Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін



Дата20.11.2017
өлшемі44.96 Kb.
#45915
Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 12 тамыздағы  
№ 18-02/739 бұйрығына   
1-қосымша         

«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында


тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыруға арналған жолдама (бұдан әрі – жолдама).

1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін


қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің)
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      4. «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11662 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттары қоса берілген өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз болып табылады.


      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      көрсетілетін қызметті алушылардан қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығына қарауға беруі (30 минут);
      көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама қоюы (50 минут). Құжатты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына (бұдан әрі – орындаушы) беруі;
      көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толықтығын және дұрыс ресімделуін тексереді;
      ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда, тиісті шешім дайындау;
      көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы.
      6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижелері:
      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
      2) құжатқа бұрыштама қойылуы және жауапты орындаушыға берілуі;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы;
      4) құжатқа көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қояды және мөрмен куәландырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін


қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің)
өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:


      1) кеңсе қызметкері;
      2) жауапты орындаушы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
      көрсетілетін қызметті алушылардан қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға беруі;
      көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама қоюы (50 минут). Құжатты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына (бұдан әрі – орындаушы) беруі;
      көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толықтығы мен дұрыс ресімделуін тексереді;
      ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда, тиісті шешім дайындау;
      көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы осы «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында келтірілген.

«Марқакөл мемлекеттік табиғи     


қорығының қорғау аймағында тұратын 
жергілікті халықтың мұқтажы үшін  
рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық)
балық аулауды жүргізуге жолдама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
регламентіне қосымша       

«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын


жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық
(спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру» мемлекеттік
қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет