М. А. Аужанова а-93 Мал азығын өндіру және дайындау технологиясы. Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 210 бет. «Мал азығын өндіру және дайындау технологиясы»



бет9/22
Дата18.05.2017
өлшемі3.78 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

Өсіру агротехникасы. Жүгері өсірудің қарқынды технологиясын енгізгенде мынадай негізгі мәселелер шешілуі тиіс;

1. Көктегеннен кейін алғашқы 40-45 күн бойы өсімдіктердің баяу өсетіндігін ескеріп, алқаптардың арамшөптерден таза болуын қамтамасыз ету, ол үшін жақсы алғы дақылды, негізгі және себу алдындағы топырақ өңдеуді,себу мерзімін және нақтылы жағдайда егістікгі барынша тиімді күтіп-баптау әдістерін (агротехникалық, химиялық) таңдап алу қажет.

1. Нақты жағдайларда ылғалмен қамтамасыз етту дәрежесіне байланысты барынша өнім беретін ең қолайлы сабақ бітіктігі жиілігін жасау.

2. Топырақтың тиімді құнарлылығын еске ала отырып, жоспарланған өнімге есептелген тыңайтқыш нормасын енгізу.

3. Максимум өнім дәрежесің құрғақ зат пен азықтық өлшем жинауды қамтамасыз ететін барынша жоғары өнімді будандарды қолдану.

4. Егістікті күзгі бозқырауға ұрындырмай, барынша мүмкін өнім дәрежесі қалыптасқан кезеңде егінді жинау.

5. Нақты жағдайларда тиімділік көрсетпейтін бірқатар агротехникалық шараларды қысқарту немесе мүлдешығарып тастау.

Жүгері отамалы дақылдар, дәнді-отамалы дақылдар, шөпті-пар-отамалы дақылдар ауыспалы егістерінде, сонымен қатар алмастырмай бір жерде өсіріледі. Ең жақсы алғы дақылдар-пардан кейін себілген бидай, бір жылдық шөптер қыртысы немесе аударылған қыртысы, дәнді бұршақ тұқымдастар, пішенге егілген бір жылдық шөп, жүгері. Ферма маңындағы ауыспалы егістегі жағдайларға байланысты алмаспай немесе мал азықтық болмаса жемазықтық дақылдармен алмастырылып өсіріледі. Суармалы жағдайда жүгеріні алмастырмай бір жерде өсіруге болады, ауыспалы егістерде тамыр-жемістілер, жоңышқа, бір жылдық шөптен кейін орналастырады.

Жүгері отырғызуға жағдайға байланысты топырақты қайырмалы әдіспен және сыдыра жыртып өңдеуге болады, мұның өзі алғы дақылдармең аңыздың ластануымең ылғал қорымен, органикалық тыңайтқыш енгізу қажеттілігімен анықталады.

Жүгеріні бидайдан кейін орналастырылған қайырмалы әдісті де, сыдыра жыртып өңдеуді де қолдануға болады, алайда сыдыра жыртып өңдеу артықшылыққа ие болады, жүгеріні алмастырмай бір орында есіргенде, суармалы жағдайда, көпжылдық шөптен кейін орналастырғанда және органикалық тыңайтқыш қолданғанда қайырмалы әдіспен топырақты терең өңдейді. Топырақтың негізгі өңдеу әдісін анықтауды нақты аңыз, алқаптың эрозиялы қауіптілігімен байланыстыра жүргізген жөн. Көктемде қардыңеріп кетуі көктемгі малалау жұмысы жүргізіледі: сыдыра жыртқыштармен өңделген жерді БИГ-ЗА, БМШ-15 құралдарының бірімен, ал қайырмалы плугпен өңделген жерді тісті малалармен өңдейді, мұның өзінде топырақтың беткі қабаты жеткілікті ылғалды болғанда арамшөп тұқымдары толық көктеп шығады, кейінірек оларды жойып жіберуге мүмкіндік туады.

Себу алдында КПЭ-3,8, КПШ-9 культиваторларымен топырақты 6-8 см тереңдікте өңдейді, бір мезгілде малаланып бұдырлы таптағыштармен тығыздайды.

Нақты жағдайда топырақ күйіне, арамшөптермен ластануына байланысты бірқатар операцияларды шьғарып тастауға болады. Топырақ температурасы 10°-тан төмен болғанда, жаппай себу кезеңінде бұл болып турады және жүгері себіліп болған соң тұқым ұзақ уақыт көктемейді, саңырауқұлақ ауруларының әсеріне ұшырайды және 30-40%-ы, кейде одан да көп мөлшері егін көгін бермейді.

Жүгері тұқымын саңырау құлақ ауруларынан сақтау және далалық өңгіштігін арттыру үшін тұқымды дәрілейді әрі гидрофобизациялайды.

Ауыр топырақтарда тұқымның сіңіру тереңдігі 5-6 см, орта және жеңіл топырақтарда 6-8 см, мұның өзі жақсы далалық өңгіштік алуға мүмкіндік жасайды.

Жүгеріге проволочниктер, швед шыбыны, тұқым мен егін көгінің фузориозды аурулары үлкен зақым келтіреді. Оны интегралдық қорғау ерте пісетін және орташа мерзімде пісетін будандарды пайдалануды, тұрақты алқаптарға себуді, агротехниканың жоғары дәрежесің пестицидтерді қолдануды т.б. шараларды қарастырады. Мәселең жүгеріні қырқалардын оңтүстік баурайында орналастыру оның өсуі мен дамуын айтарлықтай дәрежеде тездетеді, оның үстіне зиянкестер мен ауруларға қарсы төзімділігін қамтамасыз етеді.

Бірқатар аймақтарда көпжылдық астық тұқымдас шөптерден кейің егер бұл аймақтарда проволочниктер тығыздығы үлкен болса, жүгеріні орналастыру ұсынылмайды, сонымен қатар жүгеріні жайылымдар мен шабындықтардың маңына орналастыруға болмайды, өйткені мал жайылғаннан кейін немесе шапқаннан кейін өсімдіктер тәттілеу сірке бөліп шығарады, ал ол өзіне швед шыбынын тартады, соның нәтижесінде жүгерінің зиянкестермен жарақаттануы күшейеді.

Проволочниктерге қарсы күресте жүгері сепкен мерзімде топыраққа түйіршіктелген 5 немесе 10%-ды (40-50 кг/га) базудин немесе гексохлораның (ГХЦГ) 2%-ті ірі дәнді гамма изомерін (50 кг/га) енгізген дұрыс.

Көктеуден 2-3 жапырақ пайда болғанға дейінгі кезеңде швед шыбынына қарсы мына препараттардың бірі қолданылады: әр гектарға 50 % карбофостың эмульсия концентраты түрінде 0,5-1,2 кг немесе 30 %-ті эмульсия концентратының 0,5-2 кг, 80%-ті хлорофос ұнтағының 1-1,5 кг/га.

Бүкілодақтық өсімдік қорғау ғылыми зерттеу институтының (БӨҚҒЗИ) деректері бойынша жүгері егістігіндегі санының инсектицид қолданылатын шегі төмендегідей: шалғындық көбелек көктеу кезеңінен 5-6 жапырақ кезеңіне дейін - шаршы метрде гусеница саны 10-нан асқанда және шашақтану кезеңінде 20-дан асқанда, проволочниктер себуге дейін 1 м2-де 5-10 дана, швед шыбыны көктеу-шашақтану кезеңінде - 1 өсімдікке 1-2 балапан құрт.

Себу мерзімін анықтағада өсімдіктің өсуіне аязсыз кезеңді толық пайдалануға тырысу керек және жүгері тұқымының топырақ температурасы +10°-тан жоғары болғанда ене бастайтынын ескерген жөн. Ерте себілгенде себу - кектеу кезеңі ұзарып кетеді, тұқымның далалық өнгіштігі темендейді, егістік арамшөптермен қалыңырақ ластанады. Көпжылғы зеттеулердің нәтижесінде анықталған аймақтағы ең қолайлы себу мерзімі - 15-25 мамыр. Ең алдымен арамшөптерден таза алқаптар және ерте пісетін будандар себіледі, әдетте бұлар суыққа төзімдірекжәне себу-көктеу кезеңі созылып кеткеннің өзінде олардың далалық өнгіштігі жақсы сақталады, ал жылу сүйгіш әрі кеш пісетін және орташа мерзімде пісетін сорттар мен будандарды 20-25 мамыр аралығынан бастап 25-28 мамырда сеуіп бітіреді, себу-көктеу кезеңі ұзарғанда олардың далалық өнгіштігітым төмендеп кетеді. Шаруашылыққа әкелінген барлық тұқым партияларының далалық өнгіштігін арттыру үшін тұқымды "ызғарлы әдіспенің өсіруге болады және осылай анықтағанда жоғары өнгіштік көрсеткен партиядағы тұқымды бірінші кезекте себу қажет, бұл жағдайда қажетті өсімдік жиілігін анық қамтамасыз етуге болады, оның үстіне тиімсіз артықтұқым шьғынына жол берілмейді, жүгері себілгенге дейін алқаптар арамшөптен жақсы тазартылады.

Сүрлемдік жүгеріні кең қатарлы, пунктирлі, ал жекелеген жағдайларда қатардағы әдістермен себуге болады. Жүгер себуге топырақты тыңғылықты дайындаған жөн. Оны себуге дейін арамшөптер тұқымының көктеуіне барынша жағдай жасап артынан отап тастау керек.

Нақты жағдайларда қолайлы өсімдікжиілігін жасау-өнімді жоғарылатудың басты резерві. Қазіргі уақытта жүгері себуге СУПН-8 және сеялкалар пайдаланылады, бұлармен сепкенде қатараралықтардың кеңдігі 70 см, алайда қатараралықты 60, тіпті 45 см төмендеткенде бір өлшем жерге көбірек өсімдік өсіруге болады, қатардағы өсімдік жиілігі азаяды және өнім молаяды.

Қазақстан жағдайында жүгері негізінен отамалы дақыл ретінде өсіріледі, ол оны кең қатарлы әдіспен қатараралығы 70 және 60 см етіп жүргізеді. Соңғы уақытта бірқатар шаруашылықтарда жүгерісеялкаларының орнына СЗС-2,1,СЗС-2,1Л дәнді дақылдар сеялкаларын пайдалана бастады. Алқаптар сапалы дайындалғанда және СЗС-2,1 сеялкалары жақсы реттелгенде көкбалауса өнімінің төмендегені байқалмады.

Сабақ бітіктігінің жиілігі топырақ-климат жағдайларына байланысты жақсырақ ылғалданғанда, өсімдіктер саны нашарға қарағанда көбірек болуға тиіс. Қолда бар эксперименттік деректер мен бір жылда түсетін көпжылғы орташа ылғал мөлшері 290 мм-ден аспайтын Солтүстік Қазақстан аудандары шаруашылықтарының тәжірибесіне қарағанда егін жинау алдындағы өсімдіктердің қолайлы жиілігі гектарына 60-70 мың, ылғалы көп жылдары 70-80 мыңға дейін өсіруге болады, жылына 300-330 мм жауын-шашын түсетін аудандарда гектарына 80-100 мың өсімдік, ал жылына 350 мм-ден артық жауын-шашын тусетін аудандарда 100-130 мың өсімдікөсірген дұрыс. Жасыл азыққа және сүрлемге жинаудың бастапқы мерзіміне өсімдік санын 120-150 мың/га жеткізуге болады. Егін жинау алдындағы қажетті өсімдік жиілігін алу үшін себу нормасын анықтағанда себу мерзімін ескере отырып, тұқымның далалық өнгіштігіне және өсімдіктің сақталуына тиісінше түзету жасау керек.

Бірқатар жағдайларда өсімдіктің сақталуын есепке алмай, себу нормасын арттыру жолымен қажетті сабақ бітіктігінің жиілігіне қол жеткізуге ұмтылады. Жүгері өсірудің барлық технологиясы себу алдындағы топырақты жақсы өңдеу, себу мерзімін дұрыс таңдап алу, тұқымның сіңіру тереңдігі, оларды тыңғылықты дәрілеу, себу кезінде тұқымның жарақаттануын және күтіп-баптау кезіндегі өсімдік шығынын азайту, әсіресе көктегеннен кейінгі малалау арқылы тұқымның далалық өнгіштігін арттыруға бағытталған болу керек.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.


20-21 Дәріс тақырыбы: «Мал азықтық тамыржемістілер және бақша дақылдары»

1.Тамыржемістілер тобына жататын дақылдар(қант және мал азықтық қызылша, тарна, турнепс , мал азықтық сәбіз және олардың ауыл шаруашылық малдарды азықтандырудағы маңызы.

2.Морфологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясының ерекшеліктері.
1.Тамыржемістілер тобына жататын дақылдар және олардың ауыл шаруашылық малдарды азықтандырудағы маңызы.Мал азықтық дақылдардың ішінде құрамына қызылша, тарна, сәбіз, турнепс кіретін мал азықтықтамыржемістілердің маңызы зор. Тамыр жемістілер күз және қыс кезеңдерінде ауылшаруашылық малдарының барлық түрлеріне, әсіресе сауын сиырлар мен шошқаларға, шырынды мал азығын береді. Бұл сауын малдарының сүт өнімділігі мен оның сапасын жақсартуға жақсы әсер ететін диетикалық мал азығы болып табылады. Тамыржемістер көмірсуларға, минералдықтұздар мен витаминдерге бай. Тамыр жемістілердің 100 кг қант қызылшасында-26 а.ө., мал азықтық қызылшасында- 12, тарнада -13, сәбізде -14және турнепсте 7-10 азықтық өлшем болады.

Мал азықтық тамыржемістілерді өндіруді арттыру мен олардың өзіндік құнын төмендету ең алдымен осы дақылдардың өнімдерін арттыру, оларды өсіруде жиынтық механикаландыруды игеру жолдары арқылы іске асырылуға тиіс. Қазақстан Республикасында қант және мал азықтық қызылша, тарна, турнепс, сәбіз өсіріледі.



2.Морфологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясының ерекшеліктері

Қант және мал азықтық қызылша. Қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша мал азықтық мақсатқа кеңінен пайдаланылады. Басқа тамыржемістілерге қарағанда оның қоректік заттар шығымдылығы барынша жоғары. Қант қызылшасы ұзақ сақталады, мұның өзі оны мал рационында оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Қант қызылшасының тағы бір артықшылығы-оны сортаңдау топырақтарда да өсіруге болады. Қол еңбегін минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін қант қызылшасын өсіру технологиясы мен машиналар жиынтығы (комплексі) жасалды.

Қант қызылшасы егіншілік шаруашылығының мәдениетіне талғамды өсімдік. Агротехника дәрежесінің төмендігінен бұл дақылдың өзіндік құны жоғары және өнімі аз алынып жүр.

Қызылша ала бұталар тұқымдасына жататын Веtа туысына жатады және қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша түрінде таралған.

Қызылша-екі жылдық шөптесін өсімдік.Бірінші жылы себілген тұқымнан жуандалған шырынды тамыр мен түбір тамырлы жапырақ дегелеңі дамиды. Қолайлы жағдайларда тұқым себілгеннен 7-10 күннен кейін егін көгі шығады, ал 8-10 күннен соң алғашқы қос жапырақ түзіледі

Егін көгі шықаннан бірінші қос жапырақ пайда болғанға дейінгі кезеңді "Қосқұлақ" кезеңі деп атайды.

Жақсы дамыған "Қосқұлақ" кезеңінде және алғашқы қос жапырақ пайда болған кезде қатардағы қызылшаны сиретеді.Бұл кезеңдегі өсімдік жиілігі жапырақтар мен сағақтардың ұзаруына және қызылшаның сарғаюына әкеліп соғады, соның нәтижесінде өнім төмендейді. Бесінші қосарланған жапырақтар түзілгенше олар қос-қостаң ал соңынан бір-бірден пайда болады. Өсіп-даму кезеңінде өсімдіктерде 50-70 тіпті 90-100 жапыраққа дейін пайда болады, әрқайсысының тіршілігі 25-тен 70 күнге дейін созылады. Екінші жылы топыраққа көктемде отырғызылған тамырдан өсімді дегелеңі және кейінірек тұқым беретін гүлді бүршіктер дамып шығады. Тамыр жүйесі 2,5 м тереңдікке және 1,0-1,2 м-ге дейін жан-жағына тарайды

Мал азықтық қызылшаның көптеген сорттарында тамыр жеміс тіршілігінің бірінші жылында тамыр мойнынан және бір бөлігі сабақтан қалыптасады. Ол сопақша пішінді кысқа болады да, топырақ бетінен шығыңқы орналасқан Қант қызылшасының сорттарында тамыр жеміс негізінен ұзынша пішінді және топыраққа сіңіре орналасқан тамырдан дамып шығады. Жемісі-жаңғақша, пісерде бірнешеуі қабысып жеміс шоғырына айналады (2-6 жаңғақ-шадан тұрады). 1000 жеміс шоғырының массасы 20-50 г. Бір жеміс шоғырынан алты өсімдікке дейін өніп шығады.

Биологиялық ерекшеліктері. Қызылша-екі жылдық өсімдік. Тұқымы 4-5° жылылықта өне бастайды, алайда қаулап көктеуі (3-4 күнде) 20°температурада болады.

Егін көгі "Қосқұлақ" кезеңінде бозқырауға сезімтал және 3-4°аязға төтеп бере алмай өліп қалады, алғашқы қос жапырақ пайда болған кезеңде 8°-қа дейінгі аязды көтереді. Күзде өсімдіктер 5° аязға, қазылып алынған тамыр жемістілер 2° бозқырауға шыдайды. Өсіп-дамуға қолайлы температура + 15-23°. Ылғал сүйгіш дақыл транспирация коэффициенті 240-400, ал қызылшаның жоғары өнімін өсіп-даму кезеңінде 300 мм жауын-шашынтүскендеалуға болады. Ылғалға барынша кеп қажетсінуі қарқынды өскен кезеңде-шілде-тамызайларында. Солтүстік Қазақстан жағдайында осы айларда мол ылғал түскенде жоғары қызылша өнімі суармалы жағдайларда ғана алынады.

Қызылша-тұзға төзімді өсімдіктердің бірі, реакциясы РН-7-8 шамасындағы топырақтарда жақсы өседі. Қант қызылшасының сорттары мал азықтық қызылшаға қарағанда тұзға төзімдірек

Борпылдақ жеңіл және орташа саздақ, құмдақ, қуатты жырту қабаты бар құнарлы қара және қоңыр топырақтарда қызылшаның мол өнімін жинауға болады. Құнарлылығы төмен топырақтарда оны органикалық тыңайтқыштардың жоғары нормасын (50-100 т/га) енгізгенде ғана алады.

Қазақстан Республикасында аудандастыруға жіберілген мал азықтық қызылша сорттары: Курос, Монро,Оброшинская желтая,Тимирязевская односеменная, Тимирязевская округлая.

Агротехникалық ерекшеліктері. Суармалы жерлерде өсіргенде тамыр жемістілерді төмендегідей шөпті-отамалы дақылдар ауыспалы егістерде орналастырылады: көпжылдық шөптер (жоңышқа)-мал азықтықтамыр жемістілер, немесе мал азықтық біржылдық шөптер-мал азықтық тамыржемістілер, немесе ерте картоп-мал азықтық жемістер.

Табиғи ылғалдану жағдайында қызылша ауыспалы егіс буынында орналастырылады: таза пар-қызылша, жүгері, көк балаусаға өсірілетін біржылдық шөптер-мал азықтық тамыр жемістілер. Тыңайтқыштар жоспарланған әнім дәрежесіне нормамен енгізіледі.

Себу алдында топырақ өңдеу мынадай технологиямен жүргізіледі: ылғал жабу-әдеттегі мерзімде сүйретпе тіркелген агрегатпен 2 ізбен тырмаланады. Мал азықтық қызылша қатараралығы 45 немесе 60-70 см кең қатарлы әдіспен себіледі. Өсімдік шығынын азайту және арамшөптерді құрту үшін егістікті күтіп-баптау жұмысында саңылау жасағыштарды қолданған жөн.

Тәжірибе көрсеткендей, ең аз қол еңбегінің шығыны жұмсалатын қант қызылшасының қолайлы өсімдік көгін алу қажет.

Өнгіштігі жоғары (75 % жоғары) тұқымды пайдаланғанда метр бойына кем дегенде 25-30 өнгіш жеміс шоғырын себеді. Кәдімгі сеялкалармен әр гектарға сапасына байланысты 18-22 кг тұқым себіледі. Қазіргі уақытта берілген өсімдік жиілігіне есептелген төменгі себу нормасын қолдануда, алайда бұл әдісті жақсы ылғалданған жағдайда (суармалы жерлерде), жоғары агротехника дәрежесінде және танаптар арамшөптерден таза болғанда ғана іске асыруға болады.

Мал азықтық қызылшаның себілу мерзімі топырақтың физикалық пісіп-жетілуі мен5-10 см тереңдікте 5°-6°-қа дейін жылынуымен анықталады, мұның өзі мамырдың 1-2 он күндігінде сәйкес келеді.Бір ескертетін жәйт, ерте себілген егістік(мамырдың бірінші онкүндігінде) танаптар арамшөптерден таза болғанда және тиімді гербицидтер мен қол еңбегін пайдаланғанда ғана жақсы нәтижелер береді. Мамырдың екінші онкүндігінде арамшөптердің бір бөлігі себу алдындағы топырақ өңдегенде құртылады да осы кезеңде себілген қызылшаға жақсы өнім алу үшін жағдай жасалады. Тұқымның себу алдындағы тереңдігі 3-4 см. Себілгеннен кейін немесе онымен бір мерзімде топырақ ЗККШ-6 және т.б. құралдармен тығыздалады (тапталады).

Жер бүргелеріне қарсы күресу үшін химикаттармен олардың шоғырланған орындарын-тыңайған жерлерді, орман алқаптарын т.б. өңдейді, соның нәтижесінде бүргелер қызылша егістігін аз зақымдайды. Қажет болған жағдайда егіс алқабының шеттерін де улы химикаттармен өңдеген дұрыс.

Қатараралықтарды культиваторлармен алғашқы өңдеуді ұстара табандармен 3-4 см тереңдікте қатарлар анық көрінгенде жүргізіледі, бір мерзімді қажетті гербицид те енгізіледі, кейін арамшөптер пайда болса, екінші культивациялау 6-7 см тереңдікте жүргізіледі. Алғашқы қос нағыз жапырақтар түзілген кезінде өсімдіктер жиілігін қалыптастыруға кіріседі, ол үшін сиреткіш агрегатгар қолданылады Көшеттерді қалыптастыру үшін ротациялық сиреткіш УСМП-5,4 қолданылады, олар шоқтауға дейін қатарлар бойымен де, шоқтарда да сирету жұмысын орындайды.

Сиреткіштер болған жағдайда қызылшаның қарапайым және еңбек шығынын көп талап ететін әдіспен-қолмен сиретіп шоқтайды. Шоқтаудың мынадай схемасы көп тараған әрбір 27 см сайын 18 см қызылша шоғы қалдырылады, немесе 30 см сайын 15 см шоқ қалдырылады, ал шоқтарды талдағанда тиісінше бір немесе екі өсімдікқалдырылады.

Барлық аталған әдістер өсімдік жиілігінқалыптастыруда қызылша көгінің алқаптыңарамшөптерменластануын топырақтыңтығыздығына, қажетті құралдардыңбарлығына т. б. байланысты.

Өсімдік жиіліпн қалыптастырғанда мал азығына өсірілетін қызылшаның өсімдіксаны әр гектарда 60-70 мың дана болуға тиіс

Өсімдік жиілігін қалыптастырғаннан кейін қатараралықтар қабысқанша 2-3 қатараралық өңдеу жүргізіледі, үстеме қоректендіріледі, жаздыңжағдайына қарай 4-5 ретсуарылады. Бір айта кететін жәйт, суаруды өсімдіктердің ең қарқынды өсетін кезеңі мен шілде-тамыз айларында байланыстыра жүргізген дұрыс болады.

Қызылшаның жинау мерзімі күзгі бозқыраудың түсу мерзімімен анықталады. Қызылшаны РКГ комбайнымен жинайды, картоп қазатын және жинайтын комбайндарды пайдалануға да болады.

Мал азықтық тамыржемістілер және бақша дақылдары.Тамыржемістілер тобына жататын дақылдар және олардың ауыл шаруашылық малдарды азықтандырудағы маңызы.

Қант және мал азықтық қызылшаның, тарнаның, турнепстің, мал азықтық сәбіздің морфологиялық ерекшеліктері.Қазақстанның облыстарында аудандастыруға жіберілген мал азықтық тамыржемістілер сорттары.

Тамыржемістілерді өсіргенде қандай қиындықтар туады. Тамыржемістердің қоршаған ортаға қоятын талаптары.Тамыржемістілерді өсіру технологиясының ерекшеліктері (алғы дақыл нөгізгі өңдеу, себу, епстікті күтіп-баптау және т. б.)

Бақша дақылдардың ауылшаруашылық малдарды азықтандырудағы маңызы. Негізгі бақша дақылдардың (асқабақ, қарбыз) морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Қазақстан Республикасында мал азықтық дақылдардыңөсіругө жіберілген сорттары

Мал азықтық тарна.Тарна айқыш гүлдер түқымдассына жататын екі жылдық салқын әрі ылғалды климаттың өсімдігі. Тұқымы 2-3° жылылықта өне бастайды, жоғары температуралар (+30-40°) оның есіп-дамуына теріс әсер етеді. Ылғалды айтарлықтай қажетсінбейді, қуаңшылық аудандарда тарна нашар өседі. Ең жақсы топырақтар-саздақ топырақтар. Солтүстік Қазақстан аудандарында сенімді өнімді суармалы жағдайда алуға болады. Өсіру технологиясы жоғарыда қарастырған қызылша технологиясына ұқсас.Қазақстанда аудандастыруға жіберілген мал азықтық тарнаның сорты: Куузику.

2.Турнепс. Турнепс-айқыш гүлдер тұқымдас екі жылдық өсімдік.Тұқымдары 2°-3°жылылықта өне бастайды, егін көгі -3,5°бозқырауға төтеп береді.Өсімдігі ылғал сүйгіш және барлық тамыр жемістердің ішінде ең ерте пісетін дақыл.Қазақстанда аудандастыруға жіберілген сорты: Остерзунд-донский.

3.Мал азықтық сәбіз.Мал азықтық сәбіз В тобындағы витаминдер мен каротин мөлшері бойынша (80 мг/кг)турнепс, тарна, қызылшадан асып түседі. 100 кгтамырда 13-14 а.ө. және 0,4 кгсіңімді протеин бар. Мал азықтық сәбіз жоғары өнімді дақыл (200-300 ц/га тамыр жеміс береді), оны Солтустік Қазақстанның барлық облыстарында өсіруге болады.

Мал азықтық сәбіз шатырша гүлдер тұқымдасына жататын екі жылдық өсімдік. Тіршілігінің бірінші жылында тамыр түбірі жапырақтарының дегелеңі (бірнеше есе тілгіленген қауырсын жапырақты) және конус ішінде тамыр жеміс дамиды. Сортына байланысты тамыржеміс сары, ақ, қызыл түсті болып келеді, сабағы гүл шоғырымен күрдегі шатыр қурайды. Тамыр жемістің тамыр бөлігіндегі бүйір тамырлары төрт қатарға орналасқан 1000 түксіз тұқымның массасы 1,2-1,3 г, түктілерінікі-1,8-2,0 г.



Биологиялық ерекшеліктері. Мал азықтық сәбіз-суыққа төзімді өсімдік. Ылғалы жақсы топырақтарда тұқымы Зс'-4° жылылықта өне бастайды, жаппай көктеуі +18-20° темпера-турада жүреді. Сәбіздің көгі -4-6° көктемгі бозқырауға төтеп береді, күзде-4°бозқырауды көтереді.

Басқа тамыр жемістілерге қарағанда сәбіз құрғақшылыққа төзімді, алайда ылғалдану мен суаруды жақсы қажетсінеді. Ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі-себу-көктеу және тамыр жемістің жуандау мерзімі қуаңшылықтан кейінгі мол жауын-шашын немесе ұзақ кідірістен кейін суарғанда тамыржеміс қарқынды өседі және жарылады, ал бұл тамыр жемістің сақталуын қиындатады.

Қызылшамен салыстырғанда сәбіздің топыраққа талғамы аздау, ол жеңіл құмдақ топырақтарда өсе алады, жоғары өнімді қалыптастыратыны қолайлы жағдайлар борпылдақ, саздақ, арамшөптерден таза ойпаң жерлерде құралады. Тығыз ауыр топырақтарда ұсақ, бұратылып, тармақталып өскен тамыр жемістер алынады. Сәбізге батпақтанған және сортаң топырақтар мүлде жарамайды. Сәбіз топырақ құнарлығына үлкен талап қояды. Тыңайтқыш енгізуді қажетсінеді. Әрбір 100 кг тамыржемісі топырақтан 35 кг азот, 15кгфосфор және 70 кг калий шығындайды. Мал азықтық сәбіздің өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы бірінші жылы 110-150, екінші жылы 110-130 күнге созылады.

Қазақстанда аудандастыруға жіберілген сортгары: Мирзон,Красная288, Рогнада, Шантанэ2461.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.

22-23 Дәріс

Көп жылдық бұршак шөптер.


  1. Жонышқаны мал азығына өсірудің технологиясы.

  2. Эспарцеттің мал азығына өсірудің технологиясы.

  3. Түйежонышқа. Мал азығыны өсіру агротехникалық ерекшеліктері.


Жонышқаны мал азығына өсірудің технологиясы.

Маңызы. Жоңышқа пішең пішендеме, витаминді шөп ұның көк балауса дайындауға себіледі. Жоңышқаның 100 кг көк балаусасында 16-20а.ө., 100кг жоңышқа пішенінде50-60а.ө., 127-175 кг сіңімді протеиң 1 кг 17-29 мг каротин бар, ал қоректілігі жөнінен ол астыққа теңеседі. Жоңышқа өсімдігінде астық тұқымдастарға қарағанда айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, цистин, гистидин, валин т.б.) 1,5-2 есе көп.

Жоңышқаның химиялық құрамы өсіп-өну кезеңіне, өсіру жағдайларына, сортына, агротехника тәсілдеріне байланысты абсолют құрғақ затқа есептегенде протеин мөлшері бүрлену кезеңінде 24-тен 28 % дейің гүлденуде-18-21%, жеміс салу кезеңінде 15-17% болды. Өсімдікте қоректік заттар әркелкі тараған. Жапырақтарда белок мөлшері 30%-ға дейін жетеді, сабақтарда-13%, гүлдерде-27%. Жоңышқаның жапырағында протеин мен минералдық заттар сабағында қарағанда 2,5 есе көп, ал клетчатка 2-3 аз.

Сондықтан тек қана бұршақ тұқымдас шөптерден жоғары өнім жинап қана қоймай, азықтарды сүрлегенде барлық жапырақтарды толық сақтауға ұмтылу қажет: жапырақ өнімнің50%-дан артығына ие болатындықтан,дұрыс кептірмегенде өте жоғары өлшем шығынымен қатар, өте жоғары сапа шығыны-протеин шығыны болады. Қоректік заттардың барынша толық сақталуын қандай технологиялар қамтамасыз етеді? Олар-пішенді белсенді желдету жолымен дайындау, пішенді талдау, пішендеме, витаминді шөп ұнын дайындау болып табылады.

Жоңышқа мал азықтық манызы ғана емес, агротехникалық маңызы да зор өсімдік, ол топыраққа көп тамыр қалдықтарын қалдыра отырып, онда органикалық заттардың жинақталуы мен топырақтың құнарлығының арттырылуына мүмкіндік жасайды.

Жоңышқа-топырақтыжақсы тұзсыздандыратын дақыл оны топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын өсімдік ретінде пайдалануға да болады.



Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет