Көп жасушалы жануарлардағы қан және қанайналымы



Дата30.06.2017
өлшемі445 b.
#17137





Бұл сабақтың басқа сабақтардан ерекшелігі:

  • Бұл сабақтың басқа сабақтардан ерекшелігі:

  • Оқушылар топтаса отырып шығармашылық жұмыс жасайды.

  • Оқушылар сабаққа шынайы түрде белсене қатысады.

  • Проблемаларды бірігіп талдап, шешу жолдарын іздестіреді.

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.

  • Өз ой-пікірлерін толықтай дәлелдеп, оны өмірде, өз шығармашылығында пайдалана білуге үйренеді.

  • Тренинг сабағының ұстанымдарын оқушыларға толықтай түсіндіремін

  • Адамдық ұстанымы. Тренингке қатысқан оқушы шыншыл, ойын нақты айтып көрсетуі керек.

  • Белсенділік ұстанымы. Оқушылар сабаққа толығымен қатысуы керек.

  • Өзін-өзі еркін ұстау ұстанымы. Оқушылар шығармашылық деңгейге жетіп ой қортындылауы, ал білімін іс-жүзінде пайдалануы қажет.



1-кезең.Сергіту кезеңі. Сұрақтар қойып, оқушыларды сабаққа жұмылдыру.

  • 1-кезең.Сергіту кезеңі. Сұрақтар қойып, оқушыларды сабаққа жұмылдыру.

  • 1.Қан құрамы.

  • 2. Антиденелердің қызыметі қандай?



2-кезең. Еске түсіру кезеңі. Сұрақ- жауап түрінде өтіледі. Оқушылар топта бір-біріне білмегенін үйретіп, бірін –бірі оқытады, содан кейін жауап беруге ортадан өздері қалаған оқушыны шығарады.

  • 2-кезең. Еске түсіру кезеңі. Сұрақ- жауап түрінде өтіледі. Оқушылар топта бір-біріне білмегенін үйретіп, бірін –бірі оқытады, содан кейін жауап беруге ортадан өздері қалаған оқушыны шығарады.

  • 1-топ

  • Ағзадағы қанның атқаратын қызыметі қандай?

  • Табиғи иммунитет дегеніміз не?

  • Антиденлер деген не?

  • Шұбалшаңның қан айналымы қандай жүйелі?

  • Балықтардың жүрегі неше бөлікті?

  • Сүтқоректілердің қанайналым жүйесі неше шеңберлі?

  • Жорғалаушылардың жүрегі неше бөлікті және қанайналымының сызбанұсқасын сызыңыз.

  • Үлкен қанайналым шеңбері дегеніміз не?

  • Жүрекке келетін қантамыры және ондағы газдың құрамы№

  • Ағзасы таза салатамыр қанымен қамтамасыз етілетін желілі жануар.

  • 2- топ

  • Ағзадағы қанайналым дегеніміз не?

  • Жасанды иммунитет дегеніміз не?

  • Эритроциттер қанның қандай жасушалары?

  • Шаян мен өрмекшілердің қанайналым жүйесі қандай ?

  • Қосмекенділердің жүрегі неше бөлікті?

  • Құстардың қанайналым жүйесі неше шеңберлі?

  • Сүтқоректілердің жүрегі қанша бөлікті және қанайналым жүйесінің сызбанұсқасын сызыңыз.

  • Кіші қанайналым шеңбері бойымен қандай қан ағады және қайда барады?

  • Жүректен шығатын қантамыры және ондағы газдың құрамы.

  • Ағзасы аралас қанмен қамтамасыз етілетін желілі жануар.



1-топ

  • 1-топ

  • Бақаның жүрегі неше бөлікті.

  • А) 2. Ә) 3, б) 4, в) бөлінбеген, г) 1

  • 2. Жүрегі екі бөлікті қай жануар:

  • А) сазан, ә) құрбақа, б) шаян, в)тасбақа, г) жылан.

  • 3. Қанның қызыл түйіршіктері:

  • А)эритроциттер. Ә) лейкоциттер, б) антидене, в) қан плазмасы, г) иммунитет.

  • 4. Кесірткенің зәр шығару мүшесі:

  • А) бауыр, ә) бүйрек, б) жүрек, в) қарын, г)ішек.

  • 5. Эритроциттер қандай қызымет атқарады:

  • А)тасымалдау, ә) қорғаныштық, б)зәр шығару, в)антидене, г) фагацитоз.

  • 6. Шаянның қан айналымы қандай жүйелі:

  • А) ашық жүйелі, ә) тұйық жүйелі, б) жүйесі жоқ,

  • 7. Жүрегі төрт бөлікті жануар:

  • А) мысық, ә( жылан, б)кесіртке, в) ұлу, г) шаян.

  • 2- топ

  • Балықтардың жүрегі неше бөлікті:

  • А)1, ә) 2, б) 3, в) 4, г) бөлінбеген.

  • 2. Жүрегі төрт бөлікті жануар:

  • А)арқар, ә) кесіртке, б) тасбақа, в) балық, г) бүркіт.

  • 3. Қанның ақ түйіршіктері:

  • А) фагацитоз, ә)эритроциттер, б) иммунитет, в) лейкоциттер, г)тромбоциттер.

  • 4. Қан тамырлар жүйесінің қай типі бунақденелілерге тән:

  • А) қан тамырлар жүйесі болмайды, ә)ашық, б) жабық, в) капилиярлы, г)өзгермелі.

  • 5. Құстардың жүрегі неше бөлікті:

  • А) 1, ә) 4, б) 3, в) 2, г) бөлінбейді.

  • 6. Ұлудың жүрегі неше бөлікті:

  • А) 1, ә) 2, б)3, в)4, г) бөлінбейді.

  • 7. Жүрегі үш бөлікті жануар:

  • А) құрбақа, ә) жылан, б) кесіртке, в) мысық, г) ит.



4- кезең. Шығармашылық тапсырма. Ұсынылған тақырыпты тереңдете талдап жауап береді, кесте, суреттер арқылы көрсетуге де болады.

  • 4- кезең. Шығармашылық тапсырма. Ұсынылған тақырыпты тереңдете талдап жауап береді, кесте, суреттер арқылы көрсетуге де болады.

  • 1-топқа тапсырма.

  • 1.Кесірткенің қанайналым жүйесіндегі бақамен ұқсастығын және олардың ерекшелігін жазып, сызбанұсқасын сызып көрсетіңіз.

  • 2. Құстар мен сүтқоректілер неліктен жылықанды жануарлар тобына жатады?



2- топқа тапсырма

  • 2- топқа тапсырма

  • Құстар мен жорғалаушылардың қанайналым жүйесіндегі ұқсастығы мен ерекшелігін жазып, сызбанұсқасын жазып көрсетіңіз.

  • Қосмекенділер мен жорғалаушылар неліктен салқынқанды жануарлар тобына жатады?

  • 5-кезең. Шығармашылық тапсырмаларын өмірде пайдалану, мысалдармен нақты көрсетеді.

  • 1-топқа

  • Ағзада жасанды иммунитет қалыптастыратын шаралар.

  • 2-топқа

  • Ағзаның түрлі ауруларды қабылдамайтын қандай қасиеттері бар және ол немен байланысты.





















Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет