Маркетингттік орта тақырыбына (6апта)



Дата01.04.2018
өлшемі41.68 Kb.
#64282
Маркетингттік орта тақырыбына (6апта)

«Nestle» -азық-түлік өндіретін әйгілі көпұлтты корпорациялардың бірі. Оның 75 елде оперативті компаниялары, 56 мемлекетте 290 аса зауыттары және 16 мың жұмысшылары бар.

«Nestle» -корпорациясының 75 оперативті компаниялары бес географиялық аймақта орналасқан, оларды аймақтық басқарушылық басқарада. Әлемнің бар аймақтарында өз қызметін жақсарту үшін компаниялардағы маркетингттік басқаруды өнім түрі бойынша басқарушылар жүзеге асырады.

Тапсырма:

1. «Nestle» -корпорациясында және компанияларында маркетингттік бөлімдері қандай принциппен құрылған?

2. Қазіргі кездегі «Nestle» компаниясының макроортасына сипаттама беріңіз.

Сатып алушылардың мінез-құлқы тақырыбына (6апта)

Әлеуметтік таптарды табу көрсеткіштерін қолдана отырып қазақстандықтарды жоғары, орташа, төмен тапқа бөліп, оларға салыстырмалы түрде сипаттама беріңіз. Олардың тұтыну ерекшеліктерін анықтаңыз. Ол үшін бастапқы ақпарат көздері мен статистика Агнеттігінің мәліметтерін қолданыңыз.

Нарықты сегменттеу тақырыбына (6апта)

Барлығы 1400-ден астам орын бар «Дэннии» америка мейрамханалары жүйесінің қызметкерлерін қара нәсілді тұрғындардың құқықтарын аяққа басқаны үшін жұртшылық бірнеше рет жауапқа тартқан болатын. Бұл жағдайлар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшілікке мәлім болды. Фирманың беделі күрт төменднй бастады. Фирма басшысы Джерри Ричардсон «Дэннидің» беделін жедел көтеру керек деген ойға келді. Жүзеге мынадай іс-шаралар асырылды:



  • Ұлт азшылығының өкілдерін жұмысқа қабылдауды көбейту;

  • Басқа нәсілді бизнесмендермен келісім-шарт жасауды көбейту;

  • «Дэнни» фирмасының жаңа мейрамханаларын ашуға лицензия алуды қалайтын ұлт азшылықтарының өкілдеріне жеңілдік беру;

  • Түрлі-түсті халықтардың өрлеуіне ықпал ету

  • ұлттық ассоцияциясы өткізетін іріктеп тексерулеріне қатысу.



  1. «Дэнни» компаниясының басшыларының өз беделін арттыруға бағытталған іс-әрекеттерін талдаңыз.

  2. Мақсатты рыногын сақтап қалу үшін «Дэнни» фирмасына, сіздің ойыңызша тағы қандай шараларды жүзеге асыруға болады?

  3. Қазақстан фирмаларының жұмысында осындай амалдарды жүзеге асыру мүмкін бе?

Маркетингттің тауар саясаты (8апта)

Жаңа өнімді әзірлеу және өндіріс ұйымдастыру ісінде белгілі бір дәйектілік болуы тиіс. Ұқсас өнім шығаратын мына кестеде көрсетілген әр фирма дамыған рынок жағдайында басшылыққа тиісті іс-әрекетті алады.



«Ника» фирмасы

«Сигма» фирмасы

«Интер» фирмасы

1 кезең. Жаңа тауар идеясын зерттеу

рынок мүмкіндігін зерттеу

жаңа тауар әзірлеу

2 кезең. Рынок мүмкіндігін зерттеу

жаңа тауар туралы идея шығару

жобалық өзіндік құнын анықтау

3 кезең. Сату бағасының деңгейін анықтау

өзіндік құнының жобасын құру

жобалық бағаны анықтау

4 кезең. Сату бағасын жобалы өзіндік құнымен салыстыру

сату бағасының жобасын анықтау

потенциалды рынокты зерттеу

5 кезең. Өнім өндіруді бастау

өнім өндіруді бастау

өнім өндіруді бастау

Сұрақтары:

1) Әр фирманың іс-әрекетіне баға беріңіз және ұтымдысын таңдаңыз.

2) Сіз таңдап алған нұсқаның қай кезеңін аса маңызды деп ойлайсыз?

Маркетингттің баға саясаты (8апта)

Тауардың өзіндік құны 500 теңге, ал саладағы пайда мөлшері - 20 %, делдал фирмалардың өткізу үстемелері - 20%, саудадағы пайда нормасы - 15%. Делдал фирма мен өнеркәсіптің көтерме бағасын және тауардың бөлшек бағасын анықтаңыз.



Жарнама саясаты (10 апта)
Қазақстанда өндірілетін кез – келген тауар мысалында жарнама акциясын жоспарлап, өз курсыңызды жүргізіңіз:

1) Тауарыңыз үшін жарнама слоганыңызды ойлап тауыңыз

2) Қандайда бір басылым (плакат дайындаңыз). Бұл сұрақ бойынша плакатты семинарлық сабаққа дайындап алып келіңіз.

3) Промо-мақала дайындаңыз

4) Жарнамалық сипаттағы қойылым дайындаңыз. Бұл сұрақ бойынша семинарлық сабаққа дайындап алып келіңіз және қойылымды 2-3 студент бірігіп істеуге болады.

Аталған ісшаралардың барлығы сол туралы сатып алудың тиімділігіне сендіруі керек.




Өткізу және тарату саясаты (10апта)
1) Қазақстандағы бөлшек сауда орындарына сипаттама беріңіз. Қандай бөлшек сауда түрлері көбірек дамыған, олардың ерекшелігін атаңыз

2) Үнемді супермаркеттер мен дискаунтерлердің дамуына қандай факторлар әсер етіп отыр деп ойлайсыз?

3) Бөлшек сауда дүкендері түрлерінің ерекшелік терін атаңыз.

Маркетингтік жоспарлау (12апта)
1) туристік фирма; 2) сауда үйі; 3) құрылыстық компания; 4) кітап дүкені; 5) фермерлік шаруашылық; 6) көлік фирмасының мақсатын, мәселесін, шаруашылық қоржынға кіретін өнімін анықтап, олардың даму стратегиясын жасаңыздар.
Халықаралық маркетинг (14 апта)

Қазақстан нарығындағы төмендегі фирмалардың маркетингттік кешенін бағалаңыз: «P&G», «Coca-Cola», «Филипп Моррис» осы компаниялардың тауар және коммуникациялық саясаттарының ерекшеліктерін атаңыз.



Қызмет көрсету маркетингі (14 апта)

Сіз жаңа жұмысқа орналасу үшін тұлғалық маркетинг тұрғысынан өзіңізді көрсете білуіңіз керек. Осыған байланысты өзіңіз туралы (резюме) түйін (аты-жөні, туған жылы, білімі, тәжірбиесі, қабілеттері, хобби) жасаңыз. Компанияның HR менеджері немесе оның басшысымен сұхбаттасуға дейін және кездескенде не айтатыныңызды бағдарлама ретінде жазыңыз. Болашақ лауазымыңыздың сипаттамасын, қолдау хатын дайындаңыз.
Каталог: ebook -> umm
umm -> «Мал патологиясы» пәнінің 5В120200 -«Ветеринариялық санитария», 5В120100 -«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша оқытушыға арналған ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету туралы әдістемелік нусқаулар 1-тарау. Жалпы ережелер
umm -> Тарау Пән бойынша глоссарий Тарау Лекциялардың қысқаша конспектісі Тарау соөЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау Бақылау – тексеру құралдары. Тарау Пән бойынша глоссарий
umm -> Ауыр металдар
umm -> Бауыржанова А. З., Асенова Б. К., Тері және былғары өнімдерін өңдеу технологиясы Оқу құралы мазмұНЫ
umm -> Былғары және мех өҢдеу технологиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет