«Lesson Study-мұғалімнің кәсіби даму жолы»- аудандық семинары



Дата16.07.2017
өлшемі17.82 Kb.
«Lesson Study-мұғалімнің кәсіби даму жолы»- аудандық семинары
Егеменді еліміздің алғышартары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет етсе, өркениетке жету үшін жан-жақты дамыған,  рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді . Білім сапасы –басты көрсеткіш десек, сол білім сапасын арттыру мақсатында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді атап көрсетуге болады. Сондай тәсілдердің бірі - білім кеңістігінде  кеңінен танымал  жапондық  Lesson Study тәсілі. Lesson Study үдерісі мұғалімдердің белгілі бір проблема аясында оны шешу мақсатында бірлесе ынтымақтастықта жүргізетін сынып деңгейіндегі зерттеу жұмыстарының бір түрі және мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ең тиімді ынтымақтастық педагогикалық тәсіл болып табылады.

Осы жылдың 20 сәуірінде Қарғалы ауданы мектептерінің желілік қоғамдастық аясында №2 Бадамша орта мектебінде сертификатталған мұғалімдер арасында өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін, бақылау дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастыруымен«Lesson Study-мұғалімнің кәсіби даму жолы» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.



Семинардың басты мақсаты мұғалімдерге оқушыларды зерттеуге, қызығушылығын арттыруға, білім сапасын көтеруге, кәсіби деңгейін жоғарлатуға, бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік беретін педагогикалық тәсіл туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Lesson Study зерттеу сабағын өз тәжірибелеріне, әріптестері тәжірибелеріне ендіруге ықпал ету.Семинарда «№2 Бадамша орта мектебі ММ» І деңгейлі мұғалімдер Кумарова М.А физика пәнінен , Нечаева М.К орыс әдебиетінен, ІІ деңгейлі мұғалім Казмагамбетов А.К. дене шынықтыру пәнінен , «№1 Бадамша орта мектебі ММ» ІІІ деңгейлі мұғалім Короткова С.В, география пәнінен,бастауыш сынып бойынша Касимова О.Е. зерттеу сабақтарын жүргізіп, әріптестерімен іс тәжірибелерін бөлісті. Оқыту үдерісін жаңаша жоспарлау мен оқушының жан-жақты дамуына қолайлы жағдай қалыптастыруда семинардың маңызы зор болды. Семинарға жиналғандар зерттеу, талдау жұмыстары бойынша практикалық тұрғыда жаңа мәліметтер алды. Семинарға қатысушыларға аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Тойбазарова Зада сертификаттар табыстады.
Модератор: Калдыбекова А.С.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет