Леонард Эйлер атындағы V олимпиаданың дистанционды кезеңінің төртінші туры



Дата23.11.2017
өлшемі15.26 Kb.
Леонард Эйлер атындағы V олимпиаданың дистанционды кезеңінің төртінші туры

Төртінші тур Омск қаласының Г.П. Кукин атындағы олимпиаданың материалдары бойынша өткізіледі. Сол олимпиада қатысушылары төртінші турға қатыса алмайды.

Жұмыстың бірінші бетінде өздеріңнің тіркелу нөмірлеріңді, аты-жөнінді, қала (село), мектеп пен сыныпты көрсетуді ұмытпаңдар. Және де басқа жұмысты орындау және жіберу ережелерін қадағалаңдар. Жұмысты жіберу алдында осы ережелерін қайта оқып шығыңдар (http://matol.ru/index-kz.html сайтындағы дистанционды турдың ережелерінің 7 мен 10 пукттері). Ережемен сәйкес емес жасалған немесе жіберілген жұмыстар қабылданбайды.

1. Үлкен квадраттан кіші квадрат кесіліп алынған (кіші квадраттың бір қабырғасы үлкен квадраттың қабырғасында жатыр). Пайда болған сегізбұрыштың периметірі алдыңғы үлкен квадраттың периметірінен 40%-ке үлкен. Сегізбұрыштың ауданы алдыңғы үлкен квадраттың ауданынан неше процентке кіші?

2. Қатар келген үш жұп сан берілген. Бірінші санның ең үлкен өздік жұп бөлгішін, екіншісінің ең үлкен өздік тақ бөлгішін, ал үшіншісінің тағы да ең үлкен өздік жұп бөлгішін тапқан. Осы тапқан өздік бөлгіштердің қосындысы 2013-ке тең бола ала ма? (Санның бөлгіші өздік деп аталады, егер ол 1-ден және сол саннан өзгеше болса)

3. Қабырғасы AB = 1 болатын ABCD параллелограммында M нүктесі — BC кесіндісінің ортасы, ал AMD бұрышы 90 градусқа тең. BC қабырғасын табыңыз.



4. Шарик пен Матроскин шеңбер трассада шаңғымен жүреді. Шеңбердің жартысы тауға көтерілім де, ал жартысы таудан түсетін жол. Көтерілу кезіндегі олардың жалдамдықтары бірдей және ол жылдамдық олардың түскен кездегі жылдамдықтарынан төрт есе аз. Шариктің Матроскиннен ең кіші қалуы 4 км, ал ең үлкені 13 км. Трассаның ұзындығын табыңыз.

5. Өтірікшілер мен серілер елінде (серілер әрқашан шындықты, ал өтірікшілер әрқашан да өтірік айтады) он адамға 1-ден 10-ға дейінгі әр түрлі сан берілді. Содан кейін, олардан «Сіздің саныныз 2-ге бөлінеді ма?» деп сұрады. Оң жауапты 3 адам берді. «Сіздің саныныз 4-ке бөлінеді ма?» деген сұраққа оң жауапты 6 адам берді. «Сіздің саныныз 5-ке бөлінеді ма?» деген сұраққа оң жауапты 2 адам берді. Өтірікшілерге қандай сандар берілген?
Каталог: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет