Критериалды тапсырмалар оқушының танымдық Қызығушылығын дамыту қҰралы ретінде сейтомарова Құндызай Қайратқызы



Pdf көрінісі
Дата26.10.2018
өлшемі45.72 Kb.
#95014

КРИТЕРИАЛДЫ ТАПСЫРМАЛАР ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ 

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

 

 

Сейтомарова Құндызай Қайратқызы 

Б-14-3 оқу тобының студенті 



Оңғарбаева Гүлшат Рамазанқызы 

ғылыми жетекші, педагогика магистрі, 

Қорқыт ата атындағы ҚМУ, Қазақстан, Қызылорда 

 

Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті 



мәселелердің бірі. Соңғы 10 жыл көлемінде білім беру мазмұнында бірқатар 

сапалық  өзгерістер  орын  алды:  оқытудың  басты  мақсаты  оқушының  білім, 

білік,  дағдысын  қалыптастырудан  оқушының  жалпыпәндік  құзыреттілігін 

қалыптастыруға  бағытталды.  Бұл  өз  кезегінде  бағалау  жүйесіне    бірқатар 

өзгерістер  енгізді.  Дәстүрлі  «бағалау»  жүйесінде  анықталған  бірқатар  

проблемалар  оқушылардың  белсенділігі  мен  қызығушылығын  төмендетуге 

алып  келеді.  Бұлайша  бағалау  оқушылардың  пәнге  қызығушылығын 

бәсеңдетіп,  пәндік білім сапасының төмендеуіне алып келеді [1]. 

Білім  берудің  жаңа,  жеке  тұлғаға  бағытталған  парадигмасы 

оқушылардың оқуындағы келеңсіз жәйттарды жойып, оқу үдерісін даралауға 

мүмкіндік беретін, оқушының оқу уәжін және оқу дербестігін жоғарылататын 

бағалау тәсілдерін қолдануды талап етеді.    

Оқушының    жетістіктерін  тиімді  бағалауды  жоспарлауда  бағалаудың 

мақсатын  білу  қаншалықты  маңызды  болса,  оның  жеке  түрлерін  білу 

соншалықты маңызды. Осы параметрлер бойынша бағалау үш түрге бөлінеді:  

-  диагностикалық бағалау -оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен 

құзіреттілігінің  қалыптасуының  алғашқы  деңгейін  анықтау  үшін 

жүргізіледі;  

-  формативтік  (қалыптастырушы)  бағалау-  оқушының  білім  алуын  үнемі 

бақылау  мақсатында,  көбінесе  белгі  қоймай,    бағалау  критерилеріне 

сәйкестікке негізделіп, кері бойланысты ұстанатын бағалау;  

-  суммативтік  (жиынтық,  қорытынды)  бағалау  -  баға  қою,  сертификаттау 

немесе  оқытудың  алға  жылжуын  тіркеу  үшін  оқыту  қорытындысын 

шығару мақсатындағы бағалау 2. 

Формативті  бағалау  оқушы  білімін  бағалауға  арналған  критерийлердің 

болуын қажет етеді. Критерийлерді пайдаланып бағалау  бұл үдерістің ашық, 

білім  алушыларға  түсінікті  болуына  мүмкіндік  береді.  Критерийлер 

бағалауды  жетілдіруге  әкеледі.  Критерийді  оқушы  мен  мұғалімнің  бірлесіп 

дайындауы  оқушыларда  бағалауға  деген  оң  көзқарас  қалаптастыруға, 

олардың  нәтижеге  жетуге  жауапкершілігін  жоғарылатуға  мүмкіндік  береді. 

Критерий  құрастырғанда  әр  уақытта  сабақтың  мақсаттарын  және  мазмұнын 

естен шығармау керек.  

Критерийлік бағалау жүйесі- қандай да бір оқу  материалы  қаншалықты  

мөлшерде  меңгерілгендігін    анықтайтын,  іс  жүзіндегі    дағдылар 



қалыптасатын,  оқу    курсында    бекітілген  белгілі    бір  талаптардың  ең  аз 

көлемін меңгеру деңгейін  салыстыру  мүмкіндігі  анықтайтын жүйе [3]. 

Пән бойынша  жалпы  оқу мақсаттары  оқушылардың  сол пән  бойынша  

жетістіктерін  және олардың жекелей  жұмыстарының нәтижесін  жалпылау – 

бағалау      критерийлері    болып    табылады.  Критериалды  бағалау  жүйесінде 

мынадай арнаулы ұғымдар кездеседі:    

Рубрика – оқушы жұмысын бағалауға арналған нұсқау, онда әр критерий 

бойынша ұпай  не үшін қойылатындығы көрсетіледі.  

Критерий –оқушының жұмыс барысында орындайтын және нәтижесінде 

меңгеруге тиісті әртүрлі іс-әрекетінің тізбегі.   

Дескрипторлар – оқушының әрбір критерий бойынша  жетістік деңгейін 

сипаттайды  және  белгілі  ұпайлармен  бағаланады,  жетістік  жоғары  болған 

сайын ұпай да жоғары болады [4].  

Критерийлер  және  дескрипторларды  қолдана  отырып,  оқушы  жақсы 

нәтижеге жету үшін қандай қадамдар жасауы керектігін анық көре алады. Ол  

жұмысын өздігінен бағалай алады және уақытында аяқтай алады. 

Ұсынылатын  әрбір  тапсырманы    орындамас  бұрын  бағалау  

критериийлері мен  дискрипторлар оқушыларға таныстырылады. Сол арқылы 

оқушылар  өзінің  деңгейін анықтауға мүмкіндік алады [5].  

Критериалды 

тапсырмалардың 

оқушылардың 

танымдық 

қызығушылығын  дамытуға  әсері  қандай  екендігін  анықтау  үшін  Қызылорда 

облысы,  Шиелі  ауданындағы  №46  А.С.Пушкин  атындағы  мектеп-лицейінде  

тәжірибелік-эксперимент  жұмысы  жүргізілді.  Тәжірибелік-эксперимент 

жұмысына  6

А

  (эксперимент сыныбы- 23 оқушы)  және 6



Б 

(бақылау сыныбы-

21  оқушы)    сыныптары  қатыстырылды.  Тәжірибелік-  эксперимент  жұмысы 

үш  кезеңнен  тұрды:  1-айқындаушы  кезең;  2-қалыптастырушы  кезең;  3- 

қорытындылаушы 

кезең. 


Тәжірибелік- 

эксперимент 

жұмысының 

айқындаушы  кезеңінің  мақсаты  оқушылардың  танымдық  қызығушылық 

деңгейін анықтау болатын. Ол үшін ең алдымен әдебиеттерге сүйене отырып, 

оқушылардың  ботаника  пәні  бойынша  танымдық  қызығушылық  деңгейінің 

диагностикалық өлшемдерін анықтадық (1-кесте).  

Кесте 1. Оқушылардың  танымдық қызығушылық деңгейлері 

Деңгейлер   Диагностикалық өлшемдер 

Жоғарғы 


-  оқушы өсімдіктің өсіп, дамуына керек жағдайларды біледі  

-  оқушы өсімдіктің мүшелерін, олардың қызметін  біледі 

-  негізгі ұғымдарды өте жақсы біледі 

-    сұраққа толық мысалдар келтіре біледі 

-  қорытынды жасай алады 

Орташа 


 

-  оқушы  өсімдіктің    өсіп  дамуына  керек  жағдайларды    біледі, 

бірақ ойын жеткізе алмайды 

-  оқушы  өсімдіктің  мүшелерін,  олардың  қызметін  жартылай 

біледі 

-  оқушы негізгі ұғымды түсіндіреді, жартылай біледі 



-  сұраққа  кейде толық жауап бере алмайды  

-  кейде  дұрыс қорытындылай алмайды 



Төмен 

-  оқушы өсімдіктің  өсіп дамуына керек жағдайларды білмейді,  

-  оқушы  өсімдіктің  мүшелерін  ажырата  алмайды,  олардың 

қызметі туралы білімі аз 

-  оқушы негізгі ұғымды түсіндіре алмайды 

-  сұраққа толық жауап бере алмайды 

-  дұрыс қорытындылай алмайды 

 

Содан  соң  оқушылардың    танымдық  қызығушылық  деңгейін  анықтау 



үшін  өтіліп кеткен материалдардан 20 сұрақтан тұратын ашық тест алынды, 

оның жауаптарын  оқушылардың  өздері жазды.   Жүргізілген  тест  жұмыстың 

нәтижесінде    екі  сынып  оқушыларының  деңгейлері  шамалас  болғанын 

байқадық (1-сурет). 

 

 

1-сурет. Айқындаушы кезең нәтижесі (%) 



 

Тәжірибелік-эксперимент 

жұмысымыздың 

келесі 


кезеңі- 

қалыптастырушы  эксперименттің  мақсаты  «Жабық  тұқымды  өсімдіктер» 

тарауы бойынша критериалды тапсырмалар жүйесін құрастырып, пайдалану 

оқушылардың  танымдық  қызығушылық  деңгейіне  қалай  әсер  ететінін 

анықтау  болатын.  Сондықтан  бұл  кезеңде  аталған  тарау  бойынша  әрбір 

сабақта критериалды тапсырмалар құрастырылып, сыннан өткізілді.  

Үшінші  кезең-  қорытындылау  экспериментінің  мақсаты  критериалды  

тапсырмалардың  оқушылардың  танымдық  қызығушылық  деңгейіне  қалай 

әсер  еткенін  анықтау  болатын.  Ол  үшін  ІІІ  оқу  тоқсаны  бойынша 

оқушылардың  қорытынды  бағаларын  талдап,  орташа  көрсеткішті  алдық. 

Сонымен  бірге  өтіліп  кеткен  материалдардан  25  сұрақтан  тұратын  тест 

алынды.    Жүргізілген  екі  жұмыстың  нәтижесі  арқылы  критериалды   

тапсырмалардың  оқушылардың  танымдық  қызығушылық  деңгейіне  әсері 

анықталды. Ол 2- суретте  келтірілген. 

0

10

20



30

40

50



21,7

47,8


30,4

23,8


42,8

33,3


жоғары деңгей        орташа деңгей      төменгі деңгей

эксперимент сынып

бақылау сыныбы


 

 

2- сурет. Қорытындылаушы кезең нәтижесі 



 

Жүргізілген    тәжірибелік-эксперимент  жұмысын    қорытындылай  келе 

критериалды тапсырмалардың оқушы танымдық қызығушылық деңгейіне оң  

әсер еткенін байқадық, оның көрсеткішін келесі 2-кестеден көре аламыз.  

2-кестеде  көрсетілген  мәліметтерге  қарағанда  эксперимент  сыныбында 

білім  деңгейі  тәжірибелік-эксперимент  жұмысының  соңында  біршама 

өзгерген,  яғни  танымдық  қызығушылық  жоғары  деңгейде  де,  орташа 

деңгейде  де  жоғарылағаны  анық  байқалса  (жоғары  деңгей  басында  21,7% 

болса, соңында 34,7%, орташа деңгей тиісінше 47,8%-дан 52,1%-ға), төменгі 

деңгейдің  азайғаны  (30,4%-дан  13  %-ға)  байқалды.  Ал  бақылау  сыныбында 

айқын өзгеріс тіркелмеді. 

Кесте 2. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының басы мен соңындағы 

оқушылардың  танымдық қызығушылығының  салыстырмалы көрсеткіші 

сынып 


Эксперимент    сыныбы 

(23 оқушы) 

Бақылау  сыныбы 

 (21 оқушы) 

Деңгейлер  

жоғары  орташа  төмен  жоғары  орташа  төмен 

Экспериментке 

дейін  


21,7% 

47,8% 


30,4%  23,8 %  42,8% 

33,3% 


Эксперименттен 

кейін 


34,7% 

52,1 


13% 

23,8 %  47,6% 

28,5% 

 

Осылайша  6-сынып  биология  пәнінде  критериалды  тапсырмалар 



көмегімен 

оқушылардың 

жетістіктерін 

бағалау 


олардың 

пәнге 


қызығушылығын оятып, танымдық қызығушылық деңгейінің  жоғарылауына 

алып келді. 

 

Аннотация.  В  статье  расскрываются  значение  критериального  оценивания  и 



критериальных  заданий  и  описывается  результат  проведенного  экспериментального 

обучения для развития познавательного интереса учащихся по биологии. 

 

0

10



20

30

40



50

60

34,7



52,1

13

23,8



47,6

25,8


жоғары деңгей    орташа деңгей    төменгі деңгей

эксперимент сынып

бақылау сыныбы


Әдебиеттер тізімі: 

1.  Көкіжанова  Г.К.  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  білім  сапасын 

басқарудағы негізгі критерий – Педагогика,2009 ж 

2.  Шакиров  Р.  Х.,  Буркитова  А.  А.,  Дудкина  О.  И.  оценивание  учебных 

достижений учащихся– Бишкек:Билим, 2012. – 80 с 

3.  Набуова  Р.  А.  Оқыту  үшін  бағалау  -  сындарлы  оқыту  теориясының 

біртұтас кешені ретінде // Молодой ученый. — 2014. — №1.2. — С. 64-67 

4.  Оценка  достижения  планируемых  результатов  в  начальной  школе. 

Система заданий в 2 частях. Под ред. Ковалёвой Г.С. и Логиновой О.Б.  –

М:Просвещение,- 2010 год. 

5.  Кобдикова  Ж.  У.  Критериалды  бағалау  жүйесі  мектеп  сабақтарында.    -

Астана, 2013ж 



 

 

Каталог: pdf


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет