Конкурс туралы хабарландыру (төменгі лауазым) Жалпы конкурс қатысушыларына қойылатын ортақ біліктілік талаптар



Дата25.06.2017
өлшемі75.31 Kb.
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға

орналасуға жалпы конкурс

туралы хабарландыру (төменгі лауазым)
Жалпы конкурс қатысушыларына қойылатын ортақ біліктілік талаптар:

Жалпы конкурс қатысушыларына қойылатын ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 санаты үшін: жоғары білімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптар №12 бұйрығына сәйкес(Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескерумен) жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. ** *


Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

D-O-4


83282,08

112430,81


***Ескерту: Мемлекеттік мекемесінің штат кестесінде бас маман лауазымы D-О-4 санаты төменгі болып табылады.
«Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі 140000 Павлодар қ., Иса Байзақов көш. 151/2, 305 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8 (7182) 67-53-10, 67-51-37 e-mail: kense.dz@pavlodar.gov.kz «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы

ана мен бала мәселелері жөніндегі бөлімінің бас маманы,

санаты «D-О-4», (лауазым индексі 4-01-2)
Функционалдық міндеттері: Ұсынылған құқығы және лауазымдық міндеттері шегінде уәкілеттілікті жүзеге асыру. Басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғарыда тұрған органдардың және олардың құзіреті шегінде жасалған лауазымдық тұлғалардың шешімдері мен нұсқаулықтарын орындау. Денсаулық сақтау объектілеріне акушерлік-гинекологиялық қызметті үйлестіру. Әйелдер мен жасөспірім қыздарға акушерлік-гинекологиялық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыру. Гинекологиялық ауруларды, ана мен бала өлім-жітімін төмендетуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және өткізу. Акушер-гинеколог дәрігерлер қоғамдығының отырыстарын ай сайын өткізу. Босануға жәрдемдесу ұйымдарында әйелдерге емдеу-консультативті көмекті ұйымдастыру және өткізу. Акушерлік-гинекологияда алдын алу, дигностикалау және емдеудің жаңа әдістерін тәжірибеге енгізуді бақылау. Медициналық ұйымдардың бекітілген халықты тіркеуге енгізу бойынша жұмысын бақылау. Жүкті әйелдердің жағдайын апта сайын мониторингтеу, Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жағдайы нашар әйелдер жөнінде ақпарат беру. Әйелдерді жоғары мамандандырылған көмек көрсетуге іріктеу және жіберу. Отбасылық жұптарды жасанды ұрықтандыруға іріктеу және жіберу. Акушерлік-гинекологиялық қызмет жөнінде статистикалық деректерді жинау және талдау, ақпарат жинау. Ана мен нәресте өлім-жітімін төмендету бойынша облыстық және республикалық штабтың тапсырмасына жауап беру және өткізуге материалдар дайындау. Гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру бойынша іс-шараларды мониторингтеу және ақпарат ұсыну. Жатыр мойнағы обыры және сүт безі обырын анықтау үшін әйелдерге скрининг жүргізуді мониторингтеу. Жүкті әйелдерді темір препараттарымен қамтамасыз етуді мониторингтеу. Республикалық және жергілікті және каскадтты әдістерге оқытуға ұйымдардың мамандарын жіберуді мониторингтеу.

Ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыс медициналық ұйымдарға шығуды жүзеге асыру. Жүкті әйелдер тізбесі жұмысына бақылауды жүзеге асыру. Жүктілікке қарсы көрсеткіштері бар жүкті әйелдерді, босануға рұқсат беру деңгейі мен Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат жіберумен бақылауды жүзеге асыру. Ана және неонаталды скринингті мониторингтеу. Стартегиялық жоспар іс-шараларын, Келісімдер мен аумақты дамыту жоспарларын, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік бағдарламалар индикаторларының орындалуын бақылау. Бөлім қызметіне бағытталған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Мүдделеріне дау тудыруға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау. Ішкі еңбек тәртібінде ережелерді сақтау. Номенклатуралық папкаларды жүргізуді қамтамасыз ету.



Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (қоғамдық денсаулық сақтау, медикалық-алдын алу ісі, жалпы медицина), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, журналистика) жаратылыстану ғылымдарының аясында (биология) білім саласында (педагогика және психология).

Жұмыс тәжірибесі келесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы" № 12 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) сәйкес болуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат өз еңбек қызметін іске асырмаған және егер конкурс жарияланған бос лауазымы бойынша жұмысы өтілі талап етілмеген жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес ұсынылуы конкурстық комиссияның қараудан бас тартудың негізі болып есептеледі.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурс өткiзетiн «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі, персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оларды «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі ғимаратында әңгімелесуге оларды босатқаны туралы кандидаттарды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған тест өткізу бағдарламасы

D-O-4 санатына арналған :

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

Барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

D-O-4 санатына арналған үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары келесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Конкурстық комиссия жұмысының анықтығы мен объективтігін қамтамасыз ету үшін, сол отырысқа байқаушылар мен сарапшылар шақыртылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет