Курманбаева Эльмира, ОҚО, Кентау қаласы, «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы



Дата24.10.2018
өлшемі66.47 Kb.
d:\21----05---16\мои документы\топтар 2017\айжұлдыз тобы\0cc0f268-a830-428b-b355-d121042e8ba2.jpg

Курманбаева Эльмира,

ОҚО, Кентау қаласы,

«Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы

«Айжұлдыз» тобының тәрбиешісі
Жақсылық отбасынан басталады

Мақсаты: Әр балаға өз отбасын қадірлеуді, сыйлауды, үлкенді үлгі тұтуды кішіні мақтан етуді отбасының бірлігін сақтап ата-анасын мақтан тұтуды үйрету. Жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру.

Құныдылық: Сүйіспеншілік құндылығының мәнін түсіндіру.

Қасиеттер: Отбасы мүшелеріне қамқорлық жанашыр қасиеттерін дамыту.

Ресурстар (құралдар мәлеметтері): шар, слайд, буклет, суреттер, үнтаспа.

Әрекет кез

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ұйымдастыру шылық мотивация

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Жағымды күйге келу



  • Балалар бүгін біз үшін өте ерекше әрі әсерлі күн. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесейік.

  • Балалар бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің шаттық шеңберінде О.Ақылбековтың «Өзін-өзі тану» өлеңін бірлесе айтайық.

Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен.

Өзіңді өзің алда

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла

Өзіңді өзің ойла

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің ақыл айнасы.

Тиеді саған мәні бар

Өзіңді тану пайдасы.

Слайдқа назар аударайық.

Мына суретке қараңдаршы бір сөзбен айтқанда қалай аталады?

Жарайсыңдар бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің тақырыбы: «Жақсылық отбасынан басталады».

Әркім өз үйін жақсы көреді. Сол сендердің туған үйлерің. Ол үй сендер үшін жылы да, жайлы. Онда сендерді жақсы көретін адамдар тұрады. Енді әрқайсысымыз өзіміз тұратын үйді көз алдымызға елестетейік.

Ыңғайланып отырамыз, көзімізді жұмамыз. Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз дастархан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірім мен сүйіспеншілікке толы көздермен қарайды. Қандай тамаша,



Балалар сәлемдеседі.

Өлеңді айтады.

Отбасы суреті

Мұқият тыңдайды.

Ыңғайланып отырып, жағымды күйге келеді.




Дәйексөз

Ізденушілік

Әңгімелесу

Шығармашылық

Жетекші жөндеу

Топпен


Соңғы тыныштық сәті

қандай керемет. Бәрі тату-тәтті бір шаңырақ астында өмір сүруде.

Балалар, орнымызға жайғасайық. «Адамға ең қымбат отбасы деген халық даналығы бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіргім келеді. Отбасы бұл сенің жақын адамдарың, ата-анаң, әжең т.б. Отбасы – адам баласының қанат қағар ұясы. Осы ұяда сендер барлық жақсы қасиеттерді отбасындағы ата- - аналарыңнан, аға-әпкелеріңнен үйренесіңдер. Жақсылық жасау әр адамның ісі. Жақсы сөз ашу шақырмайды. Жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жетелейді. Жақсылық жасау дегеніміз – адамдарға, адамдарға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашыр танытуға, көмек көрсетуге әрдайым дайын тұрады. Балалар, мен сендерге керемет бір көріністі әңгімелеп берейін.



Тәрбиешінің сыйы

«Әже мен немере» әңгімесін сахналап көрсету.



Мақал – тәтел

  • Балалар, сендер жақсылық туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?

  1. Жақсыға жанас,

Жаманнан адас.

  1. Жақсы жаныңа жолдас,

Жаман малыңа жолдас.

  1. Жақсыдан қашпа,

Жаманға баспа.

Балаларды үш топқа бөліп отырғызу.



  1. Тапқырлар

  2. Алғырлар

  3. Білгірлер

Шығармашылықтың жасалу әдісін түсіндіру.

Сергіту сәті әуенмен

  • Балалар мына сандықшаға қараңдаршы, ішінде киіз үйдің бөліктері бар екен. Әр бөлігінде әр түрлі сұрақтар бар. Осы сұрақтарға

жауап беру арқылы киіз үйді құрастырамыз.

Сұрақ - жауап:

  1. Отбасы мүшелерін атап берші?

  2. Анаңа үйде қалай көмектесесің?

  3. Отбасыңа қандай жақсы тілектер айтасың?

  4. Қамқорлық – жақсылықты нелерге жасауға болады?

  5. Ата-анаң сені қалай еркелетеді?

  6. Отбасы туралы тақпақ білесің бе?

Жұмбақ жасыру.

«Әке мен ана» Төреғали Төрәлінің әнін орындау.

Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз көзді жұмамыз. Қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейік. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арқасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым сезініңдер. Сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да, мейірімді. Олай болса, сендерді қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. Олай болса, көзімізді ашайық.


  • Қане, балалар, қонақтармен қоштасайық.

Күн сәулесін шашқаның үшін рақмет. Таза ауа күш қуат бергенің үшін рақмет.

Қонақтар сабағымызға келгендеріңіз үшін рақмет.

Мұқият тыңдағандарыңыз үшін рақмет.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар әлемде.

Көріністі тамашалайды.

Мақал – мәтелдер айтады.

Балалар үш топқа бөлініп отырады. Жұмыс жасайды.

Балалар жасаған жұмыстарын қорғайды.

Сұрақтарға жауап беріп құрастырады.



Әнін орындайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Отбасындағы жақсы қасиеттерді біледі.

Игереді: Жақсылық жасауды.

Қолданады: Отбасы мүшелерін атай алады. Мақал – мәтелдер айтады.



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет