М.Қ. Мержақып



Дата22.05.2017
өлшемі98.46 Kb.
М.Қ. Мержақып

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Ғылыми жетекші А.Н. Байғазанов в.ғ.к, «Ветеринариялық снаитария» кафедрасының профессор м.а.
ІРІ ҚАРА МАЛЫНЫҢ ЙОНЕ АУРУЫ
Аграрлық салада бізден, ветеринар мамандарынан асқан біліктілік пен қарсы тұрып күресуді талап ететін негізгі мәселелердің бірі – малдардың арасында кең тараған жұқпалы індеттер.

Дүние жүзінде 300-ден астам жұқпалы індет бар болса, Қазақстанда солардың 60-қа жуығы кездеседі екен. Бұл індеттер тек мал басын азайтып, шаруашылықтарға зор шығын әкеліп қана қоймай, сондай-ақ барша адамзатқа қауіп төндіреді. Сондықтан да індеттермен күресіп, мал-жанға араша түсу - ветеринария мамандарының басты міндеті деп білемін.

Осындай өзекті мәселелерді тудырып отырған, аса қатерлі, жұқпалы індеттердің бірі – ірі қара малының паратуберкулезді энтериті болып табылады. Аталмыш ауру Республикамыздың барлық аймағында кездеседі. Соңғы үш жылдыңөзінде ШҚО-ның бірнеше етті бағыттағы шаруашылықтарында тіркелген.

Мен ғылыми жетекшіммен бірге бұл індетті соңғы төрт жыл бойы зерттеп келемін. Менің бұл ғылыми жұмысымныңөзектілігі - өңіріміздің шаруашылықтарында кездесетін паратуберкулезді энтерит індетін жан жақты талдау, аурудың алдын алу, балау және аурумен күресу шараларын жетілдіру болып табылады.



Паратуберкулез ( паратуберкулезді энтерит , Йоне ауруы) – созылмалы өтетін, ішектің баяу өрбіп, еселеніп қабынуы мен оқтын-оқтын іш өтуі арқылы ерекшеленетін, шектен тыс арықтауға әкеліп соқтыратын, негізінен сиыр, қой, түйе, сирегірек басқа күйіс қайыратын жануарлар: ешкі, қодас, бұғыны зақымдайтын инфекциялық індет [1].

Аурудың клиникалық белгілері тек ірі қара малында жақсы көрінеді. Ол белгілер малдыңөлуіне әкеліп соғатын үдемелі арықтау және созылмалы энтерит. Жылдың кез келген мезгілінде байқалады [2].

Паратуберкулезді энтерит індетініңқоздырғышы – Mycobakterium paratuberculosis ( Йоне бактериясы). Бұл қышқылмен спиртке өте төзімді бактериялар тобындағы ең кіші таяқша. Аэроб, қозғалмайды ( атрих), спора, капсула түзбейді, Гр+. Таяқшаныңұзындығы 0,5- 1,5 мк, ені 0,2- 0,5 мк. Циль – Нильсен әдісімен жақсы боялады [3].

Өзімніңғылыми зерттеулеріме сүйене отырып, қазіргі таңда паратуберкулезді энтерит індетін ауыздықтай алмай отырған себебіміз төмендегі факторларға байланысты деп білемін:



  • қоздырғыштың сыртқы ортаға нәжіс арқылы көптеп бөлінуі;

  • ауру малдың клиникалық белгілері пайда болмай жатып, сыртқы ортаны өз бөлінділерімен (қоздырғышпен) ластауы;

  • қоздырғыштың сытқы орта факторларына төзімділігі (сыртқы ортада 1,5 жыл өз тіршілігін сақтайды);

  • ауруға қарсы емдік шараларының нәтиже бермеуі.

Осы кезекте, аталмыш індетті анықтау мақсатында ШҚО-ның етті бағыттағы ірі қара малын өсіретін шаруашылықтарында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргіздік.

Осыған орай біз алдымызға мынадай міндеттер қойдық:



  • Шаруашылықты эпизоотологиялық зерттеу;

  • Шаруашылықта аллергиялық зерттеу жұмысын жүргізу;

  • Патологоанатомиялықөзгерістерді талдап, анықтау мақсатында және патологиялық материалдар алу мақсатында айқын клиникалық белгілері бар малдарды сойып, зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • Алынған патологиялық материалдарды бактериологиялық және гистологиялық тәсілдермен зерттеу.

Барлық зертханалық зерттеу жұмыстары Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекттік Университетініңқасындағы Агротехнопарктың «Ветеринария» бөлімінде жүргізілді.

Кешенді зерттеу жұмыстарының (эпизоотологиялық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық, аллергиялық, зертханалық: микроскопиялық, бактериологиялық) нәтижесінде, ШҚО-ның екі бірдей ірі қара малын өсіретін шаруашылығынан паратуберкулезді энтерит індеті анықталды.

Шаруашылыққа бұл мәселені шешу үшін эпизоотологиялық талаптарды қатаң сақтап, ветеринариялық іс-шараларды жоспарлы түрде орындап, әсіресе малдарды аллергиялық тексеруден уақытылы өткізіп тұруға, сонымен қатар клиникалық және аллергиялық зерттеулерге оң нәтиже берген малдарды оқшаулап, жоюға кеңес бердік.

Сондай-ақ мал тұқымдарын сатып алу кезінде міндетті түрде паратуберкулезді энтерит ауруына тексеру жүргізуді қатаң ескерттік.


ӘДЕБИЕТ:

  1. Т. Сайдулдин. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары //Алматы 2009. 516 б.

  2. Х.С. Жұмабеков, К.Ю. Дербышев . Жануарлардың патологиялық анатомиясы. // Алматы 2011. Жалпы бет 359,193 бет.

  3. Б.Т. Толысбаев, К.Б. Бияшев, Р.Ж. Мықтыбаев «Ветеринариялық санитариялық микробиология» // Редакция басқарған Б.Т. Толысбаев, Алматы 2008, жалпы бет 589, 396 бет

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет