М. А. Аужанова а-93 Мал азығын өндіру және дайындау технологиясы. Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 210 бет. «Мал азығын өндіру және дайындау технологиясы»



бет7/22
Дата18.05.2017
өлшемі3.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

Өрістер саны. Жайылымда өрістер саны мал табынына (отарына) бекітілген жайылым көлемі мен өріс мөлшеріне байланысты анықталады. Сонымен қатар өрісті пайдаланғаннан кейінгі келесі дүркінге пайдалануға толық жетілген шөп өсуіне керекті уақытта (күн саны) есепке алынуы тиісті. Өрісті екінші дүркін пайдалану 20-25 күннен кейін, одан кейінгі дүркіндерде пайдалану 30-40 күннен кейін басталады. Өрістер саны мына формулалар бойынша анықталады:

Өсө.ұп.ұ.ө; немесе Өск.ұпұхЖкдсө

Мұнда:

Өс- өрістер саны (бірлік);



Жөұ – жайылым шөптерінің дүркіндер арасында өсу ұзақтығы (күн);

Өпұ - өрістерді орташа пайдалану ұзақтығы (күн);

Жкұ – жайылым кезеңінің ұзақтығы (күн);

Жкдс – дүркіндер саны (бірлік)

Қө - қосымша пішендік өрістер (бірлік)

Оңтүстікке қарай жылжыған сайын жазғы жайылымдық кезең ұзарады, жайылымның алшынкөк түзуі төмендейді, пайдалану дүркіні азаяды, нәтижесінде өрістер саны көбейеді. Топырақ-климат жағдайына қарай жайылымдықта өрістер саны 8-ден 16-ға дейін болады. Бұған пішендік өрістерді және сақтандыру өрістерін қосса, өрістер саны 20-30-ға дейін жетуі мүмкін.

Таудың белдіктерінде орналасқан жайылымдарда өрістер саны әр түрлі келеді: альпіде – 8-10, субальпіде – 10-12, орманды-шалғындықта – 12-16, далалықта – 16-20-ға дейін.

Москваның Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясының мәліметіне қарағанда суармалы мәдени жайылымды тиімді пайдалану үшін өрістер көлемін 4,5-5,5га, санын 12-дей етіп алу керек (Н.Г.Андреев, 1987).

Өрістер көлемі және саны анықталғаннан кейін жайылымдық кезеңде табынға (отарға) керекті жалпы жайылым көлемі анықталады.

Өрістер пішіні. Өрістер пішіні жайылымда мал бағуды жеңілдетіп, оттылықты күтіп-баптауға техника қолдануға тиімді болуы керек. Өрістің ең жақсы пішіні тікбұрышты және қабырғаларының өзара (жалпақтығы мен ұзындығы) қатынасы 1:2, 1:3 немесе 1:4. Суармалы жайылымдарда өрістің жалпақтығы мен ұзындығын жаңбырлатқыш машиналардың маркасына қарап анықтайды да, көбінесе жалпақтығы 120-160м шамасында алынады. Кейбір жағдайларда өрістер пішіні табиғи жайылымдардың шекараларына (өзендер,ойпаттар, жолдар, т.б.) байланысты да болады. Өрістердің пішінін және көлемін анықтағанда, онда бағылатын мал түріне де қарайды. Өріс ішінде малдың бір-біріне бөгет жасамай еркін жүріп бағылуын қамтамасыз ету керек. Мысалы, ірі қара мал үшін өрістің жалпақтығы (бір басқа) 2м, қойлар мен ешкілерге – 0,3м ұсынылады.

Өрістерді малға жегізу тәртібі де жайылымды тиімді пайдаланудың маңызды саласы. Бірінші ретте малға жайылым шөбі түтіктенген өріс желінеді. Егер де басқа өрістерде шөптердің жайылымдық пісуі байқалып, оларға мал жайылмаса, ондай өрістерді пішенге, пішендемеге, не болмаса көк азыққа ору керек.

Жақсы оттылық қалыптасқан өрісті мал жаюға бөлектеп пайдаланған өте тиімді. Ол үшін өрісті жылжымалы қоршаулардың (тоқпен бөлінген) көмегімен бірнешеге бөлшектеп жегізеді. Жылжымалы қоршаулар күніне 1-2 рет ауыстырылады. Бұл жағдайда мал оттықта азықтанғандай өрістің шөбін толықтай жейді. Өрістерді жылжымалы қоршаулар арқылы бөлектеп жегізу Еуропа елдерінде, Жаңа Зелландияда көп тараған. Қазіргі кездері Ресейде, Белоруссияда және басқа да елдерде қолданылып жатыр. Жылжымалы қоршаулардың арқасында мал күнде жаңа таза өрісте бағылады.



Қазақстандағы табиғи маусымдық жайылымдар

Қазақтың жайылым және шабындық ҒЗИ (қазіргі жайылым және мал азығын өндіру ҒЗИ) мәліметтері бойынша Қазақстан жайылымдарын пайдалану жүйесі бойынша былай бөлінеді: жазғы, көктемгі – жазғы, күзгі, көктемгі – күзгі, қысқы және жыл бойғы.



Жазғы жайылымдарға биіктаулы альпі жайылымдары, өзен алқаптарындағы және орманды-далалық аймақтағы жайылымдар жатады.

Көктемгі-жазғы жайылымға – Орталық Қазақстанның аласа таулы жерлеріндегі жайылымдар, Солтүстік және Солтүстік-Батыстың бетегелі бозды далалық алқаптары жатады. Бұл жерлер мал бағуға тек жаздың басында ғана дайын болады.



Күзгі жайылымдарға негізінен изень, теріскен және басқа да жартылай бұталылар араласқан сораңды – жусанды жайылымдар жатады.

Көктемгі-күзгі жайылымдарға оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста құм жолақтарының етегіндегі жайылым массивтері, Бетпақдалада орналасқан жайылымдар жатады. Жайылымның бұл топтары далалық аймақтың оңтүстігінде, шөлейт, шөл аймақтарда, тау бөктерлерінде орналасқан және республикадағы барлық жайылымның 15% құрады. Оңтүстік аудандарда олар эфемерлі-жусанды, эфемерлі-сораңды-жусанды және жусанды-эфемерлі-құмды-ебелекті бірлестіктер түрінде кездеседі. Бұл жайылымдықтарда ерте көктемде және жауынды күзде эфемерлі өсімдіктер жайылымның негізгі азығы. Яғни жайылымдықтарда өсетін өсімдік топтары бойынша оларды екі кезеңдік деп атауға болады: эфемерлер мен эфемероидтар – көктемде, жусандар мен сораңдар – күзде желінеді. Далалық аймақтың оңтүстік жағында көктемгі-күзгі жайылымдарға астықты-жусанды далалар да осы маусымға жатады.

Қыстық жайылымға негізінен шөл аймақта және шөлейт аймақтың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыста кездесетін құм массивтері және одан басқа таулы, аласа таулы массивтердің оңтүстік беткейлері жатады. Бұл жайылымдарда қыста қардың аз түсуіне, немесе мүлде болмауына байланысты құмда өсетін ірі бұталылар мен жартылай бұталы өсімдіктер мал жаюға өте қолайлы келеді.

Күзде және қыста қорытылатын протеиннің жеткілікті мөлшері күрделігүлділерде, алабота тұқымдастарында, ұзақ тіршілік кезеңді көпжылдық шөптерде, бұталар мен жартылай бұталарда болады (6-шы кесте).


4-кесте. Солтүстік шөлейт аймақта мал азықтық өсімдіктердің қоректілігі (100 кг өте құрғақ массасы бойынша а.ө.)


Өсімдіктер

Көктем

Жаз

Күз

Қыс

Барлық тіршілік кезеңінде

Сұр теріскен

87

51

33

-

51

Сібірлік еркекшөп

81

67

46

-

63

Қара жусан

73

45

34

-

46

Сұр жусан

87

58

49

-

60

Бұйырғын эфемерлер мен эфемероидтар

69

88


51

56


40

49


-

-


50

59


Изен

73

71

51

-

66

Аралас шөптер

51

49

42

-

49

Баялыш

37

34

44

-

37

Көкпек

37

40

38

-

39

Орташа есеппен:

69

53

46

-




Мойынқұм, Оңтүстік Батыс Қазақстан жусанды-құбылмалы-аралас

шөпті жайылымдар

Астықтұқымдастар

75

72

45

34

-

Жусандар

53

67

50

42

-

Желінетін аралас шөптер

75

76

49

37

-

Орташа есеппен:

68

75

48

38

-


Мал жаю әдістері. Жайылым кезеңі оттылықты жегізуді үйретуден басталуы керек. Қыстан шыққан малға азық (пішен, сүрлем т.б.) мөлшерін азайта отырып жайылымдық көк шөпке жая бастайды. Бірінші күні малды жайылымда 1-2 сағат бағады, екінші күні – 2-3 сағат, осылай мал көк шөпке толық үйренгенше бағу мерзімі өсе береді. Жайылымдарда мал бағу мерзімінің ұзақтығы 10-12 сағаттай болуы тиісті.

Жайылым шөбін малға жегізудің ең тиімді әдісі қоршалған өрістерді пайдалану. Өрістерді қоршауға қолда бар материалдарды (сырғауылдар, сымдар т.б.) пайдаланады. Малды қоршалған өрістерде баққанда оттылық бірқалыпты жегізіледі, малшының жұмысы азаяды. Өрісті бөлшектеп порциялап малға жегізген ең тиімді болып есептеледі. Ол үшін жылжымалы «электропастух» пайдаланады. Бір өрісті жегізіп бітіргеннен кейін электр қоршауын келесі өріске ауыстырылады.

Қазіргі кезде өрістерге мал бағу «электропастух» арқылы жүргізу Англияда, Францияда, Голландияда, Германияда, Белгияда және басқа да елдерде кеңінен қолданады. Көпшілік елдерде (АҚШ, Англия, Австралия т.б.) жайылымға ірі қара мен қойларды бірге бағу әдісі қолданылады. Бұл жағдайда жайылымды пайдаланудың тиімділігі айтарлықтай жақсарады, әр гектардан түсетін мал өнімі көбейеді.

Жайылымдарды күтіп-баптау. Жайылымның жоғары өнімін және сапасын сақтауға жыл сайынғы жүйелі түрде жүргізілетін күтіп-баптау жұмыстарының да маңызы зор. Жайылымда мал жемеген шөп қалдықтарын шауып тастау, мал тезектерін ұсақтап тегістеу, минерал тыңайтқыштарын беру және суару жұмыстары жайылым өнімін 30% дейін көтереді. Мал жайылымынан кейінгі шабыс өсіп кеткен шөп сабақтарын, мал жемейтін зиянды және улы шөптерді жояды. Жайылым бетін жүйелі түрде шауып отыру малға керекті: көк шөптің біркелкі өсуіне, сапасына және азықтың желінуіне оң ықпал жасайды.

Шөп қалдықтарын мал өрістен шығара салысымен шабу керек, кешіктірген жағдайда оттылықтың алшынкөк құруы кешігеді де жайылымды малға жегізу мерзімдері бұзылады және өнімі төмендейді. Шөп қалдықтарын шабу биіктігі 5-6 см биіктікте жүргізіледі. Желінбеген шөп қалдықтары аз болса орында қалдырады, ал көп болса жинап, кептіріп малға төсеніш ретінде пайдаланады.

Суармалы мәдени жайылымдардың өнімін және сапасын көтеруде азот тыңайтқыштарының (N240-300 кг/га) маңызы зор. Азот тыңайтқышы бөлшектеп: көктемде және пайдалану дүркіндерінен кейін беріледі. Азот тыңайтқышымен бірге фосфор-калий тыңайтқыштары (Р60К60 кг/га) да беріледі. Жайылым шөбі құрамында 30-40% бұршақтұқымдас шөп болса тек қана фосфор-калий тыңайтқыштары беріледі. Минерал тыңайтқышы шашылғаннан 14-15 тәулік өткесін ғана жайылымға мал жаюға болады.

Қысты күні жайылымға қар тоқтатылады да көктемде қар суымен қанықтырылады. Жайылым шымы құрғай салысымен азот тыңайтқышы беріліп беті тырмаланады (БПШ-3,1).



Ауыспалы жайылым

Жайылымдықты жыл сайын бір мезгілде пайдалану оның өнімінің төмендеп және ботаникалық құрамының нашарлап кетуіне себепші болады. Мұндай жайылымдарды мал азықтығы бағалы өсімдік түрлері жойылып, орнына қоректілігі төмен, зиянды және улы өсімдіктер басып кетеді. Сондай-ақ жайылымдықты жыл сайын ерте пайдалана берген жағдайда бағалы шөптердің тұқымдарымен өркен жаюы тоқтап өнімі қатты төмендейді.

Табиғи және екпе жайылымдардың өнімі және жайылым шөбінің қоректілігі нашарлап кетпеуі үшін шаруашылыққа ауыспалы жайылым жүйесін енгізу қажет.

Ауыспалы жайылым деп бір жыл ішіндегі, мал жайылу кезеңінде, немесе бірнеше жыл ішінде жайылымды пайдалану мерзімі бір негізгі жүйеге сәйкес өзгеруін және оны күтіп-баптау жүйелерін айтамыз.

Ауыспалы жайылымның көлемі оның өнімділігіне, пайдалану циклына, онда малдың жайылу мерзіміне және әр мал басына тәулігіне қажет шөп мөлшеріне байланысты болады.

Ауыспалы жайылымды және оның айналымының нобайын жасау үшін мынадай шарттарды ұстайды:



  • жайылымдықты таңдап алу;

  • жайылым сиымдылығына сәйкес жайылымды дұрыс пайдалану, мал санын белгілеу;

  • жайылым оттылығының ерекшеліктеріне байланысты оның шөбін жегізудің дұрыс маусымын белгілеу;

  • ауыспалы жайылым алаңының маусымдық немесе жылдық өрістер шамасында жайылымның шекарасын (көлемін) анықтап, мұқият белгілеу;

  • жайылым айналымын жыл сайын мүлтіксіз орындау.

Жыл бойғы пайдалану, күтіп-баптау жүйесін жайылымның жылдық айналымы деп атайды. Ал жыл сайынғы пайдалану және күтіп-баптау жұмыстарының жүйесін жайылым айналымының ротациясы, немесе толық айналымы деп атайды.

Далалық және құрғақ далалық аймақтарда жылдар бойынша ауыспалы жайылымды пайдалану мынадай жүйемен іске асырылады (жайылым айналымы):

1 жылы- көктемнен бастап шөбін екі дүркін жегізу;

2 жылы – шөбін екі дүркін жегізу (көктемде, немесе жаз басталарда және күздігүні);

3 жылы – тұқым салғаннан кейін күзде шөбін бір дүркін жегізу;

4 жылы – жазда шөбін бір дүркін жегізу.

Шөбі шамадан тыс жегізілген жайылымдарда жайылым айналымына бесінші тынықтыру және шөп егу танапты қосқан жөн.

Жайылымдықтағы мал жаюға пайдалана отырып сол жерде пішен шабуды ұйымдастыруға мүмкіндік болса оған бір немесе бірнеше танаптар қосылады.

Ауыл маңайларына қалпына келтіру шараларын қолдана отырып, ауыспалы жайылымдар енгізу қажет.



Шөлейт аймақта жайылым айналымын енгізу үшін оның мынадай нобайын ұсынуға болады:

1 жылы – көктемнен бастап екі дүркін жегізу;

2 жылы – шілденің екінші жартысында- тамызда шөбін бір дүркін жегізу;

3 жылы – шөбін екі-үш дүркін жегізу (басталуы маусымның екінші онкүндігінде);

4 жылы – қазанда шөбін бір дүркін жегізу;

5 жылы – маусымның екінші жартысында – шілденің басында шөбін бір дүркін жегізу.

Жайылым шөбін жегізу мерзімдерін осылайша кезектестіргенде екінші және төртінші жылдарда өсімдіктің басым бөлігі ұрықтандырғаннан кейін жүргізіледі, мұның өзі шөптің қалыпты күйде қайта шығуына мүмкіндік береді.

Жайылымды қарқынды пайдаланғанда оның өнімі төмендеп кетуі мүмкін. Мұны болдырмау үшін оны үш-төрт жылда бір рет тынықтырады, немесе күзде бір рет мал жаяды. Ол үшін Бегучев пен Гайдуковтың ұсынған схемасы бойынша 4 жылдық айналым қолдануға болады.

1 жылы - көктемнен бастап шөбін үш дүркін жегізу;

2 жылы – тынықтыру, немесе шөбін бір дүркін кешеуілдетіп жегізу;

3 жылы - мамырда жайылымға шығарудан бастап шөбін екі дүркін жегізу;

4 жылы - қайтадан шөбін үш дүркін жегізу;

Жайылымды тынықтыру үшін өсімдіктің қара күзде мал жаю нәтижесінде тынықтырылуы көмірсуының қоры жинақталуына, тамыр жүйесінің өздігінен ұрықтануына және жайылым өніміне бірдей әсер ететін шөлейт жерлерде атқарылған жұмыстар арқылы анықталады.

Астықтұқымдас, жусан өсетін қуаң даланың көктемнің аяғы, жазғы және ерте күзгі жайылымдар үшін мынадай ауыспалы жайылым схемасы қолайлы:

1 жылы - екі дүркін жазғы өріс;

2 жылы - екі дүркін жазғы өріс;

3 жылы - көктемгі және бір дүркін жазғы өріс;

4 жылы - жазғы өріс;

5 жылы - күзгі өріс;

Батыс Қазақстанның Еділ-Жайық өзендері аралығындағы шөбін толықтай жегізілген құмды топырақ жайылымдарында мынадай төрт жылдық ауыспалы жайылымдар ұсынылады:

1 жылы - шөбін екі дүркін жегізу (көктемгі-күзгі);

2 жылы - шөбін екі дүркін жегізу (көктемгі-жазғы);

3 жылы - тынықтыру;

4 жылы - өніп-өсу аяғында шөбін бір дүркін жегізу.

Шөл аймақта жазықтық жерлердегі жайылымдарды тарихи қалыптасқан көктемгі-күзгі өріс ретінде пайдаланады. Жайылымдарды пайдаланудың мынадай схемасын қолдану ұсынылады: көктемде - құм арасындағы жусан раңтәріздестер мен астықтұқымдас түрлі шөп өсетін тау бөктеріндегі учаскелер; жазда - тау мен ұсақ шоқылардың астықтұқымдастары өсетін жайылымдары; күзде - жазықтықтағы жусандар; қыста құмды жердегі бұталар мен түрлі шөптер.

Қазіргі уақытта жайылымды пайдаланудың мұндай схемасы аздап сақталып қалды. Көбінесе шөл жайылымдардың шөбін 1-2 маусым емес, 3-4 маусым бойы жегізеді. Ал мұның өзі сол жердің топырағының анағұрлым құнарсыздануына әкеліп соқтырады. Жайылымды осы күйден шығару үшін ауыспалы жайылымның неғұрлым қарапайым схемасын орындау қажет. Олар екеу:

Бірінші - өсімдік қауымының айырықша басым түрлері әлі де болса өсіп көбею қабілеттілігін жоғалтпаған, тозған, құнарсызданған жерлер үшін үш маусымды төрт жылдық ауыспалы жайылым схемасын енгізгенде танаптардың мынадай айналымын қолданған жөн:

1 жыл

көктем

күз

тынығу

жаз

2 жыл

жаз

көктем

күз

тынығу

3 жыл

тынығу

жаз

көктем

күз

4 жыл

күз

тынығу

жаз

көктем

Кезектестірудің көрсетілген жүйесінде тынығу үшін шын мәнінде нақтылы учаскеге қатарынан екі жыл беріледі. Осы шаралардың нәтижесінде өнімді бірыңғай толық жегізген кезде тозған жайылымдар негізгі өсімдіктерді бірте-бірте қалпына келтіре отырып алады және болашақта неғүрлым тиімді келетін ауыспалы жайылымның үш жылдық схемасы бойынша пайдаланылады.

Екіншісі-негізгіөсімдіктісақтапқалғанжайылымдарүшін:



1 жыл

көктем

күз

жаз

2 жыл

жаз

көктем

күз

3 жыл

күз

жаз

көктем

Жайылымдарды схема бойынша пайдаланғанда міндетті шартпен кезектестіру жүйелігін сақтау: «жаз» одан кейін «күз», яғни егер танап үстіміздегі жылғы жазда пайдаланылған болса, келесі жылы мал міндетті түрде күзде жайылуға тиіс.

5-кесте. Шөл аймақта жайылым жасау және оны пайдалану (жайылымдық конвейер жобасы)

Ерте көктемгі кезең

15.ІІІ-15.ІУ



Көктемгі кезең

15.ІУ-10.У



Ерте жазғы уақыт кезеңі

1.У-31.УІ



Жазғы кезең

1.УІІ-1.УІІІ



Күзгі кезең

1.УІІІ-ХІ



Табиғи жайылым (эфемерлі)

(30) тәулік



Тарлау ситников
(25) тәулік

Тарлау (жайылымның аяқ кезі) жіңішке еркекшөп (жайылымның бас кезі)

50 (20+30) тәулік



Жіңішке масақты еркекшөп

(30) тәулік



Изень

(115) тәулік



Оңтүстік шөл жерлерде қысқы учаске неғұрлым көлемді болуға тиіс, өйткені мұнда мал қыс бойы жайылады. Оның үстіне, қойқора маңындағы учаске жыл сайын қозыларды ерте көктемде жаю үшін қажет. Жыл сайын шөбін толық жегізу, немесе жайылымдардың қой қора маңындағы учаскелерін пайдалану коэффициенті 0,4-0,5-тен аспауға тиіс. Жыл сайынғы қой санының осындай шамалы болуы жайылымдардың қой қора маңындағы учаскелерінің ұзақ жыл бойы өнімділігін қамтамасыз етеді (5-ші кесте).

Бұл жайылым қойға шөл аймақта тиімді. Барлығы 250 күн жайылымдық.

Шөл аймақтарда тозып кеткен жайылымдарды түбегейлі жақсарту арқылы айналымға енгізіп пайдаланады.



Таулы жердің ауыспалы жайылымы. Тянь-Шань және Алтай аймақтарында өсімдіктер әрқилы мерзімде жетіледі. Таулы жайылымдарда мал әдетте 100 күнге жуық болады.

Тау бөктерінде және таудың орта шенінде үш учаскенің шөбін екі дүркін жегізген жөн: бірінші, малдың әр учаскеде 2-3 күн бойы неғұрлым бірыңғай болуы, екінші, 7-8 күн бойына негізгі шөпті жегізу. Ал таудан кері қайтарда бұл учаскелердің әрқайсысының шөбі 5-6 күн бойы бір дүркін жегізіледі. Жайылым айналымы бойына жыл сайын алмасып отыратын учаскеде мал қайтып ораларда 3-4 күн жайылады.

Шөбі шамадан тыс пайдаланылған таулы жайылымдарда бес жылдық ауыспалы жайылымды пайдаланған тиімді. Мұнда бес учаскенің үшеуі жыл сайын өріс ретінде пайдаланылады, ал бір учаске тынықтырылатын болады, бір учаске пішенге шабылады.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.



Бақылау сұрақтары

  1. Жайылымды қалай тиімді пайдалануға болады?

  2. Мал жаю мерзімі мен шөптің желіну биіктігі өніміне қалай әсер етеді?

  3. Мал жаю жүйесі дегеніміз не?

  4. Маусымдық жайылымдар дегеніміз не?

  5. Ауыспалы жайылым және жайылым айналымы дегеніміз не?

16Дәріс.

Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет