Конкурстық құжаттамасы Жалпы ережелер



бет1/4
Дата07.01.2018
өлшемі0.78 Mb.
түріКонкурс
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Ауыл шаруашылығы министрінің

2017 жылғы «05» желтоқсандағы № 481

бұйрығымен бекітілген



2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің

конкурстық құжаттамасы


  1. Жалпы ережелер

1. Осы конкурстық құжаттама «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңы шеңберінде және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 Қаулысы мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына сәйкес қолданбалы ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа (бұдан әрі-Конкурс) өтінім даярлау мақсатында әзірленді.

2.  Конкурс ұйымдастырушысы Ғылыми-технологиялық және техникалық саясат департаменті атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі (бұдан әрі-Салалық уәкілетті орган) болып табылады.

3.  Конкурс бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағыттары, оның ішінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Мемлекет Басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламаларының басымдылықтары бойынша өткізіледі.

4.  Конкурстың мақсаты – стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді шешуде 2018-2020 жылдарға арналған қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды бөлу.

5. 2018 жылға қаржыландыру көлемі 4,2 млрд. теңгені құрайды, 2019-2020 жылдарға арналған қаржы көлемі тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады.


2. Ғылымды дамытудың басым бағыттарының атауы

және конкурстың пәні болып табылатын мамандандырылған ғылыми бағыттар


Зерттеудің басым бағыттары

Мамандандырылған ғылыми бағыттар

1. Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі

1. Қарқынды мал шаруашылығын дамыту

2. Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

3. Қарқынды ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы

4. Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

5. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатты өңдеу және сақтау

6. Агроөнеркәсіптік кешенді модернизациялауға техникалық қолдау көрсету

Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту

2. Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын, геологияны ұтымды пайдалану. Қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз өнімдер мен құрылымдар

1. Су, топырақ және биологиялық ресурстарды басқару


3. Өтінім ұсынылатын тіл
6.  Конкурсқа қатысу өтінімі екі дана мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде, сондай-ақ, әр данасы қағаз және электронды тасығышта ұсынылуы тиіс. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру өтінімінің мәтіні мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде бірдей болуы керек.

Әлеуетті орындаушы ағылшын тіліндегі аударманың нақтылығына толығымен жауапты болып табылады.


4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысу өтінімінің мазмұны мен формасына қойылатын талаптар
7. Әлеуетті орындаушы ұсынатын конкурсқа қатысу өтінімі ұстауы тиіс:

1) 1-Қосымшада көрсетілген 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің конкурстық құжаттамасына сәйкес әлеуетті орындаушы толтырған және қол қойған өтінімі;

2)  аталған конкурстық құжаттаманың 4 тарауына сәйкес әлеуетті орындаушының біліктілік талаптарына сай екендігін растауға ұсынылатын құжаттар тізімінен тұрады

8. Өтінімдердің жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі-ЖТН) болуы керек.

Конкурсқа қатысушылар конкурс жарияланған сәттен бастап Тапсырыс берушінің өтінімін қабылдаудың ақырғы күніне дейін ЖТН алу үшін «Мемлекеттік ғылыми-техникалық ұлттық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі - МҰТС ҰО) интернет-ресурсында объектілерді is.ncste.kz адресінде тіркейді.

Электронды тіркеуден өтпеген және ЖТН жоқ өтінімдер қабылданбайды.

9. ЖТН өтінім ақпараттық жүйеде тіркеуден өткен қағаз нұсқаның бірінші бетіне қойылады.

10. Өтінімде ашылуы авторлық және / немесе басқа да құқықтарына зиян келтіруі мүмкін коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат жарияланбауы тиіс.

11. «Су, топырақ және биологиялық ресурсы» арнайы бағыттың жанынан шығатын

өтінімде жеке бағдарламаны қажетті ресурстармен оның ішінде қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында, бірлесіп қаржыландыруға жеке серіктестікті тарту деген мазмұнда болуы тиіс.

2018 жылы кемінде 2%;

2019 жылы кемінде 5%;

2020жылыткеміндет10%ююақшалайттқаржыландыру.
Іске асыру мерзімдері және салым сомасын оның келісімін көрсете отырып, тараптардың қаржыландыру ниеттерін растаймыз.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі енгізілген жоспары және практикалық тәжірибесі іске асырылған инновациялық өнімдерінде лицензиялық мәмілелері бар тиісті мамандар болуы керек.

12. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде салалық уәкілетті органның әлеуетті орындаушымен парақтары нөмірленген және ақырғы парғына қол қойылып, мөр басылуы тиіс.

13. Әлеуетті орындаушы конкурсқа қатысу өтінімін жапсырылған конверттің сыртқы жағына әлеуетті орындаушының толық атауы мен пошталық мекен-жайы (егер де өтінім «кешіккен» болып хабарланған жағдайда, қатысу өтінімін ашылмаған күйде қайтару мақсатында), уәкілетті салалық органның толық атауы мен пошталық мекен-жайы, «2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР КОНКУРСЫ» мазмұнды мәтін көрсетіледі.


4.1. Конкурсқа қатысу өтінімін ұсыну тәртібі
14. Конкурсқа қатысу өтінімі тапсырыс берілетін пошта байланысы арқылы мына мекенжайға: конкурс жарияланған күннен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Астана қаласы, Кенесары көшесі 36, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі № 521 кабинетке жіберіледі.

15. Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі нақты аяқталған соң, уәкілетті салалық органмен алынған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және оларды ұсынған әлеуетті орындаушыларға конвертте көрсетілген реквизиттер бойынша конкурсқа қатысу өтінімімен бірге немесе әлеуетті орындаушылардың уәкілетті өкілдеріне алу туралы қолхатпен қайтарылады.

16. Әлеуетті орындаушылардың конкурсқа қатысуға ұсынған өтінімдері ЖТН, күні және конкурсқа қатысу өтінімін қабылдау уақыты көрсетілетін тиісті журналға тіркеледі.
4.2. Конкурсқа қатысу өтінімдері бар конвертті жұмыс органының ашуы
17. Өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталған соң, жұмыс органы 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімдер бар конверттерді ашып, ашу хаттамасын және құжаттарға тізім жасайды және ғылым саласындағы уәкілетті органға Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға (МҒТС) жіберіледі.
4.3.  Конкурсқа қатысу өтінімдерін қарастыру рәсімі
18. Конверттерді ашу хаттамасы бар өтінімдер уәкілетті салалық органмен ғылым саласындағы уәкілетті орган МҒТС ҰО тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қарастыруынан кейін МҒТС қорытындысы мен шешімін алу үшін жіберіледі.

19. Уәкілетті салалық орган ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру өтінімі және ғылыми кеңестер шешімдерімен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияға (ары қарай – ЖҒТК) жібереді.

20. ЖҒТК құпталған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар өтінімдері Республикалық бюджеттік комиссияның орнатылған тәртібіне сай қарастырылады.

21. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаларды (НҒТБ) жүзеге асыру конкурсының жеңімпаздары ұлттық ғылыми кеңестер, ЖҒТК шешімі негізінде анықталады да, уәкілетті салалық органмен бекітіледі.

22. Конкурс нәтижелері бойынша уәкілетті салалық орган орнатылған тәртіпке сай оған бағдарлама шеңберінде орындаушы мекеменің қызметіне үйлестіру мен ілестіру жасауды іске асыратын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бас мекемені анықтауға құқылы.

Ғылыми-техникалық бағдарламаларды үйлестіретін Бас мекеме іске асыруға жауапты.

23. Тапсырыс беруші аралық есеп нәтижесі бойынша шартты бұзуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан құрылатын Ғылыми-техникалық кеңес негізінде шартты бұзу туралық шешім қабылданады және МҒТС-ке және ҰҒК-ке хабарлама ретінде жолданады.
5.  Әлеуетті орындаушыға қойылатын біліктілік талаптары
24. Конкурста аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ, қосымша орындаушы ретінде автономды білім беру мекемелері және олардың мекемелері қатыса алады. (ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілердің аккредиттеу туралы уәкілетті орган бұйрығынан үзінді немесе куәлік көшірмесі қоса беріледі).

25. НҒТБ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды өткізудің бірнеше бағыттарынан тұруы мүмкін.

НҒТБ ғылыми жетекші басшылығымен, осыған ұқсас ғылыми зерттеулерді өткізу тәжірибесі бар ұжыммен жүзеге асырылады.

26. Зерттеушілердің қойылған мақсат және міндеттерге сай соңғы нәтижелерге жетуді қамтамасыз ете алу қабілеті әлеуетті орындаушының ғылыми зерттеулердің нәтижелі болуының кепілі болу керек.

27. Әлеуетті орындаушы НҒТБ іске асыруға қажетті тиісті лабораториялық және өндірістік ғимараттарға, коммуникацияларға (негізгі параметрлері көрсетілген); арнайы лабораторияларға; заманауи құрал-жабдықтарға ие болуы керек.

Ғылым дамуының басымдығы бойынша «Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі»

«Мал шаруашылығының қарқынды дамуы» атты мамандандырылған бағыт бойынша (зерттеу бағытына байланысты) мыналар болуы керек:

- асыл тұқымды жануарларға арналған негізгі шаруашылықтар, мал шаруашылығына арналған ғимараттар, мал шаруашылығы базалары, аквамәдениеттің құнды нысандарын ұстау және өсіруге арналған негізгі балықтық сулық учаскелер және/ немесе расталған құжаттары бар (шаруа және шаруа қожалықтары арасындағы бірлескен қызмет туралы келісімдер, хаттар) су айдыны;

- жайылымдар, шабындықтар, жабық сумен жабдықтау қондырғылары, эксперименталды учаскелер және / немесе су айдындары, агроқұрылымдарда және балық шаруашылығында тиісті азықтық базасы, бағалы аквамәдениет объектілерін ұстау және өсіруге арналған негізгі балық шаруашылықтары, балық өсіретін учаскелер және / немесе су айдындары;

- зерттеу жүргізілетін агроқұрылымдардағы тиісті азықтық база;

- жануарлардың селекциялық үрдісі үшін генотиптердің болуы;

- малдың жеткілікті тұқымдық басы, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын қайта шығаруға арналған аналық мал;

- селекциялық тұқымдық жұмыстарды жүргізуді мақсатты түрде қамтамасыз ететін малдың тұқымы;

- асыл тұқымды жануарларды өсіру, мал шаруашылық ғимараттарды, мал шаруашылығы базаларын растайтын құжаттары бар ( шаруа және фермерлік шаруашылықтармен бірлескен қызмет туралы хаттар, келісімдер) негізгі фермалар;

- биоресурстар (эмбриондар, ауыл шаруашылық жануарларының сперматозоидтері, балық, шабақтар, уылдырық және т.б.);

- тиісті зертханалардың өлшеу құралдарының жай-күйін бағалау туралы анықтама (ұсынылған өтінімге және зерттеу бағыттарына сәйкес), растаушы құжаттар көшірмесі; - сынақтар мен өлшемдердің жекелеген түрлерін орындау кезінде оның техникалық құзыреттілігін растауға арналған өлшеу немесе зерттеу саласындағы сынақ зертханаларын (және / немесе орталықтар, аналитикалық лабораториялар және / немесе орталықтар) аккредиттеу туралы куәлік;

-  тиісті бағыттар бойынша, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса салған ғылыми зерттеулерді өткізуге арналған заманауи лабораториялар, құрал-жабдықтар (сынамалар мен сынақтарды іріктеу, өңдеу және талдау);

-  растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса салған тиісті зертханалардың (ұсынылған өтінімге және зерттеу бағыттарына сәйкес) өлшемдер жағдайын бағалау туралы куәлігі;

- конкурстық құжаттамаға сәйкес қызметтердің сапалы және толыққанды орындалуына өтінім берілген салада табысты және жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар (кемінде 9 жыл ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырған) білікті ғылыми персонал.

«Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» атты мамандандырылған бағыт бойынша мыналар болуы керек:

- II, III және IV патогендік топтардың микроорганизмдерімен диагностикалық жұмыстар жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі - ДСӘДМ) Режимдік комиссиясының рұқсаты;

- зертханалық ғимараттардың санитарлық талаптарға сәйкестігі туралы ДСӘДМ ведомстволық ұйымдарының қорытындысы;

- мекеменің сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігін сапа менеджменті жүйесінің стандарттарына сай екендігін растайтын аккредиттеу туралы сертификат( ҚР СТ ИСО/МЭК 17025);

- ҚР СТ ИСО / МЭК 17043-2014 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілік сынақтарын өткізудің негізгі талаптары»;

- прекурсорлар айналымына байланысты қызмет лицензиялары;

- қоршаған ортаға эмиссия жүргізу рұқсаты;

- зертханалық жануарларға зерттеуге арналған виварий;

- референттік зертханалар немесе далалық жағдайда сынақтар өткізуге арналған жылжымалы зертханаларды бірге пайдалану мүмкіндігі бар биоқауіпсіздік мәселелері бойынша орталықтармен жасалған келісімшарттар;

- аса қауіпті, карантиндік және тосын пайда болған инфекциялар бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге алыс және жақын шетелдің жетекші ғылыми мекемелерімен жасалған келісімшарттар;



«Интенсивті егін шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы» мамандандырылған бағыты бойынша

егін шаруашылығының қарқынды жүйесі бойынша төмендегілер болуы керек (зерттеу бағытына байланысты:

Суландыру бойынша:

жер учаскесіне құқық белгілеуші немесе сәйкестендіру құжаттары арқылы расталған, көпжылдық, тәлімбақтар, бақшаларды қоса алғанда, селекциялық-тұқымдық мамандандырылған стационарлар;

- тамшылату, жаңбырлатқыш және топырақ асты суару жүйелерімен жабдықталған ауыл шаруашылықтық тәжірибелік-өндірістік алаңдар, жер теліміне құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарымен расталған су үнемдеу технологиялары;

- мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы (жер өңдеуге арналған құралдар, сепкіштер, комбайндар);

- асептикалық өсімдіктерді диагностикалау, сауықтыру және клондау үшін тиісті коммуникациялармен өндірістік және зертханалық құралдардың болуы;

- экологиялық және мелиоративтік үрдістерді зерттеуге арналған лизиметрлік павильон; прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сертификатталған, куәландырылған химиялық зертхана, заманауи құралдар мен жабдықпен жабдықталған; жасалып жатқан жабдықтың тәжірибелік үлгісін жасау бойынша эксперименттік-механикалық шеберхана;

- тиісті зертханалық және өндірістік ғимараттар, коммуникациялар, агрохимиялық анализге арналған мамандандырылған зертханалар және ҒЗТКЖ нәтижелерін талдау және модельдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету;

- жер учаскесіне құқық белгілеуші немесе сәйкестендіру құжаттары арқылы расталған, көпжылдық, тәлімбақтар, бақшаларды қоса алғанда, селекциялық-тұқымдық мамандандырылған стационарлар;

- тамшылату, жаңбырлатқыш және топырақ асты суару жүйелерімен жабдықталған ауыл шаруашылықтық тәжірибелік-өндірістік алаңдар, жер теліміне құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарымен расталған су үнемдеу технологиялары;

- мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы (жер өңдеуге арналған құралдар, сепкіштер, комбайндар).



Органикалық егін шаруашылығы бойынша

- кемінде 3 жылдай ұқсас ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесі, үйлестіру;

- органикалық өнімдер шығаратын барлық өңірлерді қамтитын зерттеулердің кешенділігі;

- ұзақ мерзімді далалық стационар;

- «Дала тарихының карталары»;

- мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы (өңдеуге арналған құралдар, сепкіштер, комбайндар);

- алынған өнім сапасының және т.б. агрохимиялық, топырақтық талдауын жүргізуге арналған заманауи құралдармен жабдықталған аккредиттелген талдамалық зертханалар.

- органикалық егіншілікке арналған ғылыми әзірлемелер және кем дегенде 5 жыл ғылыми зерттеу тәжірибесі болуы, сынақтарды қою әдістемесін білу;

- зияткерлік меншік объектілеріне арналған қауіпсіздік құжаттары (патенттер, ұсынымдар);

- аяқталған ғылыми әзірлемелерді енгізу актілері, аудандары және т.б.

- базалық және модельдік шаруашылықтар, көрнекі тәжірибелер (растайтын құжаттар).



Ауыл шаруашылық дақылдарды селекциялау

- жер учаскесіне құқық белгілеуші немесе сәйкестендіру құжаттары арқылы расталған, селекциялық-тұқымдық мамандандырылған стационарлар, сонымен қатар көпжылдық тәлімбақтардың, бақшалардың бар болуы;

- өсімдіктердің, ауыл шаруашылық дақылдардың жұмыс коллекцияларының селекциялық үрдісіне арналған генофонд;

- өсімдіктерді іріктеуге арналған төзімді формаларды таңдау үшін жасанды жұқпалы фон;

- кіші көлемді арнайы мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы (сепкіштер, комбайндар, басқа машиналар);

 - ауа райы туралы нақты деректер алуға мүмкіндік беретін метеопосттың болуы;

 - қойма және бөлшектеу ғимараттары, жылыжай кешені;

- дәнді дақылдардың түпнұсқалық тұқымы, жеміс-жидек, жидек дақылдары мен жүзім көшеттері (асыл тұқымды және гибридті материалдың болуы).

- орта және ұзақ мерзімді сақтауды ұйымдастыруға арналған заманауи құрал-жабдықтар (камералар, төмен температурадағы тоңазытқыштар, криотанк және т.б.);

- кем дегенде 5 жылғы ұқсас ғылыми зерттеу тәжірибесі, үйлестіру;

- ағымдағы зерттеулердің кешенділігі;

- түпнұсқалы жоғары сапалы тұқымдарды шығаратын өндірушінің түпнұсқалық мәртебесі;

- биохимиялық, молекулалы-биологиялық, физиологиялық, гендік-инженерлік және биотехнологиялық зерттеулерге арналған заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған аккредиттелген аналитикалық зертханалар;

- бастапқы нысандардың донорлары мен қайнар көздері, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жұмыс жинағы, дақылдар; жабайы туыстастарына, экзотикалық сызықтарға, жер бетіне, дигаплоидтарға;

- ҚР СТ селекция әдістері мен тәсілдері (дигаплоидизация, ДНҚ-маркерлер).

- ғылыми дайындама (а.ш. дақылдардың сорттары, гибридтері);

- зияткерлік меншік объектілеріне арналған қорғау құжаттары (авторлық куәліктер, сорттарға арналған патенттер, каталогтар);

- лицензиялау туралы келісімдер, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандарын енгізу актілері, іске асыру салалары;

- негізгі шаруашылықтар мен көрнекі учаскелер (растайтын құжаттар).

Маркерлік және геномдық технологиялар негізінде ауылшаруашылық дақылдарын селекциялау және тұқым шаруашылығы бойынша

- жұмыс тәжірибесі ұқсас ғылыми зерттеулер бойынша 5 жылдан кем емес; үйлестіру;

- ағымдағы зерттеулердің кешенділігі;

- көпжылдық далалық стационардың бар болуы;

- түпнұсқалы жоғары сапалы тұқымдарды шығаратын өндірушінің түпнұсқалық мәртебесі;

- өсімдіктерді іріктеуге арналған төзімді формаларды таңдау үшін жасанды жұқпалы түс;

- кіші көлемді арнайы мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы (сепкіштер, комбайндар, басқа машиналар);

 - қойма және бөлшектеу ғимараттары, жылыжай кешені;

- биохимиялық, молекулалық-биологиялық, физиологиялық, гендік-инженерлік және биотехнологиялық зерттеулерге арналған заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған аккредиттелген аналитикалық зертханалар;

- бастапқы нысандардың донорлары мен қайнар көздері, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жұмыс жинағы, дақылдар; жабайы туыстастар, экзотикалық сызықтар, жер беті, дигаплоидтар;

- ҚР СТ селекция әдістері мен тәсілдері (дигаплоидизация, ДНҚ-маркерлер).

- ғылыми дайындама (а.ш. дақылдардың сорттары, гибридтері);

- зияткерлік меншік объектілеріне арналған қорғау құжаттары (авторлық куәліктер, сорттарға арналған патенттер, каталогтар);

- лицензиялау туралы келісімдер, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандарын енгізу актілері, іске асыру салалары;

- негізгі шаруашылықтар мен көрнекі учаскелер (растайтын құжаттар).

Көкөніс дақылдары бойынша

- суару жүйелерінің дамыған жүйесімен, соның ішінде заманауи ресурс үнемдеуші суару жүйелермен (тамшылап, жаңбырлатқыш, жер асты, аралас және т.б.), селекциялық және тұқымдық мамандандырылған далалық стационарларымен, суару туралы құқық беруші құжаттармен расталған егістік жер;

- картоп, көкөніс және бақша будандарын селекциялық және тұқымдық мақсатта болашақ сорттарды өсіру мен көбейтуге арналған жылыжайлар;

- түрлі санатты картоп тұқымы және қарама-қарсы тозаңданатын көкөніс және бақша дақылдарын көбейту бойынша оқшаулау тәлімбақтарының негізін қалауға арналған кеңейтілген ауыспалы егістер мен жердің кеңістіктік мүмкіндіктері,

- заманауи астық қырмандар, кептіргіштер, тұқымдық үймені кептіруге арналған шатырлар және аналық дақылдарды уақытша ауыстыру және сұрыптау арналған қоймалар;

- тұқымдық картоп және көкөніс аналықтарын сақтауға арналған температура мен ылғалдылық жағдайларын реттеу құралдары мен құрал-жабдықтармен жабдықталған камерасы бар қысқы қойма;

- бақыланатын температура мен ылғалдылық шарттары бар көкөніс тұқымын құрғақ сақтауға арналған тұқымдық қойма;

- арнайы құрылғылармен жабдықталған және картоп тұқымы мен көкеніс және бақша дақылдарын (камералар, төмен температуралы тоңазытқыштар, арнайы сөрелер және т.б.) орта және ұзақ мерзімді сақтауды ұйымдастыруға арналған жабдықтары бар ген қоймасы ;

- картоп, көкөніс пен бақша дақылдарының тұқымдарын өсіру мен селекциялау бойынша міндеттерді тиімді орындауға кепілдік беретін селекция, генетика, физиология, тұқым шаруашылығы, биохимия, микробиология, фитопатология, агрохимия және басқа да зерттеулер саласындағы мамандандырылған зерттеулер жүргізуге арналған зертханалық кешендер;

- селекция және тұқым өндірісі бойынша камералық зерттеулер жүргізу үшін қойма және бөлшектеу бөлмелері;

- картоп, көкөніс пен бақша дақылдарының түпнұсқалық тұқымы (тұқым мен селекциялық тұқымның кеңейтілген қорының болуы);

- заманауи тракторлары, жүк машиналары және мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникалары бар (топырақты өңдеу құралдары, сепкіштер, астық жинайтын комбайндар, сұрыптау пункттері және т.б.) машиналық-тракторлық паркі;

- машина-трактор паркін жедел пайдалану және тиімді пайдалану үшін эксперименттік-механикалық шеберхана;

- картоп, көкөніс пен бақша сорттары және гибридтерін жасау, тарату және енгізудің дәстүрлі және заманауи технологияларын қолдану бойынша ұзақ мерзімді тәжірибе;

- елімізде де, шет елдерде де әр түрлі ғылыми мекемелермен ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді тәжірибесі және картоп, көкөніс пен бақша дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын жасау, тарату және енгізу саласында Қазақстанның барлық агроэкологиялық аймақтарын қамту бойынша зерттеулердің нәтижелілігі (сорттардың, будандардың және технологиялық әзірлеменің болуы, лицензиялық келісімдер, генофондпен алмасу, асыл тұқымды материалдар және т.б.).

- жоғары білікті мамандар мен ғылыми зерттеулер саласында тәжірибесі бар (докторлар, ғылым кандидаты, PhD, ғылым магистрлері және т.б. халықаралық сертификаттардың болуы және т.б.).

- отандық басылымдарда да, халықаралық басылымдарда да, соның ішінде халықаралық дерекқорда (Scopus, WebofScience) индекстелген, ғылыми зерттеулердің дамыған саласындағы жариялымдар (монографиялар, жинақтар, брошюралар, мақалалар, проспектілер, әдістемелер, нұсқаулықтар, стандарттар және т.б.) .

Ауыл шаруашылығы дақылдарының генофонды бойынша

- жұмыс тәжірибесі ұқсас ғылыми зерттеулер бойынша 5 жылдан кем емес; үйлестіру;

- мекеме басшысының қолы қойылып, расталған, ҒЗБ инвентаризациялау құжаттары жинақталған және сақтауға салынған генофонды бар немесе 3000 кем емес үлгілер бар ауыл шаруашылығы дақылдарының жұмыс коллекциясының болуы;

- далалық фенотиптеуді және onfarm сақтауды ұйымдастыруға арналған жер учаскесіне құқық белгілеуші немесе сәйкестендіру құжаттары арқылы расталған, көпжылдық, тәлімбақтар, бақшаларды қоса алғанда, селекциялық-тұқымдық мамандандырылған стационарлар;

- ауыл шаруашылығын дамытуға арналған өсімдіктердің генетикалық ресурстары саласында (бұдан әрі-ӨГРС) кемінде 3 жыл ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі бар орындаушылар штаты;

- орта мерзімді және ұзақ мерзімді гендік банкты сақтаудың заманауи құралдар мен жабдықтар - тұқымдық, ДНҚ, invitro (камералар, төмен температуралы тоңазытқыштар, криотанк, және т.б.) ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ғимараттар;

- халықаралық экспедиция және т.б. туралы алмасу үлгілері бойынша гендік банк ұстаушылардың халықаралық келісімдерінің болуы;

- қазіргі заманғы метрологиялық тексерілген аспаптар мен жабдықтар ұйымдастыру үшін генотиптеу (молекулалық және ДНҚ-маркерлер), генетикалық ресурстарды, ауыл шаруашылығы дақылдарының деңгейінде сорты, белгісі, гені (ӨГРС климокамералар және басқа да құрал-жабдықтар, реактивтер мен шығыс материалдарын орындау үшін қажетті ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шеңберінде бірдейлендіру, паспорттау, зерттеу және сақтау).



«Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» бойынша мамандандырылған бағыт

- өсімдік ауруларын қоздырғыштар, биоагенттер (энтомофагтар), биопрепараттар, вирустар, микроорганизмдер, бактериялар, патогенді, сонымен қатар биоресурстар;

- барабар инфрақұрылым: техникалық құзыреттілік бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сәйкес аккредиттелген зертханалар, зертханалық және әкімшілік ғимараттар;

- Қазақстанның басқа өңірлерінде 300 гектардан кем емес тәжірибелік алаңдар, кем дегенде 400 шаршы метр аумақты өсіру энтомофагтарына механикаландырылған биофакторлар, жабық және ашық алаңдарда биоагрентті және биопрепараттарды тексеру үшін кемінде 500 м2 алаңға ие жылыжайлар;

- зиянкестерге, ауруларға және арамшөптерге қарсы қорғаныс шараларын жүзеге асыруға арналған қауіпсіздікті және өңдеу сапасын қамтамасыз ететін меншік немесе жалға алу құқығындағы мамандандырылған машиналар мен жабдықтар (бүріккіштердің түрлері);

- зиянкестерге, ауруларға және арамшөптерге қарсы қорғаныс шараларын жүргізуге арналған қауіпсіздікті және өңдеу сапасын қамтамасыз ететін меншік құқығында немесе жалдау құқығындағы арнайы техника мен жабдықтар (бүріккіштердің түрлері);

- Қазақстанның әртүрлі өңірлеріне және іргелес аумақтарға қызметкерлердің жылжымалы кету паркі;

- өсімдіктердің карантиндік зиянкестерін диагностикалау үшін зертханалармен немесе орталықтарымен зертханалық салыстырмалы сынақтарды жүргізу туралы шарттар;

- ғылыми-зерттеу зертханалары қазіргі заманғы молекулярлық-генетикалық, биотехнологиялық, химиялық-аналитикалық және жалпы биологиялық жабдықпен жабдықталуы керек;

- түрлі жүйелік топтарға жататын жәндіктер зиянкестерінің және энтомофагтардың жинақтары (Hymenoptera, Neuroptera, Coleoptera, Diptera, Hemiptera, Mesostigmata); энтомопатогенді және фитопатогенді микроорганизмдердің штаммдары (саңырауқұлақтар, бактериялар); арамшөп тұқымдары;

- қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензия, яғни, пестицидтерді өндіруге, сатуға және пайдалануға, сондай-ақ пестицидтерді сақтауға арналған меншікті немесе жалға алынған арнайы сақтауға арналған жабдықтар;

- энтомофактарды жаппай өсіру мен биопрепараттарды қолдану және желім тұзақтарын (феромондарды) қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар және / немесе ұсынымдар;

- үйірлі шегіртке ошағына қашықтықтан фитосанитарлы мониторинг жүргізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану технологиялары;

- ГАЖ негізінде үйірлі шегіртке саны мен таралудың тақырыптық цифрлық картасы

- үйірлі шегірткеге мониторинг жүргізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану мен ГАЖ қолдану бойынша кеңестер;

- шегірткелердің санын бақылау үшін энтомопатогенді микроорганизмдер негізінде өсімдіктерді қорғаудың биологиялық құралдары

- жабдықталған микробиологиялық зертхана.

«Ауылшаруашылық өнімдерін және шикізатты қайта өңдеу және сақтау» бойынша мамандандырылған бағытта болуы керек:

- ауыл шаруашылығы шикізатын және оның өңделген өнімдерінің сапасын бағалау үшін қазіргі заманғы құралдар мен жабдықтардың болуы;

- «Өсімдік және жануарлардан алынатын өнімдерді сақтау және өңдеу» саласындағы зерттеу тәжірибесі;

- зерттеу бағытында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың болуы (патенттер, авторлық куәліктер және т.б.);

- тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу саласындағы базалық кәсіпорындардың болуы (бірлескен қызмет туралы хаттар, келісімдер);

- азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі үшін микроорганизмдер генофонды;

- жабдықтармен жабдықталған тиісті зертханалық ғимараттар (микроағзалармен, автоклавпен, ферментермен, ПТР зертханасымен, ұсақ суды тазалауға арналған қондырғы, лиофильді қондырғы, төменгі температуралық мұздатқыштар).

«Агроөнеркәсіптік кешенді модернизациялауды техникалық қолдау» бойынша мамандандырылған бағытта болуы керек:

- Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтардың үлгілерін жасау үшін тиісті технопаркпен тәжірибелік-өндірістік цехтардың болуы;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде аккредиттелген сынақ зертханасының машиналар мен жабдықтар профиліне сәйкес аккредиттеу аймағы болуы;

- мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасының болуы (тракторлар, ауыл шаруашылық техникасының бөліктері мен бөлшектерін жөндеу және қалпына келтіруге арналған құрал-жабдықтар мен құрал-жабдықтар, сепкіштер, комбайндар және т.б.);

- машиналар мен жабдықтардың функционалдық және энергетикалық көрсеткіштерін бағалау үшін заманауи құралдар мен жабдықтардың болуы;

- заманауи жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған конструкторлық бөлімінің болуы;

- агроөнеркәсіптік кешенде және ауыл шаруашылық техникасында техникалық және технологиялық жүйелерді зерттеу және жобалау саласында білікті мамандардың болуы;

- ғылыми-техникалық кітапхананың, мерзімдік ғылыми-техникалық әдебиеттің және патенттік қордың, агроөнеркәсіптік кешеннің инженерлік-техникалық саласының нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттамасының болуы;

- агроөнеркәсіп кешеніндегі және ауылшаруашылық техникасындағы базалық кәсіпорындардың болуы (хаттар, бірлескен қызмет туралы келісімдер).

«Ауылдық жерлерді тұрақты дамыту» бойынша мамандандырылған бағытта болуы керек:

- агроөнеркәсіптік кешенді ресми статистикалық ақпарат негізінде ұзақ мерзімді кезеңге мониторингілеу, талдау және болжау мүмкіндігі;

- жоғары білікті мамандар мен ғылыми зерттеулер саласында тәжірибесі бар (докторлар, ғылым кандидаты, PhD, ғылым магистрлері және т.б., халықаралық сертификаттардың болуы және т.б.).

- ұқсас әзірлемелер бойынша бұрын іске асырылған ғылыми жобалардың тәжірибесі, практика сұраулары бойынша зерттеулер нәтижелерін енгізу, кеңес беру қызметтері (кем дегенде 5 жыл);

- ауылшаруашылық кооперативтерінде (іске асыру актілері) кішігірім басқару формаларын біріктіру тәжірибесі (кем дегенде 5 жыл);

- соңғы 3-5 жыл ішінде зерттеу тақырыбы бойынша кемінде 5 басылым, сонымен қатар шетелдік басылымдарда;

- ғылыми зерттеулер немесе жобаға жақын жобалар бойынша кемінде 5 практикалық ұсынымдар мен ұсыныстар;

- ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бизнес-жоспарларын әзірлеу тәжірибесі, өсімдік шаруашылығы мен жануарларды өсіру үшін экономикалық тиімділік және өндірістік шығындардың есебін жүргізу (кем дегенде 5 жыл);

- зерттелетін жоба бойынша монографиялар, оқулықтар, оқу құралдар, анықтамалық кітаптар дайындауда жауапты орындаушылар үшін ғылыми-зерттеу жұмыс тәжірибесі (5 жылдан кем емес);

- оқу семинарлар өткізу тәжірибесі, семинарлар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін оқыту, (ауыл шаруашылығы басқармасы, әкімдіктер, MA соавт.) АӨК, дөңгелек үстелдер және ауыл шаруашылығы өндірісінде (кем дегенде 5 жыл) басқа да іс-шаралар әзірлеу;

- аграрлық экономика саласындағы БАҚ-та жобаларды іске асыру нəтижелері, əдістемелік ұсынымдар, жарияланымдар мен сөйлеген сөздері негізінде əлеуетті өнім берушінің ғылыми дәрежесі, атағы, орындалу актілерін (кемінде 3) растайтын тиісті құжаттардың болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет