М. А. Аужанова а-93 Мал азығын өндіру және дайындау технологиясы. Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 210 бет. «Мал азығын өндіру және дайындау технологиясы»



бет2/22
Дата18.05.2017
өлшемі3.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Пән бойынша дәріс тезистері


Дәріс1.Тақырып: Мал азығын өндіру мал азықтық дақылдарының жоғарғы және тұракты өнім алу үшін теориялық, практикалық тәсілдері, зерттеп дайындайтын ғылыми пән өсімдіктері.

Мал азығын өндіру саласының стратегиялық мақсаттары.

а) Мал шаруашылығын жайылым және мал қорада тұратын кезеңде бағалы мал азығымен қамтамасыз ету негізінде Қазақстан Республикасының халқын мал шаруашылығынан алынатын тағамдармен толық қамтамасыз ету және жоғары сапалы әлемдік стандартка сәйкес және ішкі мен сыртқы нарықтық бәсекелестікке бейімделген мал шаруашылық өнімдерін экспортқа шығаратын елге айналдыру;

б)Мал шаруашылығының өнім деңгейін арттыру және өзіндік құны төмен жоғары сапалы, ішкі мен сыртқы нарықтық бәсекелестікке беймделген мал шаруашылық тағамдарын алуды қамтамасыз ету.

Мал азығын өндіру ауыл шаруашылық саласы ретінде

Шалғын шаруашылығы. Негізгі мақсаты:

-Табиғи мал азықтық жерлерден

-Шабындық пен жайылымдардан бағалы жем-шөп дайындап алу.

Мақсатты шешудің негізгі жолдары:

- Табиғи мал азықтық жерлерді жақсарту;

-Шабындық пен жайылымды тиімді пайдалану;



Егістікте мал азығын өндіру. Негізгі мақсаты:Мал азықты және танапты ауыспалы егіс жүйесінде танаптан бағалы жем-шөп дайындап алу.

Мақсатты шешудің негізгі жолдары:

- Шаруашылық жағдайына сәйкес пішен, пішендеме, сүрлем,жем-азык, витаминді шөп ұның және т.б. дайындау үшін потенциалды жоғары өнім деңгейін қалыптастыратын дақылдар мен сорттарды тандап алу;

- Мал азықтық дақылдарды қарқынды өсіру технологияларын қолдану;

-прогрессивті технологияларды қолдану;

- Мал азықты дақылдардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру.



Мал азығын өндіру ғылыми және оқу пән ретінде

1).Шалғын шаруашылығы

Негізгі мақсаты:Оқып үйрену:



  • Шабындық пен жайылым өсімдіктердің тіршілік формаларын;

  • Табиғи мал азықтық жерлердің

фитоценоз құрамын,

- өсімдіктердің биологиясы мен морфологиясын;

- Мал азықтық жерлердің жіктеуін;

- Мал азықтық жерлерді жақсарту жүйесін;



  • Шабындық пен жайылымды тиімді пайдалану.

2).Егістікте мал азығын өндіру

Негізгі мақсаты:Оқып үйрену:

- Өсімдік пен жем-шөптің қоректілігін бағалау;


  • морфология, биология және жем-шөп пен тұқымға

  • өсіру технологиясын:

а) сүрлем дақылдар;

б) копжылдық және біржылдық бұршақ және астық

тұқымдас шөптер;

в)тамыржемістілер және бақша дақылдар;

г) аз тараған (дәстүрлі емес ) дақылдар мен өсімдіктер.

- жем-шөпті консірвілеудің прогресивті технологиялары;

- селекция и интродукция кормовых растений;

- система семеноводства кормовых трав.



2. Мал азығын өндіру саласына үлкен үлес еңгізген ғылыми мекемелер мен ғалымдар.

Мал азығын өндіру, оның ішінде шалғын және шабындық шаруашылығы бар, әдістеме орталығы және жетекші ҒЗИ болып 1922 жылы В.Р.Вильямс пен А.М. Дмитриев құрған В.Р.Вильямс атындағы БҒЗИ табылып келеді.

В.Р Вильямс пен А.М.Дмитриевтің кезінде істеген көптеген ғалымдар шалғын шаруашылығының ірі мамандары болып шықты. Соның ішінде орыс ғалымдары: В.Р. Вильямс, А.М. Дмитриев, В.Н. Сукачев, И.В. Ларин, Л.Г. Раменский және т.б. Шөп егу және мал азығын өндіру жөнінен М.И. Тарковский, П.А. Сергеев, И.С. Травин, А.А. Щибря, М.Ф. Гладких, С.С. Шаин, М.П. Елсуков, М.Н. Смирнов, А.С. Митрофанов, М.А. Филимонов, жем-шөпті консірвілеу бойынша А.А. Зубрилин, С.Я. Зафрен және т.б. Олардың жұмыстарын келешекте оқытушылары Г.П. Кутузов, Н.С. Каравянский, Н.Н. Третьяков, В.Г. Игловиков, А.А. Кутузова, Д.В. Якушев, Ю.К. Новоселов, А.С. Новоселова және т.б. жалғастырды.

Қазақстан Республикасында мал азығын өндіру және шалғын мен жайылым шаруашылығын зерттеуді 1949 жылы мамыр айында ұйымдастырылған В.Р Вильямс атындағы мал азығын өндіру және жайылым шаруашылығы Қазақ ғылыми –зерттеу институтының ғалымдары жүргізді, казіргі уақыттада институт ғалымдарымен табиғи мал азықтық жерлерді жіктеу, мал азықтық дақылдардың селекциясы мен интродукциясы, табиғи мал азықтық жерлерді жақсату сұрақтары бойынша коптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар мал азығын өндіру бойынша өткен ғасырдың 30-90-шы жылдары Қазақ егіншілік ҒЗИ, Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ(п. Шортанды), Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы ҒЗИ (п. Бишкуль), басқа ауыл шаруашылық ҒЗИ және тәжірибе станциялары, Республикамыздың жоғарғы оқу орындары: Целиноград ауылшаруашылық институты (С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті) және т.б.

Республикамыздың мал азығын өндіру саласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп елімізге еңбеғын сінірген келесі ғалымдарды атап кетуге болады: К.К. Курманов , В.И. Матвеев, К.Д. Постоялков, А.М. Свешников, Д.И. Зыков, В.И. Кирюшин, В.Т. Нагорный, В.А. Кудрявцев, С.Н. Прянишников, А.Д. Волкова, Г.Л. Юмагулов, А.Ф. Мельник, Ю.Д. Зыков, Г.М. Часовитина, А.М. Голубев, А.В. Русакова, К.А. Асанов, Бекмухамедовы Э.Л. и Н.З., Скоблины Г.С. и В.И., Копытин И.П., Е.А. Береснев, В.И. Искаков, П.К. Величко, К. Кусаинов, Э.М. Гармс және т.б.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.

Өзіндік тексеру сұрақтары

1. Жем-шөппен қамтамасыз етілуі?

2.Малдардың өнімділігі және мал шаруашылық өнімдерінің бәсекеллікке бейімделігі?

3. ҚР ЖКӨ-ға (ВТО) кіру алдында бұл мәселені шешудің негізгі жолдары қандай?

2-3 Дәріс

Мал азықтары және оларды бағалау әдістемесі

1. Мал азығының химиялық кұрамы және биологиялық құндылығы

2. Жем-шөпті қоректілігі бойынша багалау және олардың қорытылуы.

Өсімдіктер мал азығының негізгі көздері - егістікте жэне шалғындықта мал азығын өндіру, бірақ орманды-дала және далалы аймақтарда көп жыртылған жер көлеміне байланысты егістікте азық өндіру мал шаруашылығына 70%-ға дейін барлық мал азығын береді, бұл көрсеткіш құрғақ далалы аймақтарда 50-60%-ға дейін, шөл және шөлейт аймақтарда 20-30%-ға дейін төмендейді. Егістікте дәнді жем-шөп дақылдар, сүрлем дақылдар, көпжылдық және біржылдық шөптер, пішен, пішендеме, құрама жем, дәруменді шөп ұнының шикізатын алу үшін өсіріледі.

Ең жақсы құрама жем дәнді жем-шөптерден арпа, сұлы, жүгері және дәнді бұршақ және т.б. дақылдардан дайындалады.

Мал азығының химиялық құрамы және биологиялық құндылығы

Мал әр түрлі азықпен азықтандырылады, олардың құндылығы және биологиялық бағалығы құрамына кіретін химиялық заттармен анықталады.

Малдар мен өсімдіктер ағзаның негізгі құрамына көміртегі, сутегі, азот және химиялық элементтер - фосфор, кальций, күкірт, хлор, фтор, темір, магний кіреді.

Осы химиялық элементтер бір-бірімен қосылып, мал және өсімдік ағзасында әр түрлі органикалық және бейорганикалық заттарды құрайды.



Бейорганикалық заттар. Бұл топқа су және минералды тұздар кіреді.

Су барлық мал азық түрлерінің құрамында 5-95 % мөлшерінде болады. Әсіресе, тамыржемістілерде, көк балаусада, азық-түлік өндірісінің қалдықтарында, қыспақтарда, мезгада көп болады.

Су мөлшерін үлгіге алынған жадығат (химиялық реакция үшін алынғанжем-шөпүлгісініңнақты мөлшері) 100-105С температурада тұрақты салмағына дейін кептіре отырып анықтайды.

Мал және өсімдік ағзасында су маңызды физиологиялық қызмет атқарады. Су қоректік заттарды ағзасының бір жақ бөлігінен екінші жағына тасымалдайды, ас қорытуға қатынасады, зат алмасу заттарын шығарады, дененің температурасын реттейді. Мал азығының су мөлшері неғұрлым көп болса, соғұрлым оның қоректілігі және құндылығы аз болады.

Минералды заттарды мал азығы үлгісін күл болғанға дейін жаға отырып анықтайды. Күлде кальций, натрий, калий, магний, темір қоспалары көп. Күкірт пен фосфор ақуыз молекулаларының құрамына кіреді. Бұл заттар, әсіресе, кальций, фосфор малдардың қаңқа сүйегіне, өсуіне, заттардың қалыпты алмасуына, ұрықтылығына және өнімділігіне аса қажет. Тұздар мен Д дәрумені жетіспегенде жас төлдер мешел (рахит) ауруымен ауырады, ал ірі қара малдарда заттардың алмасу процесі өзгереді, ұрық дұрыс жетілмейді.

Негізінен, мал азығы минералды заттарға бай. Мысалы, 1 кг сүйек ұнында 51 г кальций және 32,1 г фосфор болады, балық ұнында 60,6 г жэне 32 г сәйкес.

Өсімдіктерде мал азығының күл заттары аз (5%) және олар оның құрамында бір қалыпты үлестірілмеген. Олар өсімдіктің дән, тамыржемістілердің, түйнектеріне қарағанда жапырақ пен сабақтарында көп. Дәнде минералды заттар, көбінесе, қабығында жиналған, сондықтан ұнға қарағанда кебек күл заттарына бай. Астық дақылдарына қарағанда асбұршақта, жоңышқада, сиыржоңышқада, майбұршақта жэне т.б. бұршақ дақылдарда минералды заттар,оның ішінде кальций өте көп.

Органикалық заттар. Бұл топқа азотты, азотсыз заттар және дәрумендер кіреді. Азотты заттар немесе шикі протеиннің кұрамына ақуыз және амид жатады. Азотты заттардың жалпы мөлшерін, мал азығының азот мөлшерін 6,25 коэффициентіне көбейте отырыпанықтайды. Бұл коэффициент азотты заттардағы азоттың мөлшерін (%) анықтайды.

Көк балауса, сүрлем, тамыр, түйнек жемісті өсімдіктер амидтер-ферменттер және бактериялар арқылы синтезделетін немесе ақуыз бөлінген уақытта құралатын аралас заттарға бай. Қазіргі уақытта анықталған ақуыз азотты заттардың 70% биологиялық құндылығы жоғары заттардан - аминқышқылдардан тұрады.

Амидтер күйіс қайырушы малдардың асқазан - ішек жолындағы бірсыпыра бактериялардың тағамы болып табылады.

Мал азығының ақуызы маңызды алмастырылмайтын амин-қышқылдырының бар болуына байланысты толық жарамды және толық жарамсыз болады. Алмастырылмайтын аминқышқылдарына лизин, триптофан, лейцин және т.б. жатады. Олар мал ағзасында жиналуы мүмкін емес және жем-шөппен алыну керек, себебі олар жетіспеген жағдайда заттардың алмасуы бұзылады, өнімділікті төмендетеді, жас малдардың өсуі тоқталады.

Ағзада ақуыз толығып жетіліп отыруы керек, себебі оны басқа қоректік заттармен алмастыруға болмайды. Ақуыз - құрылыс зат. Ол мал ағзасындағы барлық мүше мен ұлпа құрамына кіреді. Барлық тіршілік процестері ақуыз алмасуымен байланысты.

Азотсыз экстрактивті заттарға (АЭЗ) майлар мен көмірсулар жатады.

Майлы дақылдардың тұқымдары мен оларды өңдегеннен кейінгі қалдықтарын (күнжара) қоспағанда майлар малазықтық дақылдарда аз мөлшерде (0,1-6%) болады. Майлар жасушаның алмасуына қатысады және ағзаның негізгі энергия көзі болып табылады.

Көмірсулар барлық малазықтық өсімдік құрамына кіреді. Көмірсулар жасұнық пен азотсыз экстрактивті заттардан түзіледі, олардың ішінде таңдаулылары суда еритін көмірсулар (қанттар) және суда ерімейтін (крахмал) бар. Көмірсулы жем-шөп мал ағзасында майлар, көмірсу заттарды (гликоген, қан қанты) құрайды. Химиялық реакция нәтижесінде көмірсулардан жылу энергиясы пайда болады жэне сол энергия қозғалыс пен жұмыс істегенде жұмсалады. Сондықтан жұмыс аттарына сұлы беріледі, себебі онда барлық құрғақ заттан 60%-на дейін крахмал болады.

Крахмал дәнді-астық дақылдардың тұқымдарында, картоп түйнектерінде, жер алмұртында болады. Сабақтар мен жапырақтарда өте аз 2% дейін. Мал ағзасында крахмалды гликоген анық көрінеді, ол бауырға жиналып, жинақталған заттар болып қызмет етеді. Қант қызылшасында 24 %-ке дейін, жүгеріде және ақ жүгері (шай жүгері) сабақтарында, бақша дақылдарында, сүтте 3-5% көп.

Жасұнық - өсімдік жасушасының қабығының негізгі бөлігі. Оның ағзада қорытылуы қиын және сіңімділігі нашар.

Жасұнықтың көп мөлшері мал азығының құндылығын төмендетеді. Әсіресе, құнарсыз мал азығы жасұныққа бай: дәнді астық дақылдардың сабанында - 35-45%, пішенде 22-33%. Дәнді астық дақылдардың дәнінде аз - 2-10%, картопта және тамыржемістілерде - 0,8-1,7%.

Өсімдік неғұрлым жас болса, соғүрлым оның құрамында жасұнық аз. Гүлдеуге дейін шабылған шөптен гүлдеп болғаннан кейін шабылған шөптің жасұнығы екі есе көп болады. Сондықтан тұрып қалған шөптен жасалған пішен ірі қара малдар ағзасында нашар қорытылады және қоректілігі төменділігімен ерекшеленеді.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын жэне жайылым шаруашылығы. Астана 2006.



Өзіндік тексеру сұрақтары

1Мал организмінде органикалық емес заттар қандай рөлатқарады

2Әр түрлі мал түрлерінің химиялық заттар қоректіліккөрсеткіштері қандай?

3Азықтық және азықтық-протеинбірлік өлшемі туралы тусінік

4Азықтық өлшем сіңімді протеинмен қамтамасыз етілудегеніміз не және оны есептеу әдестемесі?

4-5 Дәріс

Шалғын шаруашылығының биологиялық және экологиялық негіздері


  1. Жайылым және шабындық өсімдіктерінің тіршілік нысандары және олардың маңызы.

  2. Шабындық пен жайылымдардың негізгі мал азықтық өсімдіктері.

Жайылым және шабындық өсімдіктерінің тіршілік нысандары және олардың маңызы.

Белгілі бір топырақ, климат және тұрақты табиғи іріктелу негізінде табиғи мал азықтық жерлерде морфологиялық және биологиялық айырмашылықтары бар, нақты жағдайларға бейімделген тіршілік формалары пайда болды.

Барлық өсімдіктерді жалпы мал азықтық сипаттама беру үшін сыртқы ерекшеліктеріне байланысты жіктейді, сонымен қатар белгілі дәрежеде олардың сыртқы эволюциялық формасын анықтайды.

Барлық өсімдік формаларынан Қазақстанның мал азығын өндіруінде практикалық маңызы бар келесі топтар: жайылымда және шабындықта негізгі өсімдіктерді құрайтын көпжылдық және біржылдық шөптер, сонымен қатар шөл аймақта мал азықтық маңызы барлар: бұтақтар, жартылай бұтақтар, және жартылай бұтақшалар. Тіршілік формалар: бұтақтар және бұтақшалар, жартылай бұтақтар және жартылай бұтақшалар

Көп жылдық шөптер.

Вегетация фазалары. Шөптесін өсімдіктерде және жартылай бұтақтарда тіршілігінің бірінші жылында вегетациялық кезеңдері жалпы белгілі біржылдық өсімдіктердей өтеді, ал екінші және одан кейінгі тіршілік жылдары келесі негізгі фазаларға бөлінеді: көктемгі қайта жандануы, ерте көктемгі және көктемгі толық түптену, түтікке шығу (астық тұқымдастар және қияқөлеңдер), бұтақтану (бұршақ тұқымдастар және әртүрлі шөптер), масақтану (бүрлену), гүлдену, жеміс беру, жаздық тыныштық күйі, бастапқы және толық жазғы - күзгі түптену, қысқа кету алдындағы жағдай, қыстық тыныштық күйі.

Көктемгі өсуі әртүрлі дақылдарда орташа тәуліктік температура 3-5° С-тан асқанда басталады. Қазақстанның дала және орманды-дала аймақтарында шөптердің қайта жандануы көктемгі метеорологиялық жағдайларға байланысты 5-8 тәулік ауытқуымен сәуір айының ортасында басталады.

Қайта жандануы басталғаннан бастап 15-20 тәулік өткеннен кейін өсімдіктер 8-10 см биіктікке бойлап, одан толық түптену фазасына ауысады-өткен жылғы өсімдіктерден өркендердің қайта өсуі және түптену аумағынан жаңа өркендер пайда болуы байқалады.

Сабақтану кезеңі-түтікке шығу және бұтақтану кезеңінде шөптер өркендерінің тәулігіне 2-5 см дейін қарқынды өсуі байқалады.

Масақтану кезеңінде (шашақтану) астық тұқымдастарында және қияқөлең тұқымдастарында жапырақ қынабының жоғарғы бөлігінен гүл шоғырына шығу және гүлденудің басталуына дейін басталады, бұршақ тұқымдастар және әртүрлі шөптерде гүл шоғырының қалыптасуынан бастап, гүлденудің басына дейін.

Шөптердің гүлдену фазасы орташа 9-10 тәулікте өтеді, ал бұршақ тұқымдастар мен әртүрлі шөптерде 25-30 тәулікке созылуы мүмкін.

Гүлдену фазасынан кейін жеміс байлану фазасы келеді, ол тұқым байланғаннан олардың пісуіне дейін 10-15 тәулік бойы созылады, ал тұқым толық піскеннен кейін өркендердің солу кезеңі басталады. Климат және метеорологиялық жағдайға байланысты әртүрлішөптерде бұл фаза біркелкі өтпейді: құрғақ далалық аймақта және жазда жаңбыр болмаған жағдайда шөптер барлық кезеңдерді өтіп, жаздың ортасында сола бастайды, орманды аймақта күзге дейін жасыл күйін сақтайды. Далалы аймақта кейбір шөптер күзге дейін көк күйінде сақталады, мысалға, қылтықсыз арпабас және әсіресе төменгі белдеулі өсімдіктер, бетеге т.б.

Биологиялық және морфологиялық белгілеріне байланысты өсімдіктер типі. Барлық мал азықтық дақылдар негізгі 4 топқа бөлінеді: а) қоңырбас (астық) тұқымдастар, б) бұршақ тұқымдастар, в) әртүрлі шөптер, г) қияқөлең тұқымдастар. Топтар ішінде топтастыру келесі негізгі биологиялық және морфологиялық белгілер бойынша жүргізіледі:


  1. Вегетациялық кезеңінде даму процесінің жүруі.

  2. Көп жылдық өсімдіктердің көбею және қайта жандану әдістері.

3. Өсімдіктердің тіршілік ұзақтығы (өнімді және биологиялық ұзақтығы).

4. Өсімдіктердің қоршаған орта факторларына қатысы (суға, топыраққа, жарыққа, ауа температурасына, қысқа төзімділігіне, топырақ құнарлығына).

5. Мал азықтық құндылығы, алшынкөктігі, вегетация кезеңіне байланысты шабылуы және желінуі.

6. Өркендерінің пайда болуы және түптену түрі.

7. Жапырақ орналасу түрі.

8. Тамыр жүйесінің орналасу тереңдігі.



Вегетация кезеңіндегі дамуына байланысты өсімдіктердің типі. Көпжылдық шөптер вегетациялық кезеңнің ұзақтығына байланысты 4 топқа бөлінеді: өте ерте пісетін, ерте пісетін, орташа және кеш пісетіндер.

Мал азықтық шөптердің тіршілік ұзақтығы. Мал азықтық шөптер тіршілік ұзақтығы бойынша 5 топқа бөлінеді: біржылдықтар, екіжылдықтар, тіршілік ұзақтығы аз (4-жылға дейін), тіршілік ұзақтығы орташа (5-7 жылға дейін) және тіршілік ұзақтығы ұзақ (7 жылдан жоғары)

Мал азықтық шөптердің қоршаған орта факторларына қатынасы. Өсімдіктер және оларды қоршайтын ортамен тығыз байланыс бар, себебі олардың дамуы, тіршілік циклдарының өтуі тек қана тұқым қуалаушылық қасиетіне байланысты емес, топырақ, климат, метеорологиялық жағдайларына да байланысты, ал Қазақстан жағдайында барлық факторлардың ішінде ең маңыздысы ылғалдану жағдайы.

Шөптер қоршаған ортаға үлкен әсер етеді, мысалы, топыраққа, оның құнарлығын арттырады (органикалық заттар жинақтау, оның құрылысын жасау, микрофлорасын дамыту, химиялық құрамын жақсарту).

Ормандарда аймақтың климаттық жағдайына желдің жылдамдығын бәсеңдету, қар тоқтату, көктемде қардың еруін баяулату және т.б. арқылы үлкен әсер етеді.

Өсімдіктердің өсіп-дамуын, қоршаған орта факторлары: су, жылу, жарық, ауа анықтайды.

Су мал азықтық шөптердің тіршілігіне және қалыптасуында маңызды рөл атқарады, оны өсімдіктер топырақтан алады, онда ол жауын ретінде, қар ерігенде, топырақ және жер асты сулармен түседі, оның ішінде көптеген жағдайда ең маңыздысы атмосфералық жауын-шашын.

Көптеген мал азықтық шөптердің жылуға қоятын талабы жоғары емес: тұқымдары 1-2°С өне бастайды, ал өсіп-дамуының оңтайлы температуралары 15-тен 30°С дейін, ал қажетті белсенді температура жиынтығы шабылмалы пісу кезеңіне дейін 700°-тан 900°дейін, тұқымның пісуіне дейін орташа 1200°-тан 1400° дейін. Жалпы айтқанда, Қазақстан жағдайында мал азықтық шөптерге жылу лимиттік факторға жатпайды, лимиттік фактор - ылғал.

Жарық режиміне қатынасы бойынша көпжылдық шөптердің шығу тегі қоңыржай ендіктеріне жататын және ұзын жарық күннің өсімдігі. Ауа өсімдіктерге тыныс алуға және фотосинтезге қажет. Жел арқылы көптеген өсімдіктер - анемофилдер тозаңданады, оларға барлық астық тұқымдастар мен қияқөлендер жатады.

Ауаның қозғалысы - жел өсімдіктердің транспирациясына да әсер етеді, ол бір уақыттылық ауа қуаңшылығында өсімдіктерді қажетті мөлшерде ылғалмен қамтамасыз етілуіне бөгет жасайды және соның әсерінен - жапырақ түседі, фотосинтез процессі төмендейді, ал ыстық желде, далалы және шөлейт аймақтарда жиі болып тұратын - өсімдіктер опат болады.

Барлық мал азықтық шөптер ылғалға қатынасы бойынша 3 экологиялық типке бөлінеді: мезофиттер, ксерофиттер және гигрофиттер.



Мезофиттер - орташа ылғалдану жағдайында өсетін өсімдіктер, олардың өсіп-дамуына қолайлы жағдайлары топырақтың ылғалдануы ТДЫ-нан 75-80 % болғанда.

Мезофиттерге көптеген мал азықтық шөптер және егістікте себілетін шөптердің бәрі жатады: жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, мүйізді лядвенец, еркекшөп, қылтықсыз арпабас, бидайық, шалғындық атқонақ, кәдімгі тарғақшөп, шалғындық бетеге, биік үйбидайық, беде және т.б.



Ксерофиттер - қуаңшылық жерлерде өсетін өсімдіктер, ылғал аз жерлерде өседі, топырақ және ауа қуаңшылығын көтеру қабілеті бар. Оларда тамыр жүйесі күшті дамыған, транспирациясы бәсеңдеу, әсіресе ыстық сағаттары, тамыр жүйесінің клеткаларында осмос қысымы өте жоғары, ол топырақта ылғал аз болған жағдайда топырақ ерітіндісін соруға мүмкіншілік береді.

Ксерофиттерде кішкентай, жіңішке жапырақтары бар, кейбірде жапырақтар саны аз және жетілмеген. Бұл өсімдіктердің жасушалары ұсақ, тығыз жинақталған, жасуша арасы нашар дамыған, бірақта механикалық ұлпалары (тканьдер) жақсы дамыған, өткізгіш шоқтары өте көп. Сондықтан осы топтың көптеген өсімдіктерінің мал азықтық құндылығы - жоғары емес. Ксерофиттік - типтік өсімдіктер болып құрғақ дала, шөлейт және шөл аймақтарының өсімдіктері саналады: селеулер, бетеге (типчак), жусандар (ақ, сүр), жүзгін, түйе тікені, сексеул және т.б.



Гигрофиттер - ылғалды шалғындарда, батпақ жерлерде, өзен бойларында, ылғалды аудандардың орманында өсетін кең жапырақтары бар өсімдіктер. Биік өсімдік, тамыр жүйесі нашар дамыған және жапырақтың екі жағында орналасқан жабылмайтын устицелері бар. Бұл көпжылдық шөптер тобына қияқөлеңдер, қамыстар, өлең шөптер, кейбір вересктер тұқымдасы, көптеген сарғалдақтар тұқымдасы және т.б.

Бұл өсімдіктердің мал азықтық құндылығы жоғары емес, бірақ олардың көбі кең тараған (қияқөлеңдер, қамыстар), сондықтан құнды мал азықтық өсімдіктер жеткіліксіз болғанда малдар амалсыздан оларды жейді. Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер мол ылғалданған жерлерде өте аз өседі.

Өсімдіктердің ылғалға қоятын сипатамасын жүргізе отырып, тағы да бір түсінік беруге болады - ылғалға төзімділігі - мол ылғалдану жағдайында өсімдіктердің тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап қалуы, ал су кеткеннен кейін жоғары өнім қалыптастыратын қасиеті.

Түптену және өркен пайда болу өзгешілігі бойынша өсімдіктер типі. Астық тұқымдастар түптену және өркен пайда болу ерекшелігі бойынша 3 типке бөлінеді: тамыр сабақты, сирек түпті және тығыз түпті.

Тамырсабакты астык тұқымдастар жер беті және жер асты өркендері қалыптасады, соңғылары буындары және буынаралықтары бар түр өзгерісіне ұшыраған сабақтар, оларды аналық өсімдіктен 1 м дейін жерге алыстап кеткен тамырсабақ деп атайды. Түптену буыны осы астық тұқымдастарда топырақтың беткі қабатынан үлкен тереңдікте орналасқан: әр түрлі астық тұқымдастарда және олардың экотиптерінде 5 см-ден 20 см-ге дейін.

Бұл топта өте маңыздылары: жатаған және аралық бидайық,қылтықсыз және жағалы (тік) арпабас, ақ суоты, қызыл бетеге,шалғын қоңырбас, шалғын түлкіқүйрық, айғыр қияқ (волоснец гигантский), көл қамыс және т.б.



Сирек түпті астық тұқымдастарда түптену буыны топырақтың беткі қабатында 1-ден 5 см дейін орналасқан. Топырақта оларда бір ғана қысқа буын аралығы болады, өркендері сүйір бұрышпен алыстап кетеді, топырақ бетіне шықаннан кейін жапырақтар мен сабақтар қалыптастырады. Әр бір өркенде түптену буыны бар, олардан жаңа өркендер тарайды, соның салдарынан бұта көлемінде үлкейіп өсіп жайылып кетеді, жаңа өркендері жер бетіне шықаннан кейін бір-біріне біршама алыс орналасқандықтан, бұта сирек болып қалыптасады. Тамырсабақтылармен салыстырғанда, сирек түпті астық тұқымдастар тығыздау жер қыртысын құрастырады.

Бұл топқа жататын астық тұқымдастарға ең жақсы - қара шірік және қоректік заттарға бай тығыз емес саз бен құмда орналасқан, құмдақ топырақтар.

Сирек түпті астық тұқымдастарда ең маңызды шөптер: еркекшөптер, көген тамырсыз бидайық, сібірлік қияқ, шалғын бетеге, шалғын атқонақ, кәдімгі тарғақшөп, биік үйбидайық және т.б.

Тығыз түпті астық тұқымдастар түптену буыны құрғақ дала және шөлейт аймақтарының бетеге, селеу және т.б. өсімдіктерінің тамыры топырақтың бетінде немесе 1-2 см тереңдікте орналасқан.

Түптену буынынан тараған бүйір өркендері топырақтың беткі қабатына перпендикупярды, бір-біріне параллельді, аналық өсімдікке тығыз орналасқан, тығыз бұта құрастырып өседі. Олардың орта бөлігі топыраққа тығыз қысылған, ал шет жақтары біршама көтерілген, сондықтан шалғын және жайылымдарда кішкентай төмпешіктер қалыптастырады. Тығыз түпті астық тұқымдастар өте тығыз, мықты және өте жоғары тіршілік ұзақтығымен ерекшеленетін (10-20 және оданда жоғары жыл) жер қыртысын қалыптастырады. Мал азықтық құндылығы жағынан олардың көптеген түрлерінің Қазақстанның құрғақ дала және шөлейт аймақтарында жайылым жерлерде үлкен рөл атқаратын бетегеден (типчак) басқасының құндылығы төмен. Біршама жақсы мал азықтық құндылығы барлар: шисабақ, бетегебоз және т.б.



Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет