Лекция и лабораторная практика занятии



бет1/3
Дата18.12.2017
өлшемі480.22 Kb.
түріЛекция
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-14.4.01.01.20.68/03-2014ж



«Зоогигиена және мал шаруашылығы объектілерін жобалау» ПОӘК

Басылым № 3




«Зоогигиена және мал шаруашылығы объектілерін жобалау» пәнінен

5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығына

арналған


ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Семей 2014

Дәріс 1,2

Зоогигиена пәні және оның міндеті



  1. Пәннің негізгі түсінігі және оның міндеті.

  2. Ауыл шаруашылығы малдарының гигиенасының қысқаша даму сатысы.

  3. Зоогигиеналық зерттеулердің әдістері.

  4. Стресс және стрессор деген не және басқа пәндермен байланысы.

Оқулықтар:

  1. Гигиена сельскохозяйственных животных.Издание-3.М.1984 автор А.П. Онегов (Алексей Петрович) И.Ф Храбуситовский (Иван Францевич), В.И. Черных.

  2. Гигиена сельскохозяйственных животных. Книга из двух книг. Книга 1 общая зоотехния, книга 2 частная зоотехния. Автор А.Ф. Кузнецов (Анатоли Федрович), М.В. Демчук (Михаил Василевич).

  3. Лекция и лабораторная практика занятии

  4. Ветеринарная гигиена. В.И. Чержук, Б.М. Муслимов. Алматы-1994г

1. Ауыл шаруашылық малдары туралы.

Ғалымдар рационалды әдістер қолданып малдың денсаулығын қорғауға және оны нығайтуға азықтандыруға, күтіп және өсіруге, шыққан тегіне байланысты жоғарғы өнім алуға бағытталған ілім.

Гигиена немесе зоогигиена (грек сөзі zoon-жануар, hygienos-сау),деген сөзден шыққан. Тек сау мал ғана, дені сау төл, өзіндік құны төмен жоғары өнім береді. Гигиена малдың өміріне әсер ететін климат, жер қыртысы, өсімдіктер құрамын, ауаны,азықты, суды, малдың организмін,оның өсіп жетілуін зерттей келе ортаның әсерін жойуга және азайтуға арналған ұсыныстар жасайды. Сыртқы әсер етуші факторлардың санын және сапасын зерттеп,оның малға әсерін және сауықтыру әдістерін ескертеді. Сонымен қатар малдың қоршаған ортаға қалыптасуында.

Зоогигиена сабағының негізгі міндеті гигиеналық ережелерді анықтап және малды ұстап-күту, азықтандыру гигиенасын, жас малдарды өсіру, асыл тұқымды және жоғары өнімді малдардың экономикалық тиімділігін есепке ала отырып оны шаруашылықта пайдалану ережелерін анықтау. Әсіресе малды қолда ұстауда ерекше рациональды жагдай туғызуга көңіл бөліну қажет. Мал фермаларының орналасу жерін таңдағанда, құрлыстың орналасуына және сапасына, оның көлеміне, қораның микроклиматына, ауаның алмасуына, механикаландыру жағына, малды орналастыруға, демалыс алаңдарына және баска бөліктерге ерекше көңіл бөледі. Жазғы жайлымда малды жайу және лагерде ұстау тәсілдері, күн тәртібі, малдарды шағатын жәндіктерден және т.б қорғау ережелері.

Гигиенаның міндетіне бағытты түрде еркек және ұрғашы малдарды пайдалану ережелерін, сиыр, қой, жылқы, түйе және тағы басқа салага гигиеналық әдістерді енгізу жатады.

Осы гигиенаның комплекстік шаралары іс жүзіне гигиена ғылымының бөлігі-тазалық сақтау ілмі арқылы іске асырады. Гигиена ілмі сақтандыруға бағытталған, бұл пән басқа пәндермен тікелей байланысты физика, химия, микробиология, физиология, зоотехния және ауыл шаруашылық экономикасымен.

Гигиенаның ғылыми деректеріне байланысты жалпы сақтандыру және мал дәрігерлік, тазалық сақтау шаралары, жұқпалы, паразиттік және жұқпалы емес аурулармен күрес жургізе алады.

Зоогигиена пәні екіге бөлінеді: жалпы және жеке гигиена болып.Жалпы гигиена ауа кеңістігін, жер қыртысын, суды және суаруды, азықты және азықтандыруды, қораны және малға қарауды, сонымен қатар малды қыста және жазда ұстауды зерттейтін пән.

Жекеше гигиена-жеке мал жүретін, жасына және малды пайдалануға (мысалы жас малдар, асыл тұқымды, сүтті, жүнді т.б.) бағытталған.

2.Гигена пәнінің қысқаша даму тарихы.

Ауыл шаруашылық малдарының гигиенасы жалпы эвалюция формациясымен бірге дамыған. Гигиеналық әдістер және оны қолдану тәсілдері малды қолға үйретуден бастап белгілі болған. Бірнеше гигиеналық шараларды Индияда және Қытайда қолданған. Біздің эрамызға дейін 2000жыл бұрын Египетте малға мал дәрігерлік көмектер және алдын ала ауруларға ескерту шараларын қолдана білген.

Россияда гигиеналық жағдайлар XVII-ғасырдың аяғында XVIIIғасырдың басында практикаға енгізген, асыл тұқымды заводта жылқы және қой өсіру ушін.

Товарлық және асыл тұқымды мал шаруашылығының XIXғасырдың ортасынан бастап дамуына байланысты мал гигиенасына К.Дамманның басшылығы көп әйгілі болған. XXғасырдың басында Батыс Еуропада ғалым М.К.Лиммераның зерттеулері кітап болып жинақталған. Германияда,Россияда И.П.Попов, Г.И.Свитлов және Н.П.Червиннің зоотехникалық және совхоздардың шығуына байланысты ауыл шаруашылық малдарына жоспарлы түрде гигиеналық талаптар және ережелер шыға бастаған. Осы кезде мал мамандарын дайындау үшін М.Ф.Иванов, И.А.Добромыслов және Г.И.Гуриннің оқулық кітаптары шыққан. 1930жылдары зоотехникалық және мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институттері немесе зоогигиеналық лабораториялар ашылған. Зоотехника мал дәрігерлік институтта гигиена кафедра ұжымдары ашылган. Соңғы кездерде зоогигиенисттердің ғылыми және ғылыми-практикалық байланыстары ұлғайып келеді. Көптеген зоогигиенисттер дуниежүзілік конгрестерге қатысуда.



3.Зоогигиеналық зерттеулердің әдістері.

Қоршаған сыртқы ортаның малға тигізетін әсерін, оны дәлелдеу үшін және гигиеналық мөлшерлер және ережелер жасау үшін әр түрлі әдістемелік зерттеулер жүргізу қажет. Оның бірі:

1.Тазалық сақтауды (санитария) тексеру әдісі. Бұл әдіспен ферманы, мал қораларын, жайлымды, лагерді, су көздерін, азықтың сақталуын және азықтандыруға дайарлауды, азық дайындайтын орындарды, малдарды күту және қарау тәсілдерін, олардың малдың денсаулығына және өніміне әсерін тексеру. Бұл әдіс физикалық, химиялық, микробиологиялық, лабораториялық зерттеулер жургізілген ауаға,суға, жер қыртысына, азыққа т.б байланысты болып есептеледі.

2.Клиника-физиологиялық байқау әдісі. Малды пайдалануға және әр түрлі жағдайларда азықтандырғанда организмде функционалдық өзгерістер болуын зерттеу, бұл әдіс қазіргі гигиенада кеңінен қолданылады. Сонымен қатар таксико-гигиеналық, клиникалық, физиологиялық, зоогигиеналық әдістемелерде қолданылады.

3.Санитарио-статистикалық әдіспен әрбір зонада, регионда, аудандарда және шаруашылықта малдың өсуін, беретін өнімін, ауруларын есепке алып осы әдіспен зерттеулер жургізіледі. Бұл әдіспен малдың өсуіне әсер ететін табиғатың ауа-райына, шаруашылықтың эканомикалық жағына, оның ішінде азықтандыруға, ұстап-күтуге анализдер жасалынып отырылу қажет. Бұнда математикалық әдістемелерді және тәсілдерді қолданып математикалық моделдерді кірістірі қажет.

4.Экспериментальдық әдіс.

Бұл әдіспен малға әсер ететін сыртқы ортаның, оның ішінде қораның микроклиматы, азық,су, күту тәсілдері, жас малдарды өсіру және пайдалануды үйрену үшін тексеру қажет. Бұл әдістің негізгі мақсаты осы жүргізілген зерттеулер арқылы малдың өнімін жоғарлату және аурудың алдын алып гигиеналық ұсыныстар, ережелер және талаптар енгізу.


Дәріс 3,4

Ауаның физикалық қасиеттерінің ауыл шаруашылық малдары үшін гигиеналық маңызы.

  1. Денедегі жылу алмасу процессі мен сыртқы ауаның арасындағы байланыс.

  2. Ауа температурасының денеге тигізетін әсері.

  3. Ауаның ылғалдылығы, қысымы және қозғалысының гигиеналық маңызы.

1.Ауа кеңістігі комплекстік физикалық, химиялық, механикалық және биологиялық фактор, ауыл шаруашылық малдарының физиологиялық функциясына, өніміне, өз төлінен өсуіне, денсаулығына және т.б. қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Ауа және оның кейбір элементтері, орталық жүйке тамыр арқылы организмге әсер етіп, оған қарсы реакция және адаптациялық қасиеттер туғызады. Малдың, ауа ортасына біртіндеп бейімделуіне байланысты, организм ауаның әртурлі жағымсыз әсерінен қорғанатын қасиеттер немесе өнімдерін төмендетпейтін әрекеттерге бейімделеді. Егерде қарсы күресетін қасиеттер пайда болмаса ауруға шалдығып, беретін өнімдері төмендейді, сонымен қатар қарсы күресуге тұрақтылығы болмайды. Белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу кезінде, организмде әртүрлі қоздырғыштардың әсерінен стресс жағдайларға келеді, бұл кезде организмде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер болып, организмде жаңа бейімделу және қорғану қасиеттері пайда болады. Ауыл шаруашылық малдарында стресс жағдайлар, ауа райының қолайсыздығынан, дұрыс азықтандырмағандықтан және суармағандықтан, технологиялық процестерден, дәрігерлік әрекеттерден, дұрыс тасымалдамағандықтан болады.

Бұндай факторларды болдырмау үшін және стресс жағдайларды туғыбау гигиеналық, дәрігерлік-санитарлық және зоотехникалық бақылауды малды қоршаған ортаның параметрлеріне байланысты жүзеге асыру керек.

Сондықтан да ауаның физикалық және химиялық ұрамын малдың организміне жағымды жағына байланысты өзгерту керек. Ауа факторларының ішінде малға ауаның физикалық қасиеті қажеттірек: температура, ылғалдылық, қысымы, ауаның жылдамдылығы, күн сәулесі т.б. Организмге және оның физиологиялық функциясына ауаның физикалық қасиеті гигиеналық жағынан үлкен әсер етеді; себебі ол үнемі организмге әсер етеді. Ауаның физикалық қасиеттері газ алмасу, зат алмасу, жылу алмасу, дененің және терінің температурасы, қанның физика-химиялық қасиеті жағынан да гигиеналық мәні ерекше.

Жануарлар денесі температурасы жағынан суық қанды және жылы қанды болып бөлінеді. Суық қандыға денелерінің температурасы тұрақсыз жануарлар жатады. Жылы қандыларға дене температурасы тұрақты 36-дан 42°С дейінгі үй және дала жануарлары, құс, адам жатады. Тұрақты денедегі температура организмдегі жылылықтың теңдігіне байланысты, былайша айтқанда денедегі жылумен сыртқа берілетін жылудың сәйкестігінен, немесе келетін және шығатын жылылық тең болу керек.

Жануарлардың организміне тән қасиет денеде үнемі жылу құру және жылу беру болып тұрады. Сондықтан да дененің жылу реттегіш қасиеті денедегі зат алмасу қасиетіне байланысты жылылықты реттеу тері арқылы, жүйке тамыры арқылы, демалу органдары арқылы болады.

Денеде тұрақты температураны ұстау көбінде улкен жарты шардың қабығына байланысты. Шартты рефлекстердің әсерінен оңай температуралық факторлар істеледі. Жылу реттеу малдың физиологиялық құрлымына, қоңдылығына, жыл мезгіліне, зат алмасуға, терідегі жүнге т.б. байланысты өтеді. Дененің жылылығы-денедегі аэробты және анаэробты белоктардың, майдың және углеводтардың нәтижесі. 1грамм белок ажырағанда 4,1ккал, 1грамм май ажыраганда 9,3ккал 1грамм углеводта-4,1калл жылу шығады. Денеден жылудың көпшілігі тері арқылы шығады.

Жылу сәулесі (радияция)-денеге тері арқылы және дененің тереңірек жеріне ұзын толқынды инфрақызыл сәуле ретінде қоршаған ортадан (қабырғадан, еденнен, төбеден) беріледі, егер қоршаған ортаның температурасы мал терісінің температурасынан төмен болса, сонымен қатар дымқыл ауа арқылы төменгі температурада саулелену арқылы жылу жоғалтуды, оны азайту үшін, қабырғаны, төбені, еденді, есік-терезені жылылап, ауаның ылғалдылығын азайтуға тырысу керек, әсіресе малды қыста қолда ұстағанда. Егер терімен сыртқы қоршаған ортаның температурасы бірдей болса онда терімен сәулелену болмайды, ал егер сыртқы қоршаған ортаның температурасы жоғары болса онда керсінше-малдың терісі қызарады да, осылай алмасу реакциялары болып тұрады.

Конвекция-қоршаған ортаға ауа қабатына малдың дене жылуын беру жолдары. Ол мал денесінің айналасында үнемі өзгеріп тұратын жылынған ауа қабыршағын құрайды.

Жылу өткізгіштік-малдың денесінің суық еденмен, жермен, қармен, сонымен қатар шомылдырғанда және жуғанда шығады. Егер терінің және қоршаған ауаның температурасы бірдей болса, онда жылу өткізгіштік және конвекция тоқталады, ал ауаның температурасы терінікінен жоғары болса, онда конвекция терінің қызуына әсер етеді. Малдың денесі жүнмен жабдықталғандықтан оның өзіндік ерекшеліктері бар, сол сияқты құстардың да.Жүн және кұс қауырсындары денені температураның әр түрлі әрекеттерінен сақтайды, жылуды жаман өткізетін болғандықтан.

Булану тері бездерінің тер шығаруына байланысты малдың терісі арқылы булану шығады (1гр ылғалдың булануына 0,6ккал жылу жұмсалады).

Ауаның жылуы және булануы тыныс органдарының жолынан шыққан жылу арқылыда жылынып буланады. Ал тері бездері жоқ және құстарда ылғалдың булануы жиі демалыс кезінде тысқа шыққан тіл арқылы болады. Құстардың жылу беруіне олардың айдары және сырғалары да активті түрде қатысады.

2. Ауа температурасының денеге тигізетін әсері.

Ауаның атмосфералық температурасына күннің ұзақтығы, жыл мезгілі, жердің рельефі, оның теңіз деңгейінен биіктігі, жылы немесе суық желге, өсімдіктерге және т.б. байланысты.

Ауаның температурасы-жануарлардың организмін қыздырушы күш. Сыртқы ортаның температурасының гигиеналық мағынасы, оның жануарлар организмінің жылуды реттеуге әсері. Сыртқы ортаның температурасына байланысты болғандықтан организм соған қалыптасады немесе өзінің жылу ретіне қарай. Алмасу және жылу өнімдері ең аз қоршаған ортаның температурасын талғаусыздық жылы зонаға немесе жабдықталған температура деп атайды.

Көптеген шетелдік зерттеушілер комфорттық температураға немесе қолайлы температураға үлкен мән береді, өйткені бұл жағдайда жануарлардан ең жоғарғы өнім алады. Біздің елде әртүрлі малдың түрлеріне және топтарына байланысты қолайлы температура жетілдіру көзделген. Мысалы сүтті сиырларға 10°С орнына 8-16°Сқабылдау.

Организмге жоғары температураның әсері: терлемейтін малдарда температураның тепе-теңдігі үлкен күшпен ұсталынып тұрады, сондықтан да әртүрлі температура жануарларға күшті әсер етеді. Әсер етуші ортаның температурасы жоғары болып, тым ұзаққа созылса онда организмде зат алмасу және ткандердің функциясы өзгереді. Ауыл шаруашылық малдарында қайта қайтарылмайтын температуралық өзгерістер 43-44°С дейін, құстарда 47°С болады.Мадың денесінің өте қатты қызуын-ыстық соғу деп атайды. Ыстыққа шалдыққан малдың температурасы (42°С) жоғары болады, тік ішекте және теріде, сондықтан да қатты терлейді, жүрек соғу жиілейді, тынысы тарылады, денесі дірілдеп, жүрістері бұзылып ауыздан көбік сілекей ағады, ессіздік жағдайға ұшырайды. Денелері тартылып әрі қарай сал ауруына шалдығып өледі. Жоғары температура малдың жыныс органдарына әсер етіп ұрықтану төмендейді, құстардың 32-ден 50°С дейін аралықта жұмыртқалағыштығы төмендейді. Ыстықты арық малдар, сонымен қатар жоғары температураға қалыптасқан малдар жақсы төзеді. Жануарлар ыстықтатпау үшін қораның ылғалдылығын азайтып, ауаның жылдамдығын жоғарлату қажет, сонымен қатар малды тығыздамай, салқын сумен суарып, рационды азайтып гигиеналық талапты сақтау қажет.

Жануарлар төменгі температураға да өте сезімтал, төменгі температура әсіресе жас малдарға қатты әсер етеді. Жануарлардың организміне суық әсерін екі сатыда қарауға болады: 1) организм суықтан қорғанады немесе қорғану сатысы, 2)суыққа қайрат корсете алмауы. Егер температура өте төмен болса онда терінің қан тамырлары жиырылып қанның жүрісі төмендеп терінің сыртқы ортаға жылу шығаруы төмендейді. Осыған байланысты малдың беретін өнімдері де төмендейді. 35-70ке шошқалар қалыпты (22°С) температурада тәулігіне 900гр салмақ қосады,ал 4,5-5°С температурада 500гр дейін азайады. Азық шығыны 1,5-2 есеге жоғарлайды. Жұмыртқалағыш тауықтар 12ден 5,5°С температурада 12% жұмыртқа беруі азайады.



3 Ауаның ылғалдылығы, қысымы және қозғалысының гигиеналық маңызы

Ауа әр уақытша су буын ұстайды, оның мөлшері ауаның температурасына және қозғалу жылдамдығына, сонымен қатар жердің физика-географиялық жағдайына, жыл мерзіміне, тәулікке және ауа райына байланысты өзгеріп отырады.

Мал қорасының ауасында су буы коп болады атмосфераға қарағанда. Қора ауасына атмосфераның ылғалдылығынан басқа 10-15% мөлшерінде еденнің, азық және су беретін науаның су буында түседі. Ең көп су (75%)тері арқылы буланып шығады, тыныс жолдарының шырышты қабығы және ауыз арқылы, сонымен қатар демалғанда деммен шығады. Мысалы: сиыр 400кг тәулігіне 8,7-13,4кг, жұмыс аты 7,0-8,8кг, емізіп жүрген аналық шошқа 2,2кг, қой 1,0-1,5кг су буын шығарады.

Ауаның ылғалдылығы әртүрлі өлшемдермен сипатталады, немесе ауаның ылғалдылығын өлшейтін аспаптың (гигрометр) көрсеткіштерімен: абсолютті, мксимальді және салыстырмалы ылғал ретінде. Абсолютті ылғал (е)-белгілі бір температурада 1м³ ауадағы су буы граммен, немесе оның серпімділігі, сынап бағанының милиметрімен алынған.

Максимальды ылғал (Е)-белгілі бір температурада 1м³ ауаның ұстайтын су буының шегі.

Салыстырмалы ылғал(R)-абсолютті ылғалдың максимальдікке қатынасы процентпен алынған:

Rz(е/E)·100=R=100

Дефицит көп мөлшерде немесе кем мөлшерде.(Д ауадағы ылғал)-максимальды және абсолютті ылғалдың арасындағы айырмашылық белғілі бір температурада

Д=Е

Шық нүктесі (Т)-температура ауадағы судың буы, әбден қаныққан соң бұлтқа және сұйыққа айланады.

Ылғалдың гигиеналық маңызы өте зор. Әр түрлі метеорологиялық факторлармен ауаның ылғалдылығы ауа райын және микроклиматты анықтайды, сондықтан да жануарлардың организміне жанама әсер етеді, ауа, жер қыртысы, су және өсімдіктер арқылы және тікелей әсер етеді. Ауадағы су буының жануарларға тікелей әсері мынадай; қоршаған ортаның ылғалы жануарлар организмнің жылуды реттеуіне, сонымен қатар жылу беруіне. Тыныс жолдары және тері арқылы организмнен ылғалдың булануына ауадағы ылғалдың әрекеті жылу алмасумен түсіндіріледі. Тері арқылы ылғал тер ретінде және газ сияқтаным шығады. Организмнен ылғалдың буланып шығуы қоршаған ортаның жағдайына байланысты, алдымен температурасына, ылғалдылығына, ауаның жылдамдық қозғалысына, сонымен қатар малдың жағдайына байланысты.

Жоғары ылғалдылық (85% және жоғары) организмге және жылу беруге, қоршаған ортаның жоғарғы және төменгі температурасында да жағымсыз әсер етеді.

Көптеген зерттеулермен ауаның жоғары ылғалдылығы қорада малдың тері ауруларына, экзема және қотырға шалдықтырады.

Ауаның жылдамдығы күн сәулесінің жер бетін бірдей қыздырмауына байланысты. Жылдамдылық 30-60м/с және одан да көп болады. Жалпы ауаның жылдамдылығы жердің рельефне байланысты, көптеген жол кедергілеріне тоғайға, ауылдарға т.б. Желдің бағытын горизонт нүктесімен анықтайды, қай жақтан жел соғып тұрғанын.Желдің бағытын латын немесе орыс әрпімен белгілейді С немесе N-солтүстік Ю немесе S-оңтүстік, В немесе Е-шығыс, З немесе W-батыс

Қалыпты жел малдарға қолайлы әсер етеді, әсіресе ыстықта. Суық және ылғалды жел малды қатты тоңдырады.Малдың өнімінің төмендеуіне, тәбетінің нашарлауына, қатты терлеп және булануына, шөлдеуіне, ауаны шаң тозаңмен толтырып, өсімдіктердің қурауына қатты жел күшті әсер етеді.

Суық және ылғалды жел малдың денсаулығына өте қауіпті, егер қораның екі жақ есігі және терезелері немесе қораның қабырғаларында қуыстар болса-аңызақ жел. Сондықтан да малды суық кундері суықтан қорғау үшін қорада ауаның жылдамдығы төмен болу керек.Жылытылмайтын қорада қыста ауаның жылдамдығы 0,15тен-0,3м/с, ал жылынатын қорада 0,5м/с болу керек, ауаның қалыпты температурасында және ылғалында жазда қорада 0,5-1м/с дейін жеткізуге болады. Әлде де болса көптеген кемістіктер бар толық зерттелмеген.

Жер шарын қоршап тұрған ауаның массасы бар,сондықтан да жер бетіне және қоршаған заттарға қысым жасайды. Қысым сынап бағанының милиметрмен есептеледі,ол жердің теңіз деңгейінен биіктігіне және ауаның температурасына байланысты. О теңіз деңгейінің 1м/с 1,033кг ауа қысымы бар, бұл сынап бағанының 760мм (қалыпты барометрлік қысым). Ауаның қысымы "бар"мен өлшенеді. Сынап бағанының қысымының 0,75мм биіктігіне, ал1мм сынап бағанасының қысымының биіктігі 1,3332 милибарға (мб) тең. Ауаның қысымы ауа райына әсер етеді, ал ауытқуы күн райына әсер етеді. Таулы жерлерге үйренбеген малдарда тау аурулары мұхит деңгейінен 2500-3000м биіктікте пайда болады. Ауа қысымы жоғары болса қайта күн ашық болып, ауа құрғап, жел болмайды, Ал ауа қысымы төмен болса күн бұлттанып,жел соғып боран,жауын-шашын болып жануарларға әсер етеді. Ауаның қысымы төмен болғанда терінің және шырышты қабаттың қан тамырлары кеңейіп қан көп жүреді. Клеткаларда оттегі жетіспеуден организмде зат алмасу бұзылады, организмде толық тотықпаған заттар көбейіп қан тамырларының қабырғалары арқылы қанға барып организмді уландырады, содан қан кетеді.Егер малдар төменгі ауа қысымда көп жүрсе олар соған тез үйреніп жеңіл төзеді.

Дәріс 5,6

Ауаның газдық құрамы және қорадағы зиянды көміркышқыл газының гигиеналық маңызы.
Ауаның газдық құрамының гигиеналық маңызы.
Атмосфералық ауа – азот, оттегі, көмірқышқыл газы, аргон тағы басқа инертті газдардың қоспасы болып саналады. Ауаның төменгі атмосфера қабатында газдың құрамы тұрақты болып келіп, белгілі бір көлемдік және салмақтық мөлшерде болады (кесте 8).
Атмосфералық ауаның газдық құрамы, %
Кесте 8


Газ аттары

Проценттік құрамы,%

Газ аттары

Проценттік құрамы,%

Азот

78,09

Метан

0,00022

Оттегі

20,95

Криптон

,00001

Аргон

0,93

Азоттың тотығы

0,0001

Көмірқышқыл газы

0,03

Сутегі

0,00005

Неон

0,0018

Ксенон

0,000008

Гелий

0,00052

Озон

0,000001

Жоғарылаған сайын ауаның сиректігі артуына байланысты, ондағы әр газдардың бір көлемге шаққанда құрамы мен парциалдық қысымы төмендейді.

Мысалы, теңіз денгейінен санағанда оттегінің концентрациясы 1 куб.м 299 грамм болса, 15 шақырым биіктікте 15 грамм, ал парциалдық қысымы теңіз деңгейінде 160 мм.с.б және 15 км биіктікте 8,0 мм.с.б. немесе 21,3 және 2,5 гПа болады.

Бұл газдардан басқа атмосфералық ауада су буы, әртүрлі табиғи қоспалар, өндіріс қалдықтарының түйіршіктері, микроорганизм, құрт – құмырсқа, шыбын – шіркей, жәндіктердің денелері кездеседі. Әсіресе, ірі ауыл маңдары мен өндіріс орталықтарына таяу аймақтардың ауасы аса ластанған болып келеді. Сондай улы қоспалардың қатарына күкіртті сутегі, иіс газы, хлор, азот қышқылының тотықтары т.б. жатқызуға болады. Ауаның ластануының негізгі көзі болып ауыр өндірістердің қалдықтары, автокөліктердің түтінді газдары, органикалық қосындылардың шіруінен шыққан улы газдар – аммиак, метан, күкіртті сутегі т.б. саналады. Кейбір газдардың ауадағы концентрациясы шамалы болғанымен малдардың, адамдардың денсаулықтарына зиянды әсерін тигізіп, рефлекторлы түрде, көбінесе тыныс жолдарында ауру тудырады. Соңғы жылдары ерекше елеңдететін проблемалы мәселе болып, атмосфера ауасының әртүрлі сынақтардың нәтижесінде туған радиактивті заттармен ластануы саналады. Атом, сутегі қаруларын өндіріп, сынақ жолдарында атмосфераға өте көп мөлшерде радиоактивті заттардың изотоптарымен араласқан шаң - тозаңдар түседі. Оның ішінде аса қауіптілері стронций 90, цезий 137 өсімдіктердің бойына сіңіп, одан мал, адамдар организмдеріне түсіп, сүйектерде жинақталып уландырады.

Бұл атмосфералық ауаға қарағанда жабық қорлардың ауасының кұрамы ерекше бөлектенеді. Жабық қоралардың ауасының құрамының өзгешелігі олардың санитарлық – гигиеналық жағдайларына, әсіресе ауа алмастыру, көң тазалау жүйелерінің жұмысына, малдарды ұстау тәсілдеріне, орналасу тығыздығына, азықтандыру және суару әдістеріне т.б. тікелей байланысты болады. Мал қораларының ауасында көбінесе азоттың және оттегінің концентрациясы көп өзгеріссіз болады. Бірақ ауа құрамына мал нәжістерінен, шіріген органикалық заттардан және малдардың демімен бөлінген су буы, газдар қосылғанда азот пен оттегінің үлесі азаяды.

Оттегі О2 -иіссіз, түссіз, таза өзі улы газ. Организмнің өмір сүруі тікелей оттегінің қатысына байланысты болады. Себебі, ол барлық зат алмасу процесстерінің жүруіне, тотығуына, мүшелердің клетка аралық тыныс алуына қатысады. Сондықтан әр орган оттегі жеткілікті болса ғана қалыпты жұмыс жасайды. Деммен түскен организмге оттегі қанның эритроциттерінің гемоглобинімен қосылып, барлық денеге ұлпалар мен клеткаларға жеткізіліп, денедегі тотығу процесстерінің қалыпты жүруін қамтамасыз етіп тұрады. Сондықтан оттегінің денеде жетіспеушілігі ауыр патологиялық өзгерістерге ұшыратып, әсіресе гипоксияға өте сезімтал орталық нерв жүйесінің қызметін бұзады.

Ауаның температурасы 35-40 градусқа дейін жоғарылап және ылғалдылық көтерілсе оттегінің парциалдық қысымы төмендейді (21,3 тен 18 гПа дейін) немесе 160 – тан 135,2 мм. с.б.), яғни ауру және жоғарғы өнімді малдар мен құстарды ұстау кезінде ескеру қажет.

Гипоксияның ауыр түрі ауадағы оттегінің парциалдық қысымы 16 гПа яғни 110 мм.с. бағанасына дейін төмендегенде болады. Ондай жағдай шыңдарда 2500 -3000 м. биіктікте кездеседі. Биікке жайылатын тау ешкілері, архарлар, яктар тез бейімделеді де оттегінің парциалдық қысымының 13 гПа дейін төмендегенін ауырламайды. Биік таулы жайылымдарға организмнің адаптациялану (бейімделу) механизмі қандағы эритроциттер мен гемоглобиндердің мөлшерін көбейтіп ұлпадағы кейбір ферменттердің түзілуін жақсартып, тотығу процесстерін арттыруда болады. Таза оттегінің уландыру қасиетін оның (өзіндік тотығу мен ұлпадағы бос радикалдар түзіліп) ферменттермен, коферменттермен тотығуымен байланысты болады да, клетка аралық мембраналар жыртылады да, өкпе суға толады.

Малдардың оттегін пайдалану мөлшері оның түріне, жасына, жынысына, физиологиялық ерекшеліктеріне т.б. байланысты болады (кесте 9)


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет