Конкурс Қазақстан Республикасы



Дата22.06.2018
өлшемі274.85 Kb.
#76929


Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.**

С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**


* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-2

204 041

275 664

С-3

154 071

208 205

С-4


138 248

186 551



I. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 12 кіреберіс, 340 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-24-52, электрондық адрес kadry_ak@mdai.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үшін барлық мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. Жерді қашықтықтан зондтау, навигация және ғарыш техникасын өндіру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік) № 16-4-3, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне (22.09.2018 ж. дейін).

Функционалды міндеттері: Ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау бойынша Қазақстан Республикасы ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін жасау жобаларының іске асырылуының мониторингі және бақылау жүргізу; Комитет стратегиялық құжаттарына тиісті іс-шараларды құруға және сүйемелдеуге қатысу; жетекшілік ететін жобалар бойынша ақпараттар, есеп берулер, аналитикалық материалдар дайындау; ғарыш қызметіндегі бюджет бағдарлама жобаларына ұсынымдар дайындау; ғарыш қызметіндегі аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау рәсімдерін орындау және қатысу; ғарыш техникасы және технологиялары дамуының әлемдік үрдістерін есепке ала отырып, перспективалық ғарыш жобаларының дамуын болжау және талдауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (ғарыш техникасы және технологиялары; ұшатын аппараттарды ұшуда пайдалану; авиациялық техника және технологиялар; автоматтандыру және басқару; ұшатын аппараттарды сынау, авиациялық қаруланудың робототехникалық жүйелері; авиациялық және зымыран-ғарыштық техникасы; ғарыштық ұшу аппараттары және үдеткіш блоктар; тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері және ұшу аппараттарын қорғау,ұшу динамикасы және қозғалуды басқару; авиациялық және зымыран-ғарыштық жылутехникасы; ұшу аппараттардың және қозғалтқыштардың техникалық пайдалануы; гидрогеология, инженерлік геология және геоэкология; ақпараттық жүйелер; есептеу техникасы және бағдарламалақ қамтамасыз ету; математикалық және компьютерлік модельдеу; геодезия және картография; машина жасау; көлік, көліктік техника және технологиялар; аспап жасау; радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; техникалық физика; технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша); стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша); ғарыш аппараттарын өндіру, ақпараттық-өлшеу техникасы және технологиялары); жаратылыстану ғылымдары (математика,физика, ядролық физика, информатика, механика, астрономия), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

2. Халықаралық байланыс басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік) № 16-9-2.

Функционалды міндеттері: Халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеу, қол қоюға дайындау, құқықтық сараптама жасау; ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кездесулер мен келіссөздерді хаттамалық-ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға қатысу; ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыс топтарының және комиссиялардың жұмысына қатысу; ғарыш қызметі саласындағы халықаралық шарттардың орындалуын мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асыру; ғарыш қызметі саласында халықаралық ұйымдармен, ғарыш агенттіктерімен және шетел мемлекетінің компанияларымен әрекеттесу, соның ішінде жетекшілік ететін құқық мәселелері бойынша өзара әрекеттесуді қоса алғанда; өз құзіреті шеңберінде ғарыш қызметі саласындағы шетел мемлекеттерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша үкіметаралық комиссиялардың (комитеттер, одақтар) жұмысына қатысу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша шетел мемлекеттерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу; ғарыш қызметі саласының құқықтық-шарттық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау; Басқарманың жұмыс жоспарлары мен есептерін дайындауға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылым немесе (халықаралық қатынастар) немесе техникалық ғылым және технология (ғарыштық техника және технология).
II. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 7 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-38-72, 74-38-35, e-mail: a.dyusembekova@economy.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары, санаты С-2, 1 бірлік (26-0-3).

Функционалдық міндеттері: Шағын және моноқалаларды дамыту басқармасының жұмыстарына жалпы басшылықты қамтамасыз ету. Шағын және моноқалаларды дамыту жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамалар, есептер, ақпараттар жобаларын дайындайды. Шағын және моноқалаларды дамыту саласы бойынша шетелдік тәжірибелерді зерттеу және жұмыста қолдану.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану, халықаралық құқық) және/немесе қызметтер (бағалау) және/немесе жаратылыстану ғылымдары (математика) және/немесе немесе техникалық ғылымдар және технология (құрылыс, конструкциялар және бұйымдар, құрылыс материалдары өндірісі, стандарттау, сертификаттау және метрология, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі) және/немесе ауылшаруашылық ғылымдар (агрономия), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, коммуникативтілік, талдау жүргізе білу, жинақылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарланушылық, тұтынушыға бағдарланушылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


III. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, 010000, Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 2 кіреберіс, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-99-21, электрондық адрес konkurs.moap@mdai.gov.kz, сайт www.mdai.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Заң департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 1 бірлік, № 07-2-2.

Функционалдық міндеттері: Департамент басқармалары жұмысын жалпы басқару және үйлестіру. Заңнамаларды жетілдіру, нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, басшылыққа қол қоюға ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер, Министрліктің құқықтық бұйрықтары, құқықтық сипаттағы хаттар мен өзге де құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру, Департаменттің ұйымдастырушылық және әкімшілік-шаруашылық мәселелерін шешу. Талап-арыз жұмысын жүргізу бойынша бөлімшелердің қызметін үйлестіру. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингілеу бойынша бөлімшелердің қызметін үйлестіру. Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізу. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде, Үкіметінде, басқа да мемлекеттік органдарында құрылатын жұмыс топтарына қатысу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Негізгі қызмет бағдары бойынша курстарда кезеңді қайта даярлаудан өткені туралы сертификатының болғаны жөн.

2. Қаржы департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 1 бірлік, № 08-2-2.

Функционалдық міндеттері: Департамент Басқармаларының жұмысын жалпы басқару. Департамент ережесіне сәйкес Департамент жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету. Министрлік бойынша жиынтық бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға бақылауды, Департамент құзыреті шегінде Стратегиялық жоспар бөлімін әзірлеуді қамтамасыз ету. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының дайындалуына, олардың уәкілетті органдарға ұсынылуын және бекітілуіне бақылауды қамтамасыз ету. Құрылымдық бөлімшелерден бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы және бюджеттік инвестициялық жобалардың жоспар-кестесін дайындау туралы ақпаратты жинауға бақылау жүргізу. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін үйлестіру, ведомстволық бағынысты ұйымдардың Даму жоспары мен есебінің уақтылы бекітілуін қамтамасыз ету. Есептіліктерді сапалы дайындау және оларды орталық уәкілетті органдарға ұсынуды бақылау. Министрліктің сәйкес саласындағы мемлекеттік мүлкін және сенімгерлік басқаруға тапсырылған активтерін басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне жетекшілік ету. Департамент басшысын, ол болмаған кезде Министрлік басшылығын қаржы қызметі мәселелері бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Департамент басшысының тапсырмасы бойынша қаржы жұмыстарының мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия (жұмыс тобы) жұмысына қатысу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы).

Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

3. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс департаменті Маркетинг және бағаларды талдау басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, № 12-6-1

Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру. Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін анықтау. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс өніміне баға қалыптастыруға талдау жүргізу. Қорғаныстық тапсырыс өнімінің бағаларына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру. Басшылыққа қорғаныстық тапсырыс өніміне бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері туралы ақпараттық анықтаманы дайындауды ұйымдастыру. Қорғаныстық тапсырыс өніміне баға қалыптастыруға талдау жүргізу туралы жыл сайынғы есеп дайындауды ұйымдастыру. Қорғаныстық тапсырыс өнімге баға қалыптастыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауды ұйымдастыру. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру кезінде орын алатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге талдау жүргізуін және оларды жою жөніндегі ұсыныстар дайындауды ұйымдастыру. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) және (немесе) жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика) және (немесе) техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, материал тану және жаңа материалдар технологиясы, машина жасау, көлік, көліктік техника және технологиялар, авиациялық техника және технологиялар, теңіз техникасы мен технологиялар, аспап жасау, электр энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, құрылыс, стандарттау, сертификаттау және метрология, материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану, ғарыш техникасы және технологиялар) және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік.

Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.



4. Ішкі аудит департаменті Бақылау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 03-3-2.

Функционалдық міндеттері: Қаржы есептілігінің аудитін жүргізуге қатысу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының тиімділігіне олардың барлық қызмет салаларының бағыттары бойынша, соның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына аудитті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте жүргізу. Ішкі мемлекеттік аудит объектілеріндегі сәйкестік аудитін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте жүргізу. Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу және шарттар талаптарының орындалу рәсімдерінің, соның ішінде мерзімдер, көлемі, бағасы, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің саны және сапасы бойынша сәйкестігіне аудит жүргізу. Ішкі мемлекеттік аудит объектісіндегі тауар-материалдық қорлар мен басқа активтердің сақталуын тексеруді жүзеге асыру. Ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудитті жүргізумен байланысты мәселелері бойынша тиісті ақпаратты тыңдау. Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы Министрге есеп жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтардың жолын кесу және жол бермеу бойынша, анықталған кемшіліктерді жою бойынша, Министрлік қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша кеңестерімен қоса дайындауды жүзеге асыру. Ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ішкі мемлекеттік аудит объектілеріндегі басқаруды Министрліктің ішкі процестерінің (бизнес-процестерінің) тәуекелдерін басқару жүйесінің негізінде бағалау жүргізу. Министрліктің стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді бюджеттік шығындармен байланыста, соның ішінде бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдау. Министр үшін ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің жылдық жұмыс жоспарын орындау мониторингі. Бюджетті орындау барысында бұзушылықтарды болдырмау үшін Министр құратын жұмыс топтарына қатысу. Басқарма басшылығы тапсырмасы бойынша департамент құзыретіне енетін жеке мәселелер бойынша тұжырымдамаларды дайындау. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының бұзушылықтарын анықтау, жолын кесу және жол бермеу бойынша шаралар қолдану. Ішкі мемлекеттік аудитті қатаң мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкес жүргізу. Департаменттің жылдық жұмыс жоспарын дайындауға қатысу. Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға қатысу. Ұсынымдарды және міндетті орындауға жіберілген ұйғарымдарды орындау мониторингін жүйелі түрде жүзеге асыру. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу барысында ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымдық тұлғаларының сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы бойынаш акт жасау. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бірыңғай деректер базасында және ақпараттық жүйесінде ішкі мемлекеттік аудит материалдарын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімдерде орналастыру. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара әрекеттестік жасау. Өткізілген мемлекеттік аудит бойынша және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпараттарды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жолдау. Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жылдық есепті Министрге, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын ұсыну. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: экономика және бизнес (экономика, қаржы, есепке алу және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару мемлекеттік аудит) және (немесе) құқық.

Мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

5. Қаржы департаменті Активтерді мониторингілеу және талдау басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты, 1 бірлік, № 08-5-2

Функционалдық міндеттері: Нормативтік-құқықтық актілерді, ведомстволық ұйымдардың даму жоспарын әзірлеу мәселері бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу, оларды мониторингілеу, іске асыру, даму жоспарларын орындау жөнінде есептерді бағалау және ұсыну. Министрліктің ведомстволық ұйымдары ұсынған даму жоспарлары жобаларын тексеру және келісу. Министрліктің ведомстволық ұйымдарының даму жоспарларын орындау жөніндегі есептерді тексеру және келісу. Министрліктің ведомстволық ұйымдарының қаржы-экономикалық қызметіне талдау жүргізу. Министрліктің ведомстволық ұйымдары қызметінің нәтижелерін тыңдау жөнінде материалдарды дайындау. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қаржы-экономикалық қызметі жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша кәсіпорындар берген жұмыстар бағасының калькуляциясын қолданыстағы тәртіпке сәйкестікке тексеру. Министр мен жауапты хатшыға ведомстволық ұйымдар қызметі туралы материалдар дайындау. Базалық қаржыландыруға, мемлекеттік тапсырмаға және ведомстволық қарасты кәсіпорындардың шығыстарын бюджет есебінен өтеудің өзге де нысандарына бюджеттік өтінімді сапалы қалыптастыруды қамтамасыз ету. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

6. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс департаменті Келісім-шарттар жасасу және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 2 бірлік, № 12-5-5, № 12-5-6

Функционалдық міндеттері: Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді. Министрлiк регламентiн және Министрлiктің құжаттау және құжаттаманы басқару ережесін сақтау. Басқарма басшысының, Министрлік пен Департамент басшыларының бақылаудағы тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы басшылықты жүзеге асыруға қатысу. Қорғаныстық тапсырысты орындаудың жүйелі мониторингін жүзеге асыруға қатысу. Министрліктің өзге құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мүдделі мемлекеттік органдарымен қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесу. Қорғаныстық тапсырыстың орындалу барысы туралы ақпараттық анықтаманы дайындауға қатысу. Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қорғаныстық тапсырыстың орындалуы туралы жыл сайынғы есебін дайындауға қатысу. Қорғаныстық тапсырысты орындау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру кезіндегі орын алатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді талдау жүргізуге және оларды жою жөніндегі ұсыныстар дайындауға қатысу. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойлатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) және (немесе) жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика) және (немесе) техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, материал тану және жаңа материалдар технологиясы, машина жасау, көлік, көліктік техника және технологиялар, авиациялық техника және технологиялар, теңіз техникасы мен технологиялар, аспап жасау, электр энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, құрылыс, стандарттау, сертификаттау және метрология, материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану, ғарыш техникасы және технологиялар) және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік.

Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

7. Халықаралық және әскери-техникалық ынтымақтастық департаменті Халықаралық келісім-шарттар және хаттама басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты, 1 бірлік, № 15-3-3

Функционалдық міндеттері: ТМД, таяу Шығыс және Африка елдерімен халықаралық келісім-шарттар мәселелері бойынша Министрлік қызметін ақпараттық қамтамасыз ету. Министрлікпен реттелетін салаларда әскери-техникалық ынтымақтастық жөнінде халықаралық келісім-шарттарды әзірлеу және олардың орындалуын үйлестіру. Халықаралық ынтымақтастық саласында халықаралық келісім-шарттар мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрықтары жобаларын әзірлеу мен келісуге қатысу. Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша бекітілген шетел мемлекеттерімен екіжақты негізде комиссия (кіші комиссия) отырыстарына қатысу. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық ведомствомен және шетел мекемелерімен, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және іскерлік ортасымен әрекеттестік жасау. Бекітілген тәртіпте уәкілетті органдармен, шетел ұйымдарымен және іскерлік ортасымен әрекеттестік жасау. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің халықаралық келісім-шарттарды орындау жөніндегі халықаралық ынтымақтастығы мәселелерін үйлестіру. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі) және (немесе) құқық (құқықтану, халықаралық құқық) және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, журналистика, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс) және (немесе) техникалық ғылымдар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, материал тану және жаңа материалдар технологиясы, машина жасау, көліктік техника және технологиялар, авиациялық техника және технологиялар, теңіз техникасы мен технологиялар, аспап жасау, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, техникалық физика, технологиялық машиналар және жабдықтар, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану, ғарыш техникасы және технологиялар) және технологиялар және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік.

Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Шет тілдерін білгені жөн.

8. Халықаралық және әскери-техникалық ынтымақтастық департаменті Халықаралық келісім-шарттар және хаттама басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты, 1 бірлік, № 15-3-4

Функционалдық міндеттері: Хаттамалық жұмыс мәселелері бойынша Министрлік қызметін ақпараттық қамтамасыз ету. Шет елдердің халықаралық әскери мақсаттағы өнім көрмелерін өткізу тәжірибесін зерделеуді ұймдастыру. Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша бекітілген шетел мемлекеттерімен екіжақты негізде комиссия (кіші комиссия) отырыстарына қатысу. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық ведомствомен және шетел мекемелерімен, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және іскерлік ортасымен әрекеттестік жасау. Бекітілген тәртіпте уәкілетті органдармен, шетел ұйымдарымен және іскерлік ортасымен әрекеттестік жасау. Министрлік басшылығының (Министр, Вице-министрлер және Жауапты хатшы) қатысуымен Қазақстан аумағында және оның аумағынан тыс жерлерде өткізілетін халықаралық іс-шараларды хаттамалық қамтамасыз ету. Министрліктің халықаралық іс-шараларын БАҚ-та уақтылы жариялануын бақылау. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің халықаралық келісім-шарттарды орындау жөніндегі халықаралық ынтымақтастығы мәселелерін үйлестіру. Министрліктің 005 «Шетел іссапарлары», 006 «Өкілеттілік шығындары» және 001, 162 және 169 бюджеттік бағдарламалар бойынша жұмысын үйлестіру. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі) және (немесе) құқық (құқықтану, халықаралық құқық) және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, журналистика, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс) және (немесе) техникалық ғылымдар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, материал тану және жаңа материалдар технологиясы, машина жасау, көліктік техника және технологиялар, авиациялық техника және технологиялар, теңіз техникасы мен технологиялар, аспап жасау, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, техникалық физика, технологиялық машиналар және жабдықтар, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану, ғарыш техникасы және технологиялар) және технологиялар және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік.

Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Шет тілдерін білгені жөн.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

___________________________________


      (мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________


______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет