Комплементті байлау реакциясымен малдардың паразиттерінің таралуын салыстырмалы зерттеу Халила Ә. Н. б.ғ. д., профессор



Дата04.04.2017
өлшемі95.42 Kb.
Комплементті байлау реакциясымен малдардың паразиттерінің таралуын салыстырмалы зерттеу

Халила Ә.Н. б.ғ.д., профессор

Комплементті байлау реакциясы үшін қан сарысуының титрі антигеннен басқа гемолизин, комплемент және эритроциттерге байланысты. Сондықтан бұл реакцияны қою үшін, алдын-ала комплементтің жұмыс өлшемін анықтау керек.

Комплементті байлау реакциясына (КБР) комплементтен басқа екі жүйе қатысады. Бірінші жүйе антиген- антиденеден құралады. Бұл жүйедегі компоненттердің біреуі белгілі, стандартты болып келеді, сол арқылы белгісіз компонентті іздейді. Екінші индикаторлы жүйе эритроцит, гемолизиннен тұрады. КБР- сы негізі комплементтің антиген мен антиденеден тұратын иммунды комплекске байланысуына құралған. КБР-сы екі сатыдан тұрады.

Бірінші сатыда тексерілетін жүйеде антиген мен антидене иммунокомплекс түзсе, комплемент онда сонымен байланысады, онда екінші индикаторлы жүйедегі гемолизин эритроцитті еріте алмағандықтан олар өзгеріссіз қалады.

Егер бірінші жүйеде иммунокомплекс түзілмесе комплемент екінші жүйемен байланысқандықтан эритроцит ериді немесе гемолиз жүреді. Реакцияның нәтижесінде гемолиз жүрсе онда, реакция теріс көрсеткіш, ал гемолиз жүрмесе, яғни эритроцит қалыпты күйінде қалса, онда оң көрсеткіш деп саналады. КБР-сын антидене іздестіруге, сондай-ақ антиген іздестіруге пайдалануға болады. Бұл үшін стандартты антиген және иммунды қан сарысуы немесе иммуноглобулин болу керек. Сонымен қатар КБР-сына ерітілген, бөлшектенген және бөлшектенбеген (бактерия, вирус, қарапайым т.б.) антигендер пайдаланылады. Тек олардың комплементке қарсы және гемолизді күшейтетін қасиеттері болмау керек. КБР-сына еріткіш ретінде физиологиялық ерітінді қолданылады. Еріткіштің сутекті көрсеткіші рН-7,2-7,4 болу керек. Бұл көрсеткішті тұрақты дәрежеде буферлік жүйемен ұстайды. Физиологиялық ерітіндіге араластыратын көптеген буфердің ішіндегі қолайлысы веронал- медициналдан тұратын буфер.

КБР-на қолданылатын антиген сезімталдығы жоғары, өзіне тән қасиеттері болумен қатар, олар комплемент белсенділігін төмендетпейтін және гемолизді күшейтпейтін болу керек. Антиген сезімталдығын оның алынатын материалдарға (қарапайымдар, гельминттер дернәсілдері, олардың бөліп шығаратын ферменттері т.б.) және ол материалдардан антигенді алу тәсіліне байланысты болады. Сонымен қатар антиген сезімталдығы оны дұрыс титрлеуге де байланысты. Антигеннің комплементке қарсы әсерін білу үшін комплементті антигенмен бірге және антигенсіз титрлейді. Егер бұл екеуінің айырмашылығы 30% -тен асып кетсе, ондай антигенді қолдануға болмайды. Гемолизге антигеннің әсерін тексеру үшін, оның жұмыс титрін екі еселеп алып индикаторлы жүйеде бақылайды. Егер гемолиз жүретін болса, ондай антигенді КБР-сына қолдануға болмайды. Антигеннің жұмыс титрі ретінде оның ең сезімталдығы жоғарғы, бірақ комплементке қарсы етпейтін дозасын алады. Бұл үшін шахмат тәсілін қолданады. Бұл тәсілде антигеннің әрбір иммунды ҚСС-ның әрбір ерітіндісі антигеннің барлық ерітіндісімен реакцияға түсе алады.

Келтірілген мысалда антигеннің ең жоғарғы титрі 1:8-1:16 екенін байқаймыз. Антиген бұл ерітіндісінде иммунды қан сарысуының 1:40-1:80 ерітінділерімен оң көрсеткіш көрсете алған. Мал дәрігерлік лабораторияларға түскен стандартты антигендердің этикеткасына жұмыс титрі жазылып қойылады. Сондықтан сол көрсетілген жұмыс титрімен КБР-сын қояды.

КБР-сына қолданылатын иммунды қан сарысуы немесе онан бөлініп алынған иммуноглобулиндердің сезімталдығы жоғары және өзіне тән қасиеттері болуға тиіс. Сонымен қатар олардың құрамында комплементпен байланысатын иммунды комплекс және өз комплементтері болмау керек. Бұл реакция кедергі келтіретін керексіз комплементтерден иммунды қан сарысуы жоғары температурада қыздыру арқылы құтылуға болады. Температураны көтерген сайын аталған компоненттердің белсенділігі жойылады. Бірақ температураның шамадан тыс көтерілуі ҚСС-ның құрамындағы иммуноглобулиндердің белсенділігін төмендетеді, тіпті жойып жіберуі мүмкін. Сондықтан иммунды иммунды қан сарысуының антиденелік қасиеті төмендемеу және комплементке қарсы әрекетін жою, үшін оларды әрбір жануар қанына тән белгіленген температурада ұзақ уақыт ұстау керек. иммунды қан сарысуының керексіз белсенділігін жою үшін қазіргі кезде су кобдиын пайдаланып, 30 минут ұстайды. Әрбір жануарларға тән температура болып негізінен алынғаны төмендегідей:

Ірі қара мал және буйвол -57-580С, қой, ешкі, жылқы- 58-590С, есек, қашыр- 640С, қоян, ит, мысық, тышқан-600С, құс -58-600С. Су қобдиында ҚСС-ы 1:2-1:5 ерітінді бойынша қойылуы керек.

Эритроцит. КБР-на барлық уақытта қошқардың эритроцитін пайдаланады. Ол үшін КБР-сын қоятын лабораторияда донор болу керек. Донор 1,5-5 жасар қошқар немесе есек болғаны дұрыс. Қошқардан қан асептика қолданылып, моншақтай домалақ шыны бөлшектері бар ыдысқа алады. Алынған қанды фидринсіздендіру үшін 10-15 минут шайқау керек. Сонан соң 3-4 қабат стерильді дәке сүзгісінен өткізіп пайда болған фибрин жіпшелерінен бөліп алады. Эритроцитті 2000-2500 айналымда 10 минут центрифугілей отырып 3 рет стерильді физиологиялық ерітіндімен шаяды. Ақырғы шайқағанда эритроцит үстіндегі сұйық таза мөлдір болу керек. Эритроцитті ұзақ сақтау үшін консервілейді. Консерватты дайындау үшін 100 мл физиологиялық ерітіндіге 6 г глюкоза және 4,5 г бор қышқылын қосып су кобдиында 20 минуттан 3 күн қайнатады. Дайындалған консерваттың 15 мл 100 мл эритроцит ерітіндісіне қосады.

КБР-сына эритроциттің 2-3% концентрациясын алады. Біздің паразит антигенімен КБР-сы қойылғандарына 3% концентрация қолданылады. Ол үшін центрифугілеу арқылы (2500 айналымда 10 минут) эритроцит 2-3 рет физиологиялық ерітіндімен (рН-7,2) шайылған соң тұнбадағы эритроциттен 3 мл алып 97 мл физиологиялық ерітіндіге араластырылады. Керекті көлемде ерітінді алу үшін кесте жасап қоюға болады .

КБР- на керекті гемолизинді биокомбинаттар ампулады лиофильді кептірілген ұнтақ түрінде немесе карболды глицеринмен консервіленген сұйық күйінде дайындайды.. Гемолизинді титрлеу үшін оның 1:100 ерітіндісін жасап алып, содан 1:1000, 1:1500, 1:2000 т.б. ерітінділерін жасайды. Әрбір ерітіндіден 0,2 мл алып оларға 0,2 мм комплементтің 1:30 ерітіндісін 0,2 мл 3% эритроцит және 0,4 мл физиологиялық ерітінді қосып, қоспаларды жақсылап араластырып 370С су қобдиына 10 минутқа қояды. Гемолизиннің титріне оның эритроцитті толық ерітетін ең жоғарғы ерітіндісін алады .

Индикаторлы жүйе дайындағанда 3% эритроцитпен жұмыс титріндегі гемолизинді бірдей көлемде араластырады. Араластырғанда гемолизинді эритроцитке құйып тез шайқатады. Гемолизиннің жұмыс титріне негізгі титрі 1:3600 болса жұмыс титрі 1:1200 болу керек, яғни 3 есе көп алу керек.

Гемолизин эритроцит қоспасын термостатта немесе су қобдиында (370С) 30 минут ұстайды. Индикаторлы жүйені реакцияға қосар алдында жасу керек, егер ұзақ уақыт тұратын болса тоңазытқышта (40С) 30 минут ұстайды. Индикаторлы жүйені реакцияға қосар алдында жасау керек, егер ұзақ уақыт тұратын болса тоңазытқышта (40С) сақтау керек.

КБР-на қолданылатын комплемент теңіз шошқасы қанының сарысуы. Оның биофабрика лиофильді кептірілген құрғақ күйінде дайындайды. Көрсетілген сүлбеде комплемент титрі 0,1 мл комплементтің жұмыс титрін алу үшін 20% қосу керек, сонда 0,12 мл болады.

КБР пробиркада қою тәсілі алатын компоненттер өлшеміне (0,1, 0,2, 0,3, 0,4 0,5, 1,0) қарай реакция көлемінде (0,5, 1,0, 1,5, 2,0, 0,5, 5,0) өзгеріп отыруына байланысты бірнеше тәсілге бөлінеді.

Қазіргі кездегі паразитологияда көп қолданылып жүрген вариант компонент өлшемін 0,2 мл-ден алып жалпы көлемі 1 мл болғаны .

Кесте1. Токсоплазманың қойлардаа таралуын салыстырмалы зерттеу





Малдардың белгілері

Иммунологиялық

әдістердің нәтижесі



КБР

ТЕГАР

1

0788

теріс реакция

теріс реакция

2

0789

теріс реакция

теріс реакция

3

0790

теріс реакция

теріс реакция

4

0791

оң реакция

оң реакция

5

0792

оң реакция

оң реакция

6

0794

оң реакция

оң реакция

7

0795

теріс реакция

оң реакция

8

0796

теріс реакция

теріс реакция

9

0797

Теріс реакция

теріс реакция

10

0798

Теріс реакция

теріс реакция

11

0798

теріс реакция

теріс реакция

12

0800

теріс реакция

теріс реакция

13

0801

теріс реакция

теріс реакция

14

0802

теріс реакция

теріс реакция

15

0803

теріс реакция

теріс реакция

16

0804

теріс реакция

теріс реакция

17

0805

теріс реакция

теріс реакция

18

0806

теріс реакция

теріс реакция

Барлығы 18

3 (12 пайыз)

4 (20 пайыз)

Малдәрігерлік практикада комплементті ұзағынан байлау реакциясы (ҚҰБР) инфекциялық, сондай-ақ инвазиялық ауруларды серологиялық жолмен анықтауда кеңінен қолданылып келеді. (Т.Сайдулдин,1992). . Бұл реакцияның ҚҰБР-нан айырмашылығы антиген мен антидененің бір-бірімен байланысынан ұзартауда. Бұл байланыс комплементсіз жүргізілетіндіктен пробиркаға тоңазытқышта емес, бөлме температурасында 16-20 сағат ұсталынады. Кейбір антиденелер антигенмен байланысуына көп уақыт керек болғандықтан, ұсынылған реакцияда сондай жағдай жасалынған. Компелемнт, индикатор жүйесін 16-20 сағаттан кейін құю керек.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде комплементті байлау реакциясын ұзарту (ҚБРҰ) КБР-сынан 8 есе, ал ҚҰБР-нан 4 есе сезімталдығы жоғары екендігі анықталған (Т.Сейдулдин, 1981; Т.Байтубаев, 1985).

Токсоплазмоз ауруына қойылған зерттеулер нәтижесі инфекциялы аурулардан алынған нәтижеге ұқсас болып келді. Атап айтқанда токсоплазмозға зерттелген 18 қойлардың 3 басы КБР-мен оң көрсеткіш, ал 4 басы ТЕГАР-мен оң көрсеткіш көрсетті. Бұндай айырмашылық олардың ҚСС-ындағы антидене титрінің мөлшерінде де байқалады. ТЕГАР-мен оң көрсеткіш көрсеткен көрсеткіштің орташа геометриялық титрі 1:83 болса КБР-мен алынған оң көрсеткішті 1:37 болып шықты. Қорыта айтқанда токсоплазма паразитін серологиялық реакциялармен салыстырмалы зерттеу тиімді екендігін көрсетті.

РЕЗЮМЕ

Приводятся сведения по серологической диагностике и меры борьбы с токсоплазмозам животных.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Халилаев А.Н. Токсоплазма экологиясын иммунолоиялық әдістермен зерттеу, Шымкент, 2000.17 бет.

  2. Леви М.И. Общие закономерности и классифакация серологических реакций. Микробиология,1967, №7,с.104.

  3. Халилаев А.Н. Малдың паразит ауруларын иммунологиялық әдістермен анықтаудың биологиялық негізі. Автореф. докт. дисс. А., 1997, 32 бет.

  4. Сайдуллин Т. Основы серологии. А.,1992, 327 бет.

  5. Торғаева А., Сүлейменов М.Ж., Аманжол Р. Токсоплазмозды балау, алдын алу және оған қарсы күрес шаралары туралы ұсыныстар,Алматы, 2010,20 бет.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет