Личность, эмоция, эмоциональность, чувство, агрессия. The article contains theoretical aspects of emotional sphere of a person, the structure of emotions and methods of diagnosis of emotional state of an individual. Key words



Дата03.07.2017
өлшемі95.31 Kb.
ӘОЖ: 374

ДАКИНА Г.Т.

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті, Семей қаласы, Қазақстан
ТҰЛҒАНЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ СФЕРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
В статье изложены теоретические аспекты эмоциональной сферы личности, структура эмоций, а также методы диагностики эмоционального состояние личности.

Ключевые слова: Личность, эмоция, эмоциональность, чувство, агрессия.

The article contains theoretical aspects of emotional sphere of a person, the structure of emotions and methods of diagnosis of emotional state of an individual.



Key words: personality,emotion, emotionality,sence,agression

Түйін сөздер:Тұлға, эмоция, эмоционалдылық, сезім, агрессия.
Қазіргі таңда студенттердің әртүрлі эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Өйткені эмоционалды аймақтың дамуы студент тұлғасының толыққанды қалыптасуына ықпалы зор. Кеңістік және шетелдік психология ғылымдарының шеңберінде эмоция түрлерінің мәселелері, құрылымдары мен қызметтері, факторлары мен қалыптасулары зерттелген (П.В.Симонов, К.Обуховский, Б.И.Додонов, М.В.Матюхина, К.Т.Патрина т.б.) Жеке адамдардың қалыптасуында тұлғаның өзін-өзі жоғары бағалауы жағымды әсер етеді. Тұлға қалыптасуында табиғи эмоциялық күйлер қарым-қатынасқа тәуелді болуы мүмкін. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне Ч.Дарвиннің ұсынған «Эмоцияның биологиялық теориясы», П.В. Симоновтың «Эмоцияның ақпараттық теориялары»; Д.Додонавтың «Эмоцияны бағалау», Л.С.Выготскийдің «Мәдени-тарихи даму теориясындағы эмоцияның табиғаты», Л.С.Рубенштейннің «Тұлға теориясындағы эмоция күйі» алынды.

«Эмоция (франц. emation, лат. enoveo – толғану) – адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіргендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым- қатынасы негізінде пайда болатын көңіл- күй. Эмоцияның жоғары түрі адамның іс- әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялары жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс- әрекетіне азды - көпті зиян келтіреді. Олар қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үмітсіздену, үрейлену және т.б.»[1]. Эмоцияның көрсеткіштеріне интенсивтілігі, ұзақтығы, туу жылдамдығы т.б. жатады. Субьектінің эмоционалдық қобалжу сипаты ұзақ уақыт аралығында оның өмірлік жағдайының шындығымен сәйкес келуі, тұлғаның тұрақтылық сипаты ретіндегі эмоционалдылығының ерекшеліктері оның өмірлік бейімделуінің деңгейімен белгілерін білдіреді.

Тұлғаның эмоционалды сферасының ерекшеліктері көп жағдайда адамның өмірлік сферасына ықпал етеді. Әсіресе, эмоционалды сфераның оқу әрекетіне ықпалы аса маңызды. Жоғары оқу орнындағы оқыту формалары, әдсітер, интеллектуалдық қызмет мазмұнын бекітетін аса жоғары талаптар студенттердің жүйке жүйесіне шамадан артық күш түсіріп, оқу нәтижесіне әсер етеді.

Жүргізілген зерттеулер барысында психикалық күйдің де оқу үрдісінің табысты болуында маңызды орын алатындығын анықтадық. Оқу қызметімен студенттердің тұлғалық дамуында және оқу әрекетіне эмоционалдық күйдің ықпалын зерттеу жеткіліксіз күйде қалып отырғандығына зерттеу барысында көз жеткіздік.

Көптеген танымал психологтар эмоцияны психикалық реттеудің ерекше үрдісі ретінде қарастырады. Адам эмоциясы көп түрлілігімен ерекшеленеді: Белгі және модальдылық – эмоционалды қобалжу обьектісі қатынасына сәйкес; күші және ұзақтығы бойынша – күшті қысқа уақытты аффектіден әлсізіне дейін, бірақ көңіл күй бойынша ұзақ, эмоционалдық үрдістегі тұлғалық деңгейінен – сезімнің эмоционалдық тонынан тұлғалық қатынастардың тұрақтылығына дейін, сипаты бойынша – басқа да психикалық үрдістермен: коммуникативті, ойлау, перцептивті, практикалық және т.б., яғни тұлғаның эмоционалды бағыттылығынан өзінің белгілерін табады. Эмоционалды құбылыстардың маңызды тобын тұлғаның эмоционалды сапалары, оның эмоционалды сферасының жалпы тенденциялары, эмоционалдылығы құрайды.

Эмоционалдылық эмоция және сезімдер динамикасын және сапа, мазмұнын сипаттайтын тұлға қасиеті ретінде анықталады. Соныменен, адамның эмоционалды қасиеті ондағы өтіп жатқан эмоционалдық үрдістермен күйімен, олардың сапалық күйінің әр түрлілігімен, функционалды ерекшеліктерімен анықталады. Эмоционалды сапалар адамның кәсіби қызмет сферасын таңдауда және оның жеке стилін қалыптастыруға қатысып, адамның жалпы өмірлік әрекетінің сапасын бейнелейді.

Тұлғаның эмоционалды сферасы онық қобалжуымен сезімінің кең спектрін көрсетеді. Ол реттеушілік, ынталандырушы, ақпараттық жетіспеушілікті жою және бағалау қызметтерін атқарады.

Эмоционалдық үрдістерде студент әрекетінің міндетімен шарты бейнеленіп, басқаларға деген қатынасы көрінеді. Эмоциядан айырмашылығы сезім заттық сипатқа ие, яғни нақты обьектілермен байланыста (затпен, адаммен, жағдаймен т.б.). Эмоция, сезім жастардың ішкі жан дүниесін байытып, оның қабылдауын ашық, мазмұнды етіп, қиындықтарды жеңуге деген белсенділігін туғызады /2/.

Түрлі эмоциямен қобалжуда туындайтын организмдегі физиологиялық өзгерістерді (жүрек жұмысының өзгерісі, тыныс алу және ас қорыту органдары, ішкі секреция бездері), эмоция және сезімдердің танымдық психикалық үрдістерге (қабылдау, зейін, ес, ойлау). Эмоциямен сезімнің мінез құлықтық көрінуі (агрессия), сыртқы көрінуі және қарым қатынастағы ролі зерттелді. Жағымды эмоциялар қиын кезеңдерінде көрініп, аса маңызды роль атқарады (ЖОО түсу, мемлекеттік емтихан т.б.). Эмоциялық қобалжулар студенттің тұлғалық қалыптасуына, көзқарастарын қайта құруға, шындыққа қатынастарына ықпал етеді. Студенттердің эмоционалдық үрдістеріне үлкен интенсивтілік, әр түрлілік, әрекеттің бірінен екіншісіне ауысу, жоғары сезімдер қалыптасуының жылдамдықтары тән. Әсіресе, студенттердің эмоционалдық сферасында өз оқуының нәтижесіне деген жауапкершілік сезімі аса маңызды.

Эмоционалды күй субъектінің еркінен тәуелсіз болады және де ішкі себептер не субъектіден тыс болып жатқан оқиғалар әсерінен пайда болады.
Эмоционалдық күйдің сипаттау моделіне эмоционалдық күй әрқашан да кейбір әсерлер салдарынан туындағандықтан оған негізгі элемент ретінде эксплицитті не имплицитті себеп енеді. Эмоционалды күйдің себебі – осы айтылған ойдың шегінде немесе одан тыс кездерде әр түрлі әдістер арқылы таңбаланатын оқиға. Әлемнің құндылықтар бейнесінде түрлі орынды иеленетін себептер түрлі эмоцияларды туындататыны сөзсіз.

Барлық эмоциялардың туындауы мен көрінуі адамда физиологиялық негізді иеленеді, ол жүйке клеткалары мен одан шығатын түрлі сападағы импульстермен байланысты. Барлық жағымды эмоциялар адамға жақсы әсер береді. Қуаныш бастапқыда белгілі бір жағдайлардың салдары ретінде емес, таза түрінде көрінген, сондықтан ол сол қалпында адамның бар өмірінің бойында сақталуы керек [3]. Қуаныш энергия мен күштің ең мықты қайнары болып есептеледі. Ол организмнің ойлауын, эмоционалды және физикалық қызметін тәртіпке келтіре алады. Эмоционалды деңгейде қуаныш барлық сезімдердің көрінуін асқындыра алады. Мұнда қуаныш өзге жағымды эмоциялардың катализаторы рөлін атқарады. Қуанышты адам әлем үшін ашық, оның жаны қоршаған ортаның көптүрлілігін қабылдауға дайын болады. Осылайша қуаныш сезімі арқылы индивид ләззат алады. Ойлау қызметі қуаныш және қайғы күйін бастан кешірген адаммен тығыз байланысты. Мұнда ойлау қызметі мен оның организмнің өміріне әсері маңызды. Қуаныш эмоциясы позитивті ойлаудың қажетті шарты болса, қайғы эмоциясы негативті ойлаудың қажетті шарты болып табылады. Позитивті, негативті ойлау, ойлау стилі, әлемтану жоспары ретінде адамның өмірлік позициясын қалыптастыра алады. Ойлау жұқа материя, күш және энергия ретінде индивидтің өзі өзіне елестететін әлемді жасайды. Егер адам өзі болашағын тек қуанышты күйінде елестетсе, оптимистік көзқарасқа ие болады, егер қайғылы күйде елестетсе, пессимистік көзқарасқа ие болады. Сезімнен туындаған ой әлемде нақты қарым-қатынас, жағдайлар салдары, оқиғаларды жасайды. 

Адам әрекетінің тиімділігімен эмоционалдық қозу арасында қисық сызықты тәуелділік бар екендгін дәлелдеп көрсетті. Әрекетте аса жоғары жетістікке жету үшін әлсіз де емес, аса күшті де емес эмоционалдық қозудың болуы қажет емес. Әр адам үшін жұмыстағы тиімділікті қамтамасыз ететін эмоционалдық қозу дәрежесі болады. Эмоционалдық сфера қобалжу және сезімнен тұрады [4]. Кез келген қобалжу бұл индивидтің қандай да бір қажеттілікке қанағаттану үрдісін бағалау. Адамның эмоционалдық қобалжуы эмоция және эмоционалдық күйге бөлінеді. Д.О.Хебб адамның эмоционалдық қозумен практикалық әрекетінің табыстылығы деңгейінің арасындағы тәуелділікті экспериментальды жолмен анықтауға мүмкіндік алды. Эмоционалдық қозудың тиімді деңгейі көптеген факторлардан, әсіресе орындалатын әрекеттің шартына, ерекшелігіне байланысты. Аса әлсіз эмоционалдық қозу әрекетті қажетті мотивациямен қамтамасыз етпейді, ал күштісі оны бұзып, тәжірибеде басқаруды мүмкін емес етеді.

Қазіргі таңда еліміздің егемендік алуы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымызға байланысты көптеген өзгерістер енгізді. Яғни қоғамымыздың қарқынды әлеуметтiк дамуы белсендi, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға аса жоғары талаптар қояды. Әсіресе білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін құру, оқу мен тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлату мен білім беру үрдісінде студенттердің тұлғалық сана-сезімдерін дамыту болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты –студенттердің эмоционалды сферасы дамуына байланысты мәселелердің қаншалықты зерттелгендігін анықтап, түрлі әдістерді пайдалана отырып, оған талдау жасай отырып, зерттеу жолдарымен тәсілдерінің ерекшеліктерін айқындау болды. Сонымен қатар олардың өзіндік психологиялық ерекшеліктерін де жан-жақты зерттеу болды.

Жоғары оқу орны студенттерінің эмоционалдық сферасының дамуын зерттеудің жеткіліксіздігін зерттеу нәтижесінде айқын аңғардық. Эмоционалды сфера құрылымын жан жақты талдау арқылы, тұлға қалыптасуындағы аса маңызды екендігіне көз жеткіздік.

Э.Эриксонның ой–пікіріне сәйкес, тұлғаның қалыптасу үрдісінің әрбір кезеңі дамудың өзіндік мәселелерін көтереді, белгілі бір қабілеттердің қалыптасуын және белгілі бір бағытта алға басуын талап етеді; мұндай алға басудың болмауы, қандай да бір құрылымдардың қалыптаспауы келесі кезеңдегі тұлғалық даму үрдісінің құлдырауына және ары қарай қажетті қасиеттерге ие болу мүмкіншілігінен айырылуына әкеліп соғады.

Қорытынды зерттеулер студенттер тұлғасында пайда болған өзгерістерге сүйене отырып эмоционалды тұрақтылықты қалыптастыруда жүзеге асырылып жатқан арнайы курс бағдарламасының тиімділігі жайлы ақпарат алуды мақсат етеді. Бағалаудың субъективтік көрсеткіші ретінде мыналарды таңдадық:

1) жағдайға байланысты алаңдаушылық дәрежесі;

2) агрессия деңгейі;

3) тұлғаның жалпы психикалық күйі.

Сонымен қатар, сипатталған эксперименттің нәтижелері бойынша студенттердің тұлғасының дамуы, эмоционалды сферасы даму деңгейінің ерекшеліктері көрсетіліп, зерттеу жолдарымен тәсілдері анықталды.

Эмоционалды сфераны зерттеудің жоғары дәрежеде қалыптасқан жоғары оқу оны студенттерінің қажеттіліктерімен олардың эмоционалды тұрақтылық үрдісін қалыптастыруды қамтамасыз ететін зерттеу базасы арасында байланыс орнатылып, зерттеулердің тиімділігін арттырудағы педагогикалық - психологиялық шарттар жасалды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі жоғары оқу орындары студенттерінің эмоционалды аймағын зерттеу жолдарымен тәсілдерін экспериментальды зерттеулердің теориялық тұжырымдарға негізделіп, жүзеге асқанын көрсетіп берді. Зерттеу міндеттері бойынша эмоционалды сфера құрылымының бөліктері түсініктеріне анықтама берілді. Зерттеулер нәтижесінде эмоционалды сфера – темперамент көрінуінің бір сферасы. Оның көрінуі түрлі эмоциялар арқылы бейнеленеді. Эмоционалды сфера – бұл адамның эмоциясымен сезімдерінің динамикасымен сапасын сипаттайтын адамның қасиеті деген өзіндік анықтама бердік.

Жоғары оқу орны студенттерінің эмоционалдық аймағының даму ерекшеліктерін психодиагностикалық әдістемелердің көмегімен зерттеу жүзеге асырылды. Студенттердің эмоционалды сферасын зерттеу әдістерінің жүйесі жасалды. Студенттердің эмоционалды сферасын зерттеу жолдарымен тәсілдері анықталып, оны жоғары оқу орны оқу үрдісіне енгізу жолдары қарастырылды.

Жүргізілген зерттеу жұмыстары ұсынылған болжамның дұрыстығын дәлелдеп келесідей ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:

1. Эмоционалды сфераны зерттеудің жолдарын нақтылап, әдіс, тәсілдерін тиімді қолдану қобалжу, эмоционалды қажудың алдын алуға мүмкіндік туғызып, эмоционалды тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз етеді.

2.Тұлғаның эмоционалды тұрақтылығы ішкі мотивацияның тұрақтылығымен, мақсатқа жету мотивтері, эмоционалды шамадан күш түсіру жағдайында психикалық денсаулықты сақтаумен және қобалжудың төменгі және қалыпты деңгейімен сипатталады.

3.Студенттердің тұлғалық қалыптасуы мақсатты, мазмұнды процессуалды, бақылау бағалау негізінде жүзеге асырылды.

4.Студенттердің эмоционалды тұрақтылығы эмоционалды сфераны зерттеудегі базалық психологиялық білім негіздеріне сүйеніп жүзеге асады.

5. Эмоционалды сфераны зерттеу жолдарымен тәсілдерін оқу үрдісінде тиімді қолдану студент тұлғасын қалыптастыруға бағдарланды.

Сонымен қатар жұмыс нәтижесі жоғары оқу орнында студенттердің эмоционалды аймағын зерттеу арқылы, эмоционалды тұрақтылығын қалыптастыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Изард К. Эмоции человека. – М., 1980.

2.Киршбаум Э.И., Еремеева А.И. Психические состояния. – Владивосток, 1990.

3.Психология: учебник для студ. сред. проф. учеб. Заведений /И.В. Дубровина, Е.Е. Данилова, А.М. Прихожан ; под ред. И.В. Дубровиной. – 6-е изд., стер.- М. : Издательский центр «Академия», 2007.

4.Вилюнас В.К. Эмпирические характеристики эмоциональной жизни //Психологический журнал. 1997.№3.-с 26-36.

5.Исаев Е.И. Теория и практика психологического образования педагога

//Психологический журнал. 2000..№6.-с 56-65.

ҚАТЫСУШЫНЫҢ АНЫҚТАМА ТАПСЫРЫСЫ




Авторлар

Дакина Гулайм Токеновна, Чокаева Бахыт Токановна.

Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті

Педагогика және психология кафедрасы

Қазақстан, Семей қаласы

Аға оқытушылар

87751776864

g.dakina@ mail.ru


1.Тұлғаның эмоционалды сферасының ерекшеліктері.

2.Особенности эмоциональной сферы личности.



3.Features of emotional personal sphare.

Секция: Психологияның басым ғылыми бағыттары: теориядан тәжірибеге

Конференцияға қатысу - сырттай

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет