Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары



Дата27.10.2018
өлшемі86.63 Kb.
#95586
түріКонкурс
«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру
Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары:
С-О-6 санаты бойынша: Жоғары немесе құқық саласындағы ортадан кейінгі білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-R-5 санаты бойынша: Жоғары немесе құқық саласындағы ортадан кейінгі білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:


Санаты

Еңбек өтіліне қарай лауазымдық айлықақысы

min

max

С-О-6

74953

101604

С-R-5

64960,024

88279,007


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі, 050000, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 66, анықтама телефоны 8 (727) 330-91-24 e-mail: 727-0200@sud.kz, бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарғаорналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.
Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі:


  1. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің сот приставы С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Сот мәжілісі кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтау, процессуалды әрекеттерді орындауда сотқа жәрдем беру, судьяны және процестің басқа қатысушыларын және ғимаратты күзетпен қамтамасыз ету. Құқық бұзушыларды ішкі істер органдарына жеткізу.Орындаушы әрекеттерді мәжбүрлеп орындатуға қатысу.Сотқа келуден жалтарушы тұлғаларды жеткізуді жүзеге асыру және осы бағытта құқыққорғау органдарымен жұмысты үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) немесе техникалық ғылымдар және технология саласындағы жоғары білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) немесе техникалық ғылымдар және технология саласындағы ортадан кейінгі білім. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.


  1. Талдау және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Анықтамалар және ақпараттар жасаумен, сот қорытындыларын жүргізу. Жеке ұйғарымдарды есепке алу және олардың атқарылуын бақылау. Жұмысты жетілдіру бойынша сәйкес ұсыныстарды енгізу. Мұрағатты жүргізу, істерді сот мұрағатына қабылдау. Сұрау салулар бойынша істерді есепке алу және жөнелту, олардың өз уақытында қайтарылуына бақылау. Мұрағат құжаттарын беру. Әрекет етуші заңнаманың жүйелендіру және кодификациялау есебін жүргізу. Сот статистикасын жүргізу. «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі» базасының жұмысын қамтамасыз ету, ұйымдастыру және жүргізу. Компьютерде жұмыс істеу білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе техникалық ғылымдар және технология саласындағы жоғары білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технология саласындағы ортадан кейінгі білім. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:


  1. Жетекші маман, С-R-5 санаты, 4 бірлік: Алмалы аудандық сотының жетекші маманы – 3 бірлік, Алмалы ауданының №2 аудандық сотының жетекші маманы – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Сот жалпыламаларды жүзеге асыру, талдау жасау, ақпарат, мәлімдеме беру елу. Жеке ұйғарымдарды есепке алу және олардың орындалуын бақылау. Жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Мұрағат жұмысын жүзеге асыру,сот мұрағатына істерді қабылдап алу. Сұраныс бойынша жолданған істерді есепке алу, олардың дер кезінде қайтуын бақылау. Мұрағаттық құжаттардың көшірмесін беру. Қолданыстағы заңнаманы жүйеге келтіру және кодификация жұмысын жүргізу. Сот статистикасын жүргізу. «Біргегей автоматтандырылған ақпараттық-аналитикалық жүйе» базасының жұмысын қамтамасыз ету, ұйымдастыру және жүргізу. Компьютерда жұмыс істей алу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе техникалық ғылымдар және технология саласындағы жоғары білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технология саласындағы ортадан кейінгі білім. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.


  1. Сот приставы, С-R-5 санаты, 2 бірлік. Жетісу аудандық сотының сот приставы – 1 бірлік, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының сот приставы – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Сот мәжілісі залында қоғамдық тәртіпті сақтауға жәрдем беру, сотқа процессуалдық әрекеттерді орындауға көмектесу, судьялардың және басқа да сот процессіне қатысушылардың және сот ғимаратының сақтығын қамтамасыз ету. Құқықбұзушыларды ішкі істер органдарына жеткізу. Атқарушы әрекеттерді мәжбүрлеп орындалуына қатысу. Сотқа келуден бас тартқандарды сотқа мәжбүрлеп әкелуді жүзеге асыру, және бұл бағытта құқыққорғау органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру. Жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар,экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) немесе техникалық ғылымдар және технология саласында немесе қызмет көрсету (туризм) саласындағы жоғары білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) немесе техникалық ғылымдар және технология саласында немесе қызмет көрсету (туризм) саласындағы ортадан кейінгі білім. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган бекіткен нысанғы сәйкес өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Құжаттар қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылып конкурстық комиссияның қарауына қабылданады (құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей ұсынылады).

Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі» РММ өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады және мемлекеттік органның басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.



Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет