           Skip to main content
Menu
main_menu_kz
-
Русский
-
Басты бет
-
Мектеп туралы
-
Мұғалімдер
-
Мектеп тарихы
-
Тәрбие жұмысы
-
Әкімшілік
-
Рәміздер
-
Жетістіктер
-
Мектеп өмірі
-
НЗМ тәжірибесі
-
НЗМ тәжірибесін оқып үйрену және енгізу
-
Тәжірибе алмасу
-
НЗМ тәжірибесін тарату
-
Баяндамалар, сценарийлер
-
Видеотека
-
Галерея
-
Оқу озаттары
-
Кітапхана
Желілік қоғамдастық
-
«Парасат» желілік қоғамдастық
-
Кәсіби қауымдастық
-
Тәжірибе алмасу
-
Олимпиадалар, сайыстар
You are here
Главная
Татулық – достық кілті (психологиялық тренинг)
Психолог: Байбусинова А.А.
Оразбаева А.О.
Тақырыбы: Татулық – достық кілті
Қатысушылар: ұстаздар
1. «Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: қатысущылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысы
Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.
2. Жаттығу «Молекула»
Жаттығу барысы
Қатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады. Жүргізуші белгілі санды айтқанда, атомдар молекула құрайды. Мысалы, «үш» дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула құрайды.
3. «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
-
Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
-
Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын » деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?
4. «Жаттығу «Шар»
«Кімнің қолы шарға тисе, 2013 жылы арманына жетеді» деген сөздерді айта отырып, қатысушыларға шар жіберіледі.
«Татулық – достық кілті» ұстаздармен тренинг
 
Әлеуметтік психологиялық қызмет:
Психологиялық тренингтер
Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг
Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Жоспары:
1. Амандасу. «Бумба-Юмба» жаттығуы.
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
3. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
4. «Поезд» жаттығуы.
5. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
7. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
8. Қортынды. «Майшам» жаттығуы.
Қажетті құралдар: жүрекше, жануарлардың аты жазылған карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар, майшам, магнитофон.
Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
Психолог: Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді мұрыныңызбен үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы допты алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.
3. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.
4.«Поезд» жаттығуы.
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.
5.«Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .
7. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
9. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!
-
Күні: 19-03-2014, 10:52
-
Категориясы: Психология
-
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
-
"Ақылды ата-ананың 5 қағидасы"
-
Психологиялық ойындар
-
Әріптестік қарым-қатынас тренингі
-
Көңілді қоңыздар
Начало формы
Пікір қалдыру
Есім:* E-Mail:*
Суретте көрсетілгендей екі сөзді еңгізіңіз: *
Еңгізу
Конец формы

Сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз материалдарды басқа ақпараттық құралдарында жариялауға тиым салынады. Республикалық әдістемелік сайт. Сабақтар сайты сіздерге әрқашан сапалы материалдар ұсынады.
Барлық құқық сақталған 2015 © Sabaqtar.kz.
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг сабақтар жоспарлары
Жарияланды 19-01-2014, 00:35 Категориясы: Психология
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг сабақтар
1) Өзара түсіністік өнері
2)Таныс болайық
3) Сіз кімсіз? ойыны
4) Адами қарым – қатынас ізгіліктері
5) Менің өмірлік құндылығым
Педагогтарға арналған психологиялық «Өзара түсіністік өнері» тренингі
Мақсаты: өзара қарым - қатынас қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: қабылдарлық формада ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.
Психологиялық технологиялар: музыкалық терапия, ойын терапиясы, арттерапия.
«Кел, танысайық» ойыны.
Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар бір - бірінің қолын қысады.
Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір - бірінің арқаларын сипайды.
Жүргізушілер сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар мұрындарымен амандасады.
«Кішкентай ергежейлі» ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға кішкентай мейірімді ергежейлінің рөлін ойнауды ұсынады. Жүргізуші қол соққанда, қатысушылар қолдарының шынтақтарын бүгіп, саусақтарын алдыға қарай созып «У» дыбысын қатты қорқынышты дауыспен айтады.
Егер жүргізуші қолын ақырын соқса, «У» дыбысын ақырын айтады. Өздеріңіздің мейірімді ергежейлі екендеріңізді ұмытпаңыздар, аздап қана қалжыңдаймыз.
«Кенгуру» ойыны.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір кенгуру тұрып тұрады, екіншісі – оған арқасымен тұрады, сосын отырып тұрады. Екі қатысушы да қолдарынан ұстайды. Әрбір жұптың міндеті осы тұрғыда, қолдарын айырмай, бөлмені секіріп, айналып шығу. (Қатысушылар рөлдерімен алмасады, сосын жұптарымен алмасады).
«Кеме» ойыны.
Қатысушылар екі қатарға бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Бұл өзен жағалаулары. Қатарлардың ара қашықтығы қолдары бір - бірлеріне тимеуі керек. Өзенге кеме көзін жауып жүзіп келеді. Оның қозғалысы ақырын немесе жылдам болуы мүмкін. Жағалаулар қолдарымен кеменің қозғалысына ақырын көмектесуіне болады. Кеме жолды өзі таңдайды; айналуына, бұрылуына, оралуына болады. Соңында кез келген жағалаудың шетіне тұруы қажет. Осы кезде басқа кеме жолға шығады.
«Алақанға жан бітір» ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.
«Құпия дос» ойыны.
Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.
Ұстаздарға арналған тренинг
Көңілі
көтеріңкі ұстаздардың, еңбегі де жемісті.
/ұстаздарға арналған тренинг /
Мақсаты: Ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту және өзін-өзі танып
әрдайым көңіл-күйде жүруге баулу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, ойын, интерактивті әдіс
Қатысушылар : ұстаздар ұжымы
I. Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш ,нұр іздеген
Шуақ толы жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
II.Кіріспе
Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау адамға ғана арналған басты байлық,
ұлы сыйлық. Бірақ, осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да
қолданатынымыз жасырын емес.Кейде «аңдамай сөйлеп, ауырмай өлеміз». «Жақсы сөз
бұлттан шыққан күндей боп,көңілді жадыратады». «Жаман сөз жаныңа мұң құйып,
қабырғаларыңды бір-бірлеп сөгеді» деген демек сөзден қорқыңыздар,оны абайлап
орнымен пайдалану керек.Ғалымдардың зерттеуінше былапыт жаман сөздер
хромосомдарды өлтіріп,сол сөз иесіне сәтсіздік,жаманшылық,ауру шақыратынын
анықтаған.Өздеріңізге белгілі, ұстаз мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда
стресстік жағдайларға жиі душар болатындығы белгілі. Ал ұстаз өзінің
профессионалдың ұстанымын жоғалтпай, әрдайым көңіл-күйін көтеріп ұстау қажет.
III. “Түрлі түсті шарлар» - аяқталмаған сөйлемдер
Желтоқсан айының ішінде егерде сізді қуантқан нәрселер көбірек болса жасыл
шардың астына парақшаға «Жұмыста соңғы кезде мені қуантқан»... деген сөйлемді
аяқтап жазу керек, ал егерде ренжіген сәттеріміз басым болса ,
« Жұмыста соңғы кезде мені ренжіткен...» деген сөйлемді аяқтап, парақшаға жазып
қызыл шардың астына жапсырыңыздар.
IV.Тест “Сіз жарқын жүзді адамсыз ба?”
ü Егер сіз қар үйінділеріне басты назар аударсаңыз,
оларға штрихтар мен көлеңкелерді салсаңыз, онда сіз дәл осы уақытта өзіңізді
бақытты сезінуде емессіз.Сізді бір ойлар алаңдатуда, сіздің басыңыз қара
ойларға, ал жаныңыз – уайымға толы.
ü Егер сіз қара түнерген бұлттың суретін салсаңыз ,онда
сіз нағыз пессимист адамсыз.Сіз мінезіңіз нашар, өте ашулы адамсыз.Сіздің
ыңғайыңызды табу қиын, өйкені сіздің үнемі ешнәрсеге көңіліңіз толмайды.Сіз
өмірдің сәттеріне қуана білмейтін адамсыз, кез келген ақ нәрсені қараны көріп
тұрасыз.
ü Егер сіз үйді басты назарда ұстап, оған мұражасынан
түтін шығып жатқанын салсаңыз және үйдің терезесінен жарық көрінсе, онда сіз
жарқын жүзді, бақытты адамсыз.Сіздің өмірдегі басты құндылығыңыз – бұл сіздің
үйіңіз, жақындарыңыз және достарыңыз.Сіз осы аталғандардан өзіңіздің өміріңізге
күш – қуат аласыз.Сіз өмірдің сәттеріне қуана білетін, өмір сүре білетін
тұлғасыз.
ü Егер сіз шыршаға басты назарды аударсаңыз, бұл сіздің
жарқынжүзді, шынайы адам екендігіңізді білдіреді.Бұл сіздің бүкіл әлеммен
байланыс жасауыңыздың бірден бір құралы.Сізді айналаңыздағылар жақсы көреді,
өйткені сіз көңілді, белсенді адамсыз.
ü Ауадағы қарлар – бұл сіздің жағымды, жақсы әсер
қажетсінетіндігіңізді білдіреді, күнделікті өмірдің күйбеңінен басқа дүниені
аңсайтындығыңызды білдіреді.
ü Егер сіз адамды шыршаның жанына салсаңыз, бұл сіздің
күш – қуатыңыздың көптігін, шаршамайтын адам екендігіңізді білдіреді.
ü Егер адам үй мен шыршаның ортасына салсаңыз, сіз бір
нәрсені қажетсінесіз, яғни сізге өмірлік мақсат қою керек немесе біреуді сүю
қажет.
ü Егер адам үйдің ішінде орналасса, онда сізге демалу
керек.Сіз рухани және физикалық тұрғыдан шаршағансыз.
V. Жаттығу «Алма бағында»
ü Барлығымыз көзімізді жұмамыз, көз алдарымызға алма
бағын елестетіңіздер.
ü Әсем бір шебер бағбанның баптап өзірген алма бағында
қыдырып жүрсіздер. Осы сәтте әркім өзінің ең бақытты шақтарын елестетіңіздер.
Жүрек түбіндегі арман мақсаттарыңызды қиялдаңыздар.
ü Оң жақтарыңызға қарасаңыздар жерде жатқан қып қызыл
алманы көресіздер, ал сол жақтарыңызға қарасаңыздар тағы да сары қызыл алманың
жатқанын көреміз.
ü Па, шіркін қайран алмалардың иісін-ай танауларыңызды
керіп, демдеріңізді ашып, рахат бір дүние ішінде жүрсіздер, терең демалыңыздар.
Тапсырма: Алма ағашындағы алмалардың суретін бейнелеу.
VI .Жақсы сабақ дайындау рецептісі.
Сұрақ: Қандай рецептің түрлерін білесіздер ? / сұрақ-жауап /
Әрбір сабағыңызға:
* 12 порция ақылдылық
*11 порция шыдамдылық
*10 порция батылдық
*9 порция жұмысқа қабілеттілік
*8 порция оптимизм
*7 порция өз ісіңе берірушілік
*6 порция ойлануды
*5 порция мейірімділік
*4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды
*3 порция юмор
*2 порция такт
*1 порция әр балаңызға үміт қосыңыз.
Өз сабағыңыздың дәмді және тәтті болу үшін бір қасық жақсы көңіл-күй, бір
шымшым шыдамдылық, дәміне қарай ойындар қосыңыз және бетіне жақсы мейірімді
әзіл себіңіз өз тағамыңызды жайдарлы күлкіңізбен қуаныштың белгісімен әрлеңіз.
Осы рецептіні үнемі пайдалануға кеңес беремін.
VII.Қорытындылау
«Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.
Жарамды әнді тыңдасаң жаным еріп,
Жабырқаған көңілің көтерілер», - деп
әрдайым ән тыңдап көңіл – күйімізді түсірмей көтеріп жүрейік.
Көңіл – күйімізді көтеріп жүру өз қолымызда екенін ұмытпайық.
VIII. «Әріптестер алға, қанаттарың талма» әні
Көбейсінші білім құмар шәкіртіміз,
Жақсылықпен арта берсін әр күніміз.
Қуанышты сәттеріміз көп болсыншы
Әріптестер, шәкірттер.
Қайырмасы:
Ұстаздар боп бас қосамыз бәрімізде,
Таусылмасын айтар талай әнімізде
Әріптестер алға, қанаттарың талма,
Биіктерге, биіктерге самғаймыз.
Ұстаз болу жүректердің батырлығы
Ұстаз болу сезімдердің ақындығы
Анасындай – шәкірттерге жақындығы
Әріптестер, ұстаздар.
Комментарии50 Ещё23.01.2015 17:35:47
Начало формы
Кому
Добавить сотрудников, группы или отделы
Добавить Отменить
Конец формы
GULZHAN OSKENBAYEVA GULZHAN OSKENBAYEVA
23.01.2015 17:38:17 9 Ещё
Новые получатели: Все пользователи, Замира Лидерлері 4 группа 2 лек, DAMU, Астана 6 топ қазан-желтоқсан 2013, Бриллиант тобы, Зият 6 2014, І(ілгері) деңгей. Петропавл, МАҢҒЫСТАУ КӨШБАСШЫЛАРЫ, Сәттілік, Үздік 7 топ, 8 топ Лидер, Victory, Бейнеу көшбасшылары, Жігер, Зияткер, Лидер1, Сапарбаева 2 топ, Түркістан ұстаздары, Шуақ
Журнал
№ 4 2014
Новости
Казахстан откажется от советской системы оценки знаний школьников
Конференции
Наименование конференции
Семинар
IIІ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ СЕМИНАР-СОВЕЩАНИЕ
Конкурсы
Конкурс на лучшее фото
-
Профиль
-
Портфолио
-
Сообщения
-
Найти друзей
-
Друзья
-
Настройки
-
Форум
-
Блоги
-
Сетевое сообщество
-
Вебинары
-
Программы
-
Электронная копилка
-
Гуманитарные науки
-
Естественные науки
-
Технические науки
-
Точные науки
-
Другое
Наверх
-
Карта сайта
-
Помощь
-
Контакты
Достарыңызбен бөлісу: |