Кодексінің 3-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата18.03.2017
өлшемі270.79 Kb.
#6359
түріКодекс


Шығыс Қазақстан облысының елді

мекендерін көріктендіру ережелерін

бекіту туралы

 

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Ұсынылған Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерін көріктендіру ережелері бекітілсін.

2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


 

Сессия төрағасы                                                                                          О. Чернышов



Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының хатшысы                                                                           Г. Пинчук

 

 



 
 

Жоба
Шығыс Қазақстан облысының  елді мекендерін көріктендіру

  ережелері

   


1-бөлім. Жалпы ережелер

  

1.1 Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерін көріктендіру ережелері (бұдан әрі – Ережелер) «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы»  Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.



1.2 Ережелер көріктендіру саласында орындалатын бірыңғай және міндетті нормалар мен талаптарды белгілейді, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы жер учаскелерінің, ғимараттардың, құрылыстардың меншік иелері және (немесе) пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үшін аумақты жинау мен ұстау тәртібін анықтайды.

 

 



  2-бөлім. Негізгі ұғымдар және анықтамалар

 

             2.1 Қатты тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды шығаруға арналған  шарт – тапсырыс беруші мен қоқыс шығарушы мердігер кәсіпорын арасында жасалған заңды күші бар жазбаша келісім.   



             2.2  Бөліп берілген аумақ – Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған құқықта уәкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес өзіне тиесілі объектілерді орналастыру үшін жер пайдаланушыға (заңды немесе жеке тұлғаға) иелену немесе пайдалануға табысталған жер учаскесі.    

2.3 Жер пайдаланушы – мерзімсіз (тұрақты жер пайдалану) немесе нақты мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде мемлекеттік меншікте тұрған жер учаскесін иеленуші және пайдаланушы тұлға.

2.4 Контейнер – қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған стандартқа сәйкес ыдыс.

2.5 Ірі габаритті қоқыс (бұдан әрі – ІГҚ) – өзінің тұтынушылық ерекшелігін жоғалтқан тұтыну және шаруашылық қызмет қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және басқа).

2.6 Шағын сәулет нысандары – сәндік сипатта, сондай-ақ іс жүзінде пайдаланылатын көлемі бойынша салыстырмалы түрдегі кішкене объектілер:

- декоративтік құрылымдар (мүсіндер, субұрқақтар және декоративті су қоймалары, стелалар, барельефтер, гүлдерге арналған гүлсауыттар);

- іс жүзінде пайдаланылатын құрылымдар (күркелер, павильондар, телефон және сауда автоматтары, орындықтар, қоршаулар, урналар).

2.7 Ортақ пайдаланылатын жерлер – демалыс орындары (саябақтар, жағажайлар, гүлбақтары), алаңдар, көлік тоқтайтын алаңдар.

2.8 Рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі – заңды немесе жеке тұлғалардың қызметі процесінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ), ІГҚ, өндіріс және құрылыс қалдықтарын, басқа қоқысты, қарды, мұзды өз бетімен тастау (орналастыру) немесе жинау.

2.9 Аумақты тазарту – аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқысты, қарды, қызылсу мұзын жинастыру, шығару және кәдеге жарату (зарасыздандыру).

2.10 Жүргінші жолы, өтетін жол – көлік құралдарының шағын аудан мен квартал ішінде тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да қала құрылысы нысандарына жақын тоқтауға мүмкіндік беретін жол элементі.

2.11 ҚТҚ, ІГҚ жинау және шығару – қатты тұрмыстық қалдықтарды контейнерлерден арнайы автокөліктерге тиеумен, контейнерлерді тазалаумен, контейнер алаңдарын және оларға төгілетін қоқыстар кіреберістерін тазалаумен, оларды қоқыс жинау орындарынан кәдеге жарату объектісіне тасымалдаумен  байланысты іс-шаралар кешені.

2.12 Жолдарды ұстау – жұмыстар кешені, оның нәтижесінде автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің талаптарына жауап беретін жолдардың, жол құрылымдарының көлік пайдалану жағдайы сақталады.

2.13 Құрылымдар – табиғи немесе жасанды кеңістіктік шекаралары бар, өндірістік процестерді орындау, материалдық құндылықтарды орналастыру және сақтау немесе адамдардың уақытша болуы, сондай-ақ  жабдық немесе коммуникацияны орналастыру үшін жасанды жасалған көлемді, жазықтық немесе желілік объект.

2.14 Жаяужол – көлік жолымен жанасқан немесе одан көгалмен ажыратылған жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған жол элементі.

2.15 Уәкілетті орган – коммуналдық шаруашылық саласында уәкілеттігі қала, аудан әкімдігімен белгіленетін мемлекеттік мекеме.

2.16 Меншіктенуші – жер учаскесіне меншіктену құқығының жер актісі негізінде меншіктену құқығында жер учаскесін иеленетін, пайдаланатын және иелік ететін тұлға.

2.17 Объект иесі – жалға беру шарты негізінде объектіні иеленетін тұлға.

 

  

3-бөлім. Жалпы талаптар 



 

 

          3.1 Сәулет, санитарлық және экологиялық талаптарға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес аумақты көріктендіру және жинау, сондай-ақ гүлзарларды, көгалдарды, басқа да жас көшеттерді, көріктендіру элементтерін күту мен ұстауды меншік иелері және (немесе) осы объектілердің пайдаланушылары жүргізеді.



3.2 Меншік иелері, жер пайдаланушылар және (немесе) объектілердің (ғимараттардың, құрылымдардың, жеке тұрғын үй құрылыстарының) иелері қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған шартты уақытында жасаулары тиіс.

3.3 Осы Қағидаға сәйкес жинау шекарасы жер учаскесі пайдаланушылары арасындағы аумақ шекарасымен анықталады.

3.4 Бөліп берілген шекара аумағын меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен жасалған жалға беру шарттары бойынша меншік иелері, жер пайдаланушылар және (немесе) объектілердің иелері көріктендіреді, көгалдандырады, жарықтандырады және қоршайды.

3.5 Бөліп берілген шекарадағы инженерлік және көлік инфрақұрылым объектілерінің аумағы осы объектілердің техникалық және пайдалану сипаттамаларын ескерумен көріктендірілуі тиіс. Аумақты көріктендіру мен күтіп ұстау міндеттері объектілердің меншік иелеріне жүктеледі.

3.6 Заңды және жеке тұлғалар асфальт жабындарының бұзылуымен байланысты жер қазу жұмыстары аяқталған соң жол жабындарын бес тәулік ішінде қалпына келтірулері тиіс.

3.7 Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген заңды және жеке тұлғалар елді мекендердің автожолдарында орналасқан жарамсыз люктерді, нөсер канализациясы торларын ауыстыру бойынша шаралар қабылдаулары, сондай-ақ жол өтпелері орындарында мүгедектердің арбалары, балалардың арбалары өтуі үшін және жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін түсулерді орналастырулары тиіс.

3.8 Өздері өндірген ауылшаруашылық өнімдерін көшеде сату жергілікті атқарушы орган осы мақсаттар үшін қажетті жабдықпен (астаулар, сатушы сөрелері және т.б.) жабдықтаған арнайы жерлерге (ұйымдастырылмаған сауда) рұқсат етіледі.

3.9 Елді мекеннің аумағында мыналарға рұқсат берілмейді:

3.9.1 су ағатын желілер бітелмеу үшін су ағатын коллекторларға сыпырынды мен тұрмыстық қалдықтарды тастау;

3.9.2 жергілікті атқарушы орган белгілемеген жерге қоқыс пен қарды шығару, тастау;

3.9.3 қоқыс тастағышқа сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі габаритті қоқыс тастау;

3.9.4 жол тораптарының, көшелердің жүретін бөліктеріне және жол өтпелеріне, жаяужол мен көгалдарға кварталішілік жолдардан, аула аумағынан, кәсіпорындар, ұйымдар  аумағынан, құрылыс алаңдарынан, сауда және тағы басқа объектілерден тазартылған қарды жылжыту немесе орналастыру;

3.9.5 техникалық тұз бен хлорлы кальцийді көктайғаққа қарсы реагент ретінде жаяужолдарға, қалалық жолаушы көлігі тоқтайтын отырғызу алаңдарына, саябақтарға, скверлерге, аулаларға және басқа жаяу жүретін және көгалдандырылған жерлерге қолдану (жоба орындаушыда шекті-рұқсат етілетін төгінділердің нормативтері жоқ болған жағдайда);

3.9.6 кір және тұзды қарды, сондай-ақ мұз сынығын көгалдарға, гүлзарларға, бұталарға және басқа жасыл көшеттерге роторлы лақтыру және орналастыру;

 3.9.7 су ағызатын құбырларға қар, мұз және қоқыс лақтыру;

3.9.8 ағаштар мен бұталардың тамырға тақалған жеріне жапырақтар тастау;

3.9.9 көлік құралдарымен жүктің кез-келген түрлерін көшелерді және (немесе) өтпежол бөліктерін ластау мүмкіндігіне жол бермей оларды дұрыс жаппай тасымалдау;

3.9.10 меншік иесінің келісімінсіз және (немесе) осы мақсаттар үшін бөліп берілген жерлерден тыс орындарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылып белгіленген тәртіпте алынған қажетті рұқсаттар немесе келісімдерсіз хабарландыруларды, плакаттарды, үнпарақтарды, түрлі ақпараттық материалдарды орналастыру, жазбалар мен графикалық жазбалар жазу;

3.9.11 автомобиль жолдарының жүретін бөлігіне қозғалыс үшін қауіп төндіретін қоқыстар, нәрселер тастау;

3.9.12 ғимараттар, құрылымдар және тұрғын үйлердің терезелерінен қоқыс лақтыру;

3.9.13 жаяужолдарға, скверлер, саябақтар және басқа да қоғамдық орындардың аумақтарына ұсақ қоқыс лақтыру;

3.9.14  қаланың, ауданның атқарушы органы арнайы бөліп берген орындардан басқа жерлерге тұрмыстық және құрылыс қоқысын, өндіріс қалдықтарын, тараларды, ағаш кесіндісін, жапырақтарды, қарды, сұйық қалдықтарды тастау;

3.9.15 су объектілеріне зарарсыздандырылмаған, тазартылмаған және жеткілікті тазартылмаған өндірістік, шаруашылық-тұрмыстық ағын суларын және өнеркәсіп алаңдары мен елді мекендер аумағынан жер беті ағындысын төгуге жол берілмейді;

3.9.16 қоқысты, жапырақты, тараны, өнеркәсіп қалдықтарын жағу, тұрғын үй құрылыс кәсіпорындары аумағында, гүлбақтарында, саябақтарда, қатты тұрмыстық қалдықтар контейнерлерінде өрт қою;

3.9.17 арнайы бөлінбеген және тиісті жол белгілері мен (немесе) орындарды белгілеуден тыс бекітілмеген жерлерде көлік құралдарын тоқтату, қою және жуу;

3.9.18 қызметтік және жеке автокөлікті аула және кварталішілік аумқтардың жасыл белдеміне, балалар, кір және контейнерлік алаңдарға тоқтату, кіру;

3.9.19 жол, көше қиылыстарында және бір деңгейдегі жол өтпелерінде және теміржол өтпелерінің жанында, көлік қоршауларымен немесе биіктетілген жолжиектермен жабдықталған жол учаскелерінде, жаяужолдарда қар үйіндісін қалыптастыру;

3.9.20 үй жануарларын көшелерде, алаңдарда, балалардың аула алаңдарында және жалпы пайдалану орындарында серуендету;

3.9.21 адамдардың суға түсуіне арналған жерлерде кір жуу және үй жануарларын суға түсіру;

3.9.22 тұрғын үй объектісі, ұйым, мекеме аумағында санитарлық арақашықтықты ұйымдастырмай аула жабдығын, күрелген орлар мен қоқыс жинау алаңдарын қайта жабдықтау.

 

 

4-бөлім. Аумақты жинау мен тазалауды ұйымдастыру  



  және негізгі талаптары

 

      4.1 Елді мекендер аумағын санитарлық тазалау жүйесі тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинауды, жоюды, зарарсыздандыру мен қайта пайдалануды көздейді және мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылады.



         4.2 Иеліктегі үйлер, ұйымдар, мәдени-көпшілік мекемелер аумағында, демалыс орындарында көлік кіретін кіреберістері бар қалдықтар жинайтын контейнерлер орналастыру үшін арнайы алаңдар бөліп беріледі.

         4.3 ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер қақпақтармен жабдықталады. Контейнерлерден алаң шетіне дейінгі қашықтық 1 метрден кем болмауы керек. Алаң тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардан, барлық бейіндегі ұйымдардан, спорт алаңдарынан және тұрғындардың демалыс орындарынан 25 метрден жақын және 100 метрден алыс қашықтықта орналастырылады. Мұндай контейнерлерге арналған алаң үш жағынан 1,5 метр биіктікте қоршалуы тиіс.

         4.4 Контейнерлердің есептік көлемі қалдықтардың нақты жиналуына сәйкес келуі керек. Орнатылатын контейнерлер санын есептеу контейнерлерді пайдаланатын тұрғындар санын, қалдықтардың жиналу нормаларын, оларды сақтау мерзімі ескеріле отырып жүргізіледі.

         4.5 Қалдықтарды контейнерлерде сақтау мерзімін Цельсия (С) бойынша 0 градус және төмен температура кезінде үш тәуліктен асырмауға, плюс температура кезінде бір тәуліктен асырмауға рұқсат етіледі.

4.6 Контейнерлердің меншік иелеріне кейіннен меншік қаражаты есебінен ҚТҚ-ны бөлек жинаумен европалық және басқа контейнерлерді пайдалануға бірте-бірте ауысу ұсынылады.

4.7 Одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлер уақытында ауыстыруға жатады.

4.8 Канализациялық емес аулалық және қоғамдық дәретханаларды тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және тұрғындар демалатын алаңдардан – 25 метрден кем емес, құдықтар мен бұлақ шегендеулерінен 50 метрден кем емес қашықтыққа алыстатады.

4.9 Көп пәтерлі тұрғын үй құрылыстары аудандарында контейнерлік алаңға жақын аумақты ҚТҚ алаң шетінен 1,5 м радиуста қажетіне қарай жоспарлы түрде тұрақты тазалау жүргізеді.

4.10 Тұрмыстық және басқа қалдықтарды шығару күнделікті таңғы сағат 7-ден ерте және кешкі сағат 23-тен кеш жүргізілмеуі тиіс.

4.11 Көп пәтерлі тұрғын үй құрылыстары аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтардан жоспарлы түрде тұрақты тазалау аптасына екі реттен кем емес жүргізіледі.

4.12 Қоғамдық пайдалану орындарында урналар орнатылады. Урналардың арасындағы қашықтық адамдар көп шоғырланатын көшелерде 40 метрден және адам аз жерде 100 метрден кем емес қарастырылады. Қалалық көлік тоқтайтын жерлерде урналар орнату міндетті. Урналарды тазалау олардың толуына қарай жүргізіледі.

4.13 Канализациялық емес иеліктегі үйлерде сұйық қалдықтарды жинау үшін су өтпейтін оры бар күрелген қоқыс төгілетін орлар жабдықталады және жерге жақын бөлігі қатты фракцияларды бөлу үшін қақпақ және тормен жабдықталады. Аулалық дәретхана болған жағдайда қоқыс төгілетін ор ортақ бола алады.

4.14 Жол төсемдері жолдың лот жағында жиналатын ластанулар жасыл көшеттер алқабына немесе жаяужолға су ағынын шашыратпай жуылады.

4.15 Жылдың ыстық кезеңінде жоғары қарқынды қозғалыстағы көшелер суарылады.

4.16 Нөсер канализациясы жоқ көшелердегі жүру бөлігі арнайы машиналармен жинастырылады. Көшелерге ас тұзын себуге рұқсат берілмейді.

4.17 Жапырақ түсу кезеңінде түскен жапырақтар уақытында жинастырылады. Жапырақтар мен қоқыстың үйінділері арнайы бөліп берілген учаскелерге немесе компостерлеу алаңына апарылады.

4.18 Тұрғын үй кварталдары, шағын аудандар аумағында, сондай-ақ үйге жақын аумақтарда бөлінген жер учаскесі шекараларында мынадай тәртіп сақталады:

4.18.1 төсеніш, тротуар, жаяужол, кварталішілік өтпелер мен жолдардың жабындары қалыпты жағдайда болуы тиіс;

4.18.2 аулаларда өз еркімен түрлі шаруашылық және қосалқы құрылыстар салуға рұқсат берілмейді;

4.18.3 қызыл сызық және құрылысты реттеу сызығы бұзылған кез келген құрылысқа рұқсат берілмейді;

4.18.4 үй маңындағы аумаққа құрылыс материалдарын жинауға рұқсат берілмейді;

4.18.5 инженерлік коммуникация мен құдықтарға тексеру және тазалау уақытында жүргізіледі;

4.18.6 спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңдарының жабдықтары, қоршаулар және бұтадан жасалған қоршаулар қалыпты жағдайда ұстау қажет.

4.18.7 суару-жуу және сыпыру-жинау машиналарына техникалық су құйылады, ашық суқоймаларынан су құюға тек санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды  болған жағдайда рұқсат етіледі;

 4.18.8 елді мекендер аумағында қалдықтарды жинауды, пайдалануды, қолдануды, зарасыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және жерге көмуді мамандандырылған кәсіпорын жүзеге асырады;

4.18.9 жұқпалы (соның ішінде туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық) стационарларды қоспағанда қоғамдық тамақтану, сауда, жалпы білім беру объектілерінің, санаторлық-курорттық ұйымдардың тамақ қалдықтарын қақпақтары бар ыдысқа немесе тоңазыту камераларына жинайды. Жұқпалы (соның ішінде туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық және басқа) стационарлардың тамақ қалдықтарын қоспағанда тамақ қалдықтарын  мал азығына пайдалануға рұқсат етіледі;

4.18.10 қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаға жарату қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдары арнайы бөліп берген жерлерде жүргізіледі.

4.19 Тыйым салынады:

4.19.1 қалдықтарды, қоқыс пен басқа жуынды-шайындыны егістікке, бақшаға, орманға, батпаққа, саябаққа, көгалға, су объектілеріне және олардың жағалауындағы қорғаныс алқаптарына, сондай-ақ басқа бекітілмеген жерлерге апаруға және лақтыруға;

4.19.2 машиналарды, тракторларды көшелерде, өзендерде және басқа сутоғандарында, су құбыры шүмектерінде, құдықтарда, тұрғын үй ғимараттары аулаларында жууға;

4.19.3 көшелерде құрылыс материалдарын, отынды, көмірді үюге;

4.19.4 өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды, қоқысты, жапырақты, ағаш кесіндісін елді мекендер, кәсіпорындар, ұйымдар аумақтарында, көшелер мен көгалдарда, тұрғын үй кварталдарында, жеке және саяжай учаскелерінде, сондай-ақ контейнерлер мен урналарда жағуға; өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды осы мақсаттар үшін арнайы бекітілген орындардан басқа жерге көмуге;

4.19.5 сұйық қалдықтарды аулалар мен көшелерге төгуге, сондай-ақ ол үшін құдықтар мен нөсер канализациясы ағынын пайдалануға.

 

 



5-бөлім. Қыс мезгілінде аумақты жинау ерекшеліктері

 

 



      5.1 Елді мекендер көшелерінің өту бөлігі мен жол өтпелерін қыс мезгілінде жинау осы Ережелердің талаптары мен жұмыс технологиясын, сәйкестік сертификаты немесе оны қолдану қорытындысы бар техникалық құралдар мен көктайғаққа қарсы қолданылатын реагенттерді анықтайтын нұсқауларға сәйкес жүргізіледі. 

         5.2 Саябақтар, орман-бақтар, бақтар, шағын бақтар, желекжолдар және басқа жасыл аумақтардың жолдарын тазалау кезінде химиялық реагенттері жоқ қарды жас көшеттерді сақтау және еріген судың ағуын қамтамасыз етумен осы мақсаттар үшін алдын ала дайындалған алаңдарға үюге рұқсат етіледі.   

5.3 Қыс мезгілінде соқпақ жолдар, саябақ орындықтары, урналар, басқа да элементтер мен кіші сәулеттік нысандар, сондай-ақ олардың алды және маңайындағы кеңістік, оларға кірер жолдар қар мен қызылсу мұзынан тазартылуы тиіс.

5.4 Жаяужолдар мен жүретін жолдарда инженерлік желілердегі апаттардың нәтижесінде пайда болған қызылсу мұзын желі иелері опырып алады және жинайды.

5.5 Қар шығарудың технологиялық операциясы екі кезеңмен жүзеге асырылады:

5.5.1 жолаушылар көлігі аялдамасынан, жерасты жаяужолдарынан, көпір және жол өтпесінен, аурухана аумағы мен әлеуметтік маңызы бар нысандар кіреберістерінен қарды алғашқы рет (іріктеумен) шығару;


         5.5.2 қарды соңғы рет (тегіс) шығару алғашқы шағару аяқталған соң атқарушы орган анықтаған кезекшілікке сәйкес жүргізіледі.

5.5.3 Қар көшелер мен өтпежолдардан арнайы дайындалған алаңдарға шығарылуы тиіс.

5.6 Көпір құрылыстарында жаяужолдар мен сатыдан түсетін жерлерді тазалауға мына талаптар қойылады:

5.6.1 көпірлердің жаяужолдары мен сатыдан түсетін жерлері жаңа жауған және тығыздалған (қарлы-мұзды) қарға дейін барлық ені тазартылуы тиіс;

5.6.2 қарқынды қар жауған кезеңде көпірлердің жаяужолдары мен сатыдан түсетін жерлері көктайғаққа қарсы материалдармен өңделіп, жаяу жүргіншілер жүруге арналған жолдар тазартылуы керек.

5.7 Көктайғақ немесе оның пайда болуы туралы хабарланған кезде ең алдымен сатыдан түсетін жерлер, содан кейін жаяужолдар көктайғаққа қарсы материалдармен өңделеді.

5.8 Жаяужолдар, аула аумақтары және өтпежолдар қар мен мұздан асфальтқа дейін тазартылуы, қар мен мұз ойындысы қар үйіндісіне апарылуы тиіс. Қызылсу мұзы (көктайғақ) пайда болған жағдайда ұсақ құммен өңдеу жүргізіледі.

5.9 Аула аумақтары мен кварталішілік өтпежолдардан тазартылатын қар аула аумақтарында автокөліктің еркін қозғалуына және жаяу жүргіншінің жүруіне кедергі жасамайтын жерлерге міндетті шығарумен уақытша үйіледі.

5.10 Кварталішілік аумақтарда қарды үю еріген судың ағуын көздеуі тиіс.

5.11 Қыс уақытында ғимараттың меншік иелері және (немесе) пайдаланушылары көп пәтерлі тұрғын үйлерде төбе жабындыларын қардан, қызылсу мұзынан және сүңгі мұзынан уақытында тазалауды ұйымдастырулары тиіс.

5.12 Ғимараттар мен тұрғын үйлердің төбелерін қардан, қызылсу мұзынан оны жаяужолға лақтырумен тәуліктің тек жарық кезінде ғана көше жаққа қараған төбе жабындысы құламасының үстінен тазалауға рұқсат етіледі. Қарды қалған төбе жабындысы құламасынан, сондай-ақ тегіс төбе жабындысынан ішкі аула аумақтарына лақтыру керек.

Қарды лақтыру алдында жаяу жүргіншінің жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзету іс-шараларын жүргізу қажет.  Ғимараттар мен тұрғын үйлердің төбелерінен лақтырылған қар мен қызылсу мұзының жиындылары тез арада жолдың жүретін жағына жиналып, кейіннен мамандандырылған кәсіпорын апаруы үшін орналастырылады.

 5.13 Қар, мұз, қоқыстарды су ағатын құбырлардың сүзгілеріне тастауға болмайды.

 

6-бөлім. Жолдарды, көліктің аялдау және отырғызу алаңдарын жинау

 

 

6.1 Көшелердің алаңдар ені бойынша жүретін бөлігін, жол желілерінің жолдары мен өтпежолдарын, көлік қоятын орындарды, сондай-ақ жағалауларды, көпірлерді, жол өткізгіштерді тазалау мен күтіп ұстауды кәсіпорын-мердігерлер осы жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті органмен жасасқан мемлекеттік сатып алу шартының негізінде жүргізеді.



6.2 Соңғы автобус бағдарларында тұру-бұрылу алаңдарын тазалауды жүргінші жол бөлігін тазалауды жүзеге асыратын кәсіпорындар жүргізеді.

6.3 Жол төсемдерін қоқыстан, батпақ пен қардан үздіксіз технологиялық тазалауды қамтамасыз ету үшін тораптық көшелерді бойлай көпшілік баратын объектілерге тікелей жақын орындарға күнделікті сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін автокөлік құралдарын қоюға рұқсат етілмейді, тыйым қажетті жол белгілерін орнатумен белгіленеді.

6.4 Жол төсемдерін, белдік және резервтік жолақтарды, тораптардың жиекке жақын бөліктерін, көшелер мен жаяу жолдарды сыпыру уәкілетті органмен бекітілген кесте бойынша жол төсемдерін алдын ала ылғалдандырумен жүзеге асырылады.

6.5 Жолдардың жүретін жағы ластанудың барлық түрінен толығымен тазартылуы тиіс. Реттеу сызығымен белгіленген белдік және резервтік жолақтар құм мен түрлі ұсақ қоқыстан үнемі тазартылуы тиіс.

6.6 Жол жиектері ірі габаритті және басқа қоқыстан тазартылуы тиіс. Жұмыстарды орындау кезінде қоқысты көшелер мен жолдардың өтетін жақтарына ауыстыруға тыйым салынады.

6.7 Жолаушы көлігінің аялдау алаңдарын тазалауды жүретін жолды тазалауды жүзеге асыратын кәсіпорын жүргізеді.

6.8 Қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдау алаңдарындағы жолаушылар павильондарын тазалау мен жууды олардың иелері жүзеге асырады.

6.9 Теміржол жолақтарын тазалауды жолдардың иелері жүзеге асырады.

6.10 Жарнама объектілеріне бөлек берілген аумақтарды тазалауды жарнама құрылымдарының иелері өз күшімен жүргізеді.

6.11 Жаяужолдарда орналасқан сыртқы жарықтандыру мен байланыс желісін орнату тірегі және мачта айналасындағы аумақты тазалауды жаяужолдарды тазалауға жауапты кәсіпорындар жүргізеді.

6.12 Трансформаторлық немесе таратушы қосалқы станциясына, автоматтық режимде жұмыс істейтін басқа да инженерлік құрылымдарға (қызмет көрсететін қызметкерлері жоқ), сондай-ақ электр берілісі желілерінің тірегіне жақын аумақтарды тазалауды осы объектілердің иелері жүргізеді.

Жерүсті құбырөткізгіші астындағы қорғалатын алаң аумағын тазалау мен күтіп ұстауды желілердің иелері жүргізеді.

6.13 Уақытша көше саудасы мен қоғамдық тамақтану орындарын, бизнес объектілеріне (базарлар, кафе, дәмханалар, сауда павильондары, тез салынатын сауда кешендері, шатырлар, киосктер және тағы басқа) бөлінген аумақтарды тазалауды осы объектілердің иелері жүргізеді.

6.14 Жақын орналасқан көгалдарға, сауда шатырының төбелеріне, киосктерге және басқа сауда объектілеріне ыдыстарды жинастыруға болмайды.

6.15 Суды жіберумен (көл шұңқырынан су сору, инженерлік желілердегі апаттық жағдайлар) болған су басулар туындаған кезде шығынның орнын толтыру бұзушылықтарға жол  берген ұйымдарға жүктеледі.

6.16 Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде асфальт сынығын шығаруды жұмыстарды орындайтын ұйымдар жүргізеді: басқы жол тораптарында – тез арада, қалған көшелер мен аулаларда – бір тәулік ішінде.

6.17 Су ағызу желілерінде бітелуді болдырмау үшін су ағызу коллекторына сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға тыйым салынады.

 

 



7-бөлім. Шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау

 

 7.1 Тұрғын үй құрылыстары аумағы, қоғамдық алаңдар, скверлер, саябақтар, демалуға арналған алаңдар шағын сәулет нысандарымен жабдықталады.



7.2 Шағын сәулет нысандары стационарлық және мобильді бола алады, олардың саны мен орналастыру аумақты көріктендіру жобаларымен анықталады.

7.3 Шағын сәулет нысандары қоғамдық құрылыстар аумағы, алаңдар, скверлер, саябақтар, жағалаулар үшін жеке жобалар бойынша дайындалады.

7.4 Шағын сәулет нысандарын салынатын учаске шекараларына жаңадан салу кезінде жобалауды, дайындауды және орнатуды тапсырыс беруші бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырады.

7.5  Шағын сәулет нысандарының құрылымдық шешімдері олардың орнықтылығын және пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

7.6 Шағын сәулет нысандарын күтіп ұстауды және жөндеуді оларды меншікте, иелікте, пайдалануда ұстайтын тұлғалар жүзеге асырулары тиіс.

 

8-бөлім. Ақылы автотұрақтар мен гараж кооперативтерін орналастыру және көріктендіру

  

8.1 Жекеменшік иеленушілердің жеңіл автомобильдерінің гараждарын, күзетілетін ашық автотұрақтарды, автокөліктің уақытша тұрақтарын (ақылы және ақысыз) орналастыру қолданыстағы экологиялық, санитарлық және қала құрылысы нормалары мен ережелеріне, белгіленген тәртіпте әзірленіп және келісілген жобалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.



8.2 Ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, сауда және қоғамдық тамақтану объектілері, демалу және көпшілік келетін орындар келушілер үшін көлікті ақысыз қоюға жабдықталуы тиіс.

8.3 Жекеменшік иеленушілердің гараждары гараж кооперативтеріне (серікстестіктерге) бірлеседі. Гараж кооперативтерінің аумақтарын көріктендіру және оларды күтіп ұстау кооперативтердің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

8.4 Жеңіл автокөліктің ақылы ашық тұрақтарын тұрғын үй және қоғамдық құрылыстарға дейін санитарлық алшақтықты қамтамасыз ете отырып орналастыру қажет. Автотұрақтардың қатты жабындары, қоршаулары, күзету және сыртқы жарықтандыруға арналған бөлмесі болуы тиіс.

 

9-бөлім. Құрылыс және құрастыру жұмыстарын жүргізу кезіндегі  



көріктендіру талаптары

 

 



9.1 Құрылыс-құрастыру жұмыстарын бастағанға дейін құрылыс алаңы мен жұмыстардың қауіпті аймағының шегі қоршалуы тиіс. 

9.2 Алаңға кіру кезінде объектінің атауы, салушының (тапсырыс берушінің), мердігердің (бас мердігердің) аты, тегі, лауазымы және объект бойынша жұмыстарға жауапты өндірушінің телефоны көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылуы тиіс.

9.3 Жұмыстарды жауапты орындаушының атауы және телефоны  құрылыс алаңынан тыс орындардағы инвентарлық қоршаулардың тақталарында, ғимараттар мен құрылғыларда, ірі өлшемдегі сыртқы бедер элементерінде, кабельдік доңғалақтарда көрсетілуі тиіс.

9.4  Қажет жағдайда жергілікті атқарушы органдардың талабы бойынша құрылыс алаңы  қоқыс жинайтын бункерлер немесе қондырғылармен, сонымен бірге көлік құралдары шығар жерде тазарту пункттерімен, ал желілік нысандарда – жергілікті атқарушы органдар көрсеткен орындарда жабдықталу керек.

9.5 Құрылыс жоспарымен ескертілген көшелердің жабылуы, көлік қозғалысының шектелуі, қоғамдық көліктің қозғалысын өзгерту шаралары жұмыс басталмас бұрын   жұмыс орындаушы жол полициясы және аудан, қала әкімдерімен  нақты келісуі тиіс. Қажетті шектеулер аяқталысымен көрсетілген органдар ол туралы хабардар болуы керек. 

9.6 Құрылыс аумағына кірмеген уақытша қолданыстағы құрылысқа қажет аумақтар, осы аумақты пайдалану, күзету (қажет болса), жинау тәртібі меншік иелерінің және (немесе) осы алаң пайдаланушыларының (қоғамдық аумақтар үшін  - жергілікті атқарушы органның)  келісімімен анықталады.   

 9.7 Барлық құрылыс мерзімі ішінде жұмыс орындаушы қолданыстағы еңбек қорғау нормативтік құжаттарының сақталуына, қоршаған ортаны қорғауға, қоршаған аумақ пен тұрғындар үшін құрылыс жұмыстарының қауіпсіздігіне, сондай-ақ осы нормалар мен  қолданыстағы нормативтік құжаттармен немесе құрылысты келісу шарттарымен белгіленген әкімшілік сипаттағы түрлі талаптарды  орындауға жауапкершілікте болады. 

9.8 Барлық құрылыс мерзімі ішінде жұмыс орындаушы  уақытша инженерлік желілердің, жолдар мен көлік құрылғыларының, қойма алаңдарының,  тұрмыстық және басқа да ортақ қолданыстағы уақытша үйлер мен ғимараттардың  орнатылуын, қолданылуын, дамуын және жойылуын, сондай-ақ басқасы құрылысқа қатысушылардың келісімімен немесе құрылысты келісу шарттарымен  қарастырылмаған жағдайда құрылыс алаңындағы жердің қайта өңделуін  қамтамасыз етеді.

9.9 Жұмыс орындаушы құрылыс алаңының бекітілген аумағын тазалауды қамтамасыз ету керек. Тұрмыстық және құрылыстық қоқыс, сондай-ақ қар  уақтылы және аудан мен қала әкімдерімен қойылған тәртіпте  сыртқа шығарылуы қажет.

9.10 Тұрғын аумақта құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындауда, жинақтаушы бункерлерді және жабық науаларды  қолданбай қалдықтар мен қоқыстарды үйлер мен ғимараттардың қабаттарынан төмен лақтыруға рұқсат етілмейді.    

9.11 Жұмыс аяқталысымен, бір айлық мерзім ішінде (жұмыстың көлеміне байланысты) алаңның бұзылған көріктілігі, соның ішінде жолдың беті, шеті, тас бедерлер және көгалдандыру элементтері кешенді қалпына келтірілуі тиіс. 

9.11 Қалпына келтірілген аумақ оны қолдануға жауапты  ұйыммен  құрылыс немесе оған  тартылған жөндеу ұйымынан акт бойынша қабылданады.   

9.12 Алты айдан астам мерзімге жұмыстарды тоқтату немесе доғарған жағдайда  құрылысшы (тапсырыс беруші) нысанның тоқтатылуын қамтамасыз ету керек (оны және құрылысқа қолданған аумақтың беріктігін, тұрақтылығы мен  негізгі қондырғының сақталуын  қамтамасыз ететін және нысандарды қоршаған орта мен тұрғындарға қауіпсіз жағдайға келтіру). 

9.13 Ғимарат немесе құрылымды пайдалану тоқтатылған жағдайда тұрғындарға  және қоршаған ортаға залал келтіретін (коммуникацияны ажырату, қолда бар сиымдылықтарды босату, қауіпті және улы заттарды жою, тұрақсыз құрылғыларды бекіту немесе  құлату) шаралар қабылдануы қажет, сондай-ақ бұл ғимарат немесе құрылымға адамдар мен жануарлардың рұқсатсыз кіруіне жол бермейтін шаралар қабылдануы қажет. 

  

10-бөлім. Жер қазу жұмыстарын жүргізу тәртібі, инженерлік құрылымдар мен коммуникацияны күтіп ұстау

     


10.1 Жол төсемдері мен жаяужолдарды, көгалдар мен басқа объектілерді бұзумен байланысты жер қазу және басқа жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар қала, аудан әкімдігінің қаулысымен анықталған тиісті қызметтерде жұмыстар жүргізуге рұқсат алуға міндетті.

10.2 Қарамағында инженерлік коммуникациялар бар заңды және жеке тұлғалар инженерлік желілер мен құрылымдардың техникалық жағдайын үнемі қадағалаулары керек, өйткені олар көріктендірудің бұзылуына апаруы мүмкін, атап айтқанда: 

- аумақтың су басуына және мұздың пайда болуына жол бермеу, люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабындары, нөсер канализациясының торлары қатты жабын деңгейінде және жарамды қалыпта болуы үшін бөліп берілген және қорғалатын аймақтың санитарлық жағдайын қадағалау; 

- монтаждау, кері төгу және пайдалану ережелері сақталмағандықтан бұзылуы мүмкін жерасты желілері астындағы қатты, не болмаса топырақ жабындарының жағдайын қадағалау, жер бетіндегі инженерлік коммуникацияны, құрылмалар мен құрылымдарды уақтылы жөндеу, тазалау және бояу.

10.3 Қатты жабыны бар аумаққа күрделі жөндеу немесе қайта жаңарту жүргізілген жағдайда инженерлік желілер құдықтарының люктеріне тиісті параметрге дейін белгі қою жөндеуге тапсырыс берушінің есебінен жүргізіледі.

11.4 қала аумақтарынан жерүсті және жерасты суларын бұруға арналған каналдарды, құбырлар мен кәріздерді профилактикалық тексеруді және тазалауды, нөсер канализациясы коллекторларын, жаңбыр қабылдайтын құдықтарды тазалауды пайдаланушы кәсіпорындар жүргізеді; аула аумақтарында – жекеменшік пәтер  иелері кооперативтері; кәсіпорындардың жеке учаскелері мен аумақтарында – аумақтардың иелері.

 

11-бөлім. Апаттық жұмыстарды жүргізу

   


11.1 Апаттар пайда болған жағдайда инженерлік коммуникация мен құрылымдардың иелері, пайдаланушы ұйым апаттар мен оның салдарын жою бойынша шараларды шұғыл қабылдауға міндетті. Бұған қоса адамдар мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі, сондай-ақ маңайда орналасқан жерасты және жерүсті құрылымдарының, инфрақұрылымдардың, жас көшеттердің сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.

11.2 Пайдаланушы ұйым апаттық бригаданы апат орнына жіберумен бір уақытта апат сипаты мен орны туралы апат ауданында жерүсті және жерасты құрылымдары бар ұйымдарға, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемелеріне, сондай-ақ басқа мүдделі қызметтерге хабарлайды.

11.3 Апат аймағында жерүсті және жерасты коммуникациялары бар заңды тұлғалар апаттар туралы ақпаратты алған кезде сол жерлерге өздерінің өкілдерін орындау сызбаларымен жібереді, олар елді мекенде өздерінің ведомствосына қарасты құрылымдар мен инженерлік коммуникациялардың орналасуын көрсетулері керек.

11.4 Апатқа жақын жерде материалдар немесе басқа құндылықтарды жинақтайтын иеленушілер апаттық жұмыстар басшысының бірінші талабы бойынша тез арада учаскені босатады.

11.5 Апаттарды жою жұмыстары жолды толығымен немесе жартылай жабуды талап еткен жағдайда ішкі істер басқармасы көлік жолын, айналып өту бағдарын уақытша жабу және зақымдалған желілердің иеленушілерімен зақымдануды жою мерзімін бірлесіп белгілеу туралы жедел шешім қабылдайды.

11.6 Апаттық жұмыстар жүргізу орындары қалқандар немесе апаттық жарықтандыру құрылғысы және қызыл габаритті шамдар орнатылған белгіленген үлгідегі қақпалармен қоршалады. Көшенің (тораптың) жүретін жағында ішкі істер басқармасымен бірлесіп қажетті жол белгілері орнатылады.

Апаттарды жою жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғалар апаттық жарықтандыру жұмысы, қоршаулар (қақпалар), жол белгілері үшін жұмыстарды толығымен аяқтағанға дейін жауапты болады.

11.7 Апаттардың салдарын жою және аумақты көріктендіруді қалпына келтіру үшін апаттардың туындаған күнінен бастап бір тәуліктен аспайтын мерзімде жер қазу жұмыстарын жүргізуге рұқсатты ресімдеу қажет. Жер қазу жұмыстарын жүргізуге рұқсат белгіленген мерзімде ресімдемелмеген жағдайда қазу рұқсатсыз істелді деп есептеліп, кәсіпорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

11.8 Бұзылған жол төсемдері мен басқа көріктендіру элементтерін қалпына келтіруді инженерлік желілердің иеленушілері апаттық жұмыстарды аяқтаған соң дереу жүзеге асырады.

11.9 Жоспарланған жұмыстарды апаттық деген сылтаумен жүргізуге рұқсат берілмейді.

 

 

12-бөлім. Ғимарат мен құрылымдардың қасбеттерін күтіп ұстау



 

 

12.1 Ғимараттардың, құрылымдардың және бизнес объектілерінің меншік иелері өз объектілеріндегі қасбеттерді және олардың жеке элементтерін (төбе жабындары, балкондар, лоджиялар, суағар құбырлары және басқа) жөндеу, бояу жұмыстарын уақытында жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ қасбеттерде орналасқан өздерінің ақпараттық маңдайша жазуларын таза және қалыпты жағдайда ұстауға міндетті.



12.2 Рұқсат етілмейді:

- жергілікті атқарушы органның келісуінсіз өз еркімен ғимарат қасбеттерін қайта жаңарту және олардың құралымдық элементтерін өзгерту;

- сәулет бөлшектерін алдын ала қалпына келтірмейінше ғимараттар мен құрылымдардың қасбеттерін бояу.

12.3 Ғимараттар мен құрылымдардың меншік иелері оларды қала құрылысы және жобалық құжаттамаларға, қала құрылысының нормативтері мен ережелеріне, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және өзге де арнайы нормаларға сәйкес тиісінше күтіп ұстау, соның ішінде өздеріне тиесілі ғимараттар мен құрылымдардың қасбеттерін меншік қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізулері тиіс.

12.4 Егер заңды және жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық қарамағында немесе жедел басқаруында тұруға болмайтын немесе тұрғын үй ғимараттарында жеке тұруға болмайтын бөлмелер бар болса, онда осы тұлғаларға аталған ғимараттардың қасбеттерін жоспарлы жөндеуде алынған алаңдарға сай үлестік қатысуды қабылдаулары тиіс.

12.5 Ғимарат, тұрғын жай және құрылымдарды жалға алушылар ғимарат пен құрылымдардың қасбеттерін жөндеу міндеттемелерін жалға алу шартының талаптарына сәйкес атқарады.

12.6 Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен құрылымдардың қасбеттерін жөндеу, қалпына келтіру және қайта жаңарту тиісті уәкілетті органдармен келісу бойынша күзету міндеттемелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының құқықтық актілерімен белгіленген нормативтер мен ережелерге сәйкес жүргізіледі.

 

 



13-бөлім. Сыртқы жарықтандыру мен субұрқақтарды күтіп ұстау

 

 



13.1 Көшелерде, жолдарда, алаңдарда, жағалауларда және басқа жарықтандырылатын объектілерде сыртқы жарықтандыруды іске қосу елді мекеннің коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органы бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің кешкі ымыртта 20 люкс, ал өшіру таңертеңгі уақытта ол 10 люксқа дейін артқанда жүргізіледі.

13.2 Энергия үнемдеуші лампаларға біртіндеп ауысуды жүзеге асыру қажет. Алаңдарда, тораптар мен көшелерде, аула аумақтарында шамдалдардың «жанбау» пайызы 5 пайыздан аспауы тиіс. Металл тіректер, кронштейндер және сыртқы жарықтандыру мен байланыс желілері құрылғыларының басқа элементтері боялып, таза болуы және тоттану көзі болмауы тиіс.

13.3 Қатардан шыққан газ разрядтық шамдар, доғалық сынапты шам (бұдан әрі – ДСШ), металл диодты доғалық шам (бұдан әрі – ДДМ), доғалық натрий шамы (бұдан әрі – ДНАТ), люминесцент шамдар осы мақстаттар үшін арнайы бөлінген бөлмелерде сақталып, оларды пайдаға асыру үшін арнайы кәсіпорындарға апарылады. Шамдардың аталған түрлерін қалалық полигондарға апаруға тыйым салынады.

13.4 Электрлендірілген көліктің сынған жарықтандыру тіректері мен байланыс желілерін апаруды негізгі тораптардағы тіректердің иеленушілері – дереу; қалған аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелетін тіректерді  бір тәулік ішінде апаруды жүзеге асырады.

13.5 Субұрқақтардың жағдайы және пайдалану жауапкершілігі пайдаланушы ұйымға жүктеледі.

13.6 Субұрқақтарды іске қосу мерзімін, олардың жұмыс істеу режимін, тостағандарды жуу мен тазалауды, технологиялық үзілістер және жұмысты аяқтауды елді мекеннің коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органы анықтайды.

  13.7 Субұрқақтардың жұмыс істеп тұрған кезінде су бетін қоқыстан тазалау күнделікті жүргізіледі. Пайдаланушы ұйым субұрқақтарды өшірген кезеңде де оларды таза ұстауға міндетті.

  


14-бөлім. Жарнаманы орналастыру және күтіп ұстау

  

14.1 Сыртқы (көзбен шолу) жарнама және ақпарат құралдары таза күйінде ұсталып, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген тәртіпте орналастырылуы тиіс.



  

15-бөлім. Ережелерді бұзудағы жауапкершілік

  

15.1 Осы Ережелерді бұзған заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне сәйкес жауапты болады.



15.2 Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану құқық бұзушыларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтірілген материалдық зиянның орнын толтырудан, істелген бұзушылықтарды және осы Ережеде қарастырылған талаптарды орындаудан босатпайды.

15.3 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ереженің сақталуын бақылауды тиісті мемлекеттік органдар өз өкілеттігінің шегінде осы Ереженің ресми жарияланған күнінен бастап жүзеге асырады. 



 



Каталог: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет