КӨркемдік ойлау шығармашылық Үрдістің маңызы ретінде сағымбаев Ә.Ә



Pdf көрінісі
Дата24.10.2018
өлшемі20.97 Kb.
#92770

УДК  372. 036 (574)

КӨРКЕМДІК ОЙЛАУ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮРДІСТІҢ МАҢЫЗЫ РЕТІНДЕ

Сағымбаев Ә.Ә.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

  

Дамудың  тарихи  үрдісінде  объективті  әлемді танудағы  тәжірибелік  ұғым  –



шығармашылық  іс-әрекеттің  маңызды алғышарты  екені  белгілі.  Әлемді  түсініп 

қабылдай алу үшін адам тек қана, табиғаттағы заттың ерекшелігін тауып қана қоймай, 

сонымен  қатар шынайылықты  танып, жаңа  ақиқатты  құру  үшін  мүмкіндіктерді, 

амалдарды, оларды өзгерту тәсілдерін қарастыратыны анық.

     Тәжірибелік  және  теориялық  біліммен  қатар  шығармашылық  білімге  тартылған 

тәжірибеге  сүйеніп,  солар арқылы адамның  шығармашылық  ойы  дамып, үнемі 

жаңарып,  отыратыны сөзсіз. Сондықтан, шығармашылық маңызды мәселелерінің бірі 

білімді  көкейкестендіру  болып  табылады. Мұндағы негізгі  маңыздылық  адамның 

шығармашылық  ойы мен  қабілеттілігі  мен икемділігі  және дағдымен  қатар  белсенді 

өмірлік бағыты айқындалады.

       Көркемдік        білімнің   

басты   


міндетінің   

бірі – абстракт      түрінде 

дараланбайтын  көркемдік  бейненің  нақты  жемісі  болатын  көркемдік  ойды 

жандандыру болып табылатыны белгілі.

       Өнерде  объективті  ақиқаттың  арнайы  қайтарылым  формасы  ретінде  көркемдік 

бейне адамның ойлық, рухани-танымдық және тәжірибелік іс-әрекеттің нәтижесі екені 

анық.

       Көркемдік  ойлау  тек  қана  оқып  үйрену  үрдісінде,  оған  жалғас  кәсіптік  іс-әрекет 



нәтижесінде  дамыған  шығармашылық  іс-әрекеттің  арқасында  кәсіптік  бола  алатыны 

белгілі. Көркемдік бейненің күрделілігі мен қозғалысының барлығын ұғынумен қатар,

біз  оқу  үрдісінде  өзгеше  бағдар  бола  алатын  оның  қалыптасу  аспектісін 

айқындауымыз қажет. 

       Көркемдік  бейненің  барлығының  маңызды  факторы  – жалпылау,  яғни  өмірлік 

құбылыстың, ұқсас адамдар немесе заттардың өзгешелік қасиеттерінің қосылыстарын 

ұсынатындай жалпылықты, қалыпты келбетті таба білу.

       Көркемдік  жалпылықтың  шындығы  көркемдік  бүтіндіктің  табиғи  бөлігі  ретінде 

қабылданатын  бейненің  шарттылығы  арқылы  көрсетіледі.  Көркемдік  бейненің  іштей 

өз  ерекшелігі - нақты  психологиялық  мінездеме  арқылы    қарастыруға    мүмкіндік  

беретін   ерекше   сезімдік - эмоциялық тәрізді бейнелі ойлаумен тығыз байланысты.

     Сонымен,  көркемдік  бейненің  қалыптасуының  маңызды  бөлігі  елестету  болып 

табылады.  Көрнекті  психолог  С.П.Рубинштейн: 

«Елестету

арқылы

жеке 


бағыттылықтың барлық  түрі мен деңгейі көрінеді, олар елестетудің әр-түрлі деңгейін 

тудыруы мүмкін» – деп тұжырымдайды. [1,с. 15-17]

     Эмоциялық елестету әр адамға туғаннан тән, ал, суретшінің елестетуі-тіпті жоғары 

деңгейде болуы шарт. Суретшінің шығармашылық іс-әрекетіне мүмкіндік туғызу үшін

осы  эмоциялық  күйге  кіруге  үнемі  көмектесіп  отырған  ләзім,  бұл  тек  мейрімділік, 

ашықтық,  түсіністікпен  әрдайым  қолдау  ғана  мүмкін  екені  белгілі  көркемдік 

туындыны сезіну,  қабылдау,  бір  нәрсе  туралы  елестету  барысында  туындайтын 

ассоциативтік  қатардың  нәтижесі  болып  табылады [2,3]. Ассоциацияның  байлығы 

өмірлік тәжірибемен, елестету мен қиялдаудың түрлі дәрежесінде анықталады. Түстік 

ассоциация арқылы суретшілер көңіл-күй мен адам мінезін көрсете алады десек артық 

болмайды. Суретшінің  эмоциялық  жады  бай  болған  сайын  ол  өзінің  айналасында 

болып жатқан оқиғаларға қатты алаңдайды, оның тудырған көркем шығармасы әсерлі 



Сағымбаев Әділғали Әбдіғалиұлы.  Көркемдік ойлау шығармашылық үрдістің маңызы ретінде.  АқМУ 

ХАБАРШЫСЫ, педагогика  ғылымдары  сериясы, 2010, №2 (43)

173


болып  шығады. Әр  суретшінің  өзіндік  реңктік  қабылдау  «палитрасы»,  өзіндік 

қабылдануы бар, сондықтан, сол бір тақырыпты әркім өзінше сомдайтыны рас.

     «Композиция» және бейнелеу сабақтарын оқыту әдістемесі сабақтарында арналған 

тапсырмалар

әр

түрлі


нұсқада

болғаны


жөн.        Композициялық - ізденіс 

жұмыстарының рөлі өте маңызды екенін айтқымыз келеді. Көркемдік бейнені құруда 

мәнерлеп  бейнелеу  амалдарымен  жұмыс  барысында,  әр  студенттің  жаңа  жекелік,

өзіндік өзгешеліктері пайда бола бастайды.

     Қ. Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік  университетінде  «Сурет» және 

«Композиция»  сабақтарын  оқыту  үрдісінде  «Дизайн»  мамандығының 1  курс 

студенттерінің

шығармашылық 

белсенділігі 

артып, 


нәтижесі 

көрмелік 

ұйымдастыруларда  көрініс  тапты  [4]. Көрсетілген  жұмыстар  жоғарғы  көркемдік 

ойлауға, сонымен  қатар  тиімді елестетуге куә бола  алады. Онсыз болашақ маманның 

кәсіптік қалыптасуы мүмкін емес екені анық.

Әдебиеттер

1. Рубинштейн Н.С. Основы общей психологии С - б: Питер Ком.1992 - 362 с.

2.  Юсов Б.П. Взаимосвязь культурогенных факторов в формировании     

современного художественного мышления учителя образовательной области. 

«Искусство» Избранные труды по истории, психологии художественного 

образования и политхудожественного восприятия детей.-М: Компания Спутник –

2004 - 253с.

3.  Стор И.Н. Декоративная живопись Основные проблемы курса М: МТИ им.

Косыгина 1988 - 396 с.



4.  Сагимбаев А.А. Обучение рисунку Учебное пособие, Алматы: 2003 – 55 с. 

Каталог: pdf


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет