«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы шілде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылғы шілдеде жүргізген «Кредит нарығының жағдайы және параметрлерінің болжамы»



Дата26.10.2018
өлшемі71.83 Kb.
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы шілде

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылғы шілдеде жүргізген «Кредит нарығының жағдайы және параметрлерінің болжамы» тұрақты тексеру нәтижелері тұтастай алғанда банк секторының корпоративтік сектордағы кредиттік белсенділігінің төмен болып отырғанын растап отыр. Сонымен қатар бөлшек кредиттеу нарығы заемшылар тарапынан сұраныстың кейбір өсуімен және банктердің кредиттік саясатының шамалы жұмсаруымен сипатталып отыр. Несие портфелі сапасының нашарлау қарқынының төмендеу жалғасуда.




  1. Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы


1
1-диаграмма. Сұраныстың өзгеруі

на кредитные ресурсы


2-диаграмма. Кредиттік саясаттың өзгеруі


. Зерттеу жүргізіліп отырған кезеңде корпоративтік кредиттеу секторы қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредиттік белсенділіктің төмен болуының сақталуымен сипатталып отыр (1-диаграмма1).

Сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген респонденттердің үлесі өткен тоқсандағыдай респонденттердің жалпы санының 48% құрады. Сұраныстың өзгермегенін респонденттердің 40% атап өтті. Корпоративтік сектор тарапынан қысқа мерзімді және сол сияқты ұзақ мерзімді кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуі атап өтіледі алайда қаржыландыру банктер тарапынан тек кәсәпорындардың айналым қаражатын қаржыландыру және болып отырған борыштарын қайта құрылымдау мақсаттары үшін қысқа мерзімді ресурстар ұсынуымен ғана шектеледі. Бұл ретте банктердің ұзақ мерзімді қаржыландыруға ұстамды тәсілі мынадай екі негізгі фактормен түсіндіріледі – жобаларды қаржыландыру үшін ұзақ ресурстардың жетіспеуі және сапалы заемшылардың жетіспеуі.



2. Бұрынғы қатаң кредит саясатының сақталуы байқалып отыр: респонденттердің 90% кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды (2-диаграмма).

3. 2010 жылғы 3-тоқсанда банктер кредиттік ресурстарға сұраныстың шамалы өсу үрдісін күтеді. Сауалнама жүргізілген банктердің 49% ғана кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуін күтеді, ал 51% ол өзгеріссіз қалады деп болжайды.

4. Тұтастай алғанда банктер кредиттік саясаттың болып отырған үрдістерді сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады, респонденттердің небәрі 12% шамалы бәсеңдеуді күтеді. Банктер кредиттер берудің баға талаптарының айтарлықтай өзгерістерін болжамайды: стандартты кредиттер бойынша маржа деңгейінің сақталуын респонденттердің 73% жуығы атап өтті және банктердің 82% кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржаны өзгертуді жоспарлап отырған жоқ.

Банктердің бағалауы бойынша негізгі тәуекелдер бұрынғыша құрылыс, жылжымайтын мүлікпен операциялар, ауылшаруашылығы сияқты салаларда шоғырландырылған.



II. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы
1. Кредиттеудің бөлшек нарығы ипотекалық және тұтынушылық кредиттерге сұраныстың өсуінің сақталуымен сипатталып отыр. Ипотекаға сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген респонденттердің үлесі 1-тоқсандағы 27%-дан 2-тоқсанда 31%-ға дейін өсті. Кредиттеудің осы сегментіндегі сұраныстың бұрынғы деңгейде сақталуын растаған респонденттердің үлесі 60% астам болады. Тұтынушылық кредитке сұраныстың ұлғаюын атап өткен респонденттер үлесінің өсуі 42% құрады, бұл өткен тоқсанға қарағанда 48% төмен (3 және 4-диаграммалар).


4-диаграмма. Кредиттік сұраныстың өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)


И


3-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі (ипотека)


потекалық кредиттер әлі де қаржыландырудың тәуекелді түрі болып қалуда, сондықтан банктер осы сегментті кредиттеуге ұстамдылық жасап отыр. Ипотекалық кредиттерді қаржыландырудың ұзақ кезеңі бар өнім ретінде банктердің шектеулі санында қалды.

Банктердің бағалауы бойынша тұтынушылық кредитке сұраныстың ұлғаюы негізінен мерзімдік сипатына қарай, тікелей банктерде ресімделетін және пәтер жөндеуге, тұрғын үй құрылысына және демалысқа берілетін мақсатты емес кредиттердің есебінен жүргізілді. Бұл ретте, әдеттегідей, тауар сатып алынатын жерде (сауда нүктелерінде, дүкендерде) ресімделетін тұрмыстық техниканы және электроника сатып алуға арналған мақсатты кредиттерге сұраныстың айтарлықтай өсуі байқалмайды.



Жақын арадағы 3 айда банктер сұраныстың өткен тоқсанның үрдістеріне ұқсас үрдістерді күтеді тұтынушылық кредиттеу бойынша сұраныстың өсуін неғұрлым оңтайлы бағалау (респонденттердің 64% жуығы ипотека бойынша респонденттердің 27% қарағанда шамалы өсуді болжайды).

2. 2-тоқсанда кредиттік саясат бойынша респонденттердің басым көпшілігі (80%) кредиттік саясаттың өзгеріссіз қалуы ұйғарды және респонденттердің 10% жуығы кредиттік саясатты шамалы жұмсартты (5 және 6-диаграммалар)

Кредиттеудің баға бойынша және бағаға жатпайтын өзгерістеріне қатысты алатын болсақ, онда ағымдағы жылдың 3-тоқсанында орташа алғанда банктердің 90% кредиттеудің бағаға жатпайтын негізгі талаптарының (кредиттік лимиттер, кредитті өтеу мерзімдері, кепілдік талаптар және комиссиялар) сақталуын және респонденттердің 80% астамы баға талаптарының (кредиттеудің стандартты және тәуекелді түрлері бойынша маржа) сақталуын атап өтті.

С
6-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)



5-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (ипотека)


онымен бірге банктердің 10% жуығы ипотекалық заемдар бойынша және 19% тұтынушылық кредиттеу бойынша кредит саясатының біршама жұмсаруын күтуде.
3. Заемшылардың қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты тәуекелдер барынша төмендеді – банктердің небәрі 6%-ы заемшылардың қаржылық жай-күйдің бұдан әрі нашарлауын бастан кешіреді деп күтуде. Бұл ретте өткен тоқсанда бұл көрсеткіш 20% жоғары болды. Осылайша, 3-ші тоқсанда заемшылардың қаржылық жай-күйінің «қалдық» бойынша нашарлайды деп болжанады.

7-диаграмма. Жылжымайтын мүліктің орташа бағасының күтулері





4. Банктердің 54% жуығы жылжымайтын мүлік бағасы тұрақтандырылды деп санайды, репонденттердің 33%-ы 2010 жылғы 3-ші тоқсанда жылжымайтын мүлік бағасының аз ғана өсетінін күтуде (7-диаграмма).

Қазіргі кезде банктердің бағалауы бойынша жылжымайтын мүлік нарығы «дағдарыстан шығу» жағдайында. Жыл аяғына дейін өсу жағына қарай да, төмендеу жағына қарай да бағаның күрт өзгеруі күтілмейді. Бұл, ең алдымен адамдардың психологиялық факторларына байланысты: сатып алушылар жылжымайтын мүлік бағасының бұдан әрі төмендеуін, сатушылар – бағаның жоғарылауын күтуде. Екіншіден, көптеген құрылыс компанияларында қаржы құралдары жоқ, ал банктердегі жобалардың құрылысын жалғастыруға мүмкіндік беретін кредиттеу жағдайлары клиенттер үшін тиімсіз. Үшіншіден, жылжымайтын мүлік нарығын бұдан әрі дамыту банк секторындағы ахуалға байланысты болады, жылжымайтын мүлік бағасы ипотекалық кредит халық үшін қол жетімді болған жағдайда ғана тұрақты түрде өсетін болады.





  1. Тәуекелдер картасы


Несие портфелі сапасының нашарлау қарқыны бәсеңдеуде.
Пікіртерім нәтижелері бойынша респонденттердің небәрі 8%, несие портфелі сапасының бұдан әрі аз ғана нашарлауын күтетінін және респонденттердің 80% астамы, сапаның өзгеріссіз қалады деп болжайтынын белгіледі, бұл ретте өткен тоқсанда несие портфелі сапасының нашарлауын банктердің 20% жуығы күткен болатын. Несие портфелі сапасын жақсарту мақсатында банктер проблемалы заемдарды қайта құрылымдау бойынша және корпоративтік сектор бойынша да және кредиттеудің бөлшек сегменті бойынша да кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша қарқынды жұмыс жүргізуді жалғастыруда.

Корпоративтік сектор және жеке тұлғалар бойынша мынадай мәндер белгіленді: тиісінше 5% және 6% портфель сапасының нашарлауын күтуде, 82% және 84% портфель сапасының бұрынғы деңгейде қалатынын күтуде.

Банк секторындағы неғұрлым елеулі тәуекел бұрынғыша кредит тәуекелі болып табылады, осы тәуекелдің маңыздылығының өсуін респонденттердің жалпы санының 46% атап көрсетті (8-диаграмма). Сонымен бірге банк қызметкерлері тарапынан алаяқтық оқиғалардың азаюы нәтижесінде және тұрақты айырбастау бағамының сақталуын оптимистік күтуге байланысты операциялық және валюталық тәуекелдердің маңыздылығының төмендегені байқалуда.
8-диаграмма Банктердің кредит тәуекелін қабылдауы2


Қосымша қаржыландыру көздеріне қатысты бұрынғы кезеңдердегі сияқты заңды және жеке тұлғалардың салымдарын тартуға (70% және 57% жоғары басымдықты белгіледі), сондай-ақ капиталды жұмыс істеп тұрған акционерлердің қаражаты есебінен ұлғайтуға (респонденттердің 53%) және алынған пайданы қайта инвестициялауға (респонденттердің 41%) басымдық беріледі.

Банктердің сыртқы міндеттемелерін өтеу ағымдағы жылғы 2-ші тоқсанда ішкі міндеттемелердің есебінен (51%); резиденттерге активтер мен талаптардың қысқаруы есебінен (26%); сондай-ақ активтерді және резидент еместерге талаптарды іске асыру есебінен (18%) жүргізілді.

Келесі 12 айдың ішінде банктер сыртқы міндеттемелердің бір бөлігін ішкі міндеттемелермен ауыстыруды көздейді (57%); сондай-ақ ішкі активтерді азайту есебінен сыртқы міндеттемелерді жабу жоспарланады (25% шамасында). Активтерді және резидент еместерге талаптарды іске асыру (16%)3.




1 Бұл жерде және одан әрі диаграммалардағы нәтижелер респонденттер жауаптарының ұлғаюды/жұмсаруды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның және төмендеуді/қатаңдауды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның айырмасы ретінде есептелетін таза пайыздық өзгерісі түріндегі өзгерісті білдіреді. Осы жағдайда диаграммада нақты сұраныстың және сұранысты күтулердің өзгеруі берілген.

2 Нәтиже қандай да болмасын өлшемнің ұлғаюын/азаюын белгілеген репонденттердің % айырмасы ретінде есептелетін респонденттердің жауаптарының таза пайыздық өзгеруі түрінде ұсынылған. Бұл жағдайда диаграммада кредиттік тәуекелдің ұлғаю немесе азаю жағына өзгеруі келтірілген.

3 Үлестік салмақтарды пайдалана отырып есептелген, банктердің 2010 шілде – 2011 шілде аралығындағы кезең үшін пайыздық төлемдерді есепке алмағанда, банктердің сыртқы борышқа қызмет ету бойынша төлемдер кестесі базасында қалыптастырылған көрсетілген диапазонның орташа мәні. Орташа мәнді есептеу үшін база 31.03.2010 жағдай бойынша сыртқы борышты бағалау болып табылады. Іріктеу – сыртқы нарықтарда неғұрлым ірі заемшылар болып табылатын 8 банк («БТА банк» АҚ, «Альянс банк» АҚ және «Темір банк» АҚ есептемегенде).






Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет