Лекция 5 Қысқа танапты мақталық ауыспалы егістердің тиімділігі



Дата22.02.2019
өлшемі1.59 Mb.
#98944
лекция 5
Қысқа танапты мақталық - ауыспалы егістердің тиімділігі
Қазіргі таңда өндіріске ауыспалы егістерді енгізу және игеру, топырақ өңдеудің дұрыс және тиімді жүйесін қолдану, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту, тәлімі жерлерде топырақ құрамындағы ылғалды және жауын-шашынмен түскен суды тиімді пайдаланумен егіншілік жүйесінің мәдениетін арттыру, тұқым өндіру тізбегін ғылыми негізде ұйымдастыру, жергілікті органикалық, биоорганикалық және минералды тыңайтқыштарды өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдану, барлық озық агротехникалық шараларды механикаландыруды қалыптастырып, жалпы егіншілік жүйесінің ұтымды бағытын қолдану басты мақсат болып есептелінеді.

Бірақ та, кейінгі 15 жыл көлемінде Мырзашөл өңірінің суармалы жерлерінде тік және көлденең кәріздер істен шығып, жер асты суының деңгейі жер бетіне жақындап, тұздар да көтерілуде. Жер асты суының осындай кері әсерінен суармалы алқаптардың экологиясы мен мелиоративтік жағдайы күрт төмендеуде.

Қазіргі нарық заманындағы отандық мақта өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы, мақта қозасын баптаудағы жаңа тиімді технологияларды жасап шығару қазіргі таңда өте үлкен өзектілік танытады.

Ауыл шаруашылығында өндірлетін өнімнің дүниежүзілік және отандық нарықта бәсекеге қабілетілігін арттыру агроөнеркәсіп өндірісін дамытудағы өзекті мәселе.

Қазіргі таңда өндіріске ауыспалы егістерді енгізу және игеру, топырақ өңдеудің дұрыс және тиімді жүйесін қолдану, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту, тәлімі жерлерде топырақ құрамындағы ылғалды және жауын-шашынмен түскен суды тиімді пайдаланумен егіншілік жүйесінің мәдениетін арттыру, тұқым өндіру тізбегін ғылыми негізде ұйымдастыру, жергілікті органикалық, биорганикалық және минералды тыңайтқыштарды өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдану, барлық озық агротехникалық шараларды механикаландыруды қалыптастырып, жалпы егіншілік жүйесінің ұтымды бағытын қолдану басты мақсат болып есептелінеді.

Жергілікті табиғи және экологиялық жағдайларын ескере отырып жеке фермерлер мен кәсіпорындардың жерді барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін агротехникалық және ұйымдастырушылық шараларының жиынтық кешені – ол егіншілік жүйесі.

Егіншілік жүйесінің қарқынды буындарының бірі - ауыспалы егістер. Ол өсірілген дақылдардың көлемі мен алмастырып егу тәртібін анықтап қана қоймай, көп жылдар бойы жүргізілетін агромелиоративтік және басқа да іс-шараларды жүйелі түрде іске асыруға негіз болады. Егіншілік мәдениетін арттыру, осы негіздерге тікелей байланысты болып келеді, және де әр гектардан алынатын өнімді жылма-жыл молайту, егін шаруашылығын тұрақтылығын арттыру шарттарының бірі ауыспалы егістерді өз тәртібімен жүргізу болып табылады.

Ауыспалы егісте жоңышқа, дәнді және фитомелиоративті дақылдардың маңыздылығы ерекше, себебі жоңышқаның 2-3 жылдық тұрағы мен дәнді және фитомелиоративті дақылдарды өсіріп, агромелиоративтік іс-шараларды кешенді жүргізгенде, топырақтың ылғалдық-физикалық қасиеті анағұрлым жақсарып, органикалық заттары көбейеді және де агрегаттық құрамын тұрақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар суармалы жерлердегі топырақтың тұздану-сорланумен күресуде, жоңышқаның физикалық – химиялық және мелиорациялық қасиетінің маңызы зор.

Әртүрлі келеңсіз жағдайларға төзімді жаңа мақта сорттарын ендіру және топырақ құнарлылығын арттыру мақсатындағы ғылыми негізделген тиімді ауыспалы егіс тізбектерін жетілдіру барысындағы ғылыми негіздерге сүйене, нарық заманындағы отандық мақта өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы, мақта қозасын баптаудағы жаңа технологияларды жасап шығару қазіргі таңда өте үлкен өзектілік танытады.

Қазіргі көкейкесті мәселердің бәрі - бұл ашық сұр топырақтақта құнарлылықты қалпына орнықтыру арқылы өнімділікті арттыру.

Ауылшаруашылық өндірісін әртараптандырудың басты принциптерінің бірі егіншілік мәдениетін көтеру, жаңа тиімді агротехнологияларды қолдана отырып өндірілетін өнімнің өнімділігімен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сонымен бірге өндірілетін өнімнің өзіндік құнын барынша төмендету.

Сондықтан да егіншілік жүйесінің осындай негізгі буыны – ауыспалы егіс тізбектерін өз тәртібімен жүргізілуге жауапсыздықпен қарауға жол берілмеуі тиіс. Өйткені ауылшаруашылығын өркендету мүддесі ауыспалы егістерді енгізіп, игеру ісін барынша қолға алуды қазір әсіресе керек етеді. Ауыспалы егістердің тәртібін сақтау, қазір ауылшаруашылығын жүргізудің негізгі заңы ретінде қаралуы тиіс.

Суармалы жерлерді пайдалану көп жағдайда жер мен су ресурстарын ескере ала отырып, топыраққа құнар жинау, оны сақтау және де егін шаруашылығы алдында тұрған негізгі міндеттері егіншілік өнімдерін едәуір арттырып, интенсивті түрде жүргізілуін талап етеді. Бұл ресурстарды тиімді пайдалану үшін мақта өсіретін облыстың әртүрлі аймақтарының ерекшеліктеріне, табиғи-климат жағдайларына сай ауыспалы егіс тәртібін орнатуды мұқият ескеру керек.
Ауыспалы егіс жүйесінің мақта шаруашылығындағы орны
Оңтүстің Қазақстанның ашық сұр топырақ құнарлылығын көтеру және мақта қозасының өнімділігін арттыру жолдарының басты ережелері - бұл ауыспалы егіс тізбектерін өз тәртібімен оңтайлы жүргізу болып табылады.

Облыста суармалы жерлерді пайдалану көп жағдайда жер мен су ресурстарын ескере ала отырып, топыраққа құнар жинау, оны сақтау және де егін шаруашылығы алдында тұрған негізгі міндеттері егіншілік өнімдерін едәуір арттырып, интенсивті түрде жүргізілуін талап етеді. Бұл ресурстарды тиімді пайдалану үшін мақта өсіретін облыстың әртүрлі аймақтарының ерекшеліктеріне, табиғи-климат жағдайларына сай ауыспалы егіс тәртібін орнатуды мұқият ескеру керек.

Ауыл шаруашылығында егіншілікті жүргізу жүйесі дұрыс ауыспалы егістіктерге негізделуі тиіс. Ауыспалы егістер, ең алдымен шаруашылықта белгілі бір тәртіп орнатуға мүмкіндік береді. Олар топырақтың құнарлылығын неғұрлым жақсартып, ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алуды қамтамасыз етеді және де мал шаруашылығы үшін берік жемшөп базасын жасауға мүмкіндік туғызады.

Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының көп жылдық тәжірибе жұмыстары, ауыспалы егістіктерді игермейінше егіншіліктің ғылыми тұрғыдан негізделген жүйесін жүргізу мүмкін емес екендігін дәлелдеп келеді.

Қазіргі таңда шаруа қожалықтарында ауыспалы егістіктерді енгізу және игеру ісінің жолға қойылуы өте нашар, яғни айтқанда ауыспалы егіс танаптарының шекаралары, жер бөлінгеннен кейін тіпті шатысып кеткен. Сондықтан да ауыл шаруашылығын өркендету барысында мол өнім алу үшін ауыспалы егістіктерді енгізіп, игеру ісін шындап қолға алуды керек етеді.

Мақтаға ең қолайлы алғы дақыл – жоңышқа мен басқа бұршақ тұқымдас дақылдар. Топырақты органикалық заттармен, азотпен байытумен қатар ол сортаң жердің жақсы мелиораторы. Топырақты екінші рет сортанданудан сақтандырады, сонымен бірге оның үстіңгі қабатындағы судың буға айналуы біржола тоқталады.

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егісінің қосалқы алғы дақылы ретінде беде (жоңышқа), бұршақ тұқымдас дақылдар және дәнді дақылдардың айрықша маңызы бар екенін көп жылдық тәжірибе жұмыстары көрсетіп отыр.

Ауыспалы егіс топырақтың құнарлығын сақтап, өнімділігін арттыруға әсерін тигізеді. Белгілі бір жер көлемінен еңбек және материалдық шығынды өте аз жұмсап, мол өнім алуды егіншілік жүйесінде ауыспалы егістің қамтамасыз ететіні белгілі.

Ауыспалы егістікте жоңышқа болған уақыттың ішінде топырақтың ылғалдық-физикалық қасиеті анағұрлым жақсарып, органикалық заттары көбейеді және де топырақтың агрегаттық құрамы тұрақталуын қамтамасыз етеді. Жоңышқаның арқасында топырақ құрамында қарашіріндінің, азоттың және де басқа қоректік микроэлементтердің мөлшері едәуір көбейеді. Жоңышқадан кейін мақта егісіндегі солдырма, мақта тамырларының шіру аурулары бәсеңдеп, суармалы жерлердегі топырақтың физикалық-химиялық және мелиорациялық қасиетінің маңыздылығы да артады. Жоғары агротехникалық дәрежеде өсірілген жоңышқалық топырақтың жыртылатын қабатында жыл сайын 100 келідей азоттық қорек жинайды.


Ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты топырақтың агрофизикалық қасиетінің ауытқуы.
Ауыспалы егіс тізбектеріндегі мақта қозасының бірегей егістерінің, жоңышқалықтың және бұршақ дақылдарының өнімдерін жинап алғаннан кейін жүргізілетін агромелиоративтік іс-шаралардың, топырақ қабатына келтіретін агрофизикалық қасиеттердің қарқындылық және белсенділік әсерлерін ғылыми негізде анықтауда, тәжірибе жұмыстары жүргізілді.

2009-2011 жылдар арасында ашық сұр топырақ құнарлылығының маңызды элементтерiнiң бiрi, оның агрофизикалық қасиетін зерттеп-талдау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Топырақтың көлем салмағын 30см тереңдікке дейін талдап-анықтау, әр 10см -де, яғни 0-10см, 10-20см, 20-30см топырақ қабаттарында жүргізілді.

Ауыспалы егіс тізбектерін бір ротация бойынша, онда бастапқы ротация басындағы вегетация кезегінің басында, топырақтың 0-30 см терең қабатындағы топырақтың көлем салмағы, мақтаның бірегей егісінде 1,48 г/см3 болса, ротация соңында монодақылды нұсқадағы бұл көрсеткіш орнықты дәрежеден жоғары, яғни 1,54 г/см3 болғаны айқындалды, себебі бұл бақылаулы нұсқадағы топырақтың көлем салмағының орнықты деңгейден нашарлауы, мақта қозасы бір жерде қайта-қайта өсірілуі нәтижесінде, топырақтың аргофизикалық қасиеті едеуір төмендейді.

Ауыспалы егіс 2:1 тізбекті – 2 жыл жоңышқа : 1 жыл мақта тұратын нұсқада топырақтың көлем салмағы ротация басында, яғни 0-30 см қабатта – 1,52 г/см3 болса, ротация соңында - 1,30 г/см3 көрсеткіште төмендейді, бұл екінші нұсқадағы топырақтың көлем салмағының орнықты деңгейде орын алуы, жоңышқа дақылының екі жылғы тұрағы топырақтың агрофизикалық қасиетіне едеуір оңтайлы қарқындылық көрсетеді (сурет 1,2).


dsc00218

Сурет 1- Жоңышқа алқабында

топырақтың көлем салмағын

анықтау


Қысқа танапты (1:1:1) - 1 жыл мақта, күзде үстіне бидай егу, агромелиоративті алқаптан тұратын бидайдың 1 жыл тұрағы + 1 жыл мақта тұратын тізбекте, ротация басындағы топырақтың 0-30 см қабатта – 1, 47 г/см3 болса, ротация соңында қарай бұл көрсеткіш 1,37 г/см3 оңтайлы өзгереді.

dsc00806

Сурет 2 – Ауыспалы егіс тізбектері топырағының лабораториялық жағдайда топырақтың құрылым анықтау


Қазіргі таңда мақта қозасының өнімінің жинап алғаннан кейін күзде, жерді жыртпай, яғни жүйек аралықты культивациялап мақта қозасының үстіне күздік бидай егу уақыттың өзі талап етіп отыр (сурет 3).

dsc03760


d:\фото\опыт фото\всходы 2010г.и фото пшеницы\dsc03520.jpg

Сурет 3- Күзде мақта үстіне бидай себілген алқап


Бұл нольдік технология, яғни ресурс сақтау технологиясы. Топырақты өңдеудің нольдік технологиясы егін шаруашылығының экологизациясының ең маңызды бүгінгі күннің, уақтыттың талабы болып қаралады.

Ылғалды сақтау ресурстары технологиясы - бұл жер жыртудан, терең қопсытудан және жерге интенсивті әсер етудің басқа да түрлерінен бас тарту ғана емес, сондай-ақ егістік алқабында өсімдіктің уақталған қалдықтарын қалдыру, арамшөптермен күресу шараларын пайдалану. Ресурсты сақтау технологияларының талассыз құндылығы - егістік алқабына минималды әсер ету.

Келесі жылы күзде мақта қозасының үстіне егілген күздік бидай өнімін жинап алған соң, егістік алқапта агромелиоративтік жақсарту жұмыстарын жүргізуге үлкен мүмкіндік туады (гектарына 40 тоннаға дейін органикалық тыңайтқыштар қолдану, жерді 40 см-ге дейін терең жырту, тегістеу, ылғал сақтау үшін суару).

Кейін өз кезегімен сүрлемдік жүгері, басқа ауылшаруашылық дақылдарын егіп, 2 жылда үш өнім алуға мүмкіндіктер туады.

Топырақтың жоғарғы беті органикалық заттармен қамтамассыз етілген егін алқабындағы жыртылған топырақ қабатындағы өсімдік қалдықтары, жерді су және жел эрозиясынан сенімді сақтайды, сондай-ақ қыратты, құзды жерлерді өңдеу кезінде жер қабатында жиналатын ылғалдылықтың қоры және қоректену элементтері өңдеу мәдениетінің өсуі мен дамуына тұрақты жағдайда әсер етеді, ал бұл жоспарланған өнімділікті алуға кепілдік береді.

Минималды, әсіресе нөльдік өңдеу – бұл жеткілікті түрде тыңайтқыштармен пестицидтармен және қазіргі технологиялармен қамтамасыз етуде ғана жүзеге асырылатын интенсивті агротехнология элементі болып табылады. Күзде өңделмеген топырақ күзгі-қысқы жауын-шашынды тезірек игереді және оны егін егу кезіне дейін жақсы сақтайды, топырақтың агрофизикалық қаситеті артады. Сабан қалдықтарын егіс алқабының жоғарғы бетінде қалдыру Оңтүстік Қазақстанның сутапшылығы жағдайында топырақтағы органикалық заттардың көбеюіне негізгі және қолайлы әдіс болып табылады.

Ресурсты сақтау технологияларын қолдану дәнді-дақылдардың сабанын пайдалану арқылы топырақ құнарлылығының оң балансын шығарып алуға мүмкіндік туғызады.

Сурет 4-Топырақтың 0-30 см қабатындағы көлем салмағының өзгеруі


Бір жыл бұршақ тұқымдас дақылдардан (үрмебұршақ) және 2 жыл мақта өсірілетін тізбектер бойынша, топырақтың терең 0-30 см қабатында ротация басында орташа есеппен 1,48 г/см3 болса, ротация соңында бұл көрсеткіш топырақтың терең 0-30 см қабатында орташа есеппен 1,35 г/см3 жоғары көрсеткіште өзгереді, ал қытайбұршақ дақылы бойынша, топырақтың терең 0-30 см қабатында орташа есеппен көктемде 1,47г/см3 көлем көрсеткішінде болса, ротация соңында топырақтың терең 0-30 см қабатында орташа есеппен 1,33 г/см3, болып, топырақтың көлем салмағы орнықты дәреже көрсеткішіне өзгереді (сурет 4,5).

img_2264

Сурет 5 -Үрмебұршақ егілген

алқап

Қорыта келгенде, ауыспалы егіс тізбектеріндегі жоңышқа, бұршақ тұқымдас дақылдарынан кейінгі мақта егісіндегі топырақтың көлем салмағын орнықты дәрежеге төмендетеді.



Сондықтан да ауыспалы егіс тізбектерін өз тәртібімен жүргізу, аралық бұршақ тұқымдас және агромелиоративтік - жерді жақсарту жұмыстарын жүргізу бағыты, топырақтың физикалық қасиеті мен құнарлылығын неғұрлым тиімді арттыра түсуге, мақта қозасының қарқынды дамуына, сондай-ақ өнімді барынша артыруға үлкен оңтайлы әсерін тигізеді.
Қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты топырақтағы қарашірінді құрамының өзгеруі
Қазіргі таңда оңтүстіктің ашық сұр топырағында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағытымен топырақтың қарашірінді құрамын қалпына келтіру мақсатында, Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институт тәжірибе алқабында, яғни айтқанда Мыршашөл өңіріндегі мақта кең қалыптасқан, ашық сұр топырақты аймағында, сондай-ақ ауыспалы егіс жүйесіне немқұрайлы көзқарасты оңтайландыруда, қысқа танапты ауыспалы егістік тізбектеріне бұршақ тұқымдас дақылдардың топырақ қабатындағы құнарлылыққа келтіретін қарқындылық және белсенділік әсерлері төмендегі нәтижелермен баяндалады

Ауыспалы егістікті қолдануда, әртүрлі дақылдардың топырақтан алған қоректік заттарын кері қайтару қабілеті бірдей болмайды. Мақта қозасын өсіргенде топырақтан алынған қоректік элементтер кері қайтарылмайды, олар жалпы мақта қоза-өсімдігімен, шитті мақтамен өндіріс орындарына кетіп отырады. Осы жағдайларды, яғни қажетті қоректік элементтер тапшылығын, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану арқылы ғана толтыра аламыз. Ал жоңышқа, соя сияқты дақылдарды өсіргенде топыраққа, осы дақылдардың тамырларында шоғырланған түйнек бактериялары арқасында, биологиялық қоректік заттар топыраққа қайта оралады. Сондықтан осы сияқты дақылдарды өзара алмастырып егіп отыру тиімді болатыны сөзсіз.

Дақылдарды алмастырып егудің осы топ себептеріне, жалпы бұршақ тұқымдас дақылдардың тамырында селбесу (симбиоз) түрінде өмір сүретін түйнек бактерияларының іс-әрекетін жатқызуға болады. Сонымен қатар, жоңышқаны алғы дақыл ретінде 2-3 жыл өсіргенде, түйнек бактерияларының көмегімен, топырақтың жыртылатын қабатындағы қоректі азотын гектарына 300-400 келідей ұлғайтады.

Сурет 6 - Топырақтың 0-20 см қабатындағы қарашірінді

құрамының өзгеруі

Жалпы атқарылған ауыспалы егіс тізбектерін 2009-201 жылдары, яғни бір ротация бойынша қорытындысында, бастапқы ротация басындағы вегетация кезегінің басында, топырақтың 0-20 см терең қабатындағы қарашірінді мөлшері, мақтаның бірегей егісінде 0,768% көрсеткіште болса, ротация соңында монодақылды алқапта, бұл көрсеткіш орнықты дәрежеден төмендейді, яғни 0,738%, себебі бұл бақылаулы нұсқадағы топырақтағы қарашірінді мөлшерінің төмендеуі, мақта қозасы бір жерде қайта-қайта өсірілуі нәтижесінде, топырақтың құнарлылығы орнықты дәрежеден төмендеп отырады.

Ауыспалы егістің 2 жыл жоңышқа : 1 жыл мақта тұратын тізбегінде, топырақтың құнарлылығы ротация басында, яғни 0-20 см қабатта – 0,809 болса, ротация соңында – 0,863% көрсеткішке өзгереді, бұл тізбектегі топырақ құнарлылығының артуы, жоңышқа дақылының екі жылғы тұрағы топырақтың агрохимиялық қасиетіне едеуір оңтайлы қарқындылық танытатыны байқалады.

Ал (1:1:1) - 1 жыл мақта, күзде үстіне бидай егу, агромелиоративті алқаптан тұратын бидайдың 1 жыл тұрағы + 1 жыл мақта тұратын тізбекте, ротация басындаға топырақтың 0-20 см қабатта – 0,755% болса, ротация соңында қарай бұл көрсеткіш 0,776 пайызға өзгереді.

Бұршақ тұқымдас дақылдар, яғни 1 жыл үрмебұршақ : 2 жыл мақта қозасынан тұратын тізбекте, топырақтың терең 0-20 см қабатында ротация басында орташа есеппен 0,788% болса, ротация соңында бұл көрсеткіш топырақтың терең 0-20 см қабатында орташа есеппен 0,818 жоғары көрсеткіште орын алғаны байқалады, ал тағы да бұршақ тұқымдас дақылдар, яғни 1 жыл қытайбұршақ : 2 жыл мақта қозасынан тұратын тізбекте топырақтың терең 0-20 см қабатында орташа есеппен ротация басында 0,792 пайыз көлем көрсеткішінде болса, жалпы ротация соңында бұл көрсеткіш тәжірибе жүзінде топырақтың терең 0-20 см қабатында орташа есеппен 0,831 пайыз болып, топырақтың құнарылылығы едеуір артады (кесте 1, сурет 6). .

Кесте 1 - Қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектерінің қарашірінді құрамына әсері, %





Тәжірибе нұсқалары

қабат,

см


2009 ж қарашірік,

%


2010 ж қарашірік,

%


2011 ж қарашірік,

%


Үш жылдағы орташа, %




21.06

15.10

10.05

05.10

08.05

02.10

көктем

күз

Мақтанаң бірегей егісі

(бақылау)



0-20

20-40


40-60

0,768

0,699


0,404

0,760

0,670


0,398

0,752

0,709


0,463

0,747

0,668


0,400

0,712

0,700


0,439

0,708

0,690


0,400

0,744

0,702


0,435

0,738

0,576


0,399

(2:1)

2 жыл жоңышқа

+ 1 жыл мақта


0-20

20-40


40-60

0,809

0,728


0,456

0,822

0,740


0,450

0,860

0,790


0,503

0,880

0,834


0,588

0,891

0,798


0,507

0,887

0,780


0,501

0,853

0,772


0,488

0,863

0,784


0,513

(1:1:1)

1 жыл мақта, күзде үстіне бидай егу

+ 1 жыл бидай + 1жыл мақта


0-20

20-40


40-60

0,755

0,712


0,528

0,759

0,710


0,500

0,777

0,728


0,520

0,779

0,733


0,515

0,800

0,756


0,597

0,790

0,751


0,525

0,777

0,732


0,548

0,776

0,731


0,513

(1:2)

1 жыл үрмебұршақ, сидератқа

+ 2 жыл мақта


0-20

20-40


40-60

0,788

0,683


0,430

0,796

0,700


0,436

0,820

0,752


0,482

0,852

0,768


0,480

0,811

0,750


0,480

0,808

0,725


0,475

0,806

0,728


0,464

0,818

0,731


0,463

(1:2)

1 жыл қытайбұршақ сидератқа

+ 2 жыл мақта


0-20

20-40


40-60

0,792

0,722


0,463

0,808

0,755


0,472

0,830

0,760


0,486

0,868

0,780


0,478

0,821

0,755


0,482

0,817

0,748


0,478

0,814

0,745


0,477

0,831

0,761


0,476

Бұршақ тұқымдас дақылдардан кейін мақта қозасы топырағына гектарына N120P60 мөлшерде тыңайтқыштарды үйлестіріп қолданғанда, қарашіріндінің құрамы күзге қарай құрамды дәрежеде сақталады.

Қорытындылап айтқанда жоңышқаның 2 жылдық тұрағы, бұршақ тұқымдас дақылдар және агромелиоративті іс-шаралар жиынтығы топырақтың жыртылатын қабатындағы топырақ құнарлылығына оңтайлы әсер етеді.
Ауыспалы егіс тізбектеріндегі ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі
Топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіштері – бұл мақта өнімділігі болып есептелінеді.

Осы аталған тізбектің мақсаты біріншіден, жердің мелиоративтік жағдайларын жақсарту. Бұл үшін оңтүстіктің қарашірінді құрамы төмен топырақтағы жүргізіліетін ауыспалы егістіккке жоңышқа дақылын өсіріудің маңызы өте айрықша. Кезінде мақта өсірілетін шаруашылықтарда мақтаға егістіктің 70%-ын, ал қалған 30%-ы жоңышқаға ажыратылатын еді. Жоңышқаның қалың өсуі және жапырақтарының мол болуы арқасында топырақтың қызып кетуін тоқтатып, соның есебінен тұздалған жер асты суларының жоғары қабаттарға көтеріліп булануына тосқауыл болатын бірден бір өсімдік, ол жұмыс істеуін тоқтатқан тік дренаждардың да рөлін атқарады.

Ауыспалы егіс тізбектеріне алғы дақыл ретінде бұршақ тұқымдас дақылдарды енгізіп, кейінгі жылғы өсірілетін мақта қозасына минералды тыңайтқыштардың үйлесімді мөлшерін қолданып, оны түбегейлі айқындау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы ауыспалы егістердің су жетіспеушілік пен қолайсыз су-тұз жүйесі жағдайында шитті мақтаны тұрақты өндіруді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын орнықтыру мақсатында, осы қысқа танапты мақталық-жоңышқалық ауыспалы егіс тізбектері зерттеліп келді, яғни 2:1 тізбегі -2 жыл жоңышқа+1 жыл мақта.

Ауыспалы егіс тізбегінде жалпы жоңышқаның екі жылдағы жалпы өнімділігі орташа есеппен гектарына 200,7 центнерден құрғақ шөп алынды. Жоңышқаның екі жылғы тұрағынан кейін мақтаны бірінші жыл өсіргенде, яғни 2 жыл жоңышқа және бір жыл мақтадан тұратын тізбектегі (2:1) нәтижелерге сүйенсек, мақта өнімділгі гектарына шаққанда 34,1 центнерге жетіп, бірегей егіспен салыстырғанда 11 центнерге өнім артып отырады (кесте 2).

Мақта өсірілетін аймақтардағы жерлерге мақта қозасы өнімі жиналғаннан кейін бидай егіп, келесі жылы бидай өнімінен кейін агромелиоративтік іс-шаралар жүргізіп, топырақты құнарлылығын арттыру мақсатында, ауыспалы егіс тізбектеріндегі, 1 жыл мақта, күзде үстіне бидай егу+1 жыл бидай + 1жыл мақтадан тұратын ауыспалы егіс алқабында, бірінші жылы мақта қозасы өнімі жиналғаннан кейін, жерді жыртпай, қопсыту іс-шаралары жүргізіліп кейін мақта қозасы үстіне бүркемелеп бидай дақылы себуге мүмкіндіктер туады.

Кесте 2 – Ауыспалы егіс тізбектеріндегі мақта қозасының өсіп-даму мен өнімділігі




Тәжірибе нұсқалары

Көрсеткіштері

Жылдар, ц/га

Орташа 3 жылда

2009

2010

2011




Мақтаның бірегей егісі

Бойы, 1.08, см

87,5

76,3

76,2

80,0

Өнім бұтақтары, 1.08. д

12,8

9,1

11,9

10,9

Көсектері, 01. 09. д

9,1

8,4

7,2

8,2

Өнімділік, ц/га

26,8

23,4

23,1

24,4

(2:1) - 2 жыл жоңышқа

+ 1 жыл мақта



Бойы, 1.08, см

Жоңышқа-1

61,5 ц/га



Жоңышқа-2

139,5ц/га



91,8

91,8

Өнім бұтақтары, 1.08. д

14,4

14,4

Көсектері, 01. 09. д

13,5

13,5

Өнімділік, ц/га

34,1

34,1

(1:1:1) - 1 жыл мақта, күзде үстіне бидай егу + 1 жыл бидай + 1 жыл мақта

Бойы, 1.08, см

90,4

Күздік бидай

38,2 ц/га



88,9

89,5

Өнім бұтақтары, 1.08. д

13,6

13,0

13,3

Көсектері, 01. 09. д

9,6

12,9

11,2

Өнімділік, ц/га

28,6

33,0

30,1

1:2) - 1 жыл фасоль, сидератқа+2 жыл мақта

Бойы, 1.08, см

Үрмебұршақ

8,5ц/га


81,7

88,5

85,1

Өнім бұтақтары, 1.08. д

12,5

12,9

12,7

Көсектері, 01. 09. д

12,7

12,8

12,7

Өнімділік, ц/га

31,8

31,6

31,7

(1:2) 1 жыл соя сидератқа

+2 жыл мақта



Бойы, 1.08, см

Қытайбұршақ

10,8ц/га


88,4

85,7

87,2

Өнім бұтақтары, 1.08. д

12,7

13,2

12,9

Көсектері, 01. 09. д

13,1

13,0

13,0

Өнімділік, ц/га

32,6

32,3

32,4

Бидай дақылының жалпы өнімділігі гектарына шаққанда 38,2 центнер көлемінде алынды. Бидай дақылы өнімі жиналғаннан кейін P60 мөлшерде фосфор таңайтқышы ендіріліп жерді 40 см-ге терең жыртылып пар ретінде іс-шаралармен жүргізіледі.

Ал бұршақ тұқымдас дақылдардан тұратын (1:2) - 1 жыл үрмебұршақ + 2 жыл мақта өсірілетін тізбек бойынша, мақта қозасының жалпы екі жылында минералды тыңайтқыштарды N120P60 мөлшерде қолданғанда жалпы өнімділік орташа есеппен гектарына шаққанда, бірінші жылы 31,8 ц/га екінші жылы 31,6 центнерден мақта шикізаты өнімі алынды, мақта қозасының бірегей егісімен салыстырмалы түрде үстеме пайда 8,7-8,5 центнерге тура келеді.

Осындай ауыспалы бұршақ тұқымдас дақылдардан тұратын (1:2) - 1 жыл қытайбұршақ + 2 жыл мақта өсірілетін алқаптарды, қытайбұршақ дақылынан кейінгі өсірілген мақта қозасы топырағына минералды тыңайтқыштарды N120P60 мөлшерде қолданғанда, мақта қозансының бірінші жыл өсіргенде, өнімділік 32,6 ц/га, ал екінші жылында жалпы өнімділік орташа есеппен гектарына шаққанда 32,3 центнерден мақта шикізаты өнімі алынып, мақта қозасының бірегей егісімен салыстырғанда гектарынан орташа есеппен 9,3 центнерге дейін үстеме өнім алуға қол жеткізіледі.

Сонымен бірге, ауыспалы егіс тізбектеріне минералды тыңайтқыштарды үйлесімді қолданғанда, әсіресе мақта қозасы өнімділігіне өте үлкен әсер ететіні ғылыми жұмыстар нәтижесі айқындайды.

Жердің құнарлығын арттыру, оны әртүрлі эррозиядан қорғау бүгінгі күннің басты талабы.

Еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл шаруашылығы айналымынан шыққан жерлерді өз уақытында құнарлығын қалпына келтіріп, айналымға қоссақ, алынатын өнім түсімі көбейеді және ұлттық экономикамыздың тұрақтылығына қол жеткіземіз. Бұл мәселе, жері құнарлылығы төмендеген Оңтүстік Қазақстан облысында күрделі жағдайда қалып отыр. Себебі, жылдан-жылға пайдаланылып жүрген ауыл шаруашылық жерлерінің айналымнан шыққан аудандары өсуде, ал егістік жерлердің түсімі төмендеп бара жатыр. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егісінің түсімі соңғы жылдары 20-22 центнерге айналған. Оңтүстік Қазақстан облысында егістік жерлердің құнарлығын арттыру шаралары өте төменгі деңгейде және жылдар өткен сайын ауданы кемімей отыр. Егіс алаңдарының ұтымды құрылымын әзірлеу кезінде, егістіктің ең жақсы алаңдарын ең бағалы, экономикалық жағынан тиімді дақылдарға бөлу қажет.

Сондықтан да ауыспалы егіс тізбектеріне алғы дақыл ретінде бұршақ тұқымдас дақылдарды енгізіп, кейінгі жылғы өсірілетін мақта қозасына минералды тыңайтқыштардың үйлесімді мөлшерін қолданғанда, топырақ құнарлылығына оңтайлы әсер етіп, мақта қозасының өнімділігі артатынына, сутапшылығы және әртүрлі сортаңданған ашық сұртопырақта, қысқа танапты ауысалы егіс тізбектерінің қарқындылығы үлкен маңыздылық танытады.


Қысқа танапты ауспалы егіс тізбектерінң экономикалық тиімділігі
Үш жылдық есеп боййынша қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектері мен үйлесімді минералды тыңайтқыштар, топырақтың құнарлылығын орнықтыру арқылы өнімділікті арттыруға, қазіргі таңда тиімділік танытады. Осы жүргізілген ауыспалы егіс тізбектерінің тиімділігін анықтауда, жылпы орташа есеппен 1 келі мақта шикізатының орташа бағасы, нарық жағдайында 83 теңгені құрап отыр

Алынған мәліметтер бойынша, бірегей егіс тізбектегі бақылау нұсқасында әр гектарына шаққанда 80333,3 теңге шығын шығып орташа есеппен гектарынан 24,4 центнерден айналды.

Үш жылдық зерттеулердегі есеп бойынша 2:1 – 2 жыл жоңышқа:1 жыл мақта тұратын нұсқадағы мақта егістігінен жоғары өнім алынды, яғни гектарынан 34,1 центнер өнім алынып, таза пайда 243000 тенгені құрады.

Зерттеулердің нәтижесі бойынша, жоғары таза табыстың мөлшері ауыспалы егіс тізбектеріндегі фасоль-бұршақ тұқымдас дақылдардан кейінгі егілген мақта қозасының 1-ші және 2-ші жылғы өнімді алу үшін кеткен қаржы 98000 теңгені құрады, таза табыстың көлемі салыстырмалы түрде 223180-218800 теңгені құрап отыр.

Қытайбұршақ дақылынан кейінгі егілген мақта қозасының 1-ші және 2-ші жылдары өнімділікте, кеткен қаржы 98000 тенгені құрап, таза табыстың көлемі салыстырмалы түрде 231260-225500 тенгенің арасында ауытқыды.

Қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектері, Оңтүстік Қазақстан облысының мақта егістіктерінде қолданылуға тиімділік танытады.

Кесте 3 – Қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектерінің экономикалық тиімділігі


Тәжірибе нұсқалары

Дақыл,

жылы


Орташа –өнімділік, ц/га

Сатылу бағасы, тенге/

тонна


Өнімнің жалпы бағасы, тенге/га

Жалпы шығын, тенге/га

Таза пайда, тенге/га

Тиімділік, %

Мақтаның бірегей егісі (бақылау)

Ескі егістік

24,4

83,0

202520

80333,0

122186,7

152,0

(2:1) - 2 жыл жоңышқа

+ 1 жыл мақта



Жоңышқа 1

61,5

7000

43050

20000

430

115,0

Жоңышқа 2

139,5

12000

202275

47400

154575

326,7

Мақта 1

34,1

100000

341000

98000

243000

247.9

(1:1:1) - 1 жыл мақта, күзде үстіне бидай егу + 1 жыл бидай + 1 жыл мақта

Мақта 1

28,6

50000

143000

64000

79000

123,4

Бидай 1

38,2

28000

106960

30000

76960

256,5

Мақта 1

33,0

100000

330000

98000

232000

236,7

(1:2) - 1 жыл фасоль, сидератқа+2 жыл мақта

Үрмебұршақ 1

8,5

120000

102000

50000

52000

104,0

Мақта 1

31,8

101000

321180

98000

223180

227,7

Мақта 2

31,6

100000

316000

98000

218000

222,4

(1:2) 1 жыл соя сидератқа

+2 жыл мақта



Қытайбұршақ 1

12,8

70000

89600

50000

39600

79,2

Мақта 1

32,6

101000

329260

98000

231260

235,9

Мақта 2

32,3

100000

323000

98000

225000

229,5


Қорытынды

1. Оңтүстіктің суармалы егіншілігінде, әр түрлі сортаңданған ашық сұр топырақ жағдайында, қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектерін өз тәртібімен жүргізу, негізгі және оңтайлы іс-шара болып табылады.

2. Мақта шаруашылығындағы агроқұрылымдарға (фермерлік және өндірістік кооперативтер), мақта қозасын монодақыл етіп, қайта-қайта бір жерде өсіру, топырақ құнарлылығы мен өнімділікті төмендететінін тәжірибе нәтижелеріне сүйене мәлімдейміз.

3. Көп жылдық ғылыми нәтижелерге сүйенен отырып, шаруа қожалықтарына топырақ құнарлылылығын арттыратын және өнімділікті жоғарылатытын бұршақ тұқымдас және дәнді-дақылдардан тұратын қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектерін ұсынамыз:

- (1:2) 1 жыл қытайбұршақ : 2 жыл мақтамақтаның үлес салмағы 66,6%, мақта қозасына үйлесімді гектарына N120P60 мөлшерде тыңайтқыштарды қолданғанда, мақта қозасы өнімділігін бірегей егіспен салыстырмалы түрде 8,05 центнерге арттырады;

- (1:1:1) 1 жыл мақта : 1 жыл бидай : 1 жыл мақта, мақтаның үлес салмағы 66,6%, мақта қозасына үйлесімді гектарына N120P60 мөлшерде тыңайтқыштарды қолданғанда, мақта қозасы өнімділігін бірегей егіспен салыстырмалы түрде 6,4 центнерге арттырады.

Жерді тегістеу.
Бұл шара агротехникалық шаралардың ішінде ең негізгісі болып есетелінеді. Сор шаю жұмыстарын және жазғы вегетациялық суару кезеңдерінде судың егіс алқаптарында бір келкі жайылуына жағдай жасайды және соның есебінен кететің ағын судың мөлшерін азайтып суды 15-17 пайызға дейін үнемдеуге қол жеткізіледі.
сканирование0006

Жерді тегістеу




сканирование0005

Топырақты кешенді

баптау

Мақта қозасын баптауда агротехникалық шараларды сапалы жүргізуде жердің тегістігін қамтамасыз еткен жөн, сонда ғана мақта қозасын себуде және суару арқылы жоғары өнімділікке қол жеткізуге болады.



Жер тегістігі сушылардың жұмыс өнімділігін де арттырады. Бір күнде тегіс емес жерде сушы 0,4-0,5 гектар жерді суаратын болса, күрделі тегістеуден өткен жерде бұл көрсеткіш 1,5-2,0 гектарға дейін жетеді.

Жақсы тегістелген жерде сор шаюға кететін су шығыны азайып, мақта біркелкі шығуымен бірге мақта қозасының керекті түп санын алуға қол жеткізіледі. Жазғы вегетациялық суару кезеңдерінде де жүйектерге су біркелкі тарап топырақ біркелкі намданады, соның есебінен жүйекаралық қопсытуды сапалы жүргізе отырып, мақтаның біркелкі пісуіне жағдай жасалады.

Ауыспалы егіс кестесінде мелиоративтік жер болатын болса, күрделі жер тегістеу жұмыстарын жерді екіге бөліп жаз айларынан бастаған дұрыс. Жылдың бірінші жартысында бірінші жер бөлегіне тегістеу жұмыстарын жүргізіп, содан соң жүгеріні көк майсаға себу, ал жердің екінші жартысына керісінше жылдың бірінші жартысында жүгеріні көк майсаға себіп, ал жердің екінші жартысына күрделі жер тегістеу жұмыстарын жүргізген дұрыс.

Күрделі тегістеу кезінде кейбір жер бөліктерінің үлкен қабатын алуға тура келеді, бұл топырақтың құнарлығын төмендетуі мүмкін, сол үшін ол жерлерге суперфосфат тыңайтқыштарын гектарына 500-700 килограмм есебінде немесе көңді 30-40 тонна беру керек.



Күрделі жер тегістеу жұмыстарын әр 10-15 жылда жүргізе отырып, әр жылда ағымдық жер тегістеуді жүргізгенде мақта өнімділігін көтерумен бірге вегетациялық суару кезеңдерінде көп мөлшерде ағын суды үнемдеуге қол жеткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет