Курсы және оқу семестрі: II курс, III семестр



бет1/6
Дата14.07.2017
өлшемі0.97 Mb.
  1   2   3   4   5   6



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

Морфологиялық пәндер кафедрасы


044 -31/15-
40 беттің -беті

Cтуденттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өндеу Пән: жалпы патология ңегіздері

Мамандық: 5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»








Cтуденттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өндеу
Пән: жалпы патология ңегіздері

Пән коды: ООP-2217

Мамандық: 5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының көлемі (кредиттің): 90 сағат (2 кредит)

Курсы және оқу семестрі: II курс, III семестр

2014 жылы

Әдістемелік өндеу кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді

_____ _____________ 2014 ж. Хаттама № _____

Каф. меңгерушісі _____________ доцент Жолымбекова Л.Д.

Кредит №1

Әдістемелік өндеу №1

1.Тақырыбы: Терминальдық жағдай. Өлім. Патоморфологиясы.

2.Мақсаты: Постреанимациялық аурудың, терминалдық жағдайлар мен патофизиологиялық реанимация негіздерін қалыптастыру.

3.Тапсырма: № 1 қосымшаны қараңыз.

5.Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары): № 1 қосымшаны қараңыз.

6.Тапсыру мерзімі: 2-ші аптада.

7.Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8.Бақылау

Сұрақтар


  1. «Терминалды жағдай», «агония», «агония алды», «клиникалық өлім», «биологиялық өлім» аңықтамасына сипаттама берініз?

  2. Ағзаның клиникалық өлімінің негізгі өзгерістері қандай?

  3. Биологиялық өлімінің абсолюттік белгілері қандай, сипаттама берініз?

  4. Патофизиологиялық реанимация негіздерің түсіндірініз?

  5. Постреанимациялық ауру және кезеңдері қандай?

  6. Клиникалық өлімнің негізгі белгілері және реанимациялық әдістерді өткізу кезеңдері немен негізінде сипатталады?

Тесттер:

1.Өлiмнiң негiзгi кезендерiнiң бiрiздiлiгiн көрсетiңiз

А) преагония, ақтық үзiлiс, агония, клиникалық өлiм, биологиялық өлiм

В) преагония, ақтық үзiлiс, агония, биологиялық өлiм, клиникалық өлiм

С) преагония, агония, клиникалық өлiм, ақтық үзiлiс, биологиялық өлiм

Д) преагония, агония, ақтық үзiлiс, клиникалық өлiм, биологиялық өлiм

Е) ақтық үзiлiс, преагония, агония, клиникалық өлiм, биологиялық өлiм

2. Өлудiң негiзгi кезеңдерiнiң бiрiздiлiгiнiң дұрысы

а) преагония

б) биологиялық өлiм

в) агония

г) клиникалық өлiм

д) тыныс алудағы терминалдық үзiлiс

А) а, д, в, г, б

В) а, в, д, г, б

С) в, г, д, б

Д) д, а, в, г, б

Е) а, в, г, б

3.Клиникалық өлiмнiң басталғанын сипаттайды

А) тыныс алу мен жүрек соғысының тоқтауы, рефлекстердiң жоғалуы

В) сирек пульс

С) қан қысымының тез түсуi

Д) естiң кімескiленуi

Е) сирек беткей тыныс

4. Клиникалық өлiмнiң ұзақтығы

А) 5-6 мин

В) 1-2 мин

С) 30-60 мин

Д) 1-2 сағ

Е) 1-2 күн

5. Клиникалық өлiм кезiнде алдымен қызметi бұзылады

А) паренхиматозды ағзалардың

В) iшкi секреция бездерiнiң

С) орталық нерв жүйесiнiң

Д) иммундық жүйені

Е) репродуктивтi жүйенiң

6.Адамды реанимациялауды алғаш енгiзген

А) В.А.Неговский

В) А.А.Кулябко

С) Ф.А.Андреев

Д) С.С.Брюхоненко

Е) С.И.Чечулин

7. Өлiмнiң қайтымсыз этапы

А) биологиялық өлiм

В) преагония

С) адамшы өлiм

Д) клиникалық өлiм

Е) агония

8. Адамда жүргізілетін тәжірибенің атауы:

А) экспериментум Круцис.

В) созылмалы эксперимен.

С) салыстармалы патология әдісі.

Д) өшірілу әдісі.

С) оқшауланған мүшелер әдісі.

9. Ауырудың қайталануынаң кейін жағдайының жақсаруы.

A) реабилитация

B) рецидив

D) созылмалы түрге өтуы

E) асқыну

10. Тыныс алу жіне жүрек соғуының қалпына келуі

А) реабилитация

B) реанимация рецидив

D) қайталану

E) асқыну



Ситуациялық есеп

Хирургиялық ауруханаға жол апаты болған жерден кеуде қуысы, іші, аяқтары зақымдалған және көп мөлшерде қан жоғалтқан науқас жеткізілді.

Қарау кезінде: есі анық, бірақ науқас уақыт пен жағдайды ажырата алмайды, тері қабаттары бозғылт, жүрек соғысы жиі, пульс әлсіз, АҚ 65/15 с.б.б. Науқасқа қан кетіп жатқан тамырларын жалғау үшін ота жасалынып, 1200 мл донор қаны және 2000 мл қан алмастырғыш құйылды сақтау мерзімі 2-17 күн. Жансақтау бөлімінде: науқастың жағдайы ауыр, жүректің жиі соғысы сақталған, артериалдық гипотензия, ентігу және тәуліктік диурезі қалыптан айтарлықтай төмен, зақымдалған тіндердің майда қан тамырла-рынан қан кету анықталды. Зертханалық тексерулердің нәтижелерінен қанның ұюының төмендеуін, гиперпротромбинемия және тромбоцитопения байқалды.

Екінші тәулікте жедел бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері дамыды. Өлім асқынған бүйрек және жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен туындады. Мәйітті ашу кезінде ішкі ағзалардың майда қан тамырларында көптеген тромбоздың белгілері табылды.



Сұрақтар:

  1. Науқаста қандай патологиялық үрдіс дамыды: а) жарақаттан кейінгі;

б) жансақтау бөлімінде;

2. Науқаста жансақтау бөлімінде дамыған патологиялық үрдістің патоге-незі қандай?

3. Даму механизмі қандай? а) бүйрек жетіспеушілігі; б) науқаста жүрек қантамыр жетіспеушілігі?

4. Трансфузиялық ем нәтижесіз болды. Жобалап айтыңыз- неге?


Әдістемелік өндеу №2

1.Тақырыбы: Сыртқы орта факторларының адам организіміне тигізетін әсері.

2.Мақсаты: этиологиялық ықпалдарының ағза әсерін аңықтау.

3.Тапсырма: № 1 қосымшаны қараңыз.

5.Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары):

№ 1 қосымшаны қараңыз.



6.Тапсыру мерзімі : 2-ші аптада.

7.Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8.Бақылау

Сұрақтар

1. Этиология деген не?

2. Этиологияны оқытудың теориялық және практикалық маңыздылығы неде?

Тесттер

1.Аурудың сыртқы себептеріне жатады:

А) Жыңысы.

В) Патологиялық тұқымқуалаушылық.

С) Жасы.

Д) Микроорганизмдер.

Е) Патологиялық конституция.

2. Аурудын механикалық себептеріне жатады:

А) Сілтілер.

В) Электр соққы.

С) Иондағыш радиация.

Д) Қысылу.

Е) Төмен температура.

3.Күн өтү ненің әсерінен дамиды:

А) Адамның киіммен жабылған денесіне күн сәулесінің әсері.

В) Сыртқы ортаның температура денгейінің жоғарылауы.

С) Басына бас киім киймей күн сәулесінің әсері.

Д) Күн сәулесінің спектрінің әсері .

Е) Инфракызыл сәулелер.

4.Жылдамдықтың әсерінең не дамиды:

A) Құсу.

В) Атаксия.

С) Адинамия.

Д) Кинетоздар.

Е) Басайналуы.

5. Жоғары атмосфералық қысымның әсерінң байқалады:

A) Газдардын еруінің төмендеуі.

B) Газдардын еруінің жоғарылауы.

C) Десатурация.

D) Декомпрессия.

Е) Парциалды қысымының төмендеуі.

Ситуациялық есеп

28 жасар ер кісі дәрігерге ұстамалы бұлшық ет әлсіздігіне басының айналуына, басының ауырсынуын көзінің өткірлігінің төмендеуіне қолдарының дірілдеуіне кей кезде есінің шатасуына себепсіз ашулашақтыққа шағымданды. Бұл шағымдар соңғы 4 айда жиі дами бастады. Науқас бұл шағымдардың себептерін жұмыстағы ұрыс-керіспен және жедел ашығу сезімімен байланыстырады. Тексеру нәтижелеріне сүйене отырып дәрігер «неврастения» диагнозын қойып, сәйкес амбулаторлы ем тағайындады. Соған қарамастан, науқастың жағдайы нашарлай берді, 1,5 айдан кейін ол жедел жәрдем көлігімен стацинарға «белгісіз этиологиялы кома» диагнозымен жеткізілді.

Түскен кезде: есі анық емес, көз қарашықтары ұлғайған, бұлшық ет дірілі, тахикардия, артериялық гипотензия, тынысы біркелкі емес, ҚПЕ (қан плазмасындағы глюкоза) 30 мг %.

Сұрақтар:

1.Науқас дәрігерге келгендегі жағдайы қалай аталады? Жауабын негіздеңіз. Егер сізге қосымша мәліметтер керек болса, сіздің қорытындыңызды растайтындарын айтыңыз.

2.Жедел жәрдем көлігімен науқас қандай жағдайда жеткізілді (патологиялық түрін айтыңыз). Сіздің қорытындыңызды дәлелдеңіз?

3.Осы жағдайдың патогенезінің негізі бола алады?

4.Стационарға жеткізілгендегі науқастың жағдайын патологияның қандай түрлерінен ажырату керек?

5.Науқаста гипоксияның қандай түрі дамыған және оның патогенезін айтыңыз?


Әдістемелік өндеу №3

1. Тақырыбы: Дистрофиялар.

2.Мақсаты: Аралас дистрофиялардын морфологиялық сипаттамасын және даму механизімдерін, себептерін аныктауын үйрету.

3.Тапсырма: № 1 қосымшаны қараңыз.

5.Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары):№ 1 қосымшаны қараңыз.

6.Тапсыру мерзімі: 2-ші аптада.

7.Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8.Бақылау

Сұрақтар

1.Дистрофия дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

2.Аралас дистрофиялардың қандай түрлерін ажыратады?

3.Аралас дистрофиялардың жіктелүі қандай?


Әдістемелік өндеу №4

1. Тақырыбы: Жасушалардың өлімі. Апоптоз. Некроз.

2. Мақсаты: Жасушаның құрылысын білү. Жасуша патологиясындағы себептерін, даму механизмдерін ажыратуды үйрету.

3.Тапсырма: № 1 қосымшаны қараңыз.

5.Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары):№ 1 қосымшаны қараңыз.

6.Тапсыру мерзімі: 2-ші аптада.

7.Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8.Бақылау

Сұрақтар

1. Апоптоз дегеніміз не? Анықтамасын береңіз.

2. Некроз дегеніміз не, түрлері? Анықтамасын береңіз.
Әдістемелік өндеу №5

1. Тақырыбы: Тұқым қуалаушылық және оның патологиядағы рөлі.

2.Мақсаты: студенттерге тұқымқуалаушылықтын және конституцияның ерекшеліктерінің этиопатогенезін оқыту.

3.Тапсырма: № 1 қосымшаны қараңыз.

5.Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары):№ 1 қосымшаны қараңыз.

6.Тапсыру мерзімі: 3-ші аптада.

7.Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8.Бақылау

Сұрақтар

1.Тұқымқуалаушылық деген не, классификациясы?

2. Тұқымқуалаушылық этиопатогенезі қандай?

3. Конституция деген не?



Тесттер

1.Тұқымқуалайтын аурулардың дамуына қайда мутациясы болады:

А) Фиброциттер.

В) Гепатоциттер.

С) Макрофагтар.

Д) Гаметалар.

Е) Миоциттер.

2. Хромосоманың транслокация- бұл:

А) Әртүрлі хромосомолардын арасында үзінділермен

( бөлшектермен) алмасуы.

В) Хромосоманың бір бөлшегінің жоғалуы.

С) Хромосомалрдағы кейбір гендердің екі еселенуі.

Д) Хромосома бөлшегінің теріс(180 градусқа) айналуы.

Е) Хроиосоманың бір бөлшегінің қайталануы.

3.Адамдардың ата-бабаларының арасында аурудын тарауын зерттейтін әдіс:

А) Егіздік.

В) Биохимиялық.

С) Шежіре тарау.

Д) Цитогенетикалық.

Е) Популяциялық.

4. Моногенді ауру:

А) Гемохроматоз.

В) Гипертония ауруы.

С) Атеросклероз.

Д) Гликогеноз.

Е) Қантты диабет.

5. Моногенді ауру:

А) Біріншілік артериялык гипертензия.

В) Гемофилия В.

С) Қантты диабет.

Д)Алыстан көрмеушілік.

Е) Атопиялық демікпе.



Ситуациялық есеп

Есеп 1

Н. деңі сау әйел, А. әкесі гемофилиямен ауырады, ал анасы сау, генетикалық консультацияға сұрақтары мен барды: Немерелерінде бұл ақауының қайталануы бола ма? Н. күйеуы және үш баласы - ұл және екі қызы - деңі сау.

Сұрақтар

1. Гемофилия А дамуы неге байанысты және тұқымқуалаушылықтын типі қандай?

2. Осы патологиясынаң науқаста өлімге ікелетің түрі бар ма?

3. Немерелерінде бұл аруы ұлдар арасында кездесуі неге ықтимал ?


Әдістемелік өндеу №6

1. Тақырыбы: Күйзеліс және оның патологиядағы рөлі. Адаптациялық ауру.

2. Мақсаты: Күйзеліс кезеңдеріндегі компенсация және қалыпқа келтіру процесстерінің ерекшеліктерін оқыту.

3.Тапсырма: № 1 қосымшаны қараңыз.

5.Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары):№ 1 қосымшаны қараңыз.

6.Тапсыру мерзімі: 3-ші аптада.

7.Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8.Бақылау

Сұрақтар

1.Күйзеліс деген не?

2. Күйзеліс сатылары?

3. Селье триадасы деген не?


Әдістемелік өндеу №7

1.Тақырыбы: Экстремалдық жағдай.

2. Мақсаты: Экстремалдық жағдайлардың жалпы этилогиясын мен патогенезін оқып үйрену.

3.Тапсырма: № 1 қосымшаны қараңыз.

5.Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары):№ 1 қосымшаны қараңыз.

6.Тапсыру мерзімі: 4-ші аптада.

7.Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8.Бақылау

Сұрақтар

1.Стресс сатылары қандай?

2.Триада Селье дегеніміз не?

3.Стрестің қорғаныстық-бейімделу және патогенді маңызы қандай?

4.Шок дегеніміз не?

5.Кома дегеніміз не?



Тесттер

1.Жалпы адаптациялық синдромдын төзімділік сатысына ... тән.

A) бүйрек үсті безінің ми қыртысының гиперплазиясы

B) гипофиздің алдыңғы бөлімінің атрофиясы

C) қанда глюкортикоиттің мөлшерінің азаюы

D) қанда кортикотропинің мөлшерінің азаюы

E) симпатикалық жүйенің белсенділігінің төмендеуі

2.Стресс-лимитинді жүйеге ... жатады.

A) гипофиз

B) гипоталамус

C) ГАМК-ергиялық жүйесі

D) бүйрек үсті безі

E) симпатоадреналды жүйесі

3.Адаптациялық синдромдың бірінші сатысы ... деп аталады.

A) агониялық

B) төзімділік сатысы

C) қалжырау сатысы

D) үрей сатысы

E) агония алды

4.Этиология бойынша шок түрлеріне ... жатады.

а) гемотрансфузиялық;

б) жарақаттық;

в) анафилактикалық;

г) кардиогенді;

д) психогенді;

А) а, б, в

В) а, б, в, г

С) б, в, г, д

Д) г, д

Е) в, г, д



5.Патогенез бойынша шок түрлеріне ... жатады.

а) аурсыну

б) гуморалды;

в) психогенды;

г) кардиогенды;

д) анафилактикалық;

А) б, в, д

В) в, г, д

С) в, г, д

Д) г, д


Е) а, б, в

Әдістемелік өндеу №8

1.Тақырыбы: Наркомания мен токсикомания. Алкоголизм.

2.Мақсаты: алкогольдық және нашақорлық тәуелділіктің әртүрлі түрлерінде

тіршіліктін бұзылыстарының жалпы этиологиясын және патогенезін үйрету.



3.Тапсырма: № 1 қосымшаны қараңыз.

5.Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары):№ 1 қосымшаны қараңыз.

6.Тапсыру мерзімі: 4-ші аптада.

7.Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8.Бақылау

Сұрақтар

1. Алкоголизм дегеніміз не?

2. Алкоголизм кезінде соматикалық және неврологиялық бұзылыстар қандай?

3. Нашақорлық дегеніміз не?

4. Нашақорлық кезіндегі тіршілік әрекеттің бұзылыстары қандай болады?

5. Токсикоманияны қандай себептері туындатады?



Тесттер

1.Ішімдіктін ұытты әсері ... сипатталады.

А) бауырда глюконеогенездің төмендеуі және тінде глюкозаның тотығұының бұзылыстарымен.

В) глюконеогенездің артуы және анаэробты гликолиздің әсерленуымен

С) ақуыздардың түзілүінің төмендеуі және диспротеинемияның дамуымен

Д) бауырдамайлы инфильтрацияның дамуыиен

Е) қанда аммиактың деңгейінің төмендеуімен және нәруыздардың анаболизмінің артуымен

2.Алкоголизм – бұл ... .

А) нашақорлықтың түрі

В) токсикоманияның түрі

С) зиянды әдет

Д) психосоматикалық ауру

Е) туа біткен психикалық ауру

3.Ішімдікпен ауыратың науқастарда эритроцитер макроцитозы мен лейкопениясы ... байланысты.

А) этанолдың сүйек кемігіне ұытты әсерімен

В) фолий-қышқылының тапшылығымен

С) теміртапшылығымен

Д) ішімдікпен ауыр ұыттану кезінде қанда эритроциттер мен лейкоциттердің ыдырауының артуымен

Е) тиаминнің тапшылығымен

4.Алғашқы опийды абстинетті синдром сипаттамасына... жатады.

А) терлегештік

В) қызба


С) қорқыныш сезім мен шыдамсыздық

Д) ұйқішылдық

Е) көз бұршағының жиірілуы

5.Қейінгі опийды абстинетті синдром сипаттамасына ... жатады.

А) қол саусақтарының треморы

В) пилоэрекцияны, қызбаны

С) құсу, диареяны

Д) брадикардияны

Е) тахикардияны
Әдістемелік өндеу №9

1. Тақырыбы: Микроэлементтер алмасуының бұзылуы. Дистрофиялар. Тастардың түзілуі.

2. Мақсаты: Микроэлементтер алмасуының бұзылыстарының этиопатогенезін үйрету, тастардын пайда болуы.

3.Тапсырма: № 1 қосымшаны қараңыз.

5.Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары):№ 1 қосымшаны қараңыз.

6.Тапсыру мерзімі: 5-ші аптада.

7.Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8.Бақылау

Сұрақтар

1. Электролиттер алмасуының патологиясы.

2. Натрий, калий, кальций алмасуындағы функционалдық бүліністері мен морфологиялық көріністері.

Тесттер

1.... ісінудің патогенездік факторы болып табылады.



  1. Ұлпалардағы осмостық және онкотикалық қысымның жоғарылауы

  2. Қанның гидростатикалық қысымының төмендеуі

  3. Тамыр қабырғасының өткізгіштігінің төмендеуі

  4. Қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы

  5. Альдостерон түзілуінің төмендеуі

2.Қабынулық және аллергиялық ісінулердің дамуында ... жетекші рөлді атқарады.

  1. қантамырлар қабырғасының өткізгіштігінің жоғарылауы

  2. қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы

  3. қанның онкотикалық қысымының төмендеуі

  4. лимфаның ағып кетудің қиындауы

  5. веналық қысымының жоғарылауы

3.Бауырлық ісінулердің дамуында ... жетекші рөлді атқарады.

  1. қанның онкотикалық қысымының төмендеуі

  2. қантамырлар қабырғасының өткізгіштігінің артуы

  3. қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы

  4. лимфа ағысының төмендеуі

  5. қанның веналық қысымының жоғарылауы

4.... ісінудің қорғану-бейімделу қасиеті болып табылады.

  1. Қанды уытты заттардан тазарту

  2. Жүйке талшықтарын қысу

  3. Қоректенуді бұзу

  4. Ұлпаны зақымдау

  5. Токсиндерді аккомодациялау

5.Сусыздану кезiнде ... байқалады.

  1. қанның қоюлануы

  2. қанның онкотикалық қысымының төмендеуi

  3. орталық веналық қысымның жоғарылауы

  4. артериялық қысымның жоғарылауы

  5. айналымдағы қан көлемiнiң көбеюі


Әдістемелік өндеу №10

1. Тақырыбы: Көмірсулар алмасуының бұзылуы. Дистофиялар.

2. Мақсаты: Көмірсулар алмасуының бұзылыстарының этиопатогенезін үйрету.

3.Тапсырма: № 1 қосымшаны қараңыз.

5.Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары):№ 1 қосымшаны қараңыз.

6.Тапсыру мерзімі: 5-ші аптада.

7.Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8.Бақылау

Сұрақтар

    1. Көмірсулар алмасуының негізгі кезендерінің бұзылыстары.

    2. Көмірсулар алмасуының типтік бұзылыстары: гипогликемия, гипергликемия, гликогенозы - себептері және даму механизимдері.

    3. Қантты диабет 1 және 2 типтері- жалпы сипаттама, этиология, патогенез.

    4. Қантты диабеттін асқынулары.

    5. Диабеттік кома, түрлері.


Тесттер

1.... жедел гипогликемияның себебі болып табылады.



  1. Инсулиннің артық мөлшері

  2. Инсулинома

  3. Гликогеноздар

  4. Бүйрек үстi бездерiнiң созылмалы жеткiлiксiздiгi

  5. Ашығу

2. Қантты диабет кезінде глюкозурияны ... туындатады.

  1. гипергликемия

  2. кетонемия

  3. гиперлипиземия

  4. полиурия

  5. гиперлактатацидемия

3. Қантты диабеттің алғашқы сатысындағы полиурияның себебі ... болып табылады .

  1. глюкозурия

  2. микроангиопатия

  3. кетонурия

  4. гипостенурия

  5. шөлдеу және полидипсия

4. Қантты диабеттің инсулинге тәуелді түріне … тән.

  1. Лангерганс аралшығында бета-жасушаларының антиденелермен зақымдалуы

  2. контринсулиндік гормондардың артық түзілуі

  3. стресс

  4. инсулиназаның жоғары белсендігі

  5. инсулиннің плазма нәруыздарымен берік байланысуы

5. Гипогликемия ... кезінде байқалады.

  1. ашығу

  2. инсулиннің жеткіліксіздігі

  3. стресс

  4. инсулин рецепторларының бөгелуі

  5. инсулиназа белсенділігінің жоғарылауы


Әдістемелік өндеу №11

1. Тақырыбы: Липидтер алмасуына тән бұзылыстар. Дистрофиялар.

2. Мақсаты: Липидтер алмасуының бұзылыстарының этиопатогенезін үйрету.

3.Тапсырма: № 1 қосымшаны қараңыз.

5.Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары):№ 1 қосымшаны қараңыз.

6.Тапсыру мерзімі: 5-ші аптада.

7.Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.

8.Бақылау

Сұрақтар

    1. Липидтер алмасуының негізгі бұзылыстары.

    2. Липидтер алмасуының типтік түрлерінің патологиясы: қорыту бұзылыстары, сінірү, тасымалдануы мен тінде липидтердін метаболізімі.

    3. Атеросклероз: аңықтамасы, атерогенез сатылары, патогенездін негізгі теориялары.

Тесттер:

1.Экзогендiк-конституциялық семiру ... пайда болады.



  1. тағамды дағдылы артық iшкенде

  2. гиперинсулинизм кезiнде

  3. гипотиреоз кезiнде

  4. гипоталамуыстың вентромедиалдық ядросын зақымдағанда

  5. гиперкортицизм кезiнде

2.... антиатерогендiк қасиеттерi бар.

  1. Жоғары тығыздықты липопротеидтердің

  2. Төмен тығыздықты липопротеидтердің

  3. Өте төмен тығыздықты липопротеидтердің

  4. Аралық тығыздықты липопротеидтердің

  5. Хиломикрондардың

3.... атеросклероздың дамуына ықпал етеді.

  1. Тағамда жануар майының көп болуы

  2. Тағамда өсімдік майының көп болуы

  3. Тағам құрамында клетчатканың басым болуы

  4. Көкөністер

  5. Жемістер

4.Атерогенді липопротеидтерге ... жатады.

  1. төмен тығыздықты липопротеидтер

  2. өте төмен тығыздықты липопротеидтер

  3. жоғары тығыздықты липопротеидтер

  4. хиломикрондар

  5. аралық тығыздықты липопротеидтер





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет