М. А. Аужанова а-93 Мал азығын өндіру және дайындау технологиясы. Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 210 бет. «Мал азығын өндіру және дайындау технологиясы»


Жапырақтарының орналасуы бойынша шөптесін өсімдіктер типі



бет3/22
Дата18.05.2017
өлшемі3.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Жапырақтарының орналасуы бойынша шөптесін өсімдіктер типі. Жапырақтануы және сабақта жапырақтары орналасуы бойынша шөптер екі топқа бөлінеді - жапырақтары жоғарғы қабатта орналасқандар (төбелі) және жапырақтары төменгі қабатта орналасқандар(төменгі). Тағы да екі аралық тобын бөледі-жартылай жоғары қабатта орналасқандар (жартылай төбелі) және ап-аласа -жапырақтану (өте төмен).

Жапырактары жоғары қабатта орналасқан астық тұқымдастар.Жапырақтары сабақтарында біркелкі орналасқан және олардың көп бөлігі жоғары бөлігінде. Шаруашылықта пайдалануы бойынша осы шөптер шабындық, олардың көбі егістікте шөп себуде пайдаланады және олар жайылым ретінде де кең пайдаланады.

Жапырақтары жоғары орналасқан астық тұқымдастарға қылтықсыз арпабас, жатаған және көген тамырсыз бидайық, шалғындық атқонақ, биік үй бидайық, кәдімгі тарғақшөп және т.б. жатады.



Жапырақтары төменгі қабатта орналасқан астық тұқымдастарәдетінше биіктігі 40 см аспайды, оларда көптеген қысқа өркендері болады, ал жапырақтарының негізгі бөлігі төменгі қабатта орналасқан. Біршама жоғары жем-шөп масса жиынтығын өсіп-өну кезеңінде малға жегізгенде ғана болуы мүмкін, сондықтан осы астық тұқымдастарды шаруашылықта жайылымға пайдаланады.

Жапырақтары төменгі қабатта орналасқан астық тұқымдастарға бетеге (типчак), қызыл бетеге, жайылымдық үй бидайық, шалғын қоңырбас, жэне т.б. жатады.



Бұршак тұкымдастардан жапырактары жоғары кабатта орналаскан типке шөп себуде шабындыққа пайдаланатын барлық шөптер жатады, себебі олардың жапырақтары сабақтың жоғарғы бөлігінде орналасқан және шапқан уақытта жапырақтары шабылған массаға түседі.

Бұл топқа егістік және орташа жоңышқа, құмдақ, сиыржоңышқа жапырақты, закавказдық эспарцет, ақ және сары түйежоңышқа, қызыл және қызғылт беде және т.б. жатады.



Жапырактары төменгі кабатта орналаскан бұршак тұкымдас шөптерге алшан жатаған сабақатарымен бұта қалыптастыратын сары жоңышқа және ақ беде жатады. Ақ беде төсемелі өркен құрастырады, жақсы алшынкөктігімен ерекшеленеді, сондықтан типтік және ең жақсы жайылым өсімдігі болып саналады

Әр түрлі шөптер тобынан жапырактары жоғары кабатта орналаскан типке тобылғы, сәбізшөп, талшық сүттіген, иван шәй, торғай қымыздық; қияқөлең өсімдіктерден - жағалы қияқөлең, тік қияқөлең жатады; жапырақтары төменгі қабатта орналасқандарға - жолжелкен, қазтабан, байғүт, торғай қымыздық, қияқөлең тұқымдасынан-ерте қияқөлең және т.б. жатады.

Әр түрлі шөптер арасында Қазақстанның далалы және шөлейт аймақтарында бағалы мал азықтық шөптер аз емес - жусандар, сораңдар, алабұта, көкпек, түймедақ және т.б., бірақ көбінесе пайдасыз, зиянды және улы өсімдіктер.



2. Шабындық пен жайылымдардың негізгі мал азықтық өсімдіктері

Табиғи мал азықтық жерлерде барлық әр түрлі өсімдіктерінің ішінде жем-шөп құндылығы жағынан бағалы және егістікке енгізілгендері де бар, бірақта нашар немесе мүлде желінбейтін және тіпті малды азықтандырғанда уландыратын, кейбіреулері тіпті жануарларды опатқа ұшыратын зиянды және улы өсімдіктерде аз емес.

2.1.Табиғи мал азықтық жерлердегі негізгі жемшөп өсімдіктерінің сипаттамасы

Табиғи шабындықтар мен жайылымдарда 10 мыңнан астам түрлер, 133 тұқымдастарға жатады, олардың ішінде 46-сы кең тараған өсімдіктер.

Шабындық пен жайылымның 80% жерін 12 тұқымдас түрлері алып жатыр, ал ең кең тарағандары 2000 астам түрлері бар астра (күрделігүлділер) тұқымдасында; бұршақ тұқымдасында 1000 астам түрлер; астық тұқымдастарында 700-ге дейін түрлер; қияқөлең, тауқалақай (яснотка), аюқұлақ 350-400 түрлерден, алабұта тұқымдасында - 300 дейін түрлері бар.

Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерінде көбінесе үш тұқымдасқа жататын өсімдіктер тараған: астық тұқымдастары, алабұталар, күрделігүлділер, сонымен қатар бұршақ тұқымдастар мен қияқөлеңдер.

Шабындық пен жайылым шөптердің үлес салмағы ылғалдану жағдайына және Республикамыздың топырақ-климат аймақтарына байланысты өзгереді. Мысалы, орманды дала және далалы аймақтарда құрғақ аңғар шабындық пен жайылымдарда астық тұқымдастары үлесі 50-52% жетеді, бұршақ тұқымдастарында 4-6%, алабұталарда 1-3%, күрделі гүлділерде 2-8%, ал қалғандары басқа өсімдік тұқымдасына жатады. Құрғақ аймақтарда астық тұқымдас және бұршақ тұқымдас шөптердің үлесі азаяды, бірақ күрделі гүлділер мен алабұта тұқымдас шөптердің үлесі жоғарылайды: құрғақ-дала аймақта астық тұқымдас шөптердің үлесі 40 % - ке дейін, бұршақ тұқымдастарда -2 % төмендейді, бірақ алабұта және күрделі гүлділер тұқымдасының үлесі 20-22 % дейін көтеріледі, ал шөлейт және шөл аймақтарында астық тұқымдас шөптердің үлесі 15-20 %, бұршақ тұқымдастар -0,5-1%, күрделігүлділердің үлесі 30-32 % - ке дейін, алабұталардың 31-40%-ке дейін көтеріледі. Шаруашылық және басқа ерекшеліктеріне байланысты барлық мал азықтық өсімдіктер түрін 4 топқа бөлуге болады (1-кесте): астық тұқымдастар, бұршақ тұқымдастар, қияқөлеңдер - бұл топқа екі тұқымдас жатады қияқөлең және әр түрлі шөптер - бұл топқа барлық ботаникалық тұқымдасына жататын өсімдіктер кіреді, (астық тұқымдас, бұршақ тұқымдас, қияқөлең топтарына жататын өсімдіктерді есептемегенде).

Астық тұқымдастары тобынан (қоңырбастылар тұқымдас) Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерінде өсімдіктердің көпшілігі селеулер (кызыл, лессинг), бетеге, арпабас (қылтықсыз, жағалы және тік), шалғындық және қызыл бетеге, жатаған бидайық, еркекшөптер (тарақша, иректісті, сібірлік шөл), сібірлік қияқ, атқонақ (шалғындық және далалық), ақ мамық және тағы да басқалары.



1-кесте. Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерінің оттылығында негізгі жем-шөп өсімдіктерінің орташа (%) құрамы

Аймақ, таулы белдеу



Жалпы жер оттылығында үлесі




Астық тұқым-

дас шөптер



Бұршақ тұқым-

дас шөптер



Күрделі-

гүлділер


тұқымдасы

шөптері


Алабұта тұқым-

дас шөптер



Қияқ-

өлең


тұқым-

дастары


Эфемер-лер

Басқалары

Орманды дала

52

6

2

1

8

-

31

Далалы

50

4

8

3

5

1

29

Құрғақ далалы

38

2

22

20

2

4

12

Шөлейт

19

1

32

31

1

5

11

Шөл

16

0,5

30

37

0,5

6

10

Таулы-далалы

49

3

9

5

4

2

28

Таулы-шалғынды

52

5

4

1

5

1

32

Биік таулы

50

2

1

-

10

-

37


Бұршак тұкымдастар - түйежоңышқалар (сары және ақ), құмдақ эспарцет, жоңышқа (сары және көк), шалғындық ноғатық, түйетікен, пышандар және т.б.

Әртүрлі шөптер тобына көптеген тұқымдастың өсімдіктері жатады, бірақ Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерінде кең тараған күрделігүлділер тұқымдасының өкілдері-жусан (ақ, сұр, құмдақ) және алабұта тұқымдасы: изен, теріскен, сексеуіл (қара, ақ), көкпек және т.б.

Бұл топқа жоғарыда аталған тұқымдастардың аз тараған өкілдері де жатады - қызыл бояу, мыңжапырақ, төскейлер, кұндызшөп, альпі астрасы, дәрілік ешкібұршақ, көздері (очанка), қарағаш жапырақты тобылғы, сылдырмақ, сәбізшөп, тмин, гүлкекіре, қазтамақ, түйнекті

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздері Алматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын жэне жайылым шаруашылығы. Астана 2006.

Тақырыпка арналған сұрақтары


  1. Қазақстанның шабындықтары мен жайылымдарындаөсетін өсімдіктердің тіршілік формалары және олардың малазықтық маңызы.

  2. Көп жылдық шөптердін вегетация фазалары.

  3. Биологиялық және морфологиялық белгілеріне байланысты өсімдіктер типі

6-7 Дәріс Қазақстанның табиғи мал азықтық өсімдіктер қауымы, жіктелуі және аймақтарда орналасуы.
Табиғи мал азықтық өсімдік қауымдастықтарының жіктелуі

Қазақстан Республикасы батыстан шығысқа 3000 шақырымдай, оңтүстіктен солтүстікке 1600 шақырымдай жерді алып жатыр. Жалпы жер көлемі 2,7 млн. шаршы шақырым. Айта кету керек, республика аймағының геологиялық тарихы өте күрделі. Оның қазіргі ландшафтық құрылымы өте ерте заманнан басталады және сонымен қатарласып өсімдік қауымы да түзіле бастаған.

Республика территориясында жер бедерінің әртүрлі топтары кездеседі. Шамамен жер көлемінің үштен бір бөлігі ойпаттар; жартысына жуығы- тегіс жерлер, үстірттер және шоқылар; бестен бірі аласа таулар, оннан бірі- биік таулар алып жатыр.

Қазақстанның Евразия материгінің ортасында орналасуы оның климатының континентальдығын анықтады. Таулы аймақтардан басқа жерлерде республиканың ауа-райы континентальды болып келеді. Жылдық температураның ауытқуы 80-0 дейін жетеді, 1000С -та температура жиынтығы солтүстігінде 20000 құраса, оңтүстігінде- 40000 шамасында болады. Топырақ бетінен ылғалдың булануы жылдық жауын-шашын мөлшерінен солтүстікте 2,5 есе, оңтүстікте – 10 есеге дейін көп болады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден 350-400 мм-ге дейін ауытқиды. Таулы жерлерде биіктеген сайын (теңіз бетінен) климаттық белдіктер байқалады. 2008 жылғы мәліметтер бойынша республикада 182 млн. га жайылымдар және 4,8 млн. га шабындықтар бар. Табиғи мал азықтық жерлердің ең көбі Қарағанды, Ақтөбе, шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарында орналасқан .

Қазіргі кезде мал азықтық жерлерді жіктеп кластарға бөлудің екі: фитоценологиялық және фитотопологиялық бағыттары қалыптасқан.

Фитоценологиялық (фитон-өсімдік, ценоз-топтану) жіктелуді ұсынған А.П.Шенников және басқалары өсімдіктердің сыртқы пішініне, құрамына негізделген.

Фитотопологиялық (фитон-өсімдік, топос-орны) жіктелуді ұсынған А.М.Дмитриев, Л.Г.Раменский, И.А.Цаценкин және басқалары өсімдіктердің тұрақты өсу ортасына негіздеген. Бұл жіктеулер тәжірибе жүзінде бірін-бірі толықтырады. Әдетте өсімдіктер қауымының сипатын және өсу ортасын жақсы білу нәтижесінде шалғындық жерлерді жақсарту және пайдалану жұмыстарын тиімді етіп жоспарлауға болады.

Табиғи аймақтардағы шабындықтар мен жайылымдар

Қазақстанның жері ботаникалық-географиялық бөлініспен 4 топырақты-өсімдікті аймаққа бөлінеді: орманды-далалық, далалық, шөлейтті және шөлді. Таулы аудандар Алтайлы және Тянь-Шаньдық таулы жүйелерге жатқызылады (Б.А.Быков, 1974; Е.И.Баканач, 1972). Әр аймақтарда өсу жағдайына қарай белгілі өсімдік қауымдастықтары қалыптасқан өзен алқаптары мен көлтабандар кездеседі.



Орманды-далалық аймақ. Бұл аймақта жылдық жауын-шашын мөлшері 300-350 мм. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының солтүстік аудандары кіреді. Аймақ көлемі республиканың жер көлемінің 7%-ын құрады. Аймақта барлық азық көлемінің 27% ғана табиғи жерлерден алынады. Бұл жерде сүтті-етті мал шаруашылығы дамыған және мал азығының негізгі көзі егістік жерлер. Мал азықтың жер көлемі 4,05 млн.га.

Қайыңды-көктеректі ормандар үлесі 30-40%-дай. Аймақтың солтүстік бөлігінің шалғындықтарын астықтұқымдас аралас шөпті және аралас шөпті- астықтұқымдасты шабындықтар мен жайылымдар құрады. Астықтұқымдастардан: селеулер, жатаған бидайық, қызылот арпабас, далалық атқонақ, ақбаттауық; бұрашақтұқымдастардан-тышқандық сиыржоңышқа, сарбас жоңышқа, сібірлік эспарцет, шалғындық ноғатық кездеседі. Шалғындықтардың өнімділігі бірқалыпты (құрғақ массасы 6,0-10,0 ц/га).



Далалық аймақ. Бұл аймақтың солтүстік бөлігі орташа құрғақ-далалық аймақ (жылдық жауын-шашын мөлшері 280-300 мм) және оңтүстік бөлігі құрғақ-далалық аймақ (жылдық жауын-шашын мөлшері 220-280 мм) болып бөлінеді. Орташа құрғақ далалық бөлігіне Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік аудандары, Қостанай және Ақмола облыстарының орта тұсына дейін және Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының солтүстік аудандары кіреді. Оңтүстік құрғақ-далалық бөлігіне Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік аудандары, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігі, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік аудандары кіреді. Аймақтың жалпы көлемі республика жерінің 30-32% алып жатыр. Бұл аймақта мал азығының жылдық көлемінің 45-48% табиғи жерлерден алынады. Мал азықтың жер көлемі 40,4 млн.га.

Аймақтың батыс жағы негізінен жазықтау, бедерлі және әр түрлі ойпатты болып келеді. Шығыс бөлігінің жер бедері күрделі және табиғи көрінісі әр түрлі. Оның 70% жуығы ұсақ адырлы, жазықтар және биіктігі әр түрлі шоқылық сілемдермен кезектесіп жатыр.

Далалық аймақтың топырақтар түрлері сан алуандығымен ерекшеленеді. Бұл аймақтың қара топырақты, қара-қоңыр топырақты жерлері жыртылып кеткен. Кебір және сортаң топырақты жерлерде негізінен шабындықтар мен жайылымдар орналасқан.

Шөлейтті аймақ. Бұл далалық және шөлді аймақтар арасындағы өтпелі аймақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150-250 мм, оның көпшілік мөлшері жылдың жылы кезеңінде жауады. Бұған Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облыстарының бөліктері кіреді. Мал азықтың жер көлемі 34,0 млн. га.

Шөлейтті аймақта кең таралғаны бозды-бетегелі, қылқан селеулі-бетегелі, аралас бозды-бетегелі, бетегебозды-бетегелі, бетегелі-жусанды, жусанды жайылымдар.

Кебір және сортаң жерлерде ақжусанды, еркекшөпті және бетегелі-жусанды аралас шөпті өсімдік қауымдастықтары кездеседі. Көп жерлерді бұталар (қараған, тобылғы) басып кеткен. Бұл жерлерде көкпекті, көкпекті-жусанды жайылымдар көп. Құмдақ және құмды топырақтарда боз селеулермен бірге құм жусан, шағыр және қызыл жусан-бүрген жиі кездеседі. Олардың көбейіп кетуі малды жүйесіз бағудың салдарынан. Жазда олар нашар желінеді де күзге қарай қатты құнарсызданып кетеді.

Дөңесті құмдарда еркекшөппен жусандардан басқа теріскен, мыңжапырақ, сүттіген, түйеқаңбақ, айғыр қияқ, құмаршық, ебелек, изень, қылша, бұталардан-жүзгін, қоянсүйек, сексеуіл өседі.

Шөлейт аймақта ақ ши үстемдік ететін өсімдіктер қауымдастықтары да кездеседі (200 мың гектардай). Ши басымдық ететін жайылымдар түрлері: шилі-қияқты, шилі-жусанды, шилі-сораңды, шилі-бетегелі. Шилер жайылымда нашар желінеді, пішеннің желінуі жақсы. Аймақтың жалпы көлемі 37,7 млн.га. (республика жерінің 13,8%).

Шөлді аймақ. Қазақстанның оңтүстік бөлігінің жартысына жуығын шөлді аймақ алып жатыр. Бұл аймақтың жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден 200-мм-ге дейін ауытқиды (орташа 150 мм). Мұнда саздақ және құмдақ, көбірек сортаңданған жазықтықтар, шөлденген аласа таулықтар, үлкенді-кішілі құмдық сілемдер, ірі өзендердің алқаптары мен атыраулары орналасқан. Шөлдік аймақтың қуаңшылық аудандары Қызылорда, Атырау, Қостанай (бұрынғы Торғай), Қарағанды (бұрынғы Жезқазған) облыстарының оңтүстігінде орналасқан. Шөлді аймақтың барлығы мал азығына пайдаланылады. Оның жазықтықтары жайылымдар болса өзен алқаптары мен ойпаттары шабындық жерлер. Құмды алқаптарда жайылымды қыста пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл аймақ республикадағы көлемі жағынан ең үлкені (жалпы жер көлемінің 35-40% алып жатыр). Мал азықтың жер көлемі 91,5 млн.га.

Шөлді аймақ негізінен мал шаруашылығына бағытталған, мұнда қой, түйе, жылқы, ал өзен алқабында ірі қара өсіріледі. Шөлді аймақтың жусанды жайылымдарының көлемі 38 млн. га, ал сортаңды жайылымдар 35 млн. га шамасында. Бұл жайылымдар түрлері қоңыр және сұр-қоңыр, саздақ және құмдақ сортаңдау топырақтарда кең таралған. Бұлардың ең көп таралғандары сұр жусанды, сұр жусанды-құбылмалы (эфемерлер), сұржусанды-ебелекті, сұр жусанды-итсигекті, сұр жусанды баялышты, сұр жусанды-еркекшөпті жайылымдар.

Көктем кезеңі құрғақшылық жылдары құбылмалылар (эфемерлер) мен құбылмалылықтар (эфемероидтар) өте аз өседі, сол кездері сұр жусанды-құбылмалылар түрі сұр жусандыға ұқсас оттылық құрамын түзеді.

Таулы аймақ. Таулы аймақта өсімдік қауымдастықтары биіктік белдіктері бойынша тараған. Солардың ішінен екі негізгі жайылымдар мен шабындықтар топтарын атауға болады: а) теңіз деңгейінен 600-2200 м биіктікте орналасқан аласа тау шалғындықтары шалғынды-далалық, шөлейтті және шөлді жерлердегі шабындықтар мен жайылымдар.

б) теңіз деңгейінен 2200-2400 метрден 4000 метрге дейінгі биіктікте орналасқан биік тау шалғындықтарындағы шабындықтар мен жайылымдар. Таулы өлкелер жағрафиялық жағынан алып қарағанда бір алқапта орналасқанымен жоғары қарай биіктеген сайын табиғатының климат өзгешелігі байқалады және ол өсімдік қауымының қалыптасуына әсер етеді.

Таулы аймақ тау бөктерімен қоса есептегенде республика жерінің 10-11% алып жатыр. Мұнда табиғи мал азықтық жерлер барлық ауылшаруашылық жердің 64-67% құрады және олар барлық мал азығының 60% береді.Таулы аймақтың тау бөктерлердің көлемі 7,1 млн. га, және таулы жерлерінің көлемі 9,2 млн.га.

Алтай таулы аймағы. Қазақстанда Алтай-Саян таулары жүйесінің көп жерлері Шығыс-Қазақстан облысында орналасқан. Жауын-шашын мөлшері 450-570 мм.

Алтай аймағының тау етегінен жоғарылаған сайын өзгеруін академик Н.В.Павлов төрт сатылы топқа бөледі. Бірінші-бозды-бетегелі дала, екіншісі- боз-аралас шөпті дала, үшіншісі-орманды алқап, төртіншісі-альпілік шалғын.

Алтайдың мал азықтық жерлері өнімі және қоректілігі жағынан ең жоғары болып есептеледі. Бұл жерлерде табиғи шабындықтар кең тараған. Тау бөктерлерінің аласа таулы нашар дамыған топырақты жерлерінде боз, бетеге, кейде жусандар, аралас шөптер және бұталар-тобылғы, қарағандар өседі.

Тау шатқалдарындағы сортаң жерлерде сораңдар, алаботалар, өзен бойларында-ақмамық және басқа астықтұқымдастары, аралас шөптер кездеседі. Биіктеген сайын түсетін жауын-шашын мөлшері көбейеді. Оңтүстік беткейлерде далалық өсімдіктер- боз, бетеге, сары жоңышқа, және басқаларымен қатар мезофильді шөптер-далалық атқонақ, қоңырбастар, жима тарғақ және басқалары және ылғал сүйгіш бұталар-итмұрын, ұшқат кездеседі. Бұл өсімдік қауымдарының әр гектардан құрғақ массасының өнімі 3-6 ц.

Солтүстік беткейдің таулы қаратопырақты жерлерінде жима тарғақ, айрауық, тышқан бұршақ, қызылбояу, маралоты, құлпынай, көптеген бұталар-тобылғы, итмұрын, ұшқат өседі. Бұлардың әр гектардан құрғақ массасының өнімі 8-12 ц.

Орманды белдікте көбінесе жима тарғақ, түлкіқұйрық, атқонақ, беде, аралас шөптерден- аю балдырған, күнгелді, жыланбасшөп, тамырдәрі ж.б. өседі.



Тянь-Шань таулы аймағы. Бұл аймаққа оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы жерлері кіреді. Бұлар Батыс Тянь-Шань, Қаратау, Қырғыз жоталары, Іле Алатауы, Шу-Іле таулары, Жоңғар Алатауы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде және Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында орналасқан.

Бақылау сұрақтары

1. Табиғи мал азықтық жерлерге не жатады?

2. Табиғи мал азығықтық өсімдік қауымдастықтары неге жіктеледі?

3. Фитоценологиялық жіктеуді қалай түсінесіз?

4. Фитопотологиялық жіктеуді қалай түсінесіз?

5. Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерінің негізгі кластарын атаңыз?

6.Табиғи шабындықтар мен жайылымдарда өсімдіктер өзгерісі қалай жүреді?


8-9Дәріс.

Табиғи мал азықтық жерлерді үстіртін

жеңіл-желпі жақсарту жүйесі.

1. Шабындық және жайылымдарды жақсартудың негізгі шаралары.

2. Шабындық және жайылымдарда үстіртін жақсарту шараларын жүргізу жағдайы.

Қазақстанда табиғи мал азықтық жерлер, барлық жер көлемінің 70%-дан астамын алып жатыр. Бірақта осыншама аймақтан алынатын азық көп емес. Оның негізгі себебі шабындықтар мен жайылымдардың өнімінің төмендігінде. Соңғы ғылыми-өндірістік сараптамалардың мәліметтері бойынша далалық және құрғақ далалық аймақтың шабындықтары мен жайылымдарының әр гектардан құрғақ массасының өнімі 1,5-2,5 ц-ден 5-6 ц дейін болған, ал шөлейт және шөл аймақтарда олардың өнімі одан да төмен деңгейде - 0,5-1,0 ц-ден 3-4 ц/га дейін. Мұндай төмен көрсеткіштердің орын алу себептері: біріншіден – далалық аймақтың шұрайлы жерлері егістікке жыртылып кетіп мал азығына құнарсыз сортаң және игеруге қолайсыз жерлердің қалуы; екіншіден – көпшілік жайылымдық жерлердің жүйесіз пайдалануына байланысты тозып, өсімдік құрамында мал азықтығы нашар шөп түрлерінің көбейіп кетуінде.

Шөлейт және шөл аймақтарда да мал азықтық жерлерді шектен тыс және жүйесіз пайдаланудың салдарынан шабындықтар мен жайылымдар тозып, көп жерлер эрозияға ұшыраған. Әсіресе ауыл маңайларының шөбі мал тұяғынан тозып топырағы шаңданып кеткені байқалады. Ғылыми мәліметтер бойынша республика бойынша тозып кеткен жайылымдар көлемі 30 млн. гектардай да, оның 11 млн. гектардайы өте тозып, эрозияға ұшыраған жерлер деп танылды. Қазіргі кезде республика бойынша бірінші кезекте жақсартуды қажет ететін табиғи жерлердің көлемі 40 млн. гектар шамасында. Ғылыми зерттеу мекемелерінің тәжірибелері көрсеткендей мұндай жерлерді алдыңғы қатарлы жақсарту технологияларын қолдана отырып жақсарту арқылы өнімін 3-5 есеге дейін көтеруге болады.

Жеңіл-желпі жақсарту жүйесі

Үстірт немесе жеңіл-желпі жақсарту жүйесі табиғи шабындықтар мен жайылымдардың беткі шым қабатын толықтай жоймай мәдени қалпын көтеру арқылы өнімділігін көтеру. Жеңіл-желпі жақсарту жұмыстары табиғи өсімдік қауымында бағалы шөп түрлерінің көбінесе астық тұқымдастарының кем дегенде 32-35% сақталған, бұташықтар басуы 20% және төмпешіктер басып кетуі 20% дейін болған жағдайда тиімді.

Табиғи шабындықтар мен жайылымдар жағдайлары бұдан төмен болса жеңіл-желпі жақсарту жұмыстарының тиімділігі аса көрінбейді. Мұндай жерлердің табиғи шөп жамылғысын екпе шөптермен алмастыру (түбегейлі) арқылы ғана өнімін көтеруге болатыны анықталған.

Жеңіл-желпі жақсартудың негізгі шараларына: 1) мәдени-техникалық жұмыстар (шалғындықты тазарту) арқылы тиімді жерлердің көлемін өсіру; 2) суландырылуын жақсарту және қамтамасыздығын реттеу (құрғату, көлтабандарды суландыру, қар тоқтату т.б.); 3) шөп жамылғысына тыңайтқыштар беру; 4) шалғындықтағы шөп жамылғысын күтіп-баптау (желдетілуін, тығыздығын жақсарту, тұқым үстеп себу т.б.); 5) орманды және шалғындық жайылымдарды жақсарту. Жақсартудың негізгі шаралары.



Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет