Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет1/5
Дата21.04.2017
өлшемі0.9 Mb.
  1   2   3   4   5

emblem

ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» жанындағы техникалық және кәсіби білім беру колледжі ШЖҚ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

044 -50/18 К

56 беттің -беті
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ пӘні бойынша

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»

Курсы: ІІІ

Семестрі: V

Тақырыбы: Модуль 6. ТЖ ошағында індетке қарсы және

санитарлық-гигиеналық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру
(жалпы сағат саны:6сағ;тәжірибе-4сағ)

ШЫМКЕНТ 2014 ж

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.


«Бекітемін»

Акушерлік және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.


Құрастырған: аға оқытушы, магистр Жақсылықкеліні Ұ.А.

Сабақтың тақырыбы: Модуль 6. ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру

(сағат саны:6сағ -270 мин; тәжірибе 4сағ-180мин)

1 Сабақ: ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырдың қажеттілігі

1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:


  • оқыту: ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиениялық іс- шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін және жұмыс істейтіндердің негізгі қалыптасуларын оқып-үйрену;

  • тәрбиелік: әкімшілік аумағына тәуелді ТЖ ошағында жұмыс істеп жүрген санитарлық-эпидемиялық бригадалардың санын санауды жіті меңгеруге баулу;

  • дамыту: қалыптасудың міндеттері мен мақсатын, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, тест.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер,

кеспе қағаздары, бақылау тапсырмалары.



б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Медициналық радиобиология негізі.Оқулық. А.Жаханов, С.Садықов.-Алматы: «Эверо», 2011ж.-276б.

12. Торгаутов Б.К., Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена: Оқулық.-Шымкент, 2009.-428бет

13. АҚ жәнеТж медицинақызметінің лауазымды тұлғаларына арналған оқу құралы, Атматы қ., 2012ж, 102бет.


7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

2.ЭҚТК негізгі міндеттері.

3. ТЖ кезінде және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және атқару болып табылатын бағыттар.

4. Эпидемияға қарсы шаралар.

5. Эпидемияға қарсы шаралар топтары.

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материялмен жұмыс

Эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру

Эпидемияға қарсы шараларды атқару бойынша эпидемияға қарсы төтенше комиссия (ЭҚТК) құрылады.

Қауіпті инфекциялық аурулар ошағы пайда болған ТЖ-да атқарылатын шараларға жетекшілік жасайтын Санитарлық – эпидемияға қарсы немесе эпидемияға қарсы немесе эпидемияға қарсы төтенше комиссиялар (СЭҚК немесе ЭКТК). Олар облыстың, қаланың және аудан әкімшілігі шешімімен құрылады. Оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі басқарады, ал төраға орынбасары ретінде аймақтағы денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі тағайындалады. Осы комиссиялардың құрамына ІІМ, ҚМ, ҰҚК-тің және азаматтық авиация, ауылшаруашылық және басқа да қызығушылық тудыратын ұйымдардың өкілдері кіреді.

ЭҚТК негізгі міндеттеріне жатады:


  • ауыру ошағын бақылау және оның жайылуына, таралуына жол бермеу;

  • эпидемиялық жағдайда карантинді енгізу сұрақтарын шешу;

  • ауру ошағын жою бойынша жоспарды қадағалау;

  • жұқпалы аурулар ошағын жою, жауапты жұмыстарды атқару және мамандар мен әртүрлі топтар жұмыстарын қадағалау;

  • қажетті ақпаратты жоғарғы ұйымдарға жедел жеткізу;

  • жалпы дүниежүзілік және әкімшілік тәжірибелік жұмыстарға шолу жасау;

  • эпидемияға қарсы жұмыстарды атқару.

Қазақстан Республикасының карантиндік қызметі ҚР ДСМ – нің карантиндік инфекция бойынша бас басқармасына жүктелген. Оның міндеті эпидемия ошағы бар ТЖ кезінде келесі бағыттағы алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және атқару болып табылады:

  • апат аймағы мен эпидемия ошағында жұқпалы аурулардың тарауын қадағалау;

  • апат аймағына жұқпалы аурулардың енін алдын алу;

  • апат аймағынан жұқпалы аурулардың таралуын алдын алу.

ТЖ ошағында СЭҚК немесе ЭКТК ошақтың шекарасын қорғау, бақылау – өткізу бекеттерін (БӨБ) және санитарлық бақылау бекеттерін құру бойынша сұрақтарды шешеді.

Инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауда сауатты түрде және уақытында жүргізілген эпидемияға қарсы шаралар өте маңызды болып саналады.

Эпидемияға қарсы шаралар - инфекциялық аурулардың пайда болуын және таралуын алдын алуға және егер инфекция орын алса, оны шеттетуге бағытталған шаралар кешені.

Эпидемияға қарсы шаралар екі топқа бөлінеді:



  1. инфекциялық аурулардың пайда болуы және таралуын алдын алу;

  2. ТЖ ошағында эпидемиялық ошақты шеттеу, жоюға бағытталған шаралар.

Негізгі эпидемияға қарсы шараларға жатады:

  • эвакуацияланған тұрғындарды қаладан тыс, алдын ала болжанған, көшірілетін ауданға санитарлық, гигиеналық барлау жүргізу;

  • елді мекендердің санитарлық гигиеналық жағдайына зерттеу, эпидемиялық барлау жүргізу;

  • инфекциялық ауруларды уақытында анықтау, оларды оқшаулау және науқастарды ауруханаға жөнелту;

  • ауру қоздырғыштары барларды есепке алу, осындай ошақтарды санациялау;

  • инфекциялық ауруларды вакцина, сары су, антибиотиктер және химиялық дәрілермен алдын алу;

Тұрғындар арасында инфекциялық аурулардың эпидемиялық ошағы пайда болғанда күрделі жағдай туады.

Нақты эпидемиологиялық ошақ пайда болғанда орындалатын негізгі эпидемияға қарсы шаралар:



  • науқастардытіркеу және тұрғындарды хабарландыру;

  • санитарлық эпидемиологиялық барлау және тексеру жүргізу;

  • инфекциялық ауруларды анықтау, оларды оқшаулау, науқастарды ауруханаға орналастыру;

  • жаңа анықталған науқас жөнінде шұғыл хабар беру;

  • жалпы және арнайы жедел алдын алу шараларын жүргізу;

  • эпидемия ошағын залалсыздандыру (дезинфекция, дезинсекция дератизация);

  • санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу;

  • сақтандыру – шектеу (карантин және т.б.) шараларын қою, эвакуацияланған тұрғындарды қаладан тыс, алдын ала болжанған, көшірілетін ауданға санитарлық гигиеналық барлау жүргізу;

  • елді мекендердің санитарлық гигиеналық жағдайына зерттеу, эпидемиялық барлау жүргізу;

  • науқастармен қатынасты болған адамдарды анықтау, тексеру, бақылау және қажет болса оқшаулау;

  • шұғыл және спицификалық профилактика жүргізу.

Жұқпалы ауруы бар науқастармен күресудің ең тиімді әдісі – спецификалық профилактика болып табылады, яғни, алдын – ала егу жұмыстарын жүргізу, жасанды иммунитетті қалыптастыру. Алайда бұл шараның мүмкіншілігі, тек қоздырғыштың түрі анықталғанда ғана артады. Жұқпалы ошақта болған адамдарға қысқа уақыт ішінде егу жұмыстарын жүргізу қажет.

Бұл шараны жылдам өткізу үшін, вакцинді тыныс жолдары арқылы, аэрозольмен жіберу әдісі ұсынылған.

Көрсетілген әдістер тез арада вакцинация жұмысын жоғарылатады.

Бактериологиялық зақымдану ошағында суды тексеру жұмыстары жүргізіледі, ал қажет болса, оны залалсыздандырады.

Тұрғындар арасында санитарлық – ағарту жұмыстарын жүйелі түрді жүргізудің маңызы өте зор. Ерекше назар аударатын жағдай, ол карантин кезінде тұрғындардың өзін ұстай білу ережесін қадағалау.

Бактериологиялық зақымдану ошақтарын жою шараларының маңызды бөлігіне, адамдарды санитарлық өңдеуден өткізу жатады. Зақымдану түріне және қолда бар заттарға байланысты санитарлық өңдеу толық және жартылай болуы мүмкін. Жартылай санитарлық өңдеуді жұғу факторы анықталғаннан кейін, тұрғындардың өзі – өзіне көмек ретінде жүргізіледі. Дезинфекциялық ерітінді ретінде жеке химиға қарсы пакеттің ерітіндісін, 2% сулы хлорамин ерітіндісін, 70% спирт, одеколонды қолдануға болады.

Бактериологиялық қарудың салдарын жою АҚ және ТЖ мүшелерінің, өндірістік ұйымдардың, халықшаруашылық бөлімдерінің, халықтың ауызбірлістігі арқасында тиімді жүзеге асады. Сонымен қатар, өткізілетін шаралар кәсіпорындар және халықшаруашылық өнімдеріне зиян келтірмеуі тиісті.
ТЖ ошағында эпидемиялық ошақты шеттеу, жоюға бағытталған шаралар
Эпидемиялық ошақ пайда болғанда инфекциялық аурулар аймағында, инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында кешенді тәртіп орнатылады, оларға карантин және обсервация жатады.

Карантин – бұл аса қауіпті инфекциялық аурудың қоздырғышын ошақтан тыс аймаққа алып шығудың алдын алуға және инфекциялық ошақты жоюға бағытталған қатаң эпидемияға қарсы оқшаулау – шектеу шаралар жүйесі.

Карантин кезінде ошаққа кіруге және шығуға, одан мүліктерді алуға қатаң тыйым салынады, аймаққа қарулы күзет қойылады. Алдын – ала залалсыздандырылмаған заттарды ошақтан шығаруға қатал тыйым салынады. Аймақта коменданттық қызмет ұйымдастырылады. Ауыршаң адамдарды үйлерге жіберіп, ұсақ топтарға бөліп, оларға медициналық тексеріс жүргізу және эпидемияға қарсы қатаң тәртіпті ұстау керек.

Карантин АҚ және ТЖ бастығының баяндамасына сәйкес АҚ облыс бастығы бойынша енгізіледі. Карантиндік шаралар бактериологиялық қару анықталғанда ғана емес, сонымен қатар тырысқақ және сары ауру табылғанша жүргізіледі.

Аса қауіпті емес немесе жұқпалығы жоғары топқа жатпайтын жұқпалы ауруларда АҚ бастығы мен ТЖ (республика, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық) карантинді жалғастыру және оны обсервацияға ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Тырысқақ, оба, нағыз оспа және жоғарғы контагиозды инфекциялар анықталғанда карантин сақталынады.

Обсервация – медициналық және ветеринарлық бақылауды күшейтумен қатар эпидемияға қарсы емдеу – алдын алу және ветеринарлық – санитарлық шараларды жүргізуді көздейтін оқшаулау – шектеу шаралары.

Аймақта адамдар мен ауылшаруашылық малдардың қозғалысы шектеледі, зақымдану ошағынан халықтың шығуы мен кіруі шектеледі, карантинді аймақпен шекаралас аудандарда обсервация енгізіледі. Сонымен қатар обсервация қолайсыз аудандарда, яғни контагиозды емес бірнеше инфекциялық аурулар немесе бірен – сараң контагиозды инфекция тіркелгенде енгізіледі.

Сонымен обсервация кезінде атқарылады:



  • обсервация аймағынан шығуды, оған кіруді немесе кез келген көліктің транзитті жүруін мүлдем шектеу;

  • қоршаған ортаны залалсыздандыру;

  • инфекцияланған науқастарды алдын ала табу, оқшаулау және ауруханаға орналастыру;

  • ластанған аймақтарға санитарлық өңдеу жасау;

  • жұғу қауіпті кезінде адамдарға жедел профилактика шараларын жүргізу;

  • эпидемияға қарсы және санитарлық – гигиеналық шаралардың орындалуын қадағалау;

  • ауылшаруашылық малдарын және олардан өндірілетін азық;

  • түлік өнімдерін ластанудан қорғау үшін ветеринарлық, бактериялық қадағалауды күшейту;

  • медициналық мекемелерде эпидемияға қарсы жұмыстардың арнайы тәртібін орнату.

Карантин мен обсервация инфекциялық аурудың масимальді инкубациялық мезгілі өткеннен кейін, науқастарға қызмет көрсететін адамдар мен тұрғындарға санитарлық өңдеуді өткізгеннен кейін және соңғы дезинфекция жасалғаннан соң алынады.

Инфекциялық аурулардың шұғыл профилактикасы (инфекцияның қоздырғышы анықталғанша) – бұл адамдарға қауіпті инфекциялық аурудың қоздырғышы жұққан кезде аурудың пайда болуын алдын алуға бағытталған медициналық шаралар. Оны ауру жұққанда немесе адамдар арасында қауіпті инфекциялық ауру тіркелгенде жүргізеді. Осы мақсатта кең спектрлі антибиотиктер, химиодәрілер және вирусқа қарсы дәрілер қолданылады.

Инфекциялық аурудың қоздырғыштары анықталмағанда жалпы, ал қоздырғыш анықталғанда арнайы шұғыл профилактика жүргізіледі. Жалпы шұғыл профилактиканың ұзақтығы 2 – 5 тәулік. Арнайы профилактика ретінде анықталған қоздырғышқа әсер ететін антибиотиктер қолданылады, қоздырғыштар эпидемиологиялық ошақтағы науқастардан анықталады. Емшара ұзақтығы сырқаттың түріне байланысты және микробқа қарсы қолданылатын дәрінің қасиетіне.

Науқастарды ерте анықтау және оқшаулау, бактериологиялық зақымданған ошақ территориясында тұратын және жұмыс істейтін азаматтарды тұрақты медициналық бақылауды өткізу нәтижесінде іске асады.

Медициналық бақылау халық шаруашылық нысандарын, үйлерді және пәтерлерді күнделікті тексеру арқылы жүргізіледі. Сондай – ақ адамдарды сұрастырудан басқа қызбасы бар науқастарды табу, оларды оқшаулау және ауруханаға орналастыру немесе уақытша жұқпалы ауруханаға эвакуациялау.

Науқастарды табу және жедел профилактиканы өткізуге санитарлық жасақтар қатысады. Пәтерлерді тексергенде және онда қызбасы бар науқастарға дер кезінде көмек көрсеткенде медициналық қызметкер қорғаныш көзілдірікпен, маскамен, халатпен, резенкелі етік киіммен және қолғаппен жабдықталуы керек. Тексеру жүргізгеннен кейін медициналық қызметкерлер міндетті түрде толық санитарлық өңдеуден өтулері керек.

Жұқпалы ауруы бар науқастарды эвакуациялау үшін жедел жәрдем көліктері, сонымен қатар арнайы жабдықталған автобустар және жүк таситын көліктер қолданылады. Жұқпалы науқастарды тасымалдағаннан кейін, көліктерді міндетті түрде дезинфекциялау қажет, ал қасында болған медициналық қызметкерлер киімін, аяқ – киімімен бірге толық санитарлық өңдеуден өтеді.

Жалпы аурушаңдық кезінде, жұқпалы ауруханада және уақытша жұқпалы ауруханада төсек орны жеткіліксіз болған жағдайда, науқастарды біраз бөлімін тұратын жерінде оқшаулайды. Оларды күту кезінде қатаң түрде гигиеналық ережелерді сақтау керек.

Антибиотиктер және басқа дәрілер арқылы емдеу, алдын алу шараларын өткізу, аурудың өршуін тоқтатуға және науқас ағзасының инфекция қоздырғышымен күресуге көмектеседі. Айта кететін жай, бейбіт уақытында емдеу мақсатымен қолданатын антибиотиктерге кейбір адамдардың сезімталдығы төмендейді, сондықтан жедел алдын алу мақсатында басқа антибиотиктерді қолдану тиімді болады. Бактериологиялық зақымдану ошағы пайда болған факті анықталғанда тез арада жедел алдын алу шараларын (профилактиканы) өткізу керек.

Қоздырғыш түрі анықталғаннан кейін жедел алдын алу шаралары ретінде емдік сарысуды (вакцина) тағайындауға болады.

Территория, құрылымдар және техниканы, сонымен қатар пәтер ошақтарын залалсыздандыру дезинфекция, дезинсекция және дератизация жолдарымен орындалады. Осы мақсатта медициналық қызметпен бірге коммуникалды – техникалық қызмет, залалсыздандыру командалары және арнайы техникалық құралдар, шаруашылық коммуналды көліктері бар азаматтық қорғаныс бөлімшелері қатысады.

Дезинфекция – қоршаған ортада инфекциялық аурудың қоздырғышын жою шаралары. Оны физикалық (қайнату, ыстық бумен өңдеу, өртеу), химиялық (дезинфекциялаушы заттардан хлорлы әк, хлорамин, дихлорамин, натрий, фенол, крезол, формалин және т.б. қолданылады) және комбинацияланған әдістер арқылы жүзеге асыруғаболады.

Дезинфекцияны дезинсектор, дезинфектор және 2 санитардан құрылған арнайы топ жүзеге асырады.

Дезинсекция – жәндіктерді және басқа жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушыларды жою. Осы мақсатта химиялық әдіс қолданылады – инсектицидті дәрілер, мысалы, гексахлоран, хлорофос және т.б.

Дератизация – кемірушілер жою (инфекция көзі). Оны химиялық және физикалық әдістермен орындайды цинк фосфиді, натрий хлоридын және т.б. қолдану тиімді.
Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің (АҚМҚ) және ТЖ эпидемияға қарсы құрылымдары

Бактериялық ошақты жою бойынша шараларды ұйымдастыру және атқару кезінде АҚМҚ әртүрлі құрылымдары және медициналық мекемелер қолданылады. Оларға жылжымалы эпидемияға қарсы отряд, алғашқы медициналық көмек отряды, санитарлық жасақтар және т.б. құрылымдар: санитарлық – эпидемиологиялық станция, емхана, аурухана, ветеринарлық мекемелер, сонымен қатар әскери бөлімшелер жатады.

АҚМҚ бірінші тобының күші мен құралына жатпайды: санитарлық бекет (пост), санитарлық жасақтар, медициналық көмек бригадалары, жылжымалы госпиталдар, санитарлық – эпидемиологиялық отрядтар, эпидемияға қарсы бригадалар.

Санитарлық бекет (СБ) – бұл мекеме аймағында (территориясында) зақымданғандарға және жарақат алғандарға біріншілікті көмек көрсететін медицина қызметкерлер санынан тұрады. Оның құрамына 4 адам кіреді: бекет бастығы, 3 санитарлық жасақ.

Санитария жасақтар (СЖ) мекемелерде, ұйымдарда және жоғары оқу орындарда жұмысшылар, қызметкерлер және студенттерден құрылады. Санитарлық жасақтар жаппай зақымдану ошағында зардап шеккендері іздеуге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге және оларды осы ошақтан шығаруға арналған. Сонымен қатар олар медициналық құрылымдар мен мекемелердің жұмысына да жұмысдырылады.

СЖ құрамына 24 адам кіреді: командир, орынбасары, байланысшы, жүргізуші және әрқайсысы 4 адамнан тұратын 5 санитарлық жасақ звеносы. Олар келесі табелді мүліктермен жабдықталған: 20 санитарлық дорба (сумка), аптечка және химияға қарсы пакеттер, газ сейілткіштер, санитарлық зембілдер, шендеуіштер (шина) жиынтығы. 1 сағат ішінде СЖ ядролық және химиялық ошақтардағы 50 зақымдалған адамға алғашқы медициналық көмек көрсете алады.

СБ мен СЖ-ды медициналық мүлікпен алғашқыда ұйымдастырушы мекеме, ұйым қамтамасыз етеді, ал зақымдану ошағындығы жұмыс барысында алғашқы медициналық жәрдем отрядының медициналық қамтамасыздандыру бөлімшесімен толықтырылады.

Жылжымалы эпидемияға қарсы отряд (ЖЭҚО) ұйымдастырылмаған жағдайда зақымдану ошағындағы барлық жою шараларын санитарлық – эпидемиологиялық станциялар атқарады. Негізінде санитарлық – эпидемиологиялық станциялардың қызметі осы кезеңде ЖЭҚО қызметімен сәйкес. Бактериологиялық зақымдану ошағындағы көпшілік шаралар тікелей осы жасақтардың басшылығы мен қатысуы арқылы жүзеге асады.

ЖЭҚО аудандың, қалалық, облыстық және республикалық санитарлық – эпидемиологиялық станциялар, сонымен қатар эпидемиология, микробиология және гигиена институттары негізінде құралады.

ЖЭҚО –тың негізгі қызметі зақымдану ошақтары пайда болған кезде санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады. Табель бойынша ЖЭҚЖ антибиотиктер, бактериальді, диагностикалық дәрілер, лаборатория мүлігі, дезинфекциялық – себезгі көліктер, көлік лабораториялар, көліктер және тағы басқа жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етіледі.

ЖЭҚЖ құрамында басқарма, санитарлық – эпидемиологиялық лабораториялық, дезинфекциялық бөлімдер енеді. Лабораторлық бөлімде бактериологиялық, санитарлық – химиялық және радиологиялық лабораториялар бар.

Санитарлық – эпидемиологиялық бөлімнің қызметі: эпидемиологиялық барлауды ұйымдастыру және жүргізу, халық арасындағы шұғыл алдын алу, сынама алу, санитарлық – ағарту және т.б. жұмыстарды жүргізу.

Лабораторлық бөлім әртүрлі орталарға бактериологиялық, санитарлық, химиялық және радиологиялық зерттеу жүргізеді.



Дезинфекциялық бөлім – зардап шеккен халыққа санитарлық өңдеу, зақымдану ошақтарындағы дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық жұмыстарды бақылау және жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет