Конференциясының материалдары. Орал-Жымпиты, 15 қыркүйек 2017, б. 50-54



Pdf көрінісі
Дата22.03.2019
өлшемі64.59 Kb.

 

[1] 


 

Опубликовано в  

«Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» атты Алашорда Үкіметінің 

құрылғанына 100 жыл,  Алаш қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтың   

туғанына 130 жыл толуына арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік 

конференциясының материалдары.  

Орал-Жымпиты,  15 қыркүйек  2017 ,  б.50-54. 

  

 



«ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ТАҒДЫРЛАР» 

 

Қадырханова А.Қ. ғылыми қызметкер. 

 

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының  



«Лисаков Жоғары Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы» КММ 

Қостанай облысы, Лисаков қаласы.  



 

«Біздің мақсатымыз жау іздену емес, болған қасіретті ұмытпау, нақты 

тарихты білу, оны жазып қалдыру және біздің тұқым-жұрағаттарымыз білу 

үшін еске алып отыру. Біз әлдекімді немесе тарихты кінәлағымыз келмейді. Біз 

тек шындықты білгіміз келеді. Шындықты білу арқылы тап сондай нәубат 

қайталанбас үшін не істеу керек екенін білеміз». 

Н.Ә.Назарбаев.      

31 мамыр – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен кӛз жасы тӛгілген 

қасіретті тарихи беттерін еске алу күні. Ӛлгенге иман, ӛткенге салауат тілейтін  

бұл күнді 1997 жылдан бері жыл сайын Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске 

алу күні ретінде аталып келеді. Солақай саясат еңбектеген сәбиді де, еңкейген 

кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Бұл шындық. Ал, сол бір қасіретті 

жылдарды есте сақтау бүгінгі және келер ұрпақтың парызы екендігі сӛзсіз.  

ХХ ғасырдың осы бір қан кешті жылдары қаншама қазақ ауыр зардап 

шекті десеңізші. Айталық, ызғарлы - суығы мен қақаған аязы, боранына 

қарамастан 103 мың адам қудаланып, 27 мыңнан астам адам атылды. Міне, 

олардың арасында біздің ортамызда жүрген жандардың атасы, ағасы, әкелері 

бар. Тәуелсіздік алғанға дейін бұл құрбан болған зиялы қауым туралы ауыз 

ашып айту мүмкін болмаса, қазір құдайға шүкір бұл кісілер мен олардың 

еңбектері жайлы жазып жатырмыз. Бір туар тұлғалардың ұрпақтарымен 

кездесіп, жүздесу мүмкіндіктері болғанына шүкіршілік дейміз.  

Жыл басына бері қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шаралар 

толассыз ӛтуде. 2017 жылы Алаш партиясының, Алаш ұлттық кеңесі үкіметінің 

құрылғанына 100 жыл толуын ғана емес, сонымен қатар Алаш қайраткерлерінің 

мерейтойларын осынау тарихи жылмен тұспа-тұс атап ӛтуде. Қыркүйекте 

Батыс Алашорда жетекшісі, заңгер Жаһанша Досмұхамедовтың 130 жылдық 

мерейтойына арналған халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясы 

ұйымдастырылмақ. Осындай шаралардың бірі- біздің Лисаков мұражайы да 

ӛткізді. Ұлылар ӛмірін ұрпаққа үлгі ету мақсатында №3 орта мектебінің 7,8,9-



 

[2] 


 

сынап оқушыларына арналған Алаш ардақтысы, лингвист-ғалым, қазақ 

тіліндегі тұңғыш математика, геометрия оқулықтарының авторы Елдес 

Омарұлының 125 жылдығына орай, қайраткер жерлесімізді еске алуға арналған 

тағылымды кездесу ӛтті. Еліміз тәуелсіздігіне, халқымыздың рухани дүниесіне 

қызмет еткен тұлғалардың қайсысын болса да насихаттап, айтып отырмаса, жас 

ұрпақ одан хабарсыз қалары сӛзсіз. №3 қазақ орта мектебінде Елдес Омаровқа 

арналған кестесуде оқушылар кӛп мағлұмат алды, тұщымды әңгіме тыңдады. 

Елдес атамызға арналған аталмыш шарада ең әуелі Алаш автономиясының 

құрылған күнінен бастап, құлдырауы кезі турасында деректі фильм және «Елім 

деп еңіреген Елдес» атты тұсаукесер кӛрсетілді. Сонымен қатар, 30 мамыр күні 

Лисаков Жоғары Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында Саяси қуғын-

сүргін құрбандарын еске алу күніне орай  «Қуғын – сүргін жылдарындағы 

тағдырлар» атты дӛңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға қазақ зиялылары, 

кӛрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қуғын-сүргін құрбаны болған  

Байтоғаев  Бәлдік ұрпағы, туған немересі  - «Нұр Отан» партиясы ЛҚФ 

қоғамдық қабылдау бӛлмесінің  заңгер – кеңесшісі Балдіков Нұрлан 

Батырханұлы, кӛрнектi ғалым, бiлiктi аудармашы, ұлағатты ұстаз, белгiлi қоғам 

қайраткерi Елдес Омарұлының жиен немересі, зейнеткер Жакенова Қарапа 

Сүйіншіәліқызы, Лисаков қалалық «Әс-сәләм» мешітінің имамы Рахым Серік 

Темірбекұлы, №3 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Шолпан Панияз  және 

осы мектептің 8 -сынып оқушылары, мектеп –гимназиясының тарих пәні 

мұғалімі Мария Баяхметова қатысты. Дӛңгелек үстел қуғын-сүргін 

құрбандарын бір сәт үнсіздікпен еске алумен басталды. Дӛңгелек үстелге 

арнайы қатысқан Байтоғаев Бәлдік ұрпағы Нұрлан Бәлдіков қайраткердің 

ұрпаққа ой салар, үлгі болар ӛмірі мен қазақ мемлекеті үшін жасаған ерліктері, 

қызметі туралы, кӛпшілік біле бермейтін тарихи оқиғалармен, қоғам қайраткері 

туралы жазылған кітапты кӛрсетіп, «Арқаның қараша қазына» деп аталатын 

атасының сол абақтыда жазған ӛлеңін оқып берді. Ал, Қарапа Жакенова 

қатысушыларға ӛзінің нағашы атасы Қазақ Елiнiң тәуелсiздiк жолындағы 

азапты сапарында жан аямай күрескен Елдес Омарұлының ӛмір жолымен 

бӛлісті. Лисаков қалалық «Әс-сәләм» мешітінің имамы Рахым Серік 

Темірбекұлы бұл күнді ашаршылық күнімен қатар атап ӛтілуі керектігін үкімет 

басындағылар кӛтеріп отырғаны орынды және мұражайда ӛткізіліп отырған 

шараның алар орны ерекше екенін, бұл күнді аруақтарға құран бағыштаумен 

қарсы алуды, біз бүгін Елдес Омаров пен Байтоғаев Бәлдік жайлы 

оқығанымызбен олардың ұрпақтары қаламызда тұратынын кӛзбен кӛріп, ол 

кісілер жайлы естіп, осы күнге жетіп отырғанымызға қуанымыз керек деген еді. 

Сонымен қатар, теңдесіз тарихымыздағы бұл кісілер туралы зерттелмеген 

тұстарын кӛзі кӛргендерден сұрап, парақ бетіне түсіріп алуды ұсынды. Қала 

мектептерінің тарих пәні мұғалімдері, атап айтқанда Шолпан Панияз - бұл 

қасіретті жылдардың қазақ жері үшін алып келген зардабына тоқталып ӛтсе, 

Мария Баяхметова шара ауқымы кең, болашақта қуғын-сүргін құрбандары 

туралы мұражайда тарихи деректері келтірілген кӛрме, не болмаса арнайы 

қойылған жәдігерлер орны жасалса жақсы болар еді, -деген тілегін білдірді. 


 

[3] 


 

Шара соңына қарай мұражай басшысы Ермағамбетова Шынар Ерденқызына сӛз 

берілді. Шынар Ерденқызы дӛңгелек үстелге қатысушыларға алғысын білдіріп, 

шақырылған қонақтарға мұражайда жыл сайын ӛткізілетін ӛңірлік ӛлкетану 

оқуларында ұсынылған зерттеу жұмыстары жинағы басылып шығарылған 

кітапты табыс етті. Шара басырысында мұражай қорынан Г.Жувакинаның 

фотоматериалдары бойынша «Карлаг орны және онда тұтқында болғандар», 

«Елім деп ӛткен Елдес» компьютерлік тұсаукесер кӛрсетілді. Кейін дӛңгелек 

үстелге қатысушылар «Қан мен жазылған хат» бейнефильмін кӛрген де 

кӛздерінде еріксіз жаз алды. Шара соңы естелікке суретке түсумен аяқталды. 

Қаралы күнге арналған шара жоғары деңгейде ӛтті. Лисаков мұражайы 

қызметкерлері 2017 - 2018 жылдарға арналған музей мен музей-қорықтарды 

дамытудың жол картасы бағдарламасы бойынша мұражай қорын толықтыру 

мақсатында «Музейге сый тарту» акциясын ӛткізіп отырады. Бүгінгі күні 

мұражайымыз қоры қуғын -сүргін құрбандары болған Байтоғаев Бәлдік және 

Елдес Омаров жайлы деректермен толығатыны қуантады.  

Алашорданың кӛрнекті қайраткерлерінің бірі, педагог, публицист Елдес 

Омаров Қостанай уезі, Дамбар болысының екінші ауылында 1892 жылы туған. 

Алашорда үкіметін құруға бар қажыр-қайратын жұмсаған адамдардың бірі. 

1937 жылы атылған. Дамбар болысы қазіргі біздің Лисаков қаласының 

маңындағы Қоржынкӛль кенішіндегі биік томпешікте ескі Қазыбай руының  

қорымында болса керек. Біз бұл орындарды тауып, ескерткіш орнатуымыз 

керек деп ойлаймын. Басынан талай қасіретті ӛткізген қазақ елінің, қазақ болып 

қалыптасуына, үлкен жол қалдырған ұлы тұлғалар есімдері жазылған ескерткіш 

–тақта әр жерде болуы керек. Олардың есімдерімен мектеп тұрмақ, кӛше 

аттары берілуі қажет. Бұл тұрғыда қазіргі таңда Елдес Омаровтың жиен 

немересі Қарапа Жакенова талай табалдырықты тоздырып жүр.   Белгілі қазақ 

ақыны, жазушы, драматург,кӛсемсӛзші-журналист Ақылбек Шахметке Елдес 

Омаров атына Қостанайда ашылып жатқан бір мектепке атын берсе,- деген 

дӛңгелек үстел барсында айтылған естеліктері мен ұсынысын жолдаған. Онда 

былай делінген:  

Жакенова Қарапа 

ЕлдесОмаровтың жиен немересі. 

         Қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы азапты сапарында, қазағым деп тәні 

ӛртке шарпылған, алашым деп жанын берген перзентердің бірі-осы біздің 

нағашымыз Елдес Омарұлы. Бүгін Елдес Омарұлының туғанына 125 жыл 

толуына арналған «Ер есімді Елдес аға», «Елім деп еңіреген Елдес» атты еске 

алу кешіне шақырғардарына басымды иіп алғысымды айтамын. Халықтың бір 

туар перзенті кезінде «Қазақтың Ломоносовы» атанған ғұлама ғалымның ӛзі 

және оның бүкіл ғылыми еңбектері тірі кезінде жасырын жабық ұсталып, 

қудаланып, аяусыз жәбірленген, аянышты ӛткен ӛмірін бүгінгі ұрпағының есіне 

салу ӛте орынды деп білемін. Біздің анамыз Марияш Омарқызы Елдес 

Омаровтың туған қарындасы, 1930 жылы дүниеге келген. 1948 жылы қаңтар 

айында анам әкеме тұрмысқа шықкан, отбасында сегіз бала ӛстік- үш ұл, бес 



 

[4] 


 

қыз, мен үлкенімін.  Қазіргі кезде Лисаковск қаласында тұрып жатырмыз. 1977 

жылы туған үлкен балама нағашы атасының Елдес деген атын бердік. Анамыз 

ӛте зерек адам еді, әттең соғыс болып оқымадым ғой деп ӛкінетін, оқысам 

ағамды іздеп тауып алар едім, ол кезде туған- туыстары да «Халық жауы» деген 

соң Елдестің атын айтуға қорқатынбыз. 

Бір-екі сынып оқыса да талай ертегілерді, қиссаларды жатқа айтатын, әңгіме 

айқанда ұйып тыңдайдын едік, адал жан еді, ешкімнің жібін аттамаған кісі. 

Әкем Сүйіншіәлі екеуі 42 жыл ӛмір сүрді, әкем оқыған, Семизор орта мектебін 

1952 жылы бітірген кезде мен  бір жаста екем, ешкім әйелі барын білмеген, 

сосын Орал пединститутын үш курсын бітірген мұғалім, кейін (учетчик, 

помбригадира по учетной работе) де болып істеді, 85 жасында дүние салды, ал 

анам 60 жасында дуниеден озды, ғұмырының  соңғы он жылы аурумен ӛтті. Ал 

қазір мен сіздерге Марияш анамның ӛз аузынан естіген әңгімелерімді айтып 

беремін. Омар нағашы атамыз оқымысты адам болған, орысша да оқыған, 

баспадан газет, журналдарды жазып алып отырған, еліне сыйлы болған кісі, 

күнде тәңертең ауыл балалары Омар атамызға  міндетті турде келіп сәлем 

береді екен. Сол балалардың бірі - Қайындыкӛль аулында тұрады, аты 

Бисенбай. Омар атамызда үш ұл, бір қыз бала болған.  Елдес, Ескендір, Әбдеш, 

Марияш. Екі үлкен ұлдарының тегін Омаров деп, ал 1926 жылы туған Әбдаш 

баласын Тиесов деп жазған. Әке неге олай істедің деп сұрағанда:«Әбдашка зиян 

келмесін деп, ал сен қызсың саған түкте болмайды» деген еді. Осының 

зардабынан Абдашты оқытпай койған. «Оқу оқыған Елдестей ақ болар, содан 

тапқан жақсылығы қайда» депті. Омар атамыз ӛмірінің соңғы жылдыры 

дүниеден безіп, құран оқып отырады екен, құранды ӛлген туысқандарына 

бағыштайды екен, шӛп қана шабады екен (малдан бір- ақ сиыр болған) бӛтен 

жұмысты әжем істейді дейтін анам. Екінші ұлы ӛлді дегенді естігенде ӛмірден 

баз кешіп кеткен. Екі бірдей ұлының ӛлгенін есту ауыр тиген болар. Ескендір 

де кешегі ақ пен қызыл арпаласында шейіт болып кеткен. Әбдаш нағашым 1948 

жылдың 18 наурыз күні әскерге барайын деп турғанда, кенеттен үш күн 

ауырып, ішім- ішім деп дуние салған. Қазіргі «аппендицит» екен ғой деп 

жылайтын анам,  дәрігер жоқ, сонымен шешем жалғыз қалған ғой, бірақ 

құдайға шүкір, балаларым бар ғой деп отыратын, кейде бір сіңілім болса ғой 

деп те армандайтын. Омар атамыз соғыс кезінде газет оқып, ауылдастарына, 

соғыс  туралы айтып отырған, ал ӛзі болса кӛмусіз қалам деп уайымдаған, 

«Алладан  ауыл жігіттері соғысқа кетпей тұрып ӛлсем» деп сұраған. Сұрағаны 

қабыл болып, қыркүйеқ айында 1941жылы  шӛп шабуға кетіп, үйге оралмаған, 

тауып алғанда намаз оқып отырып, сәждегі басың игенде, дүние салған. Әкесі 

ӛлгенде анамыз 10 жаста екен.Ал енді Елдес нағашым туралы білгенімді айтып 


 

[5] 


 

берейін. Елдес Омарұлы 1892 жылы Қожай аулында дүниеге келген, казір ол 

жерде Соколв Сарыбай кен байыту басқармасына тиісілі Қоржынкӛль кеніші 

жанындағы биік томпешікте ескі Қазыбай руының  қорымы, сол корымға Омар 

атамыз жерленген. Тағы бір есімде калғаны Елдес бір айтса сол айтқанынан 

қайтпайды екен. Бір күні Омар атамыз Елдесті іздеп барады, барса үйінде бір 

сары шашты  қыз жүрген кӛрінеді. 

Атамыз: -Қарағым бұл кім?,- дейді. 

-Әке мен осы қызға үйленемін!- депті, сонда атамыз: «Қазақ табылмады ма?» 

дегенде. «Онда алмаймын» депті. Атамыз: «жоқ, жоқ. Ал! Рұқсат»,- деген екен.  

Ол жүрген болашақ әйелі Эльза екен. Мамам: «Әке неге рұқсат бердің» 

дегенде: «Ай қарағым – ай, қалай рұқсат бермеймін, ол бір беткей ғой, ӛмірбақи 

қатынсыз ӛтуге бар  ғой, сосын батамды бердім» дейді екен. Қазақ алса елге 

келер деген ой болған, бірақ баласының қайсар мінезін білген.  

Сол кезде жұртың кӛбі Қытайға қашып кеткен заман ғой, нағашымызға қаш 

деген екен, бірақ ол кісі «бӛтен елде сұлтан болғанша, ӛз елімде ұлтан боламын, 

қайда барсаңда бір ӛлім» деген. Анам, кейде қуанып отыратын, алла- алла деп 

әкем ӛлді, артында тұяғы да  қалған жоқ, аты ӛшіп кетті, менің түрім мынау 

(демікпе аурымен оң жыл ауырды), бірақ алла асықпайды ғой, 1993 жылы 

маусым айында Елдес Омарұлының  туғанына 100 жыл толуына Қайындыкӛл 

аулында тойланып ӛтті, Белинский орта мектебіне Елдес Омаровтың атын 

берді. Елдестің досы Мыржақып Дулатовтың қызы Гүлнар апайды шақырып 

едік, ол кісі келе алмады, хат жазды, телеграмма жіберді. Онда былай деліген: 

«Дорогие родственники, добрые земляки примите по случаю 100-го Юбилея 

известного лингвиста Елдеса Омарова верного друга отца Мыржакыпа, 

отдавшие жизнь светлого будущего казахского народа» Гулнар Дулатова.Анам 

ағасының ақталғанын естіді, жүз жыл тойына жетпей 1990 жылы қазан айында 

ӛмірден озды.1983 жылы Елдес баламмен «Кӛктем» санаториіне бардық, сонда 

сұрастырып жазушы Ғабит Мүсіреповтың үйіне бардым, Елдес нағашым 

туралы сұрайын деп, қабыл алды, бірақ тіс жарып Елдес жайлы бір сӛз де 

айткан жоқ, атқаны  «Мен ол кезде жас бала едім, естуім бар, бірақ білмеймін» 

деді, түсіндім айтқысы келген жоқ. Ол кезде нағашым ақталмаған, алда бес жыл 

бар еді....2002 жылы Елдестің туғанына 120 жылдық мерейтойына арналған 

Кайындыкӛль аулында, Елдес Омаровтың атындағы орта мектепте іс- шара 

ӛтті, оған Алматыдан туысымыз Марат Шуақаев әдейі келіп, ас беріліп, құран 

бағышталды. Алпыс жылдан бері атын айтқызбай «жау» деп жарияланып, 

шығармаларын жұрттың назарынан жасырып, тек кітапханалардың жабық 

архивтерінде сақталғандықтан, қазіргі жас ұрпақ халқымыздың мақтанышы, 



 

[6] 


 

бетке ұстар атақты жазушы, ақын, ғалымдар: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып 

Дулатов, Әлихан Бӛкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Елдес 

Омаров мұраларынан мүлде бейхабар болып келді. Оған кінәлі – Отанымызда 

20-30 жылдары жасалған Сталиндік қатаң репрессия мен Голощекин тұсындағы 

зобалық саясат. Бұл тұста біздің де ондаған-жүздеген аяулы азаматтарымыз 

құрбандыққа шалынды. Соның бірі Қостанай жерінен шыққан аяулы Елдес еді. 

Зобалаң жылдары құрбан болса да еліне сінірген енбегі әлі де ескерусіз қалып 

келе жатыр. Бір мезгіл тарихқа кӛз жіберсек, сол ардақты аталарымыз 100 жыл 

бұрын бүгінгі тәуелсіз Қазақ елін кұрмақ болған, ӛз алдына ешкімге тәуелсіз 

елдігіміздді  біз 1991 жылы ғана жетіп, 2016 жылы – 25 жыл тәуелсіздік күнін 

тойладық.Мен осы мінбені пайдаланып зиялы қауымнан сұраймын, жыл сайын 

Қостанай обласында талай мектеп салынып жатыр, сол бір жаңа мектепке 

Елдес Омаровтың атын берсе кӛп болмас деп ойлаймын, ал ол мектептің 

оқушылары еліміздің ӛз ана тілінде оқыса. Ауылдағы мектептің хәлі мүшкіл, 

балалар аз, ертең жабылып қалса, нағашымыздың тағы аты ӛшіп калады ғой деп 

ойлаймын. Бүкіл ӛмірін туған еліне қызмет етуге арнап, ақыры сол жолда шейіт 

болған Елдес Омаровтың есімі ел жадынан ӛшпей, қастерлене берсе екен.     

 125 жыл Омарұлы Елдеске, 

Ол кетсе де енді, міне, келмеске. 

Үрпағына еңбегі мен ғылымын 

Ӛлмейтұғын сӛз 

Қалдырды емес пе?! 

Менің бәріне алғысымды айта отырып, жастарға айтарым,еліміздің аяулы 

азаматтары болыңдар, әке – шешелеріңді сыйлаңдар, сендерге үлкен  үміт 

артады ғой, жақсы  бала әке мен шешесін тӛрге сүйрейді, ал жаман бала есікке 

деген, соны ұмытпаңдар, оқуды жақсы оқып, еліміздің белгілі азаматы 

болыңдар! 

         Міне, мұндай ұсыныстар мен хаттар назардан тыс қалмайды. Біз және 

біздің ұрпағымыз Елдес Омаров, Бәлдік Байтоғаев сынды ұлы тұлғаларды 

білулері қажет. Биылғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани 

жаңғыру» атты мақаласы ұлттық рух пен ұлттық сананың кемелденуіне, ұлттық 

салт-дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетімізді сақтауға, бағалауға, бағалай 

отырып, жаңғырта дамытуға үндейтін, іргелі бағдарламалық бағыттағы құжат 

болып саналады. Біз әлі де жоғалтқанымызды тауып, тіліміз бен салтымызды, 

мінезімізді айқындайтын діліміздің қазығын мықтап қазамыз деген сенімдеміз. 



Әдебиеттер: 

 

[7] 


 

1.

 



А.Кәкен. Алашордашылар./«Егемен Қазақстан». 14 мамыр.  

2.

 



Жакенова Қ. «Нағашым жайлы естеліктер». /Қойын дәптер. Ақпан. 

3.

 



Т. Жұртбаев.«Ұраным – Алаш».«Жұлдыз» журналында /№1,2010 жыл. 

4.

 



Шаяхмет, А. Ел - жұрты үшін еңіреген есіл ер: Елдес Омарұлы туралы. - 

Қостанай, 1997. - 38-46 б.  





Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет