Малдардың Қан сарысуындағы паразиттер антигендерін серологиялық реакциялармен зерттеу



Дата17.04.2017
өлшемі104.01 Kb.
МАЛДАРДЫҢ ҚАН САРЫСУЫНДАҒЫ ПАРАЗИТТЕР АНТИГЕНДЕРІН СЕРОЛОГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРМЕН ЗЕРТТЕУ

Халила Ә.Н.,

Қазақстанда мал шаруашылығын өркендету басты мәселе болып табылады. Токсоплазмоз адамдар мен жануарлардың паразит ауруы. Токсоплазмоз салдарынан әйелдер түсік түсіреді, әлсіз -әлжуаз, ақыл-есі кем, соқыр т.б. көптеген кемтарлығы бар балаларды дүниеге келтіреді. Әлсіз балалардың ерте ауруға шалдығуы және олардың ауру күйде өтуі жас балалар өлімін көбейтеді. Мал шаруашылығында да токсоплазмоз жануарлардың жаппай іш тастауының, өміршеңдігі төмен төлдер тууының және малдардың азғындауы мен өлім-жітімнің бірден-бір себептері болып табылады.

Токсоплазмоз кең тараған, ол барлық географиялық аймақтарда кездесетін ауру. Паразитологиялық зерттеулер арқылы токсоплазма паразиті барлық сүтқоректілер мен құстардан және бауырмен жорғалаушылардан табылған. Токсоплазманың кең таралуы оның жануарлар ағзасындағы барлық ұлпалар мен жасушаларында кездесіп, өмір сүре алуында. Токсоплазманы зерттеу, оның мал шаруашылығына орасан зор экономикалық зиян келтіретінің анықтады. (А.А.Марков, 1964; 1965; И.Г.Галузо т.б., 1965; Б.А.Тимофеев, А.В.Акулов, 1975), Ұлыбританияда жылына мал төлдеу кезінде 250.000 қозы токсоплазиоз ауруының салдарынан кем алынады екен (Беверлей, 1971), Норвегияда қозының 80% өлімі токсоплазмоз салдарынан болады екен (Уалделанд, 1977).

Көрсетілген ғылыми зерттеулер нәтижесі токсоплазмозды зардапты аурулар қатарына жататындығын, оны кеңінен және терең зерттеу керек екенін көрсетеді.

Малдардың токсоплазмозын анықтау әдісі негізінен сыртқы белгілері арқылы ішкі өзгерістеріне байланысты жүреді. Бұл әдістердің кемшілігі көп, сыртқы белгілері көмескі, анық емес, әсіресе токсоплазмоздың айларында мүмкіндік бермейді.

Кейінгі кезде микробиология, вирусология т.б. инфекциялық және инвазиялық ауруларды анықтауға кеңінен қолданылатын иммунологиялық реакциялар биологияның басқа салалрында да енгізіле бастады (1,2,3). Иммунологиялық әдістердің ішінде сезімталдығы жоғары, қойылуы жеңіл реакцияға эритроцитті диагностикум пайдаланылатын: кері гемагглютинация немесе тікелей емес гемагглютинация реакциясы, антиденені бейтараптау мен антигенді бейтараптау реакциялары т.б. жатады. Эритроцитті диагостикумдарды алу әдісінің көптеген жолдары зерттеліп, іріске ұсынылған (4,5).

Токсоплазмозбен ауырған малдардың қан сарысуында паразит антигендері болатыны белгілі. Осы антигендерге қарсы иммунды қан сарысуын алу әдістері мен иммуноглобулинді эритроцитті диагностикумдар алу әдістерін зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып саналады.

Осыған байланысты біз ғылыми зерттеу жұмыстарымызда токсоплазмозды анықтау үшін иммунологиялық әдістерді колдану жолдарын зерттедік.

Ауру малдың қан сарысуындағы антигендерді, антиденені бейтараптау реакциясы (АдБР) арқылы анықтау үшін олардың сәйкес иммунды қан сарысуларының жоғарғы титрін анықтап алу керек. Ол үшін иммунды қан сарысуының титрін эритроцитті антигенді диагностикумдармен кері гемагглютинация реакциясын (КГАР) қою арқылы анықтайды.

КГАР макротәсілмен қою үшін пробиркаға немесе пластинкаға қойылады. Пластинканың бір қатарының 1-шіден 8-ші шұңқырына дейін 0,5 мл еріткіш құяды. Еріткіш ретінде 0,007% желатиннен тұратын физиологиялық ерітінді (РН-7,2% пайдаланылады). Сонан соң 1-ші шұңқырға 0,5 мл 1:25 физиологиялық ерітіндідегі тексерілетін қан сарысуын құяды. Шприцпен 1-ші шұңқырдан 0,5 мл алып екінші шұңқырға ауыстырады. Осылай 7-ші шұңқырға дейін қан сарысуын титрлеп шығады.

7-ші шұңқырдан алынған 0,5 мл ерітінді төгіліп тасталынады. Барлық шұңқырларға 0,25 мл 1% эритроцит диагностикумын құяды. Пластинка жайлап шайқатылған соң бөлме температурасында (16-25 С) ұсталынады.

Реакция нәтижесі 2-3 сағат өткен соң есепке алынып, 4 балдық жүйемен бағаланады:

4 балл-эритроциттер ойыс ойық түбін түгелдей жұқа қабықпен жауып жатады:

3 балл-эритроциттердің жауып жатқан аймағы алдыңғыға қарағанда аздау:

2 балл-эритроцит агглютинаттары аз, тек ойықтың түбінде көрінеді:

1 балл-эритроцит түнбасының шет жақтарында шамалы агглютинат түйіршіктері байқалады:

Теріс реакция-эритроциттер ойық түбінде түйме сияқты болып бір жерге жиналып, шоғырланады. Тексерілетін қан сарысуының ең жоғарғы титріне 3-4 балдық ерітінді алынады.

КГАР микротәсілмен қою үшін микротитратордың планшетінде қойылады. Шұңқырының түбі ойыс болу керек. Планшеттің бір қатарының 2-ші шұңқырынан 8-ші шұңқырына дейін 0,05 мл еріткіш құйылады. Ол үшін микротитратордың арнаулы микротамшылатқышымен 2 тамшы тамызу керек 1-ші және 2-ші шұңқырға 0,05 мл (2 тамшы) тексерілетін қан сарысуының 1:50 ерітіндісін тамызады. 2-ші шұңқырдан бастап 7-ші шұңқырға дейін 0,05 мл диллютермен қан сарысуы титрленеді. Сонан соң барлық шұңқырларға 0,025 мл 0,5% эритроцитті диагностикум тамызылады. Пластинка бөлме температурасында стол үстіне қойылады. Реакция 2-3 сағаттан соң оқылады. Әрбір қатардағы гемагглютинация жүруі, тексерілген қан сарысуының оң реакция көрсеткені. Оның титрі ең соңғы шұңқырдағы гемагглютинацияға сәйкес келеді. Гемагглютинация болмаған қатардағы қан сарысуы теріс реакция көрсетеді. Токсоплазма антигеніне қарсы иммунды қан сарысуының жұмыс титрін анықтау үшін оның ең жоғарғы титрін табу қажет. Табылған ең жоғарғы титрін 4 еселеп азайтып алу арқылы иммунды қан сарысуының жұмыс титрі анықталады. Мысалы: иммунды қан сарысуының КГАР арқылы анықталған ең жоғарғы титрі 1:3200 болса, оны 4есе азайтқанда жұмыс титрі 1:800 болып саналады.

Жұмыс титрінің дұрыс дайындалғанын тексеру. АДБР қою алдында жүргізіледі. Егер алдыңғы үш ойықта оң реакция алынған болса, онда жұмыс титрін екі есе азайту керек. Егер 5-ші ойықта оң реакция жүрсе, онда жұмыс титрін 4 есе азайтады. Егер реакция 1-ші, 2-ші ойықта ғана оң болса, онда жұмыс титрін қайтадан КГАР қойып анықтау қажет.



Токсоплазма антигенін АдБРарқылы анықтау



Малдың түрі

Малдың номері

Реакция нәтижелері

1:40

1:80

1:160

1:320

1:640

1:1280

1

Қой

3301

4+

4+

4+

3+

2+

-

2

Қой

3302

4+

4+

4+

4+

4+

-

3

Қой

3303

-

-

-

-

-

-

4

Қой

3304

4+

4+

4+

3+

2+

-

5

Қой

3305

-

-

-

-

-

-

6

Қой

3306

4+

4+

4+

4+

3+

-

7

Мысық

3307

-

-

-

-

-

-

8

Қой

3308

-

-

-

-

-

-

9

Қой

3309

-

-

-

-

-

-

10

Қой

3310

-

-

-

-

-

-

11

Қой

3311

-

-

-

-

-

-

12

Қой

3312

-

-

-

-

-

-

13

Мысық

1

-

-

-

-

-

-

14

Мысық

2

4+

4+

4+

3+

2+




15

Мысық

3

-

-

-

-

-

-

16

Мысық

4

4+

4+

4+

4+

2+

-

17

Мысық

5

-

-

-

-

-

-

18

Мысық

6

-

-

-

-

-

-

19

Мысық

7

-

-

-

-

-

-

Антиденені бейтараптау реакциясын (АдБР) қою үшін тексерілетін қан сарысуынан бір қатарға екі еселенген ерітінділер дайындалады. Ол үшін 2-шіден 8-ші ойықтарға 0,25 мл физиологиялық ерітінді құяды. 1-ші 2-ші және 7-ші ойықтарға тексерілетін заттың 1:50 қатынасындай физиологиялық ерітіндісін құяды. Арнаулы пипеткамен 2-ші ойықтан 6-шы ойыққа дейін 0,25 мл ерітінді ауыстырылу арқасында 1:5 тен 1:1600 қатынасына дейін екі еселенген ерітінді дайындалады. 6-шы ойықтан 0,25 мл алынып, төгіліп, тасталынады. 1-қатардың 1-ші және 6-шы және 8-ші ойықтарына антигенге қарсы иммунды қан сарысуының жұмысшы ерітіндісі құйылады.

Планшет 37 °С термостатта 30 минут ұсталған соң, 1-ші қатардың барлық ойықтарына 0,25 мл 1% ББҚС-ның эритроцитті антигенді диагностикумы құйылады. Планшет жайлап, шайқатылған соң бөлме температурасында стол үстіне қойылады. Реакция 2-3 сағаттан соң КГАР нәтижесіне керісінше оқылады, яғни гемагглютинация жүрмеген ойықтар оң реакция болып саналады.

Микротәсілді қою мен оқылуы макротәсілге сәйкес келеді. Айырмашылығы ингредиенттер мөлшері 10 есе аз алыну және эритроцитті диагностикумдар қанықпасы 0,5% болу қажет.

АдБР тексеру мақсатында малдардың қан сарысуларынан токсоплазма антигендерін анықтадық. Реакция нәтижесінің сапалылығын бағалау үшін емес жануарлардың қан сарысулары тексерілді. АдБР нәтижесі кестеде келтірілген^

Жүргізілген зерттеу нәтижелерінде токсоплазма антигені қойлардың (№ 1-2,4,6) қан сарысуынан, 2 малдың қан сарысуынан (№2, 4) табылады. Токсоплазма антигені АдБР нәтижелері мен лабораториялық көрсеткіштер бір-біріне сәйкес келіп, толықтырғаны байқалды.

Қорыта айтқанда малдардың қан сарысуындағы токсоплазма антигендерді АдБР-сымен аньщтау тиімді екендігін көрсетті.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Леви М.И. Общие закономерности и классифакация серологических реакций. Микробиология,1967, №7,с.104.

  2. Халилаев А.Н. Малдың паразит ауруларын иммунологиялық әдістермен анықтаудың биологиялық негізі. Автореф. докт. дисс. А., 1997.

  3. Сайдуллин Т. Основы серологии. А.,1992.

  4. Кузьмин Ю.А.,Шамардин В.А., Каральник Б.В., Волкош Л.П. Способ получения антительного диагностиума AC. СССР №889002 БИ, 1981 №46 стр. 29.

  5. Шамардин В.А. Научные основы приготовления эритроцитарных иммунолглулиовых диагностикумов. Автореф.докт. дисс. М.,1982.

Резюме

В статье приведены результаты определения токсоплазменных антигенов серологической реакцией в сыворотке крови животных.



Summary

In this article the results of definition of sexual hormones with serologic reaction in whey of blood of in-calf animals are involved.



РЕЗЮМЕ

Целью наших исследований явилось совершенствование иммунологических методов исследований для выявления животных больных паразитозом и изучение его распространения в зависимости от влияний среды.



Resume

The purpose of the research is perfecting of the immunological methods of research for determination of animals sicked by anaphlazmos and spreading of animals depending on the influence of a habitat.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет