Мағынаны тану
Проблемалық сұрақ Не себепті “Жасуша” барлық тірі организмдердің негізгі құрылымдық және қызмет атқарушы өте кішкентай жүйесі дейді, дәлелде, мысал келтір.
Тапсырмалар: 1-топ: Жасушаның құрылысы көрсетілген сурет бойынша интерактивті тапсырма беріледі. Тақтада берілген суретті құрастыру және органоидтарын жазу
2-топ: Жасуша органоидтері мен қызметтерін сәйкестендіру тапсырмасы.
Сәйкестендіру. 2 – тапсырма: 1.Митохондрия 2.Жасуша орталығы 3.Лизосома 4.Рибосома 6.Ядро
Шығармашылық жұмыс 1-топ: Эукариотты және прокариотты жасушаларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. (Оқушылар бұл тапсырманы, бактерия мен жануар немесе өсімдік жасушасы бар суреттер көмегімен салыстырып , талдайды және қорытындылайды) 2-топ: Өсімдік және адам жасушасының құрылысын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.(Оқушылар бұл тапсырманы, адам және өсімдік жасушасы бар суреттер көмегімен салыстырып , талдайды және қорытындылайды)
Құрылысы мен қызметі әр түрлі, ағзаның ең кіші құрылымды бөлігі бұл ... а) Жасуша в) Ұлпа с) Мүше д)Ағза Жасушаның барлық органиодтерін біріктіріп, олардың өзара әрекетін қамтамасыз ететін органоид? а) Ядро в) Рибосома с) Гиалоплазма д) Лизосома 3. Лизосоманың қызметі қандай? а)Нәруыз синтездеу в)Ақпарат тасымалда с) Жасушаға қажетсіз заттарды ыдырату д)Жасушаны сыртқы ортадан қорғау 4. Жасушаның “энергетикалық станциясы” деп қандай органоидты айтамыз? а)Ядро в) Лизосома с) Митохондрия д) Рибосома 5. Жасушаны не қаптайды? а) Жасуша мембранасы в) Цитоплазма с)Ядро мембранасы д) Ұлпа 6. Жасушалардың көбеюі қандай органоидтардың бөлінуімен жүзеге асырылады? а) Лизосома, рибосома с) Эндоплазмалық тор, Гольджи комплексі в) Митохондрия, хромосома д)Ядро, цитоплазма 7. Жасушаны ашқан ғалым. а) Робет Гук в) Ивановский с) Левенгук д)К.Линней 8. Жасуша ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат а) Рибосама в) цитоплазма с) мембрана д) вакуоль
Жауабы: 1-а 2-с 3-с 4-с 5-а 6-д 7-а 8-в
Рефлексия кезеңі Мына сөйлемдерді аяқтап, талдау: 1. Бүгінгі сабақта маған жаңалық болды... 2. Бүгінгі сабақта басты ой ... болды. 3. Менің ұсынысым...
Үйге: Үйге: §2 Жасуша мен оның органоидтерінің құрылысы(оқу, сұрақтарға жауап бере білу,терминдерді жаттау) «Жасуша - қала», «Жасуша - завод» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру;
Естайлақ Ақгүл Абусағитқызы Естайлақ Ақгүл Абусағитқызы Қостанай облысы, Жангелдин ауданы Аралбай ауылы
Достарыңызбен бөлісу: |