1.Шаттық шеңбері: жылы сөздер айту.
2.Әңгімелесу
-Сендер «татулық»деген сөзді қалай түсінесіңдер?
3.Әңгімелеу: «Піл мен маймыл» ертегісі.
-Үкі неліктен піл мен маймылды алмаға жұмсады?
-Достар көздеген мақсаттарына қалай қол жеткізді?
4.Дәйексөз: «Татулық-табылмас бақыт»
-Татулық бар жерде бірлік те,қуаныш та болады.
«Татулық-табылмас бақыт» деген нақыл сөз осыдан шықса керек.
5.Ойын: «Көкпар» қимылды ойын.
Шарты:балаларды екі топқа бөлу.Ағаштан жасалған аттарға мінгізу.Топ ортасында көкпар тарту үшін орамал әкеліп тастайды.
6.Ғажайып сөздер:
-Дүниеде ең қымбат-татулық.
-Біз тату доспыз.
7.Қортындылау
-Біз бүгін татулық бар жерде достық туындайтынын ұғындық.Татулық бар жерде достықтың,бірліктің,сыйластықтың болатынын білдік.
8.Жүректен жүрекке.
-Е.Өтетілеуұлының өлең жолдарын қайталау:
Достар тату- тәттіміз,
Болса қолда тәттіміз,
Біз бөлісіп жатамыз,
Бәріміз дәм татамыз.
|