Күнделікті тіршілікте, оның ішінде қырық жылдан астам бойы етенебоп кеткен, ауызынан балалықтың уыз дәмі енді кете бастаған шақтан бастап араласқан етжақын адамның жақсы қасиеттерін бағалап, ой салып қарай бермейсің



Дата26.06.2017
өлшемі47.04 Kb.
#15767
ДӘНЕКЕР

Күнделікті тіршілікте, оның ішінде қырық жылдан астам бойы етенебоп кеткен, ауызынан балалықтың уыз дәмі енді кете бастаған шақтан бастап араласқан етжақын адамның жақсы қасиеттерін бағалап, ой салып қарай бермейсің. Бәрі де үйреншікті, бұрыннан солай және солай болуға тиіс сияқты. Сондай бір тосын жайтқа биыл Жүрсін мен Есенннің игілікті қарбаласы тұсында куә болдым. Құлынтайдан ойнақтап өскен адамдардың әзіл, қалжыңдарынан езуіміз талып, сөйлеуге шамамыз жоқтай көрініп, түн орталатып үйге қайттық. Әзілдің тақырыбынан басқа жайлардың бәрі де үйреншікті. Курстатастардың басын қосып, кімнің қайда екенін, аман-саулығын біліп, өзгерген мекені мен «шайтанқұлақтарының» санын қатирасына түсіріп, уақтылы баяндап тұратын сол Оңалбай баяғы. Тек бұл жолы біз білетін тынымсыз Сьезд Бәсібеков пен Сайлаубай Пернебаев ағамыз сияқты мәжіліс пен отырыс кезінде тыным таппай, иіліп-шалқайып, қисайып-түзеліп, отырып-тұрып, арасында альбомын көрсентіп, ондағы өзіміз түсірілген суреттердің уақытын айтып жіберіп, тұра жүгіретін мазасыз фототілшінің әдетін бойына «жұқтырып» алыпты. Оның бұл мінезін сан-саққа жүгіртіп: «Тегін фототілшілікті үйренген жоқ. Қазір есік алдында тұрып сатады. Сөйтіп бизнес жасайды», «Жоқ, ол суретті ертең шығарып, альбом жасап, келесі бас қосуда базар бағасымен сатады», «Әй, осымыз біздің үстімізден құпия дерек жиып жүр», «Сонда кімге қызмет етеді?», «Әй, біздің Оңалбай ЦРУ-дан төмен түспейді. Қымбатқа бағалайды. Алматы, Астана, Қызылорда арасында жүрген шығынын солай өтейді» - дестік. Оған өз курсынан «жеріп жүрген» Көпен келіп тұздық қосқан соң, бұл әңгіменің өзі бір кешке созылып, тақырыбымыз бұрынғыдан көрі кеңейіп, халықаралық қауіпсіздік деңгейіне көтеріліп кетті. Енді, мұндай «құпия агентті» жалғыз жіберуге болмас деп, Есағаң – Есен райысакам маған сеніп тапсырды. Жолай және үйде Оңалбайдың базарлығын «түгендеп: «Шайға қосатын шекеріңді неге сала келмегенсің?» - деп шымшылай отырып жанынан тастамайтын «шөншігіне» көштім. Қазынасын ақтара отырып, бір көне альбомды оңашалап қойды. Сыңайы – менің назарымның түскенін қаламайды. Дереу: «Ей, сенің барлық агенттік ақпараттарыңды жинақтап жүрген қатираң осы болмасын. Ертең Жанболаттың үйіндегі «ілеспеде» хабарлаймын. Райыс-акаң сұрайды, Сәулебек прокурор ретінде санкция береді, Жүрсін айтысқа тақырып ретінде тапсырма береді, Несіпбек тарихи дастан жазады. Содан кейін есебін Жанболат «Егеменге шығарады» - дедім. «Қойсалап» тұрды да: «Ей, қоймадың-ғой. Оқи ғой. Мен жүрген жерімде жақсы адамдармен жолықсам, солардан қолтаңба аламын. Суретке түсіремін. Кейін, қажет етсе, өздеріне беремін. Менің «агенттігімнің» есебі бұл», - деді. Құнын сұрайын деп ұмсындым да, альбомды ашып қалып, таныс бір жазуды көріп, тынан қалдым. Онда:



«Оңалбай бауырым! Омбыдағы оң сапар – шуақты күндер мен тылсым түндер еске түскен сайын Өзіңді (қолтаңбада бас әріппен жазылған – Т.Ж.) еске ала бермеске лаж бар ма?! Оңалбай, ылғи да амандықта, жол үстінде, жақсылық сәттерде қауыша берейік. Сағат Әшімбаев. 22.07– 91», – деп жазыпты.

Бойым шымырлап кеткендей болды. Сағатпен қатар қызмет еткен, жанына жақын жүрген, туған бауырындай араласып өскен еш азаматқа мұндай пікір білдіргені есімде жоқ. Сонда да: «Е, кәсібіңді ерте бастаған екенсің-ғой. Тағы нең бар?», – дедім. «Әр жағын оқысай», – деді. Оқыдым.



«Құрметті Оңалбай! «Омбыдағы шуақты күндер» атты ойлы мақалаңды оқып, Өзіңмен (тағы да бас әріппен) сол Омбы жерінде жүздесіп, танысып, табыстық. Екі ел арасындағы дәнекерлік, алтын көпірлік, азаматтық қасиеттеріңе шын сүйіне, тебірене қол қойдым. Құрметті Оңеке! Өзіңе ең ізгі тілектермен қазақтың Ән, Күй шаруашылығының тұрақты өкілі, «Қожа Ахмет Яссауи» атты ән-толғау шығарған замандасың – Шәміл Бисенғалиұлы Әбілтаев. 19 шілде, 1991 жыл. Алматы – Омбы».

Келесі бетті ашқанымда сол кезде жұлдызы енді ған көтерілген Шынболаттың қолтаңбасы көзіме түсті. Еріксіз оқи бастадым «Оңалбайға!

Сырда туған сырласым,

Айналайын оңалбай!

Бір ауыз өлең жазайын,

Тұрғанда тілім жоғалмай.

Зорлығына мықтының,

Жүрген жан едім көне алмай.

Қырыққа жасым кеогенше,

Тірлігім қойды-ау оңалмай.

Арқада өтті көп жылдар,

Сыр бойына соға алмай.

Отыз жыл жүрдім шахтада,

Жыршылық өнер қона алмай.

Дүбірлі тойға қосылдым,

Жер астында жоғалмай.

Әлі де жүрмін өлеңнің,

Күмбезін әсем соға алмай.

Солай да, солай, Оңалбай,

Ер жігітте арман жоқ,

Пайдасы тисе, қоғамға-ай.

«Қазағым!» – деп жүресің,

Баяғы заман болар ма-ай.

Шәмілдің күйі төгілсе,

Ертістің суы толар ма-ай.

Омбыда өткен көп жақсы,

Арман не болсаң, солардай!

Омбы қаласы. 19 шілде, 1991».

Мынада Шынболат жыраудың жеке өмір беттерімен қоса, тура сол жылдағы қоғамның көкейін тескен мәселе де қамтылыпты. Ертістің деңгейі төмен түскенін қазір ұмыта да бастадық қой. Әрі қарай беттегенде Құдайбергеннің, Тоқсынның, Уәйістің, Лұқпанның, Жылқышиевтің, Ғ.Тоқтарбаеваның, Секеннің тағы да басқа өнер жұлдыздарының қолтаңбасы бар екен. Альбом Несіпбектің «тарихи дастанымен» аяқталыпты. Аз үнсіз қалдым. Оңалбайдың игі жақсының тілегін жиған мына қормалдығына риза болдым әрі таң қалдым. Енді соның жөнін сұрадым:

Өзің білесің, газетте жүрген кезімде аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы шақырып алды да, мені партиялық тапсырма ретінде аудандық милиция бастығының орынбасары етіп жіберді. Қарсылық жасай алмайсың. Оған Қасым Қайсенов ағамыздың септігі тиген сияқты. Содан Омбыдағы милиция мектебіне оқуға бардым. Ондағы халың қазақтың тұрмысымен таныстым. Қазақы мәдениетке сусап отыр екен. Бірден Алматыға соғып, солш мәселені көтеріп мақала жаздым. Сағат ағамызға жолықтым. Айтыс пен «Тамашаны» сағынып отырғанын айттым. Баспасөз де, ел де бірден қолдап әкетті. Сәкең бұл аманатты орталық комитетке жеткізді. Арада біраз уақыт өткен соң қазақ мәдениетінің Омбыдағы күндерін өткізу туралы шешім қабылдады. Сәкең мені шақыртып алып, өкіл ретінде қосты. Сөйтіп, екі жұрттың арасына дәнекер болдым. Омбылықтардың есінде ол күндер мәңгі қалды. Дән риза. Мына қолтаңбалар сол күндері табылды. Сәкеңнің «тылсым түндер» деп отырғаны, тура кетер алдында құжаттары, авиабилеті жоғалып кетті. Табылмады. Ел дуылдасып жүргенде, милициялық жолмен іздестіріп, тауып бердім. Ой, қуанғаны-ай!», – деді.

Ұзақ ойланып қалдым. Қазақ мәдениетінің Омбыдағы күндері қазақ ұлтының тәуелсіздік рухын оятқан алғашқы бостандық нышанының бірі еді. Соған Оңалбайдың дәнекер болғанын мен де, курстастары да, жалпы қауым да бимағлұм. Осыдан қырық үш жыл бұрын танысқан Оңалбайдың содан бері курстасатрының басын қосудан жалықпай келе жатқанында, оның бойында осындай бір тума дәнекерлік қасиет бар екен ғой деген ойға қалдым. Соның куәсіндей әлгі қатирадағы Омбыдағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Солтан Есенболов атты азаматтың:

«...Сенің қазақ халқы үшін жасап жүрген намысыңды жүрекпен қабылдап, үнемі сол еңбегің жалындай жанып, халқым атыңа риза бола берсін», – деген қолтаңбасындағы тілегіне барлық курстастары атынан қосыла отырып, осы жолдарды аяқтағым келеді.



Шіркін, елді елге қосып, әр жақсының жан сырын қолтаңбада қалдыратын осындай бір дәнекер азаматтар көп болса ғой!

Тұрсын Жұртбай.
Каталог: repository -> history -> артурли
артурли -> Көркемдік шындық және тарихи тұлға
артурли -> Тұрсын Жұртбай, Астана
артурли -> Кеудесі қуыс қалған далам – ай… Немесе атамыздың басын іздеумен өткен екі айдың есебі
артурли -> Әсіреәфсаналық көркем түйсік сарасы
артурли -> Оразадағы ойлар. Көзтүрткі
артурли -> Өмір ішінен өлім, Өлім ішінен өмір іздеген жанкештілер
артурли -> Бүкіләлемді түйсікті сезініп, танудың ғаламдық ақиқат сарасы көркем сана. Көркем сарасы шетсіз шексіз басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас
артурли -> Бүкіләлемдік түйсікті сезініп, оны танудың ғаламдық ақиқат сарасы көркем сана. Көркем сана басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ шетсіз-шексіз ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас
артурли -> Тұрсын ЖҰртбай, Қазақстан Педагогика ғылымдарының академигі
артурли -> Қазақ Қолжазбалары


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет