Конкурс өткізеді. «Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»



Дата08.04.2017
өлшемі149.23 Kb.
түріКонкурс
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс өткізеді.
«Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 11007, Қостанай облысы, Қостанай қ., Мәулен көш., 21 үй, анықтама телефоны: 8 (7142) 28-85-36, E-mail: r.kabdullina@kgd.gov.kz Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1. Шағын және орта кәсіпкерлердің субъектісін әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, санаты С-R-4, 2 бірлік.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:

  • ӘҚБ туралыК 205-219, 357, 357-1, 163 сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды сотқа жолдау, қаулыларды сапалы және уақытында құру, САЭБ АЖ –не енгізу, өңдеу. Әкімшілік айыппұлдың бюджетке түсуін қадағалау.

  • АРМЕУСС әкімшілік материалдар бойынша ақпараттарды сәйкес және сапалы енгізу.

  • Арм ЕУСС-те әкімшілік айыппұлды төле туралы хабарламаны, сонымен қатар әкімшілік айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы хабарламаны уақытылы енгізу.

  • Заңнамамен бекітілген мерзімде салық төлеушілердің үндеулерін және өтініштерін уақытылы қарастыру.

  • Салық төлеушілердің дербес шоттарына салыстырмалы тексеру жүргізу.

  • 2-Н есебін жүргізуге қатысу.

  • Салық төлеушілердің қоңырауларына жауап беру.

  • МКД бақылауындағы тапсырмаларын орндау.

  • Өз құзыреті шегінде салық заңнамасының нормаларын түсіндіру және салық төлеушілерге кеңес жүргізу.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы белгілі болған жағдайда басқарма басшылығына және құқық қорғау органдарына жеткізу.

  • бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің уақытылы түсуін бақылауды жүзеге асыру.

  • Өндірістік емес төлемдер бойынша шаруашылық субъектілерін тақырыптық тексеруді жүзеге асыру

  • Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарды, жеке тұлғаларға (мүлік, жер салығы, көлік құралдарының салынатын салықтан басқасы) салық салу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардан келіп түскен мәліметтерді қабылдау және өңдеу.

  • Уәкілетті мемлекеттік органдарының мәліметтерді ұсынуына бақылауды жүзеге асыру: тіркеу алымдары, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем, автокөлік құралдарының жолы үшін алым, қалааралық (халықаралық) телефон байланысын ұсыну үшін төлем, кеме жүзетін су жолдарды пайдалану үшін төлем, ҚР аумағы бойынша автокөлік құралдарының жолы үшін алым, жеке қызмет түрлерімен шұғылдану құқығы үшін лицензиялық алым, жануарлар әлемін пайдалану үшін төлем.

  • Уәкілетті органмен бірлесіп Қостанай қаласында орналасқан жарнамалар объектілеріне зерттеу жүргізу.

  • Заң бөліміне салық заңнамасының белгіленген мерзімінде салық есептемесін ұсынбаған, шара қолдану үшін, уақытылы және толық көлемде салық төлеушілер тізімін жолдау.

  • Уәкілетті органдардың тексерісі және салық бақылауының журналын жүргізу.

  • «Әрекет етпейтін салық төлеушілермен жұмысжәне әкімшілік практика” бөліміне салық заңнамасының белгіленген мерзімінде салық есептемесін ұсынбаған, шара қолдану үшін, уақытылы және толық көлемде салық төлеушілер тізімін жолдау.

  • МКД бақылауындағы тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау.

  • ҚР ережесіне сәйкес салықтық құпияны сақтау.

  • Жеке және заңды тұлғалардың үндеулеріне бекітілген мерзімде жауап беру.

  • Салық төлеушілердің қоңырауларына жауап беру.

  • Өндірістік емес төлемдерді есептеу сұрағы бойынша тех.оқыту жүргізу.

Басқарма басқа бөлімдеріне қажеттілікке байланысты сұраулар жолдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы білім - құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы), (заңгер), кеден ісі, салық ісі. Орта білімді немесе техникалық және кәсіби білім жіберіледі: Қаржы (банктық іс, қаржы менеджменті, қаржыны бақылау және аудит, салық және салық төлеушілер, салық менеджменті), есеп және аудит (бухгалтер, бухгалтерлік-тексеру (аудитор), экономист бухгалтерлік есеп бойынша және шаруашылық қызметін талдау), құқық (құқықтану) мемлекеттік қызмет біліктілігі бір жылдан кем емес бар болу немесе облыстарда жұмыс өтілімі екі жылдан кем емес, нақты қызмет нұсқауымен дәрежесі сәйкес жібереіледі.

Келесі құзырлықтардың болуы: Жігерлілік, байланысқа бейімділік, талдамалық, ұйымшылдық, стратегиялық ойлау, этикаға сәйкестік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдалану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2. «Салық төлеушілердің ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы, санаты С-R-4, 1 бірлік.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:


  • Жеке кәсіпкерлердің кіріс құжаттарын қабылдау

  • Кіріс құжатына тіркеу жасауды жүзеге асыру

  • КБМ тіркеу және тіркеу есебінен шығарумен байланысты барлық операцияларды жүзеге асыру, соның ішінде тауарлық чектердің кітапшаларын және салық органының ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы жұмысының 14 Ережесінің қосымшасына сәйкес нысан бойынша бақылау-кассалық машиналардың парольдерін тіркеу журналына енгізу

  • Құжатты қабылдау жөнінде талон беру

  • Салық қызметін көрсету тәртібі бойынша кеңестік қызметін ұсыну,

  • кітапша түрінде мемлекеттік қызметті көрсету стандарттарымен бекітелген және салық өтініштерінің бланкісін беруді жүзеге асыру,Жеке кәсіпкер ретінде салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару және тіркеу,

  • Ақпараттық жүйеге ақпараттарды енгізу Регламентімен бекітілген кіріс құжаттарын өңдеу тәртібін және мерзімін жүзеге асыру,

  • Қызмет көрсету стандартына сәйкес, салық төлеушілердің қоңырауларына жауап беру,

  • МКД бақылауындағы тапсырмаларды уақытында және сапалы орындау;

  • «Заңды тұлғалардың ақпараттын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінесалық заңнамасының белгіленген мерзімінде салық есептемесін ұсынбаған, шара қолдану үшін, уақытылы және толық көлемде салық төлеушілер тізімін жолдау.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы белгілі болған жағдайда басқарма басшылығына және құқық қорғау органдарына жеткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы білім: әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, менеджменьт, есеп және аудит, қаржы), (заңгер), кеден ісі, салық ісі. Орта білімді немесе техникалық және кәсіби білім жіберіледі: Қаржы (банктық іс, қаржы менеджменті, қаржыны бақылау және аудит, салық және салық төлеушілер, салық менеджменті), есеп және аудит (бухгалтер, бухгалтерлік-тексеру (аудитор), экономист бухгалтерлік есеп бойынша және шаруашылық қызметін талдау) мемлекеттік қызмет біліктілігі бір жылдан кем емес бар болу немесе облыстарда жұмыс өтілімі екі жылдан кем емес, нақты қызмет нұсқауымен дәрежесі сәйкес жібереіледі. Келесі құзырлықтардың болуы: Жігерлілік, байланысқа бейімділік, талдамалық, ұйымшылдық, стратегиялық ойлау, этикаға сәйкестік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдалану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


3. Камералды бақылау бөлімінің бас маманы, санаты С-R-4, 1 бірлік.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:

  • Камералдық бақылау барысында анықталған алшақтықтарды уақытында өңдеу, баспаға шығару және хабарламаларды заңды тұлғаларға табыс ету;

  • Камералдық бақылау бойынша хабарламаларға түскен жауаптарды уақытында және сапалы өңдеуді қамтамасыз ету;

  • Камералдық бақылау барысында алынған ақпаратты жауапты бөлімге уақытында беруді қамтамасыз ету;

  • Салық заңнамасының бұзылуын жіберген заңды тұлғаға қатысты әкімшілік әсер ету іс-шарасын қабылдауға материалдар дайындау, САЭБ АЖ енгізу, өңдеу;

  • Әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулының заңды күшіне енген күнінде есеп жүргізу арқылы заң бөлімінің жауапты тұлғасына 1-ӘҚ үлгісіндегі карточкасының уақытында берілуіне бақылау жасау;

  • Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша Қостанай облысы мемлекеттік кірістер департаментінің ағымдағы тапсырмаларын орындау.

  • Бөлім жоспарына сәйкес Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне есеп беру.

  • ҚҚС бойынша есепке тұрғызу үшін «шектен» шыққандарды анықтау және салықтөлеушілердің жауапты бөліміне беру;

  • Салық кодексінің 471 бабына сәйкес ҚҚС төлеушісі ретінде есептен шығару үшін 6 айдан аса уақыт салық есептемесін тапсырмағандарды анықтау және салықтөлеушілердің жауапты бөліміне беру;

  • ҚҚС бойынша декларацияны үнемі «азайтуға» тапсыратын ҚҚС төлеушілерді анықтау және ары қарай тексеруге беру;

  • ҚР Салық кодексінің, ар-намыс кодексінің ережелеріне сәйкес, сонымен қатар «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңымен анықталған басқа да міндеттеріне сәйкес салықтық құпияны сақтау.

  • ҚР Салық кодексінің 43 бабына сәйкес ықшамдалған декларация және патент негізінде арнайы салық режимінің өздігінен жойылуына байланысты қызметті тоқтату туралы берілген жеке кәсіпкерлердің өтініштеріне камералдық бақылау жасау.

Өзінің құзыреті шегінде салық заңнамасының нормаларын түсіндіруді жүргізу, сондай-ақ салықтөлеушілерге кеңес беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы білім: әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, менеджменьт, есеп және аудит, қаржы), (заңгер), кеден ісі, салық ісі. Орта білімді немесе техникалық және кәсіби білім жіберіледі: Қаржы (банктық іс, қаржы менеджменті, қаржыны бақылау және аудит, салық және салық төлеушілер, салық менеджменті), есеп және аудит (бухгалтер, бухгалтерлік-тексеру (аудитор), экономист бухгалтерлік есеп бойынша және шаруашылық қызметін талдау) мемлекеттік қызмет біліктілігі бір жылдан кем емес бар болу немесе облыстарда жұмыс өтілімі екі жылдан кем емес, нақты қызмет нұсқауымен дәрежесі сәйкес жібереіледі.

Келесі құзырлықтардың болуы: Жігерлілік, байланысқа бейімділік, талдамалық, ұйымшылдық, стратегиялық ойлау, этикаға сәйкестік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдалану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
4. Есептеу, талдау және болжам бөлімінің бас маманы, санаты С-R-4, 1 бірлік.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:


  • Салық төлеушілердің дербес шоттарын жүргізу;

  • Күн сайын салықтөлеушілерді қабылдап, дербес шоттарын салыстырып тексеру;

  • Бюджетке түскен салықтармен басқа да міндетті төлемдердің есебің жүргізу;

  • Салық төлеушілердің артық төленген сомманы есептеу (қайтару) өтініштерімен жұмыс.

  • Салық төлушелерге салық берешегінің, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (бар екендігі) жоқ екендігі туралы анықтама беру;

  • Салық төлушелерге салық міндеттемелерін орындау бойынша есептердің жағдайы туралы дербес шотынан үзінді көшірмені беру;

  • Дербес шоттардағы операциялардың дұрыс көрсетілуінің тәртібін сақталуы мақсатында бақылау жұмысын жүргізу;

  • Мемлекеттік кірістер басқармасынын басшысы, басшысының орынбасарының және бөлІм басшысы берген тапсырмаларын орындау;

  • Бас, жетекші мамандардын жұмыста болмаған кезіңде міндеттерін орындау.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы белгілі болған жағдайда басқарма басшылығына және құқық қорғау органдарына жеткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы білім: әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, менеджменьт, есеп және аудит, қаржы), (заңгер), кеден ісі, салық ісі. Орта білімді немесе техникалық және кәсіби білім жіберіледі: Қаржы (банктық іс, қаржы менеджменті, қаржыны бақылау және аудит, салық және салық төлеушілер, салық менеджменті), есеп және аудит (бухгалтер, бухгалтерлік-тексеру (аудитор), экономист бухгалтерлік есеп бойынша және шаруашылық қызметін талдау) мемлекеттік қызмет біліктілігі бір жылдан кем емес бар болу немесе облыстарда жұмыс өтілімі екі жылдан кем емес, нақты

Келесі құзырлықтардың болуы: Жігерлілік, байланысқа бейімділік, талдамалық, ұйымшылдық, стратегиялық ойлау, этикаға сәйкестік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдалану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
5. Мәжбүрлеп өндіру және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде 2017 жылғы 01 шілдеге дейін), санаты С-R-4, 1 бірлік.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • Қостанай қаласының жеке кәсіпкерлері мен заңды тұлғаларының жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасының, ГФСС-ке әлеуметтік есеп бойынша салықтық бересінің жағдайына әрдайым талдау жасау.

  • Салық төлеуші-борышкерлерге салық берешегі туралы,салық заңнамасының бұзушылығын жою туралы хабарламалар құру және жолдау (3АЕК), БСАЖ жүйесінде статустарды қою.

  • Салық төлеуші-борышкерлерге ЖЗҚ аударылатын зейнетақы жарнасының соммасы туралы хабарламалар құру және жолдау, БСАЖ жүйесінде статустарды қою.

  • Салық төлеуші-борышкерлерге ГФСС әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын мүшелерінің тізімін салық органына ұсыну туралы хабарламалар құру және жолдау, БСАЖ жүйесінде статустарды қою.

  • «бересі-2» бойынша ҚР БСАЖ мәліметтерді енгізуді жүргізу.

  • «бересі-2» бойынша МКД және Қостанай облысының прокуратурасымен салыстыру жүргізу

  • Салық төлеушінің банкілердегі есеп шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы салық органының өкімін уақытылы құру және жолдау.

  • Салық төлеушінің банкілердегі есеп шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы салық органының өкімін Салық кодексінің 611 бабы 5 тармағына сәйкес кері қайтаруды құру және жолдау.

  • Салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы салық органының өкімін уақытылы құру және жолдау.

  • Салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы органының өкімін Салық кодексінің 612 бабы 4 тармағына сәйкес кері қайтаруды құру және жолдау.

  • Сот органының шешімі бойынша Салық төлеушінің банкілердегі есеп шоттары бойынша шығыс операцияларына тоқтату жүргізу.

  • Салық төлеушінің тіркелген орны бойынша жоқ болуына байланысты банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату.

  • Сәйкес акт-тізімін құру арқылы салық берешегінің есебінен салық төлеушінің мүлкінің тізімін құру.

  • Мүлікпен жұмыс жасау уәкілетті мемлекеттік органына мүлікті ары қарай сату үшін салық төлеушінің мүлкіне шектеу қоюына мәжбүрлеу үндеуі туралы қаулыны жолдау.

  • Мәжбүрлеп өндіріп алу туралы со органының шешімінің негізінде мүлікке шектеу қою өкімін жүргізу.

  • Борышкерлерде мүліктері бар не жоғы жөнінде сұрауларды тіркеу органдары: Қостанай облысы бойынша ҚМО, Әділет басқармасына, Жер комитетіне, Қостанай облысы бойынша кедендік бақылау департаментіне, сонымен қатар дәрменсіз борышкерлер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы жөнінде екінші дәрежелі банктерге жолдау.

  • Мұрағатта орналасқан банкроттық жеке кәсіпкерлердің және кәсіпорындардың заң бөлімінде сақталуын қамтамасыз ету,

  • Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына әлеуметтік аударымдар, ЖЗҚ зейнетақы жарналарының салықтық бересісі жөнінде, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары туралы, жеті сайын, ай сайын, тоқсан сайынғы есептерді ұсыну бойынша бақылаудағы тапсырмаларды, Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер депаратменітнен, салық төлеушілер мен құқық қорғау органдарынан келіп түскен бір реттік тапсырмаларды орындау.

  • Дебиторлардың банктк шоттарындағы ақшаны өндіріп алу арызы туралы хабарламалар құру және жіберу.

  • Салық төлеуші-борышкердің берешегінің болуы туралы дебиторларға тексеріс жүргізу.

  • Салық төлеушілермен олардың дебиторлары арасындағы алашақ берешектерін анықтау, екінші деңгейдегі банкілерге салық тексерістерін жүргізу.

  • Салық төлеушінің кассасына салықтық тақырыптық тексерістер жүргізу.

  • Жазбаша сұраулар бойынша ЭСЖҚКД және Қостанай облысының прокуратурасымен салыстыру жүргізу

  • Салық төлеушінің банктік шоттарындағы ақша қаражаты есебінен салық берешегін өндіріп алу туралы,салық міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер құру және жолдау

  • Салық кодексінің нормаларына сәйкес салық төлеушімен берешектің толық өтеуі барысында бұрынға инкассалық өкімді қайтарып алуды құру және жіберу.

  • Салық төлеуші-дебитордың салық берешегі туралы инкассалық өкім жолдау және құру.

  • Салық кодексінің нормаларына сәйкес салық төлеуші-дебитормен берешектің толық өтеуі барысында бұрынға инкассалық өкімді қайтарып алуды құру және жіберу.

  • Қостанай қаласы бойынша МКБ шақырылуына қажет салық төлеушінің орналасқан орнын анықтау іс-шараларында қатысу.

  • Заңнамамен бекітілген мерзімде салық төлеушілердің арыздары мен өтініштерін қарастыру.

  • Салықтық міндеттерді орындау бөлімінде салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

  • Құзырет шегінде Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, МКБ басшылығының, мәжбүрлеп өндіріп алу және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.

  • Техникалық құралдарды пайдаланған жағдайда ақпараттардың бөлім жұмысында кемуі және жариялау жүргізілетін құпия режимдерін сақтау.

  • АрмЕУСС мәліметтерді уақытылы және сәйкесінше енгізу.

Әкімішілік іс бойынша сәйкесінше және уақытылы іс қозғау және жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы білім: әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, менеджменьт, есеп және аудит, қаржы), (заңгер), кеден ісі, салық ісі. Орта білімді немесе техникалық және кәсіби білім жіберіледі: Қаржы (банктық іс, қаржы менеджменті, қаржыны бақылау және аудит, салық және салық төлеушілер, салық менеджменті), есеп және аудит (бухгалтер, бухгалтерлік-тексеру (аудитор), экономист бухгалтерлік есеп бойынша және шаруашылық қызметін талдау) мемлекеттік қызмет біліктілігі бір жылдан кем емес бар болу немесе облыстарда жұмыс өтілімі екі жылдан кем емес, нақты қызмет нұсқауымен дәрежесі сәйкес жібереіледі.

Келесі құзырлықтардың болуы: Жігерлілік, байланысқа бейімділік, талдамалық, ұйымшылдық, стратегиялық ойлау, этикаға сәйкестік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдалану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс 2015 жылдың 29 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік істері жөніндегі Министрінің № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидалары» негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына ( r.kabdullina@kgd.gov.kz) электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Құжаттар Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және уәкілетті органның сайтында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде (2016 жылгы 14 қазаннан бастап 18 қазанға дейін) ұсынылуы қажет.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат:

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында келесі мекен-жай бойынша өтеді: Қостанай облысы, Қостанай қ., Мәулен көш., 21 үй.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Каталог: sites -> default -> files -> u1362
u1362 -> Конкурс өткізіледі «Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»
u1362 -> Конкурс жариялайды «Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»
u1362 -> № исх: кгд-10-1/8345-и от: 29. 04. 2015 Қазақстан Республикасы
u1362 -> Конкурс. «Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»
u1362 -> Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет