Ұлттық брендтің концепциясы
Ұлттық брендтің логотипінде шаңырақ бейнеленген, шаңырақты
айнала қоршап ағылшын тілінде «Kazakhstan» сөзі жазылған және ол
қызғалдақ гүлінің аясында көрініс тапқан.
Логотиптің ортасында үйдің, ошақтың, отбасының, мемлекеттіліктің,
сондай-ақ кең мағынада әлемнің символы - шаңырақ бейнеленген.
Шаңырақ пен «Kazakhstan» брендінің атауы дала гүлінің ортасында
шеңбер құра орналасқан. Қызғалдақ гүлінің жеті жапырақшалары бар, ол
жеті қат аспанды, жеті атаны, жеті жарғыны білдіреді.
Идеяның басты ерекшелігі - «Kazakhstan» брендінің атауынан бірден
үш сөзді оқуға болады, олар: мелекетіміздің атауы - «Kazakhstan», мемлекет
құрушы ұлт - «Kazakh» және қазақ елінің астанасы - «Аstanа».
Қазіргі голланд мақтанышының отаны байырғы қазақ даласы екені
белгілі. Қазақ даласында кездесетін қызғалдақтар сан ғасырлар бойы
даламызды түрлендіріп, жер анаға оттай алқызыл рең беріп, халқымыздың
көз қуанышы болып келеді. Ол ұланғайыр даламыздың ең байырғы әрі ең
әдемі бөлшегі.
Ашылған қызғалдақ гүлі Қазақстанның бейбітшілік сүйгіштігін,
төрткүл дүниеге ашықтығын, оның өркендеп-өсуін және иновацияларға
ұмтылысын аңғартады. Сондай-ақ ол таза, сап, ақ ниетті, қарыштап дамуға
және қоғамдағы татулыққа, сондай-ақ табиғатпен, әлемдік өркениетпен
үйлесімділікке деген ұмтылысты білдіреді.
Сондай-ақ дала гүлінің екі жапырағы иіліп жүрек формасын
айшықтайды. Бұл Отанға, Қазақстанға және Ұлы дала еліне деген
махабаттың белгісі.
Логотиптің төменгі жағында ағылшын тілінде ««Eternal Country of the
Great Steppe» - деген ұран жазылған.
Ұран
Мәңгілік Ұлы Дала елі
1465 - ∞
Вечная страна Великой Степи
1465 - ∞
Eternal Country of the Great Steppe
1465 - ∞
«Қазақстан – бұл түрленген Ұлы Дала елі, отанымыздың көпұлтты
халқының алтын бесігі, қара шаңырағы». Бұл атау Елбасының көзқарасы
бойынша еліміздің өткені, қазіргісі мен болашағы туралы сыр шертеді, онда
қазақстандық болмыс пен оның негізгі айшықтары көрініс тапқан.
«Мәңгілік ел» - Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған
жалпыұлттық патриоттық идеядан бастау алады.
Ұрандағы осы екі концепция бір-бірін ұтымды толықтыра отырып, оған
терең мағына береді.
«1465 - ∞» - сандары мен символының мәні.
1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде тарихи оқиға орын алды. Керей
мен Жәнібек хандар Әбілхайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Талас өзендерінің
сағасында Қазақ хандығын құрды. Алты Алаш елі оларға адалдық антын
беріп, Ұлытауда өздерінің рулық таңбаларын қалдырды. Осылайша тарих
сахынасына қазақ деген халық шықты, енді ұланғайыр дала қазақ елі деп
атала бастады.
Осыдан бері міне жарты мыңжалдық өтті. Халқымыз қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған заманды да, ақтабан шұбырынды – алқакөл
сұлманы да, аштықты да тоқтықты, небір зұламат соғыстарды да көрді,
қуғын-сүргінге де ұшырады. Бірақ біз жойылып кеткен жоқпыз, біз ұлттық
рухты, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қала білдік.
Қазір Қазақстан атты қарқындап дамушы мемлекет жарқын болашаққа
батыл қадам басып келеді.
Көк аспанда алтын күн сәулесін шашып тұрғанда мәңгілік осылай бола
бермек!
Концепция национального бренда
Логотип национального бренда представляет собой изображение
шанырака (верхняя сводчатая часть юрты), которого обрамляет
стилизованная надпись на английском языке «Kazakhstan» на фоне венчика
красного тюльпана.
На центральной части логотипа имеется шанырак - символ отчего дома,
а в более широком понимании мира - вселенной.
Шанырак и название бренда «Kazakhstan» образуют центр полевого
цветка, которая имеет семь лепестков и означает семь неба, семь колен, семь
жаргы (свод законов).
Оригинальность идеи заключается в том, что в одном названии бренда
можно прочитать три слова: название государства - «Kazakhstan»,
государствообразующая нация - «Kazakh» и столица нашей Родины -
«Аstanа», - город будущего и символ процветания страны.
Недаром красный тюльпан называют нежным огонком наших
бескрайних степей и предком голландской гордости. Поэтому, тюльпан -
самая древняя и прекрасна частичка нашей Родины, не случайно выбран как
основной элемент логотипа.
Раскрывшийся тюльпан означает миролюбивость и открытость
Казахстана всему миру, его процветание и стремление к инвациям. Он
свидетельствуют
также
о
чистых
помыслах,
стремлении
к
совершенствованию и достижению гармонии в обществе, с природой и
мировой цивилизацией.
Листья степного тюльпана, огибаясь, образуют символ в виде (форме)
сердца, что обозначает любовь к Родине, Казахстану и Стране великой степи.
В нижней части логотипа имеется слоган на английском языке «Eternal
Country of the Great Steppe».
Слоган
Мәңгілік Ұлы Дала елі
1465 - ∞
Вечная страна Великой Степи
1465 - ∞
Eternal Country of the Great Steppe
1465 - ∞
«Казахстан - это Ұлы Дала елі, это Страна Великой преображенной
степи, колыбель и дом всего многоэтнического народа нашей родины.
Именно таково народное имя нашей любимой Отчизны - Страна Великой
степи». Это название, по мнению главы государства, отражает и прошлое, и
настоящее, и будущее нашей родины, в нем закреплен наш казахстанский
характер и его основные черты.
«Вечная страна» - базируется на общенациональной патриотической
идее «Мәңгілік ел», выдвинутой Президентом страны Н.Назарбаевым.
В слогане эти два концепции взаимовыгодно дополняют друг-друга,
придав ему глубокий смысл.
Значение цифр и символа – «1465 - ∞».
В 1465 году у подножия горы Козыбасы произошло историческое
событие. Керей и Жанибек ханы, отделившись от улуса Абулхаира,
провозгласили Казахское ханство в междуречье Шу и Таласа. Весь народ
Алаша поклялся в верности им и оставил на Улытау свои родовые знаки.
Таким образом, на историческую сцену вышел казахский народ, и
необъятная степь стала называться казахской землей.
С тех пор прошло полтысячалетия. На долю народа выпало немало
испытаний. Но, мы сумели сохранить национальный дух и национальные
особенности.
В настояшее время развивающаяся и прогрессирующая страна под
названием Казахстан стремится к новым вершинам.
И так будет всегда - до бесконечности, пока солнце будет сиять на
вечно голубом небе!
Достарыңызбен бөлісу: |