М. Х. Парманбекова- б.ғ. к., қауым проф м. а. Алматы қ., ҚазмемҚызпу ауыр металл тұздарымен созылмалы улану кезіндегі егеуқұйрықтардағы адреналиннің өзгеруі



Дата03.07.2017
өлшемі58.64 Kb.
УДК 612. 664

М. Х. Парманбекова- Б.ғ.к., қауым.проф.м.а.

Алматы қ., ҚазмемҚызПУ
Ауыр металл тұздарымен созылмалы улану кезіндегі егеуқұйрықтардағы адреналиннің өзгеруі

Қоршаған ортаның көптеген ластаушыларының басым бөлігі улы химиялық заттарға жатады. Олардың адамға тигізетін қауіпті әсері және қоршаған ортаға таралуы арасында ауыр металдар ерекше орын алады.


Тірі организмдердегі өте аз мөлшерде шоғырланған (миллиграмм, микрограмм) металдар – микроэлементтер деп аталады. Адам мен жануарлар организдерінде микроэлементтер әр түрлі органдар мен ұлпаларда (қан, сүйек ұлпасы, бауыр) табиғи физиологиялық мөлшерде болады [1]

Атмосфералық ауаның, судың, топырақтың ластануының тура зерттеу мен қатар, оны басқа нысандар арқылы зерттеуге болады [2] Мысалы, биологиялық нысандарды зерттеу арқылы (өсімдіктер, жануарлар органдары биоорталар). Қоршаған ортаның көптеген химиялық ластаушыларды бағалауда адамға қауіптілігі бойынша бірінші орындарда ауыр металдар мен радионуклидтер тұр. Сондықтан ауыр металлдардың ішінде хром тұзының зиянды әсері көп зерттелмеген.

Сүттің өнімінің азаюына әртүрлi жағдайлар әсер етедi. Оның бiрi стресс, ол бүйрек үстi безiнiң гормондарының қандағы мөлшерін арттырып, лактогендiк гормондардың өнiмiнiң азаюына себеп болады. Экологиялық қолайсыз факторлар, әртүрлi стрес жағдайлары әсер еткенде симпато - адреналды жүйе қозады да, катехоламиндердiң түзiлуi жоғарылайды. Оған қоса кортикостероидтардың, әсiресе кортизолдың өнiмi артады.

Ауыр металл организмге зиянды әсер етедi. Денедегi зат алмасуды баяулатып, мүшелердiң қызметiн төмендетедi.

Зерттеуіміздің мақсаты ауыр металлдардың әсері кезінде сүт түзуші және жүкті егеуқұйрықтардың қан плазмасындағы адреналин мөлшерінің динамикасын зерттеу.

Зерттеу әдістері мен нәтижелері
Тәжiрибе барысында жануарлар ұзақ уақыт бойы қорғасын және кадмий тұздарымен in vivo жағдайында уланған егеуқұйрық топтары зерттелдi. Тәжірибеге салмағы 180 – 200 г лабораториялық сүт түзетін ақ егеуқұйрықтар алынды, олар бес топқа бөлінді. Интакты жануарлардың бірінші тобы бақылауға алынды. Екінші топтағы жануарлар ауыз арқылы кадмий және қорғасын тұздарын 2,4 мг/100 г және 0,47 мг/100 г берілді. Жануарлардың келесі топтары алдын – ала антиоксиданттар Е, С витамині және EGb 761 жануар салмағының кг массасына 100 мг қабылдады. Артынан ауыр метал тұздарын қабылдады. Интоксикация лактацияға дейін 10 күн және лактация уақытында 10 күн жүргізілді.

Адреналин мөлшерi қан плазмасында анықталды (1 сурет). Егер бақылау тобындағы жануарлардың қан плазмасында адреналиннiң деңгейi 0,046 нг/мл болса, ұзақ уақыт қорғасынмен уланғанда қандағы адреналиннiң деңгейi 0,092 нг/мл дейiн көбейедi. Ал кадмиймен уланғанда адреналиннiң деңгейi 0,101 нг/мл өстi. Ауыр металдармен қатар биологиялық белсенді заттарды бергенде қан плазмасындағы адреналиннің мөлшері біраз төмендеді. Қорғасынға Е витаминін қосып бергенде адреналиннің мөлшері 0,075 нг/мл болса, кадмийға қосып бергендегі мөлшері 0,067 нг/мл тең. Ал қорғасынмен бірге С витаминін қосып бергенде адреналинің мөлшері 0,085 нг/мл, EGb 761 қосып бергендегі мөлшері 0,082 нг/мл. Кадмийға С витаминін қосқандағы адреналиннің мөлшері 0,080 нг/мл болса, кадмиймен бірге EGb 761 бергенде қан плазмасындағы адреналин мөлшері 0,083 нг/мл азайды.

Зерттеу нәтижелерінде кадмий және қорғасын тұздары егеуқұйрық организміне түсіп, қандағы катехоламиндердің мөлшерін көбейтетін стресті жағдайды тудырады. Қанда адреналин және норадреналиннің алғашқы көбеюін бейімделу реакциясы деп қарастырады, олардың мөлшерінің ұзақ уақыт бойы көп бөлініп жоғарғы деңгейде болуы бүйрек үсті безінің ақ затының паренхимасының әлсіреуін көрсетеді.

Бірақ антиоксиданттарды енгізгенде де гормондардың мөлшері бақылау мөлшеріне жеткен жоқ, дегенмен адреналды жүйенің стресті әсерлерге жауабы едәуір жеңілдегені байқалды.

1 Сурет. Ауыр металл тұздарының және биологиялық белсендi заттардың адреналиннiң мөлшерiне әсерi.


Абсцисте: Б – бақылау тобы, 1 – интоксикация, 2 – интоксикация + витамин Е, 3 - интоксикация + витамин С, 4 - интоксикация + EGb 761.

Ординатта: адреналиннің мөлшері, нг/мл.

Биологиялық белсенді заттарды организмге енгізгенде адреналин мөлшерінің төмендегенін көрсетеді. Бақылау тобында адреналиннің мөлшері 0,047 нг/мл болды. Е витаминін бергенде қан плазмасындағы адреналин мөлшері 0,039 нг/мл болса, С витаминін енгізгенде оның мөлшері 0,040 нг/мл тең болды. Ал EGb 761 қосып бергенде егеуқұйрықтың қан плазмасындағы адреналин мөлшері 0,042 нг/мл төмендеді (2 сурет).

Бақылау жануарларына антиоксиданттарды енгізгенде бақылау тобындағы егеуқұйрықтарға қарағанда лактация кезеңінде қан плазмасында адреналиннің мөлшері біршама төмен болды. Лактация кезеңінде организмнің тұрақты қызмет атқару үшін антиоксидантты заттарды препарат ретінде қолдануға болады.

2 Сурет. Биологиялық белсенді заттардың сүт түзуші бақылау егеуқұйрықтардың қан плазмасындағы адреналиннің мөлшеріне әсері.


Абсцисте: Б – бақылау тобы, 1 – бақылау + витамин Е, 2 - бақылау + витамин С, 3 - бақылау + EGb 761. Ординатта: адреналиннің мөлшері, нг/мл.

Біздің алған нәтижелеріміз әдебиет көрсеткіштерімен сәйкес, EGb 761 және С витамині катехоламинергиялық жүйеге әсер етіп, нейрон мембраналарының тұрақтылығы арқылы антидепрессорлы әсер көрсетеді [3]. EGb 761 орталық жүйке жүйесінің глутаминді рецепторлар модуляторы болады. Ол ауыр метал тұздарымен әсер ету кезінде ішкі мүшелердің дестабилизді қызметін қорғайтын қанның реологиялық қасиетін жоғарылатады.

Лактация кезінде ана организмі витаминдерді қажет етеді, әсіресе С және Е витаминдері. Қолайсыз факторлардың әсері авитаминозға әкелуі мүмкін, сүт түзуші жануарлар организмінің функционалды жүйесіне ауыр жүктілік әсер еткенде антиоксидантты жүйенің әлсіреуіне әкеледі. Мұнда түзілетін табиғи антиоксиданттардың орнын толтыруды қажет етеді.

Қорытынды
Қан айналымында катехоламиндер ұзақ сақталмайды, моноаминооксидаза ферментінің әсерінен бұзылады. Аздаған бөлігі өзгермеген түрде бөлінеді немесе күкірт немесе глюкоуронды қышқыл қосылыстарына айналады, қалғандары ткандерге таралады [4,5].

Катехоламиндердің қоры, бөліну және айналу биосинтезі организмде үздіксіз жүретін процесс.

Адреналин сүт түзілуіне кедергі келтіре отырып сүт ағымдарының жиырылу жолымен сүт безіне әсер етеді, сонымен қатар бездің шеткі қан тамырларының тарылып оған окситоциннің құйылуына және басқа лактогенді гормондар және сүттің құрамды бөліктерінің компоненттерінің түзілуіне кедергі келтіреді. Ол сонымен қатар нейрогипофиз партальді тамырларының тарылуын және гипофизден окситоциннің рефлекторлы бөлінуін тежейді. Тежеу әсері орталық жүйке жүйесінің милы бағана деңгейінде және бас миының қыртыстарында берілуі мүмкін. Бұл үлкен деңгейдегі рефлекстік тежелу механизмі симпатикалық жүйке жүйесінің нейромедиаторы ретінде норадреналин болып есептеледі. Оның әсері адреналин ұсақ сүт безінің паренхимасына тікелей шеткі әсер етеді.

Қазақстанның экологиялық жағдайының нашарлауы өндіріс орындарының техникалық қалдықтарының жиналуымен байланысты үлкен мөлшерде ауыр металдар жиналады. Біз олардың лактацияға әсерін зерттедік. Лактацияның бәсеңдеуі егеуқұйрық қанында стрессорлы гормондардың мөлшері жоғарылауымен байланысты.

Біздің зерттеуімізде кадмий және қорғасын егеуқұйрықтың сүт шығаруын тежейді. Оның негативті әсері алдымен асқазан – ішек жолдарының, бауыр, бүйрек және т.б. ткандердің метаболизімін бұза отырып толықтай жалпы организмге әсер етеді. Олар жүрек қан тамырларын, жүйке және эндокринді жүйені зақымдайды, зат алмасуды басады, белок синтезін баяулатады және тотығу – тотықсыздану ферменттерінің белсенділігін төмендетеді [6,7].

Адреналин, норадреналин, антиоксидант, фермент.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Булекбаева Л.Э., Хантурин М.Р.,Алибаева Б.Н., Ахметбаева Н.А. Лимфо- гемодинамика крыс при хронической кадмиевой интоксикации. // Материалы IV съезда Физиологов Казахстана. Физиологические основы здорового образа жизни. Астана-Караганда. 1999. с.146

  2. Меерсон Ф.З. Первичное стрессорное повреждение миокарда и аритмическая болезнь сердца // Кардиология. 1993. № 4. -С. 50-59.

  3. Селье Г. На уровне целого организма. – М: Наука, 1972. - 122 с.

  4. Richardson J.A., Woods E.F., Badwell E.E. Circulating epinephrine and norepinephrine in coronary occlusion //Am. J/ Cardiol. 1996. Vol 5. P. 613-618.

  5. Якобсон Г.С. Состояние стресс-реализирующих и стресс-лимитирующих систем при остром инфаркте миокарда //Патол. физиология и эксперим. терапия. 1999. №4. - С. 59-63.

  6. Kedes L. Regulation of myocardial adaptation //S. Amer. Sci. Med. 1994.P. - 821-829.

  7. Балаболкин М.И. Эндокринология. – М:Универсум паблишинг. 1998. -. 580 с

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет