«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы, мжә шеңберінде, аэа инфрақұрылымы насандарының құрылысына жеке инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде



Дата22.02.2018
өлшемі56.99 Kb.
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы, МЖӘ шеңберінде, АЭА инфрақұрылымы насандарының құрылысына жеке инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде.


Кір жуатын орын

АЭА аумағында орналасқан кәсіпорындардың өндірістік және қолдау қызметкерлерінің арнайы киімдерін жууға арналған.

Кір жуушының күші

  • тәулігіне 500 кг мата;

  • айына шамамен 12 т. мата, арнайы киімнің құрамына, жуудың жиілігіне және арнайы киімнің санына байланысты есептелген.

Кір жуатын орынның құрамына келесілер кіреді:

  • қабылдау, сараптау және химиялық тазалау бөлімі;

  • жуу бөлімі;

  • арнайы киімді жөндеу учаскесі;

  • кебу-үтіктеу бөлімі;

  • материалды қойма.


Жобаның қазіргі жағдайы: инвестор іздестірілуде

«ҰИМТ» АЭА инфрақұрылымы нысандарының тізімі:

Жөндеу-құрылыс цехы, гаражбен.

Гаражды, жөндеу-құрылыс цехы диагностика, техникалық қызмет көрсету және АЭА резиденттерінің жалпы-зауыттық шаруашылық қызметтерінің механикалық құрылғыларын ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған. Жөндеу жұмыстарының жылдық көлемі (капиталды және ағымдағы) АЭА өндірісттік қорының құнынан 2% құрауы мүмкін.

Жөндеу-құрылыс цехының құрамына келесі негізгі учаскелер кіреді.


  • дайындау-дәнекерлеу учаскесі;

  • механикалық учаскесі;

  • ТҚ және ТЖ учаскесі;

  • элетротехникалық құрылғы және КИПиА құрылғыларын жөндеу учаскесі .


Жобаның қазіргі жағдайы: инвестор іздестірілуде

Тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны.

ТҚҚ полигоны АЭА өндірістік кәсіпорындарда пайда болатын қатты қалдықтаарды қоймалауға арналған. ТҚҚ полигоны 2 дәрежені иеленеді.

Полигонды пайдалануға беру мерзімі 20 жыл, 3 жыл құрылыс уақыты, 17 жыл пайдалану уақыты.

2017 жылдан 2032 жыл аралығында 9755,055 т. тұрмыстық қатты қалдықтар жиналуы мүмкін. ТҚҚ полигонының аумағы АЭА дамуын ескере отырып 17 га. құрайды. Өндірітік қалдықтар АЭА аумағынан арнайы ұйымдармен шығарылатын болады. Полигон бір ауысыммен жұмыс істейтін болады, аптасына бес күн, тәулік бойыкүзетпен.



Полигонның құрамында келесілер қарастырылған:

  • Кірме жол;

  • Әкімшілік-шаруашылық аймақ;

  • Қоймалау аймағы.

Жобаның қазіргі жағдайы: инвестор іздестірілуде


Сақтау алаңы бар қойма

Қойма автокөліктен және темір жол транспортынан жүктерді қабылдауға, сақтауға және тұиынушыларға әр түрлі материалдарды таратуға арналған. Қойма жылыту мүмкіндігімен, t=+5-10С, бір-біріне тәуелсіз жұмыс істейтін бірнеше бөлімшелерден тұрады. Қоймашыға, жүргізушілерге, жүк тасушыларға, кедендік қызметшілерге, санузелге арналған бөлме қарастырылған. Параметрлерінің әр түрлілігімен ерекшеленетін және үнемі сақтау алаңын қажет ететін материалдар үшін стеллажды сақтау қарастырылған.


Стеллаж секцияларының өлшемі 3,0х1,05 м, 5 ярусты, ярус биіктігі 0,8-1,0 м, бір секциядағы ярусқа түсетін күш 3,0т дейін. Штабелёр көтерілуінің биіктігі 4,4 м дейін.

Жобаның қазіргі жағдайы – инвестор іздестірілуде.



Өрт сөндіру депосы

«ҰИМТ» АЭА өндірістік нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және өртке қарсы іс-әрекетті қалыптастыру үшін өрт сөндіру депосын орнату көзделген. Өрт сөндіру депосы және оның аймақта орналасуы өртке қарсы қызмет талаптарына сай болуы қажет.

«ҰИМТ» АЭА өндірісі А, Б, В категориясындағы (ғимараттар, құрылымдар, қондырғылар) орнатылады.

Өрт сөндіру депосының құрамына келесі ғимараттар мен құрылымдар кіреді:


Жобаның қазіргі жағдайы – инвестор іздестірілуде

3 колонкалы жағармай құю станциясы

ЖҚС құрамына келесілер кіреді:


Жобаланған ЖҚС В типті станция ретінде әзірленген және тәулігіне 250 құюға есептелген. ЖҚС дизель отынын сақтау және құю және жанар-жағар майдың – Аи-80, Аи-92, Аи-96 түрлері қарастырылған. Жағармайды құю 3 жағармай тарату колонкалары арқылы жүзеге асады.



Техникалық қызмет көрсету станциясы. ТҚКС жеңіл автокөліктердің тегершігін жөндеуге арналған.

Жобаның қазіргі жағдайы – инвестор іздестірілуде





ПОЛИПРОПИЛЕН ӨНДІРІСІ (1 КЕЗЕҢ ЫГХК)

Компания: «KPI Inc.» ЖШС

Өндірістік қуаттылығы: жылына 500 мың тонна ПП

Жоба мақсаты:Көмірсутекті шикізатты өңдеу және көптеген өнеркәсіптік, тұтынушылық тауарлар үшін негізгі өндірісті дамыту

Резиденты АЭА «ҰИМТ»

ПОЛИМЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ БОЙЫНША ЗАВОД

Компания: «Полимер Продакшн» ЖШС

Өндірістік қуаттылығы: Полиэтиленді пленка – жылына 4125 тонна,
Полипропиленді қаптар – жылына 48 млн. бірлік
БОПП-пленка – жылына 11 мың тонна

ПОЛИЭТИЛЕН ӨНДІРІСІ (II КЕЗЕҢ - ЫГХК)

Компания: «KLPE» ЖШС

Өндірістік қуаттылығы: жылына 800 мың тонна ПЭ

Жоба мақсаты:Көмірсутекті шикізатты өңдеу және көптеген өнеркәсіптік, тұтынушылық тауарлар үшін негізгі өндірісті дамыту



«ҰИМТ»АЭА ӨНДІР

ІСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Компания: «Karabatan Utilities Solution» ЖШС

Жоба:Электростанция (газотурбина), су тазалаушы құрылғы,технологиялық газ өндірісі бойынша құрылғы және инфрақұрылым


http://nipt.kz/upload/iblock/5d2/5d2462cf03a0cbd2cd9d8fef5aa83064.jpg





 «Ұлттық индустриялық мұнай – химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы («ҰИМТ» АЭА)2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 «Ұлттық индустриялық мұнай – химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Елбасы Жарлығымен құрылған болатын.

   «ҰИМТ» АЭА құрылу мақсаты қосылған құны жоғары көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеу және кеңінен бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімін шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру мен дамыту жөнінде серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.



Орналасқан жері

Қазақстан Республикасы, Атырау облысы



map_1.png

Қызығушылық танытқан жағдайда және толығырақ ақпарат алу үшін менеджермен хабарласыңыз немесе біздің ресми сайтқа www.nipt.kz. кіріңіз.



+7747 732 26 21 Ерлан

E.zhezbaev@nipt.kz




Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет