Курсы бойынша дистанциондық оқыту әдістемесінің нұсқасы Дайындаған: б.ғ. к., аға оқытушы Ш. Е. Арыстанова



бет1/3
Дата04.12.2017
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3

 Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Химия-биология факультеті

Биология кафедрасы

 

 



 

Өсімдіктер физиологиясы

курсы бойынша дистанциондық оқыту әдістемесінің нұсқасы

  

 



   Дайындаған: б.ғ.к., аға оқытушы Ш.Е. Арыстанова

Көкшетау - 2003

 

 



 

1 ТАРАУ. ӨСІМДІК КЛЕТКАСЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

___________________________________________________________________

Өсімдік клеткаларына судың және еріген қосылыстардың енуі немесе шығуы өсімдіктің сыртқы ортамен маңызды қарым-қатынасын анықтайтын өте күрделі процесс. Бұл процесс молекулалық және иондық түрде өтуіне байланысты тікелей байқауға келмейді. Лабораторияда өсімдік ұлпалары мен клеткаларында тәжірибе жасағанда сыртқы ортаның әсеріне байланысты клеткада өтіп жатқан процестерді түсінуге болады. Өсімдік клеткасының сырты қатқыл клетка қабықшасымен қапталған. Қабықша клеткаларға, өсімдік ұлпаларына механикалық қаттылық бере отырып, клеткада түзілетін гидростатикалық қысымнан цитоплазмалық мембраналарды бұзылудан сақтайды. Сондай-ақ минералды қосылыстарды қабылдауда ол ион алмастырушы болып табылады.

Клетка қабықщасының құрамы целлюлоза, гемоцеллюлоза, пектин, липидтер мен белоктан құралған. Химиялық тұрғыдан клетчатканы (целлюлоза, оның формуласы – (С6Н10О5)n глюкоза қалдықтары деп атайды. Глюкоза қалдықтарының 3-10 мыңға жуығы 1,4 көміртек байланыстарымен жалғасып целлюлозаның ұзын жазық тізбегін, молекуласын құрайды. Целлюлозаның 100 молекуласы бірігіп целлюлозаның мицелласын, 20 мицелла – микрофибрилін, ал 250 микрофибрилл – клетчатканың макрофибрилін түзеді. Целлюлозаның макрофибрилдері, сол сияқты микрофибрилдері мен мицелла тізбектері бір-бірмен сутекті байланыспен жалғасып, топ құрайды. Бұл топтар өсімдік клетка қабықшасының тірек қызметін атқаратын кристалдық бөлімін түзеді.

Клетка қабықшасында мұндай кристалдық бөліммен қатар паракристалдық аморфты іркілдек масса – матрикс болады. Целлюлозаның микро, макрофибрилдері осы матрикске батып жатады. Матрикстің құрамында гемоцеллюлоза, пектин және белоктар болады. Клетка қабықшасы құраындағы белоктар қабықшаға белгілі құрылыспен қатар созылғыштық қасиет береді. Целлюлозаның фибрилдері арасын түгелдей матрикс алып жатпай, клетка қабықшасында қуыстар қалып, онда су болады. Ондай суы бар клетка қабықшасындағы бөлім “бос қуыс” деп аталады, ал ол бөлімдер барлық клеткаларда жалғасып жүйе құрайды, оны апопласт деп атайды. Клетка қабықшаларында жіңішке саңылаулар болады да олардан плазмалық жіпшелер - плазмодесмос өтеді. Әрбір жеке клетка қабықшаларының 100 мкм2 бөлімінде 10 - 20-ға жуық диаметрі 0,2 мкм плазмодесмалар болады. Плазмодесмалар барлық клеткалардың цитоплазмаларын жалғастырып біртұтас жүйе құрайды. Ол симпласт деп аталады. Сонымен клеткалар арасындағы қосылыстардың өтуінің симпласт және апопласт деп аталатын екі түрі болады. Клеткаларда судың және еріген қосылыстардың өтуінде клетка қабықшасынан бөлек цитоплазмалық мембраналар бар. Цитоплазманың сыртын қоршап жатқан плазмалемма мембранасы, клетка шырынының сыртын қоршайтын – тонопласт мембранасы. Бұл мембраналар қосылыстардың өтуінде тосқауыл болып табылады, олардың өз ерешеліктері бар.



ЖАТТЫҒУЛАР

1.


Клетка терминін ең алғаш енгізген кім?

  1. Я.Пуркинье

  2. М.Шлейден

  3. Т.Шванн

  4. Р.Гук

  5. П.Горяников

2.

Клетка жайында теория қашан қалыптасты?



  1. 1965

  2. 1839

  3. 1855

  4. 1956

  5. 1863

3.

Биомембраналар қалыңдығы неше нм болады?



  1. 0,5-1,0 нм

  2. 1,5-3,0 нм

  3. 6,0-10,0 нм

  4. 15,0-20,0 нм

  5. 100,0-200,0 нм

4.

Плазмалемманың қызметтік белсенділігі оның құрамындағы қай қосылысқа байланысты?



  1. белоктарға

  2. қанттарға

  3. фенолдарға

  4. майларға

  5. органикалық қышқылдарға

5.

Мембраналық белоктар түрлері қандай болады?



  1. интегралды

  2. беткей

  3. батқан

  4. жартылай батқан

  5. бос,байланыспаған

6.

Қандай қызмет плазмалеммаға тән емес ?



  1. қорғаныс

  2. сұрыптай тасымалдау

  3. тосқауыл

  4. секреттегіш

  5. оқшаулағыш (изоляция)

7.

Плазмодесма дегеніміз не ?



  1. клетка бөліне бастағанда түзілетін орталық пластинка

  2. клетка аралық кеңістік

  3. клеткаларды өзара байланыстырғыш құрылым

  4. клетка қабығы

  5. клеткалық органелла

8.

Нуклеоплазмада не болмайды ?



  1. хроматин бөліктері

  2. ферменттер

  3. кофакторлар

  4. ДНҚ

  5. протопласттар

9.

Вакуольді шектейтін мембрана қалай аталады?



  1. плазмолемма

  2. тонопласт

  3. протопласт

  4. матрикс

  5. ламелла

10.

Өсімдікті қандай жағдайда өсіргенде этиопласттар түзіледі?



  1. жарықта

  2. қараңғыда

  3. құрғақ топырақта

  4. оранжереяда

  5. құнарлы топырақта

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1 вариант

  1. Клетка теориясының негізгі қағидаларын атаңыз?

  2. Апопласттық және симпластық жүйелердің өзара айырмашылықтары қандай?

  3. Өсімдік клеткасы жануар клеткасынан қалай ажыралады?

  4. Тонопласт дегеніміз не?

  5. Хлоропластың құрылысы қандай?

2 вариант

  1. Гольджи аппаратының құрылысы мен қызметі қандай?

  2. Клетка қай жылы ашылды және кім ашты?

  3. Ферменттер клетка тіршілігінде қандай роль атқарады?

  4. Клетканың химиялық құрамы қандай?

  5. АТФ дегеніміз не және ол қай органоидта синтезделеді?

3 вариант

  1. Ядроның құрылысы мен қызметі қандай?

  2. Өсімдік клеткасына заттар қалай сіңеді?

  3. Плазмодесма дегеніміз не?

  4. Полимер және мономер дегеніміз не?

  5. Белоктың синтезіне неше амин қышқылы қатысады?

4 вариант

  1. Лизасоманың клетка тіршілігінде қызметі қандай?

  2. РНК мен ДНК-ның құрылыстары арасындағы ерекшелікті атаңыз?

  3. Клетканың көбеюі қалай жүреді?

  4. Плазмалық мембрананың қызметі қандай?

  5. Пероксисомалар мен глиоксисомалар – бұл қандай заттар?

5 вариант

  1. Митохондрияның құрылысы мен қызметі қандай?

  2. Қос қабатты органоидтарды атаңыз?

  3. Рибосомалар қандай қызмет атқарады?

  4. Қандай пластидтерді білесіз?

  5. Ядро шырыны дегеніміз не және оның қызметі қандай?

ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Клетка мембранасының талғамды (іріктеп) өткізгіштігі неге байланысты?

  2. Тірі клетка мембранада клетка сөлін өзі арқылы өткізі ме?

  3. Неліктен жеке клетканы дербес организм деуге болады?

  4. Эндоплазмалық тордың неше түрі бар және қандай қызметтер атқарады?

  5. Вакуолдер жүйесі деген не, оның қызметі қандай?

  6. Клеткадағы майда денешіктер қандай қызмет атқарады?

  7. Ядро қандай құрылымдардан тұрады?

  8. өсімдік клеткасында рибосомалардың қандай түрлері бар, олардың айырмалықтары неде?

  9. Пластидтер жүйесіндегі жеке пластидтердің құрылысы мен қызметтерінде қандай ерекшеліктер бар?

  10. Хлоропластар мен митохондриялар қызметтерінің арасында қандай байланыс бар?

Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Полевой В.В. Физиология растений. М.: Высшая школа, 1989.

  2. Либберт Э. Физиология растений.М.: Мир, 1976.

  3. Лебедев Р.И. Физиология растений. М.: Колос, 1982.

  4. Гудвин Т., Мәрсер Э. Введение в биохимию растений. Т. 1, 2. М.: Мир, 1986.

  5. Калекенов Ж. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы Қазақ университеті , 1996.

  6. Жатқанбаев Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы.

  7. Кенесарина С.Н. Өсімдіктер физиологиясы.

  8. Кенжеев Қ. Өсімдіктер физиологиясының практикумы. Алматы Мектеп 1989.

  9. Калекенов Ж. Өсімдіктер физиологиясының практикумы. Алматы, 1994.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Гәлстон А., Дэвис Г., Сеттер Р. Жизнь зеленого растения. М.: Мир, 1983.

  2. Саламатова Т.С. Физиология растительной клетки. Л., 1983.

  3. Гавриленко В.Ф., Гусев М.В. Избранные главы физиологии растений. М.: 1986.

  4. Кларксон Д. Транспорт ионов и структура растительной клетки. М., 1974.

  5. Курсанов А.Л. Транспорт ассимилятов в растении. М., 1974.

  6. Сабинин Д.А. Физиология развития растений. М., 1970.

  7. Атлас ультраструктуры растительных тканей. Петрозаводск, 1980.

  8. Биосфера. Эволюция, пространство, время. Под ред. Р.У.Симса, Дж. Прайса, П.Э.С. Уэлли. М., Прогресс, 1988.

  9. Гамалей Ю.В. Эндоплазматическая сеть растений. Происхождение, структура и функции. С-Петербург, Наука. 1994.

  10. Гамалей Ю.В. Эндоплазматическая сеть растений. Происхождение, структура и функции. 53-е Тимирязевское чтение. С-Пб., 1994.

  11. Кретович В.Л. Биохимия растений. М., Высшая школа, 1980.

  12. Курсанов А.Л. Транспорт ассимилятов в растении. М., Наука, 1976.

  13. Леви А., Сиккевиц Ф. Структура и функции клетки. М., Мир, 1971.

  14. Ленинджер А. Биохимия (в 3-х томах). М., Мир, 1974, 1976, 1992.
    Маргелис Л. Роль симбиоза в эволюции клетки. М, Мир, 1983.

  15. Новые направления в физиологии растений. под ред. А.Л.Курсанова, М., Наука, 1985.

  16. Ченцов Ю.С. Общая цитология. Изд-во Московского университета, 1984.

2 ТАРАУ. ӨСІМДІКТЕРДЕГІ СУ АЛМАСУ

Өсімдіктердегі балық тіршілік әрекеттері қалыптағыдай жүзеге асуы үшін ол сумен толық қамтамасыз болуы керек. Су өсімдіктерінің клеткасындағы протопласт құрылысының негізгі бөлігі. Ол барлық биологиялық өзгерістерге, молекулалардың өзара әрекеттесуіне, фотосинтезге, тыныс алуға, толып жатқан гидролиздік және синтездік процестерге тікелей қатысады. Судың ең жақсы еріткіштік қасиеті өсімдік бойымен минералдық және органикалық заттармен таралуын қамтамасыз етеді. Топырақтағы қоректік заттар тамырға негізінен ерітінді күйде енеді. Судың булануы /транспирация/ өсімдік денесінің температурасын реттейді.

Судың қасиеттері оның құрылысына байланысты. Оның молекулалары өзара сутектік байланыс арқылы селдір кристалды тераэрдік құрылым түзеді. Судың осындай құрылысы оның электролиттер және биополимерлермен әрекеттесуін қамтамасыз етіп, цитоплазманың негізгі құрылыстық бөлігі болуына әсерін тигізеді. Клеткадағы су бос және байланысқан деп бөлінеді. Клетканың сусыз бөліктерімен әрекеттескен су молекулалары байланысқан суға жатады. Судың бұл түрінің еріткіштік қасиеті жойылып, жылжығыштығы төмендейді. Бос суға вакуольдегі және клетканың бөлімшелеріндегі қор күйіндегі, клетка аралықтарындағы, түтікшелеріндегі суды жатқызады. Өсімдіктегі сіңген және жұмсалған судың ара қатынасы су теңдестігі (байланысы) деп аталады. Су теңдестігі тапшылықсыз болу үшін жапырақ арқылы буланған судың мөлшері тамыр арқылы сіңген сумен толықтырылып тұруы қажет. Өсімдіктің аздап сола бастауының өзі клетка құрылысының бұзылуына, зат алмасу процестерінің нашарлануына әкеліп соғады. Өсімдіктің сумен қатамасыздығы қалыпты күйіне келгенсін 5 – 7 күннен соң ғана фотосинтездің жүруі дұрысталса, өсу процестері 2-3 жетіден кейін ғана дұрыстала бастайды. Соның өзінде өсімдіктен алынатын түсім біраз азаяды. Өсімдікке судың сіңуі тамыр қысымы және транспирацияның сорғыштық күші арқылы жүзеге асады.

Тамыр жүйесі арқылы судың активті сіңуін немесе төменгі қозғағыш күшті өсімдіктегі Жылау және гутация құбылыстарынан байқауға болады. Тамыр қысымының шамасы өсімдіктердің түрлеріне өсу-даму ортасына байланысты 50, 150 кПа арасында болады. Өсімдік топырақ астында өнгенде, жапырақтары қалыптасып жетілмеген көктемгі кезеңде тамыр қысымының маңызы басымырақ болады. Сонымен қатар тамыр қысымы ксилема түтіктеріндегі су ағымының тұтастығын, күндіз пайда болған су тапшылығының түнде жойылуын қаматамасыз етеді.

Судың жапырақ арқылы булануы – транспирация жоғарғы қозғағыш күш деп аталады. Транспирацияның сорғыштық әсері, екі қозғағыш күштерді өзара байланыстыратын, гидродинамикалық тарту түрінде тамырға жетеді. Жоғарғы қозғағыш күш – транспирация энергияның қайнар көзі ретінде күн сәулесін пайдаланып дағдалы реттеліп тұрады. Өсімдіктің жапырақтары толық қалыптасқан кезде транспирацияның сорғыштық күші тамыр қысымынан бірнеше есе артық болады. Өсімдік жапырағынан судың булануы негізінен устьицелер арқылы жүзеге асады. Сондықтан траспирация қарқындылығы ең алдымен устьицелердің ашылу деңгейіне, одан соң цитоплазма мен клетка қабықтарының су ұстағышына байланысты болады. Өсімдік өз тіршілігінде суды өте көп мөлшерде пайдаланғанымен, оның басым көпшілігі (95-99 %) транспирация арқылы ысырап болады. Өсімдіктердің суды пайдалану тиімділігі транспирациялық коэффициентпен бейнеленеді. Ол өсімдік денесінде құрғақ заттың белгілі мөлшері (грамм), құрылуына пайдаланатын судың мөлшерімен анықталады. Көптеген ауылшаруашылық өсімдіктері 1 г құрғақ зат түзу үшін 300 – 500 г су пайдаланады. Транспирациялық коэффициент өсімдіктің минералдық қоректенуіне, сумен қамтамасыздығына, жарық деңгейіне және басқа жағдайларға байланысты өзгергіш келеді.

ЖАТТЫҒУЛАР

1.


Бос кеңістік дегеніміз не?

  1. плазмолемма мен қабық аралығы

  2. симпласт

  3. клетка қабығындағы молекулалық кеңістік

  4. протопласт

  5. плазмодесма

2.

Мына иондардың қайсысы судың тұтқырлығын көбірек арттырады?



  1. натрий

  2. магний

  3. аммоний

  4. литий

  5. фтор

3.

Белгілі бір ионмен байланысқан суды қалай атайды?



  1. осмосты байланысқан

  2. бос

  3. қатты байланысқан

  4. әлсіз байланысқан

  5. иммобильденген су деп атайды

4.

Судың ең көп мөлшері қай органеллада болады?



  1. цитоплазмада

  2. ядрода

  3. вакуольде

  4. клетка қабығында

  5. рибосомада

5.

Судың клеткаға енетін басты жолы қалай?



  1. диффузия

  2. пассивті сіңірілу

  3. активті,энергия жұмсау арқылы

  4. осмостық сіңірілу

  5. молекулалық байланыстар әсерімен

6.

Осмостық белсенді заттарға қай органелла бай?



  1. протопласттар

  2. митохондриялар

  3. вакуоль

  4. хлоропласттар

  5. сферопласттар

7.

Плазмолиз дегеніміз не ?



  1. клетканың сінуі

  2. судың сыртқа шығуына байланысты клетканың солуы

  3. заттардың секреттенуі

  4. судың клеткаға енуі

  5. вакуольдің клетка қабығына түсіретін қысымы

8.

Деплазмолиз дегеніміз не?



  1. клетка көлемінің шұғыл азаюы

  2. клетка көлемінің шұғыл артуы

  3. күрделі қосылыстардың клеткадан шығуы

  4. тургорлық қысымның жойылуы

  5. макромолекулалардың секреттенуі

9.

Тамырдағы тамыр түктерін түзгіш клеткалар қалай аталады?



  1. статоциттер

  2. тыныштық орталығы клеткалары

  3. трихобласттар

  4. атрихобласттар

  5. перициклдік клеткалар

10.

Тамыр түктерінің қызметі неде ?



  1. өсімдікті тамырға бекіту

  2. сіңіру беткейі ауданын арттыру

  3. органикалық заттарды сіңіру

  4. тамырдың түзгіш қабілетін арттыру

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1 вариант

1.Өсімдік бойымен судың жылжуына қандай күштер әсер етеді?

2. Транспирация өнімділігі деген не, оны қалай анықтайды?

3. Өсімдіктегі су алмасу процесін сипаттайтын көрсеткіштерді атаңыз

4. Транспирациялық коэффициент 250 мл/г.Транспирация өнімділігін есептеніз.

5.Су тапшылығы деген ұғымды қалай түсінесіз, қандай түрлері бар?



2 вариант

1. Устьицелер жабық жағдайда трансперация жүре ме, жапырақсыз өсімдктерде ше?



  1. Транспирацияның қарқындылығы деген не, ол қалай есептеледі неге байланысты өзгереді?

  2. Устьицелердің қимылы (ашылып-жабылып) неге байланысты?

  3. Устьицелік және кутикулалық транспирация деген ұғымдарды қалай түсінесіз? Осы екеуінің қайсысы басымырақ, ол неліктен?

  4. Транспирациялық коэффициент деген ұғым нені бейнелейді?

3 вариант

  1. Салыстырмалы транспирация деген не, оның шамасы қандай?

  2. Устьицелерді қоршаған басқа клеткалардың күйлері устьице саңылауларының ашылып-жабылуына әсер ете ме? Мысалдар келтіріңіз.

  3. Транспирация өнімділіг 2,5 г/л болса транспирациялық коэффициент қаншаға тең болады?

  4. Салыстырмалы тургор деген ұғым нені түсіндіреді? Салыстырмалы тургорлық тапшылығы деген ұғым не?

  5. Су өсімдік тіршілігінде қандай қызмет атқарады?

4 вариант

  1. Өсімдік вегетациялық кезеңде 3 г құрғақ зат жинады және 600 кг пайдаланды. Транспирацияның өнімділігін есептеп шығарыңыз.

  2. Өсімдік бойымен судың жылжуын қамтамасыз ететін жоғарғы және төменгі қозғағыш күш деген ұғымдарды қалай түсінесіз, екеуінің арасында қандай байланыс бар?

  3. Су клетканың қанша мөлшерін алады?

  4. Өсімдікке сыртқы орта жағдайлары қалай әсер етеді?

  5. Транспирация күшейгенде өсімдік денесінде қандай өзгерістер болады?

5 вариант

  1. Клеткада қандай химиялық қосылыстар осмостық қысымды қамтамасыз етеді?

  2. Су клетка тіршілігде қандай қызметтер атқарады?

  3. Су клеткаға қалай енеді?

  4. Егер өсімдік жапырағының ауданы 1,5 м2 транспирация қарқындылығы 102 г/м2 сағат болса, осы өсімдік 3 сағатта қанша су буландырады?

  5. Қандай орта жағдайлары транспирация қарқындылығын арттырады?

ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Өлі клеткеларда плазмолиз құбылысы байқала ма?

  2. Пламолиздің түрлері және уақыты неге байланысты?

  3. Осмос, тургор (керілу), тургорлық қысым деген ұғымды қалай түсінесіз?

  4. Плазмолиз бен цитоплазманың тұтқырлығы арасында қандай байланыс бар?

  5. Клеткеның су потенциалы деген ұғымды қалай түсінесіз, ол неге байланысты?

  6. Клетка суға толық қаныққан күйде болса оның сорғыш-тық және тургорлық қысымы неге тең болады? Плазмолизденген күйде болса ше?

  7. Неліктен өсімдік клеткасын осмостық жүйе деуге болады?

  8. Өсімдік ұлпасындағы судың бос және байланысқан болып бөлінуі неге негізделген?

  9. Тамыр қысымы деген ұғымды қалай түсінесіз, ол неге байланысты?

  10. Гутация, “жылау” (плач) құбылыстары неге байланысты?

Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Полевой В.В. Физиология растений. М.: Высшая школа, 1989.

  2. Либберт Э. Физиология растений.М.: Мир, 1976.

  3. Лебедев Р.И. Физиология растений. М.: Колос, 1982.

  4. Гудвин Т., Мәрсер Э. Введение в биохимию растений. Т. 1, 2. М.: Мир, 1986.

  5. Калекенов Ж. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы Қазақ университеті , 1996.

  6. Жатқанбаев Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы.

  7. Кенесарина С.Н. Өсімдіктер физиологиясы.

  8. Кенжеев Қ. Өсімдіктер физиологиясының практикумы. Алматы Мектеп 1989.

  9. Калекенов Ж. Өсімдіктер физиологиясының практикумы. Алматы, 1994.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Гәлстон А., Дэвис Г., Сеттер Р. Жизнь зеленого растения. М.: Мир, 1983.

  2. Саламатова Т.С. Физиология растительной клетки. Л., 1983.

  3. Гавриленко В.Ф., Гусев М.В. Избранные главы физиологии растений. М.: 1986.

  4. Кларксон Д. транспорт ионов и структура растительной клетки. М., 1974.

  5. Курсанов А.Л. Транспорт ассимилятов в растении. М., 1974.

  6. Сабинин Д.А. Физиология развития растений. М., 1970.

  7. Слейчер Р. Водный режим растений. М., Мир, 1970.

  8. Пахомова Г., В.К.Безуглов В.К. Водный режим растений. Казань, Изд-во КГУ, 1980.

 

3 ТАРАУ. ФОТОСИНТЕЗ

Фотосинтез деп күннің жарық қуатын пигменттер қатысында көміртегінің диоксиді мен судан органикалық қосылыстың түзілуін айтамыз. Фотосинтездің жинақталған формуласын былай көрсетуге болады:

6СО 2 + 12Н2 0 + --------------------------- С6 Н12 0 6 + 60 2 + 6Н2

Фотосинтез процесі белок липоидтардан тұратын екі қабат мембранамен қоршалған хлоропластарда өтеді. Хлоропластың бұл екі қабатты мембранасын строма деп аталатын сұйықтық толтырып тұрады. Строма және граналардың сырты екі қабатты мембраналардан тұрады, оны ламелла деп атайды. Сондықтан ламеллалардың хлоропласта екі түрі кездеседі. Оның бірі строма ламелласы, ал екіншісі грана ламелласы. Ламеллалардың қап сияқтанып тұйықталған жерлері тилакоид деп аталады. Тилакоидтарда фотосинтездің жарық сатысы өтеді, яғни жарықтың сәуле қуатын АТФ және НАДФ·Н2 молекулаларындағы химиялық қуатқа көшіреді, ал фотосинтездің қараңғы – биохимиялық сатысы СО2 тотықсызданып, органикалық қосылысқа көшуі тилакоидтардан тыс стромада өтеді.

Тилакоидтардың мембраналарында пигменттердің хлорофилл а С55Н72О5N4Mg – көкшіл жасыл түсті, хлорофилл б С55Н70О6N4Mg – сарғыш жасыл, каротин С4056 қызғылт сары, ксантофилл С4056О2 сарғыш сары түрлері болады. Хлорофилл химиялық құрамы жағынан хлорофилиннің дикарбон қышқылдарының құрделі эфирлерімен екі спирт-метанол СН3ОН және фитол С20Н39ОН-дан құралған. Хлорофилл молекуласында-СН-метил топтарымен байланысқан төрт пиррол сақинасы хлорофилдің порфиринді ядросын құрайды. Порфирин ядросында магний атомы орналасып, пиррол сақиналарындағы азот атомымен байланысады. Хлорофилл молекуласыныың ядросында карбонил тобы бар циклопентанды бесінші сақина бар.

Порфирин ядросында азот атомдарының болуына байланысты гидрофильді қасиетке ие болып мембранадағы белок молекулаларымен байланысты болып келеді. Бұнымен қатар хлорофилдің көмірсутекті фитол бөлімі гидрофобты болып тилакоидтың липидті қабатына бағытталады. Сондықтан хлорофилидтердің ерігіштік қасиеті полярсыз еріткіштерді (бензин, петролеин эфирі) артады. Бірақ жапырақ құрамындағы хлорофилдерді толық шығару үшін жоғарыдағы еріткіштерді пайдаланбай, спирт немесе ацетон пайдаланылады. Оның себебі хлорофилл молекулаларының шығаруы үшін хлорофилл белок комплексі гидролизденуі тиіс. Хлоропластар құрамында а және б хлорофилдерден басқа хлорофилдердің тағы сегіз түрі болады. Хлоропласт құрамында хлорофилдерден басқа сары түсті пигменттер каратиноидтар болады. Хлоропластардағы пигменттер мен ферменттердің қатысуында органикалық қосылыстардағы күннің жарық қуаты химиялық қуатқа көшу нәтижесінде өтіп, ал ол қосылыстар пластидтерде қалып қоймай, басқа ұлпаларға немесе мүшелерге тасымалданады. Синтезделген қосылыстардың бару бағыты өсімдік клеткаларындағы немесе түгелдей мүшелердегі метаболизмге байланысты. Өсімдіктің қай жерінде осы қосылыстар үздіксіз жұмсалса, органикалық қосылыстар да сол мүшелерге барады. Өсімдіктің барлық тіршілік процесі фотосинтез нәтижесінде ассимиляцияланған органикалық қосылыстарға байланысты.



ЖАТТЫҒУЛАР

1.


Оттегін ең алғаш ашқан кім?

  1. С.Гейлс,1727

  2. М.Ломоносов,1753

  3. И.Ньютон,1747

  4. Дж,Пристли,1774

  5. А.Лавуазье,1775

2.

Фотосинтездің ғарыштық ролін алғаш қалыптастырған кім?



  1. М.Ломоносов

  2. Ю.Сакс

  3. Г.Гельмгольц

  4. К.Тимирязев

  5. А.Фаминцын

3.

Хлорофилл құрамына қай элемент кірмейді?



  1. көміртегі

  2. сутегі

  3. оттегі

  4. темір

  5. магний

4.

Хлорофилл сақинасы неше пиррол сақинасынан тұрады?



  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 4

  5. 5

5.

Пиррол сақинасы өзара немен жалғасады?



  1. метил көпіршесімен

  2. фитолмен

  3. форбинмен

  4. метин көпіршесімен

  5. феофитинмен

6.

Фикобилиндер қай тіршілік иелеріне тән?



  1. бактерияларға

  2. жағары сатылы өсімдіктерге

  3. балдырларға

  4. саңырауқұлақтарға

  5. жабықтұқымдастарға

7.

Жапырақтағы каротиноидтар қай мезгілде жақсы көрінеді?



  1. көктемде

  2. жазда

  3. күзде

  4. қыста

  5. әрқашан

8.

Екі фотожүйенің болатынын ең алғаш болжаған кім?



  1. К.Тимирязев

  2. М.Цвет

  3. Р.Хилл

  4. Р.Эмерсон

  5. Д.Арнон

9.

Фотосинтездегі квант шығымы дегеніміз не?



  1. 1 квант қуат сіңірілгенде бөлініп шығатын көмірқышқыл газы немесе сіңірілген оттегі мөлшері

  2. 1 квант қуат сіңірілгенде бөлініп шығатын оттегі немесе сіңірілген көмірқышқыл газы мөлшері

  3. 1 квант қуат сіңірілгенде түзілетін қант мөлшері

  4. белгілі бір уақытта бөлініп шығатын оттегі

  5. белгілі бір уақытта байланысатын көмірқышқыл газы мөлшері

10.

Фотосинтездің жарық сатысының соңғы өніміне не жатады?



  1. қаттар

  2. фосфоглицерин

  3. НАДФН

  4. фосфоглицеральдегид

  5. фруктозадифосфат

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет