға аудандастырылған өнімдік потенциалы жоғары сорттарды өсіруде үлкен резерв болып табылады.

Жамбыл облысының топырақ климаттық жағдайына бейімделген май алынатын өсімдіктердің бірі Рапс (Brassica oleifera). Oleifera Metzger-шаршы гүлділер тұқымдасына жататын майлы және малазықтық дақыл, ол әлем ауыл шаруашылығында негізгі майлы дақыл ретінде кең қолданылуда.

Облысымыздың топырақ-климат жағдайларына бейімделген майлы дақыл түрлерінің тиісті дәрежеде зерттелмеуі және өндіріске енгізілмеуі салдарынан еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын дәрежеге жету үшін егіс дақылдарының құрамын оңтайландыру, егіншілікті биологияландыру, экологиялық тазалығы мен экономикалық рентабельдігі жоғары технологиялар жасап өнімділігі мен қоршаған ортаға бейімділігі жоғары майлы дақылдардың жаңа түрлері мен сорттарын өндіріске кеңінен енгізу қажет. Осыған орай майлы рапс дақылының халық шаруашылығы үшін құнды белгілері мен қасиеттерін, тұқымның өнімділігі мен сапасын нақты топырақ-климат жағдайларына бейімділігін бағалап Жамбыл облысының таулы-дала аймағында өсіруге лайықты диверсификациялық түрлерін ұсынуға және жалдап егу технологиясының агробиологиялық заңдылықтарымен су режимдерін зерттеу ғылыми жұмыстың көкейтестілігін білдіреді.

Рапс өсімдігін өсіру экологиялық, экономикалық және агрономиялық көрсеткіштері жөнінен тиімді:

1. Экологиялық жағынан – бір гектар күздік рапс егістігі 10,6 млн.л. оттегін бөліп, қант қызылшасынан кейін 2-ші орынға иелік етеді. Бір гектар орман алқабы бар болғаны 4 млн. л. оттегін бөледі, бұл рапс егістігінің бір гектары бөлетін оттегінен 2,5 есе аз. Сонымен қатар топыраққа төгілген Рапс майы 7-күн ішінде 95% -ға дейін өздігінен ыдырап қоршаған ортаны ластамайды, ол минералдық майлар осы уақыт (мерзім) ішінде бар болғаны 16% -ғана ыдырап қоршаған ортаны ластайды. Бір литр минералдық май 1 млн. литр суды ауылшаруашылық дақылдарын суаруға жарамсыз етіп, топырақты ластап оны өсімдік өсіру үшін көп жылдарға пайдалануға болмайтын жағдайға келтіреді. Органикалық заттардан алынған бензин мен дизелдік жанармай тракторлар мен автомашиналардың двигательдерінде жанып қоршаған ортаға көптеген зиянды заттарды бөледі, ал рапстық жанармай жанғанда экологиялық таза газдарға айналады. Сондықтан рапс майынан алынған жанармайға экологиялық тиімділігі жағынан тең келетін жанармай жоқ.

2. Агрономиялық көрсеткіші –потенциалдық өнімділігі жоғары, ауыспалы егістікке жақсы алғы дақыл ретінде өзінен кейінгі егілген бидай мен арпаның өнімділігін 10-15%-ға арттырады, топырақты органикалық заттармен байытып, оның сулық және ауа өткізгіштік қасиетін жақсартады, шикізат ретінде биожанармай мен биомоторлық май шығаруда және өте бағалы мал азықтық жем ретінде қолданылады.

3. Экономикалық тиімділігі –рапсты өсіру рентабельділігі 50 %-дан кем емес, сату бағасы тиімді болғандықтан ішкі және сыртқы рынокта техникалық шикізат ретінде транспорт пен өнеркәсіпте кең түрде қолданылады. Тағамдық және техникалық өсімдік майы ретінде әлемдік рынокта жоғары сұранысқа ие.

Рапс – майлы дақылдарға жататын бағалы өсімдік. Оның дәнінде 43 пайыздан (жаздық рапс) 50 пайызға (күздік рапс) дейін май болады. Рапстың майын тағам үшін және техникалық мақсатта пайдаланылады, сонымен қатар сабын қайнату, тоқыма, металлургия, бояу, полиграфия, тері өндірісінде қолданылады. Рапстың 100 кг. көк балаусасында 15,7 кг. малазықтық өлшем бар және ол витаминдерге (әсіресе А,С) өте бай, жақсы қорытылады, жасұнығы онша көп емес (11-13%). Шауып алғаннан кейін және мал жайған соң да көтеріліп өсуге қабілеті бар өсімдік.[ 4,6,9,14]

Ауыспалы егістерде аралық дақыл ретінде себілген рапс малға күз айларында, немесе ерте көктемде жақсы жайылым. Осы қасиеттері жағынан рапс жақсы мал азықтық дақыл. Май зауыттарында өңделгеннен кейін қалған күнжарасы малазықтық қасиеті жағынан сұлыға тең келеді, бірақ ондағы қорытылғыш протейін мөлшері сұлыдағыдан үш есе көп. Рапс күнжарасын малға таза күйінде емес, құрамалы азықтардың қоспасы ретінде берген дұрыс. Егіншілікте рапс көптеген өсімдіктерге жақсы алғы дақыл болып есептелінеді. [1-4,7,9]

Күздік рапс Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі. Күздік рапстың көк балаусасында протейн мөлшері, минералды заттар мен витаминдер (әсіресе А.С) өте бай және аз мөлшерде жасұнығы (клетчатка ) (11-13%) бар. Бір киллограмм рапстың көк балаусасында 20 г қорытылатын протейн, 2,58 г. калий, 0,75 г. фосфор, 0,28г-магниий, 0,96г күкірт, 0,23г-натрий, 4,46г-калий, 0,75г-хлор және 0,16 азықтық бірлік өлшемі бар. Рапстың көк балаусасының бір азықтық өлшемінде 180-190г. протейн болады. Сондықтанда Рапс өсірілетін алқап бүкіл дүние жүзі бойынша май алынатын өсімдіктердің ішінде алдыңғы орында, өйткені бұл рапс майының тағамдық және техникалық бағытта, маргарин, металлургия, сабын шығару, тері және тоқыма өнеркәсібінде кең түрде қолданылуынан.[6,9-10,12-14]

Күздік рапс –жасыл жапырақты, жоғарғы жапырақтары сабақтарын жартылай орап алады. Гүл шоғыры –шоқ. Климатқа қоятын талабы жоғары. Маусымның басында гүлдеген рапстың ашық сары түсі араларды өзіне тартады, олар рапстан шырын мен тозаңды жинайды. Рапсты ара ұяларының жанына себу тозаңдануына көмек береді. Күздік рапстың гүлдеуі 25-35 күнге созылады. [2,4,6,12]

Рапс гүлінде шамамен 0,7 мг шырын, бар, ол 0,3 тен 0,9 мг аралығында ауытқып отырады, қанттылығы 12-14 пайыз. Рапстың шырындылығы мен қанттылығы қолайлы табиғат жағдайларында ұлғаяды. Бұған табиғат жағдайлары, агротехника деңгейі, калий тыңайтқыштары ықпал етеді. Рапстың бал өнімділігі 1 га жерден 90 кг анықталады. Деректер бойынша бір бал ара ұясы рапстан бір күнде 3-4 кг шырын жинайды. Рапс балы ақ түсті, кейде сары түсті, өте тәтті, рапс гүлінің иісі бар. Ол тез кристалданады, суда еруі қиын, қоспасы қою болады, сондықтан оны ара омартасында қысқа қалдыруға болмайды [4,6,12 ]

Агротехникалық жағдай бойынша рапс өсімдігі көптеген дақылдарға өте жақсы алғы дақыл болып саналады, егілген егістікті ерте босатып, топырақ құрылымы мен құнарлығын жақсартып, алқаптың ластануын азайтады. Рапстан кейін егілген дәнді дақылдардың өнімділігін 10-15%- ға арттырып еш қосымша материалдық шығынысызақ өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттырады. Рапсты кез-келген ауыспалы егістік схемасында қолдануға болады. Оны қант қызылшасы енгізілген ауыспалы егістікке де қолдану тиімді, бірақ қант қызылшасы мен рапстың ауысып егілу жылдары ең кемінде 3 жыл, немесе 4-5 жылдан кейін егілгені дұрыс.[9,12 ]

Рапс бағалы биологиялық қасиетке ие, ол фитосанитарлық және алғы жақсы дақыл болып саналады. Рапсты сидерат ретінде қолдану топыраққа көңді бергенмен бірдей, бұл кезде шығын 1,5-2 есе аз жұмсалады. Топырақтың биологиялық активтілігі 10-15%-ға өсіп, қоректік заттардың нифильтрациялық сулармен шайылып кетуі 50%-ға азаяды. Рапстан кейін егілген бидайдың ауруға шалдығуы- зақымдануы 30-50% азайып, өнімділігі 5-10ц/га-ға артады. Сонымен қатар рапс өсімдігін егу топырақ эрозиясын азайтуға көмектеседі.[1-6,9,12-14]

Рапсқа жақсы алғы дақыл болып дәнді дақылдар мен көпжылдық шөптер саналады. Топырақты зябқа аудару 10-20см тереңдікте жүргізіледі. Көктемде топырақ физикалық пісіп жетілгенде топырақ бетін түзулеп диск жібереді, тыңайтқыштар береді. Рапс тұқымын егер алдында топырақты 4-6 см тереңдікке культивация жүргізеді, тұқым себілгеннен кейін міндетті түрде сулы салмағы бар катокпен нығыздайды.

Вегетациялық кезең кезінде дәнді дақылдарға қарағанда ылғалды 1,5-2 есе көп қажетсінеді. Бірақ басқада жер асты суы жақын жатқан жерлерде жақсы өспейді. Сондықтан бұл дақыл үшін өте ылғалды, батпақты жерлер, су жиналатын төменгі ойыс жерлер мен ерте аязға ұрынатын жерлер жарамайды. Бұл дақылдан жоғары өнім алу үшін оның өсу жағдайына талабы өте жоғары. Бір центнер негізгі өнімін алу үшін азот, фосфор және кальий элементтерін 2 есе, ал кальций, магний және бор мен күкіртті дәнді дақылдарға қарағанда 3-4 есе көп қажетсінеді. Тұқымының өнімі 20ц болғанда өсімдік топырақтан 110кг- азот, 60кг- фосфор және 100кг- калийді алып кетіп отырады.

Рапс өсімдігінің фитосанитарлық қасиеттері бар, сондықтан ол топырақты активті түрде сауықтырып-қоректік элементтермен байытады. Оның барлық (жер асты- жер бетіндегі ) мүшелерінде эфир майлары бар болғандықтан зиянкестермен ауруларға қарсы профилактикалық қорғану құралы ретінде әсер етеді. Топырақ құрамында осы қалдық мүшелер шіріген кезде ондағы өмір сүретін жауын құрттары мен топырақ микроарганизмдерінің қоректенетін азығы ретінде жұмсалып олардың өмір сүру жағдайларын жақсартады. Бұл өз кезеңінде өсімдіктің түрлі аурулармен ауыруын төмендетіп ( азайтып) өнімділікті арттыруға көмектеседі.

Рапс топырақ тыңайтқыштарына өте талапты, сондықтан мол өнімді негізгі қоректік элементтер жеткілікті кезде береді. Мұның себебі рапс вегетациялық кезеңде өсіп-жетілу барысында топырақтан негізгі керекті қоректік элементтерді көп сіңіреді. Рапс дақылының 1 килограмм тұқымын алу үшін топыраққа 3,9кг- азот, 1,8кг- фосфор, 1,1кг- калий, 0,6кг- магний тыңайтқыштарын беру қажет. Рапс пісіп жетілгенше топырақтан 4,7кг азотты, 2,2кг фосфорды, 4,4кг калийді, және 0,95кг магнийді өзімен бірге сіңіріп алып кетеді. Ең көп қоректік элементтерді вегетация кезеңінің басынан гүлдену фазасының аяғына дейін қажет етеді. Егер бұл кезеңдерде қоршаған ортаның температурасы төмен болғанда әсіресе ерте көктемде көп қажетсінеді. Бұл рапстың қыстық тыныштық (ұйқы) күйінің ерте аяқталатындығымен түсіндіріледі.

Рапс дақылының мол өнім беруі топырақтағы фосфор мен калий элементтерінің мөлшеріне байланысты. Фосфор-негізінен тамыр желісінің жақсы дамуына әсер ететіндіктен топырақтан басқа да қажетті қоректік элементтерді сіңіруіне көмектеседі. Қысқа дейін ол өзіне қажетті норманың жартысын сіңіріп пайдаланып қояды, ал калийді (1гектарға шаққанда) 70 тен 100кг дейін пайдаланады. Барлық вегетация кезеңінде рапс 400кг дейін калийді сіңіреді, оның 75%-ға жуық мөлшері өсімдік сабағымен бірге жерде қалады. Бұл элементтің ең көп қажетсінуі вегетация басынан гүлдену фазасына дейін (12-15кг тәулігіне) ассимиляттардың қозғалуы мен су балансын қамтамасыз ету үшін қажет.

Бор өсімдік қабығы мен дән қауыздарының пайда болуында негізгі роль атқарады. Бордың жетіспеушілігі дән қабығының жетіспеушілігі мен дәннің санының аздығына әсер етеді. Топырақ құрамында бордың жетіспеушілігін қалпына келтіру арқылы әр гектар егістіктен 5-7 центнер дән өнімділігін арттыруға болады. Бордың жетіспеушілігін жою үшін рапс тұқымын себер алдында топыраққа 2-3 центнер бор суперфосфатын немесе Гранубор препаратын беру қажет. Тамырдан тыс өсімдікті үстеп қоректендіру үшін Солюбор ДФ-борлық тыңайтқыш қолданылады.

Күздік рапс оған берілетін органикалық тыңайтқыш мөлшеріне де өте сезімтал. Қоректік элементтермен орташа деңгейде қанағаттандырылған топыраққа бір гектарға орта есеппен 150-170кг азот, 60-80кг фосфор, 80-120кг калий минералдық тыңайтқыштарын беру қажет. Ал органикалық тыңайтқыштарды (көң) көректік элементтермен жеткіліксіз қамтамасыз етілген жеңіл құмдақ топырақтарға әр гектарға 25-30 тонна дозасында беру тиімді. Күзде берілген минералдық тыңайтқыштар рапс дақылының жақсы өсіп дамуында маңызды роль атқарады. Топырақтағы жеткілікті мөлшердегі қоректік элементтер өсімдіктің жақсы қыстап шығуын қамтамасыз етіп, дақылдың ауруға ұшырауын азайтады.

Рапс тұқымдарын көп уақытқа сақтау үшін ылғалдылық 8%-дан аспауы керек. Ылғалдылығы одан жоғары тұқымдарды температурасы 25-37ºС-та кептіргіштерде кептіреді, бұл температурадан артық температурада тұқым өзінің өнгіштігі мен майлық сапасын жоғалтады. Сондықтан рапс тұқымдарын 4-5ºС-температурада 50кг қаптарға салып сақтайды.

Көптеген ғалымдардың жүргізген тәжірибе нәтижелері бойынша бір гектар рапс өсімдігінен алынған өнімділігіне байланысты қоректік элементтерді орташа пайдалану көрсеткіші 1-кестеде берілген [1-6, 9,12,14 ]


1-кесте. Күздік рапстың бір гектар егістігінде қоректік элементтерді пайдалану көрсеткіші.


Өнім

ц/га

Қоректік элементтер

N

P

К

Ca

Mg

25

150

30

120

100

15

30

180

35

145

120

18

35

210

40

170

140

20

40

240

45

190

160

24

Рапстың кәзіргі күздік сорттарында 50%-ға дейін май болады. Рапс өсімдігінің майы бірнеше май қышқылдық қатардан тұрады. Эруктық және ликолендық қышқылдың азаюы мен тұқымдағы олейіндік және линолевтік қышқылдың көбеюі рапс майының тағамдық сапасын жоғарылатады. Осы бағытта барлық әлем селекционерлері жұмыс атқаруда. Шаруашылықтың тәжірибелік танаптарында екі нольдік (00) сорттары сыналуда, бір ноль (0) дәндегі эруктік қышқылдың мөлшерін және екінші (00)-глюкозинолаттың мөлшерін көрсетеді. Рапстың осындай екі нольдік (00) сорттарының дәнінен алынған май -өте жақсы тағамдық май тобына жатқызылады. Оның құрамында пайдалы олейндік және линолевтік қышқыл мөлшері көп болады. (2-кесте)


2-кесте Әлемдегі майлы дақылдар мен рапстан шығатын таза май мөлшері.



Дақыл түрі

Май мөлшері,%

Майдағы линолевтік қышқыл,%

Шрот мөлшері,%

Соя

17-18

54

78-79

Күнбағыс

40-44

65

35-37

Рапс

39

20

57

Арахис

44

31

56

Оливе

20

8

-

Кокос

64

-

35

Дәннің сапасы бірдей бұл сорттар өнімділігі, вегетациялық кезеңінің ұзақтығы, өсімдіктің өсу периодының әртүрлі кезеңі мен қоршаған ортаның қолайсыз факторына төзімділігі жөнінен және оптимальды өсіру жағдайына, ең көп тараған ауру түрлеріне, әртүрлі генетикалық табиғаты мен төзімділігі жағынан әртүрлі болады.

Профессор Маковскидің пікірінше (2010) рапс өсімдігін өсіруде арнайы агротехниканың қолданылуы дұрыс, күздік қопсыту қатарарлықтарды бақылауға қарағанда 8%-ға өнімділікті өсіреді, көктемдегі қопсыту өнімділікті 12%-ға, ал күздік және көктемдегі қопсыту өнімділікті 18%-ға өсіреді. Бірақ агротехникалық әдістер рапс өсімдігі өсірілетін егістіктің толық таза болуына кепілдік бере алмайды, сондықтан химиялық күресу әдістері де қажет.

Күздік рапстың ең қауіпті арамшөбі иіссіз ромашка (ромашка непахучая), бұл арамшөп күзде және ерте көктемде көрінбей, дән толыса бастаған кезде тез өсіп, рапс өсімдігін тұншықтырып басып тастайды және өнімді жинаған кезде әлі көк балауса түрінде болып орып- жинауды қиындатып, шығынды көбейтеді, тұқымның ылғалдылығын артырып қосымша энергия шығынын қажет етеді. Сондықтан бұл арам шөппен күреспей жақсы өнім алу мүмкін емес. Неміс ғалымдары бұл арам шөпке қарсы “бутизан- С” гербицидін қолданғанда оның тиімділігі өте жоғары болған. Бұл препарат негізінен тамыр жүйелері арқылы әсер етеді. Егер бұл препаратты арам шөп өсіп кеткенен кейін пайдаланса, онда ол жапырақ арқылы әсер етіп оны жояды, негізінен бұл препарат топырақ арқылы әсер ететін препаратқа жатады. Гербицид “бутизин С,” өте қымбат препарат сондықтан оны аздап экономдап пайдалану қажет.

Қазақстанда қазіргі таңда барлық егілген майлы дақылдардың 50 % -ы жеке шаруа қожалықтарына тиесілі болғандықтан оларды өсіруге қолайлы агротехнологиямен әдістерді қолдануда біраз мәселелер туындайды, яғни керекті ауыспалы егістіктер сақтала бермейді. Сонымен қатар өндіруші кәсіпорындардың қуаттылығы да толығымен пайдаланылмайды.(сурет-.1)

Сурет-1. Негізгі май өндіретін шаруашылықтардың көрсеткіші
Тәжірибе жүргізілген мөлдектің топырағының химиялық сараптамасы көрсеткендей гумустың максимальдық мөлшері жоғары 0-20 см қабатта болып оның мәні 1,44 пайызды құрды. Топырақ гумусы өсімдік тамыры таралатын 50-60 см тереңдікте 0,40 пайызға дейін кеміді, осындай заңдылық фосфор мен жалпы азот мәндерінде де байқалды. (3- кесте)

Беткі 0-20 см қабаттағы тұздың мөлшері 0,326 пайыз болып тереңдеген сайын топырақ тұздылығы кеміп 50-100 см тереңдікте тұздардың мөлшері 0,117 пайыз болды. Катиондардың ішінде кальцидің мөлшері басым ол топырақтағы сіңірілген негіздердің қосындысының (11,818 мг – экв/100 г.) 63,4 тен 67,4 пайызын, ал натрий катионы катиондардың қосындысының 2,4% құрады. Магний катионы оның рұхсат етілген мәнінен асып (30% ТСК) топырақ сіңіру комплексі қосындысының 36 пайызын құрады. Сонымен зерттеліп отырған тәжірибе алаңының топырағының физико-химиялық қасиеттері жылжымалы фосфордың аз мөлшерде, ал топырақ сіңіру комплексіндегі магний катионының жоғары мөлшерде екендігін көрсетті.


3- кесте Топырақтағы қоректік элементтердің жалпы формасы мен гумус мөлшері


Горизонттар,

см


гумус

Жалпы формасы %

СО2 карбонаттары

%

т/га

азот

фосфор

0-10

1,44

21,9

0,158

0,122

5,10

10-20

1,09

17,0

0,176

0,118

5,08

20-30

0,87

13,9

0,167

0,118

5,36

30-40

0,75

12,1

0,078

0,065

9,00

40-50

0,64

10,4

0,057

0,050

8,74

50-60

0,40

6,6

0,042

0,041

7,40

0 - 30

1,13

52,8

0,167

0,119

5,18

0-60

0,87

81,9

0,113

0,086

6,78

Өсімдіктер ылғалды топырақтан тамыр жүйелері арқылы алады. Топырақтағы ылғалдың негізгі көзі – атмосфералық жауын-шашын. Біз тәжірибе жүргізген Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш аулында жер асты суы 5-20 м аралығында тереңдікте орналасқан, суының тұздылығы 0,03 – 0,05 г/л. Учаскенің топырағы кәдімгі сұр топырақты эрозияға ұшыраған түрлерімен бірлескен жағдайда түзілген. Табиғи су қоры мүмкіндігін атмосфералық жауын –шашын мөлшеріне қарай болжап анықтауға болады. Қуаңшылық жылдары өсімдіктің өніп-өсу кезеңі басталар кездегі топырақтағы ылғал қоры көктемгі ылғалымен қамтамасыз ететін негізгі көз болып табылады. Болашақ өнімді түзуге пайдаланылатын да, міне, осы ылғал.[10-11,13,15]

Көп жылдық бақылаулар көрсеткендей, жауын-шашын өніп-өсу (наурыз-тамыз) кезеңінде күз және қыс мезгілдеріне қарағанда мол түседі (жылдық мөлшердің 56,2%). Бұл аймақтағы жауын –шашынның орташа көп жылдық көрсеткіші 309,12 мм болса, оның 21,3 пайыз –қыс, 35,6 пайызы – көктем, 20,6 пайызы – жаз және 22,5 пайызы күз мезгілдерінде түседі. Бұл жердің климатының басты ерекшелігі - әр жылдары түсетін жауын – мөлшерінің өте өзгермелілігі .

2010-2011 жылдардағы вегетациялық кезеңдегі күздік рапс егілген жердің метеорологиялық жағдайы орташа көпжылдық нормаға сәйкес келді, бірақ қыс кезеңіндегі суықтығы нормадан минус 10С –қа суық болып, қаңтар айындағы температураның орташа мәні минус 5,3 0С-қа төмен болды. Қыс кезіндегі ылғал көп жылдық нормадан 20%-ға аз болып, практикалық түрде рапс өсімдігі егілген егістік қар жамылғысыз болды.

Rоhаn сортының себілу нормасы 4кг/га, ал Livius және Dunnastiе гибридтік сорттарының себілу нормасы 3,5кг/га болды. Бұл сорттардың дәндерінің егілу тереңдігі 1,5-2 см. Бірінші суару 1100м3/га нормасы бойынша 28 қыркүйекте жүргізілді. Рапс өсімдігінің көгеріп, көктеп шығуы 5-6 күннен кейін пайда болды.

Күздік рапс өсуі мен дамуы бірінен кейін бірі келетін органогенез кезеңдеріне байланысты өтеді. Бастапқы суару топырақ ылғалын қалыпты жағдайда ұстауға көмектеседі, рапстың толық көктеп шығуы 5-6 күннен кейін, ал 3-жапырақ 19-21 қазанда пайда болды.

Қараша айының 3-декадасында рапс өсімдігінің вегетациялық өсіп-өнуі 6 және 8-жапырақтан кейін тоқтады. 2010-2011 жылдың қысында қар өте аз болып, өсімдік қар жамылғысыз қалды. Өзінің биологиялық ерекшелігіне сәйкес жақсы бұтақтанып дамыған 8-жапырақты күздік рапс қарсыз минус 16-210С температураға үсімей шыдады. Олардың қыстан бұтақтанып оянуы ақпан айының аяғы мен наурыз айының басында +20С-те басталып, көктем айының 10 сәуірінде гүлдену фазасы басталды. Гүлдену фазасы 15-20 күнге созылып, қамырланып пісуі 5 маусымға сәйкес келіп, толық пісуі 15 маусымда толық аяқталды.

Өндірістік танаптың сұр түсті топырағының гумустық қабатының қалыңдығы 0,25-0,30м, механикалық құрамы жағынан орташа (суглинкам) сазды болып тасты қабаттарының орналасуы терең емес (0,6-0,8м). Бір метрлік топырақ қабатының тығыздығы γ100 = 1,57 т/м3. Топырақтың метрлік абсолютті құрғақ қабатының ең аз су сыйымдылығы βНВ = 18,03%. Топырақтағы су өткізгіштігі жоғары, бірінші сағаттағы судың сіңімділігі 21см/сағ, ал тұрақталған кездегі су сіңімділігі 1,1см/сағ. болды.

Тәжірбиелік-өндірістік танапта тұқымы Германия мемлекетінен әкелінген рапстың күздік «Rohan» сорты мен гибридтік «Livius» және «Dunastie» сорттары Жамбыл облысында Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында топырақты жалдап қырына себу технологиясымен егіліп, олардың су режимдері мен өнімділігі анықталды.

Далалық тәжірибелер бойынша жалдап себу технологиясы бойынша егілген күздік рапстың өнімділігін зерттеу 6 га жерге жүргізілді. Тәжірибе қолданылып жүрген белгілі әдістеме (Доспехов В.А., Константинов Г.К. – 1970) бойынша қойылды. Тәжірибе схемасы 1-суретте келтірілген.







1


2


3


1


2


3


1


2


3


1


2


3


1


2


3


1


2


3

Жалдап егу технологиясы


Дәстүрлі егу технологиясы




Тәжірибенің қайталануы

1 – Рапстың «Rohan» сорты

2 – Рапстың «LOVIUS» гибриді (ливиус)

3 – Рапстың «DYNNASTIE» гибриді (династи)


4.1-сурет. Тәжірбие варианттарының схемасы
Күздік және гибридтік рапс сорттары 27 қыркүйек 2010 жылы жалдап себу және кәдімгі бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі технология бойынша егілді. Rоhаn сортының себілу нормасы 4кг/га, ал Livius және Dunnastiе гибридтік сорттарының себілу нормасы 3,5кг/га болды. Бұл сорттардың дәндерінің егілу тереңдігі 1,5-2 см. Бірінші суару 1100м3/га нормасы бойынша 28 қыркүйекте жүргізілді. Рапс өсімдігінің көгеріп, көктеп шығуы 5-6 күннен кейін пайда болды.

Күздік рапс өсуі мен дамуы бірінен кейін бірі келетін органогенез кезеңдеріне байланысты өтеді. Бастапқы суару топырақ ылғалын қалыпты жағдайда ұстауға көмектеседі, рапстың толық көктеп шығуы 5-6 күннен кейін, ал 3-жапырақ 19-21 қазанда пайда болды.

Қараша айының 3-декадасында рапс өсімдігінің вегетациялық өсіп-өнуі 6 және 8-жапырақтан кейін тоқтады. 2010-2011 жылдың қысында қар өте аз болып, өсімдік қар жамылғысыз қалды. Өзінің биологиялық ерекшелігіне сәйкес жақсы бұтақтанып дамыған 8-жапырақты күздік рапс қарсыз минус 16-210С температураға үсімей шыдады. Олардың қыстан бұтақтанып оянуы ақпан айының аяғы мен наурыз айының басында +20С-те басталып, көктем айының 10 сәуірінде гүлдену фазасы басталды. Гүлдену фазасы 15-20 күнге созылып, қамырланып пісуі 5 маусымға сәйкес келіп, толық пісуі 15 маусымда толық аяқталды.

Әр түрлі өсіру технологиясы бойынша егілген күздік рапстың су режимі 2-суретте берілген



4.5-суреттегі мәліметтерден көрінетіні эвопотранспирацияға, инфильтрацияға және беткі су шығынына кеткен су шығындарының қосындысы дәстүрлі суару нормасы жалдап себу технологиясына кеткен су шығынынан 1020 м3/га яғни 21%-де артық жұмсалған.

Күздік рапстың бірлік өнімін алу үшін кеткен су шығыны әр түрлі өсіру технологиясы бойынша 4.6-кестеде берілген.


4.6-кесте. Әр түрлі технология бойынша егілген күздік рапстың

бірлік өнімін алуға кеткен су шығыны мен алынған өнім


Өсіру техноло

гиясы


Суаруға кеткен су шығыны м3/га

Жалпы су шығыны, м3/га

Өнімділік, ц/га

Су тұтыну коэффициенті, м3

Су шығыны, м3

Алынған артық өнім, ц/га

Күздік рапс «Rоhаn» сорты

Жалдап егу

Дәстүрлі


2300

2100


4680

5700


25,4

20,5



1842

2780


906

1512


+4,9

Күздік рапс «Livius» гибридтік сорты

Жалдап егу

Дәстүрлі


2300

2100


4680

5700


28,2

22,6


1660

2522


816

1372


+5,6

Күздік рапс «Dunnastiе» гибридтік сорты

Жалдап егу

Дәстүрлі


2300

2100


4680

5700


27,5

22,0


1702

2590


836

1409


+5,5

Орташа өнім Жалдап егу Дәстүрлі егу






27,03


21,7







+5,33


Қорытынды.

1. Рапс майы майқышқылтымды құрамы жағынан күнбағыс майынан қалыспайды және сапалы жағынан зәйтүн майына жақын. Ол өзінің мөлдірлігін ұзақ уақыт бойы сақтап жоғары эмульсиялы төзімділігіне байланысты маргарин, мойонез, балық консервілерін дайындауда пайдаланылады. Рапс майы техникалық мақсаттарға – резеңке, лак, нейлон өндіруге, сабын қайнату, полиграфия, тоқыма, былғары өндірісінде қолданылады және соңғы уақытта биологиялық жанармай өндіру қолға алына бастады.

2. Рапс май шығару үшін қолданылады. Рапс майы тамақ әзірлеуге, маргарин өндіруге, металлургия, сабын шығару, тері және тоқыма өнеркәсібінде пайдаланылады. Күнжара құрамында 32 пайыз белок, 9 пайыз май, азотсыз экстра активтік заттар 30 пайыз, мал азығы ретінде құнды. Рапс қалдығы ( жом ) мал азығы ретінде пайдаланылады. Баяу кебетін , йодтық саны 94 - 112 болатын рапс майының тағамдақ та, техникалық та маңызы зор. Көбіне рапс көк шөптік мал азығы ( әр гектардан 250 – 300 ц ) және көк тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

3. Рапс майлы дақылының күздік сорты мен гибридінің тұқымы Германия мемлекетінен әкелініп, оның жергілікті жерге бейімделушілігін анықтау үшін Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында «Қазақ – Су шаруашылығы ғылыми зерттеу институтына» қарасты 6 га жерге 10.09.2010ж егілді. Оның 80 қатары гибрид, 52 және 45 қатары сорт. Қарашірік мөлшері –0,9-1,5% Топырақты өңдеу 12-14см тереңдікте сыдыра жыртқыштармен жүзеге асырылса, себу алдында культивация және топырақ бетін тегістеу жұмыстары жүргізілді. Рапсты себу арнайы тұқым сепкішпен іске асырылды. Тұқымның сіңірілу тереңдігі –1,5-2 см.

4. 2010-2011 жылдың қысында қар өте аз болып, өсімдік қар жамылғысыз қалды. Өзінің биологиялық ерекшелігіне сәйкес жақсы бұтақтанып дамыған 8-жапырақты күздік рапс қарсыз минус 16-210С температураға үсімей шыдады. Олардың қыстан бұтақтанып оянуы ақпан айының аяғы мен наурыз айының басында +20С-те басталып, көктем айының 10 сәуірінде гүлдену фазасы басталды. Гүлдену фазасы 15-20 күнге созылып, қамырланып пісуі 5 маусымға сәйкес келіп, толық пісуі 15 маусымда толық аяқталды.

5. Бесағаш ауылындағы өндірістік тәжірибе танабындағы (ӨТТ) борозда және полоса (жазықтық) бойынша суарудың техникалық элементтері: жердің ылдидығы – 0.007 топырақ жақсы суды өткізеді – су өткізу коффиценті К=12-15см/сағ. Борозда бойынша суғарылған судың шығыны 0,5-0,25 л/с. Пайдалы әсер коэффиценті 0.88, ал полоса (жазықтық) бойынша суарғанда судың шығыны 1м2 ауданға 2л/с жазықтықтың ені 20м болғанда п.ә.к. 0,64 болды.

6. Дәстүрлі суару технологиясында эвопотранспирацияға, инфильтрацияға және беткі су шығынына кеткен су шығындарының қосындысы жалдап себу технологиясына кеткен су шығынынан 1020 м3/га-ға яғни 21%-ға артық жұмсалған. Күздік рапстың бір тонна өнімін алу үшін кеткен су шығыны әр түрлі сорттар бойынша жалдап себу технологиясы бойынша 1842, 1660 және 1702 м3/т, ал дәстүрлі бұрыннан қолданылып жүрген технология бойынша су шығыны 2770, 2522 және 2590 м3/т, яғни 938; 862 және 888 м3/т-ға көп су жұмсалды. Алынған өнім жалдап егу технологиясында дәстүрлі егу технологиясына қарағанда орта есеппен 5,33 ц/га артық болды.
Әдебиеттер


  1. Федотов В.А, Гончаров С.В, Савенков В.П. Рапс Россий . Минск 2008

  2. Шпаар Д. Рапс и суперица. Вырашивание, уборка исследование., Минск., 2007.

  3. Левин И.Ф. Рапс культура 21-века. Казань, 2005-185с

  4. Буряков Ю.П, Москотин В.А, Ревкин Е.А, и.др. Рапс озимый и яровой. М. 1988.45 с

  5. Федотов В.А, Гончарев С.В, Савенков В.П. Рапс в Росий-монография. М.Агролига Росии, 2008.336 с.

  6. Гортлевский А.А. Макеев В.А. Озимый рапс Москва, Россельхоз 1983г. 73с.

  7. Ізтаев Ә.І.,Жиенбаев С.Т., Байбатыров Т.А. Рапс күнжарасы-бағалы азық. Материалы юбилейной МНПК.АО «Казахский агротехнический университет» им.С.Сейфуллина. А.2008.№13.11-12 б.

  8. Есқали Ө. Рапс осында өсіріледі. Егемен Қазақстан газеті., № 533-534 (26926)., 9 қараша. 2011 ж.

  9. Захарова А.А. Рапс выгодная культура // Земледелие. №3. 1998. 16-17с.

  10. Курбанов С.А., Исмайлов И.Н. Режим орошения и урожайность озимого рапса в равнинной зоне Дагестане. // Мелиорация и водное хозяйство №2. 2007г, 42-43 с.

  1. Мазитов Н.К. и др. Ресурсосберегающая технология и техника возделывания рапса. //Доклады РАСХН. №4.,2008., с.60-62

  2. Оробченко В.П. Рапс озимый. М.1959.,159 с.

  3. Орманджи К.С., Стефанский В.В., Марценко М.Н., Майстренко Г.С. Интенсивная технология производства рапса. / Москва: Агропромиздат, 1990г, 160 с.

  4. Пилюк Я. Э. Культура рапса в Беларусий // Земледелие №2, 1998г, 42 с.

  5. Савенков В.П. Урожай рапса зависит от технологий возделывания и погодных условий.. //Кормопроизводства. №2., 2008., с.19-21


Резюме

В статье рассматривается результаты полевых исследований, режим орошения и урожайность озимого рапса.


The resume

Results of the field studies mode irrigations and productivity of the winter rape is considered in article.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет