Кластан тыс шара Тақырыбы: Әйтеке би – шешен, қоғам қайраткері



Дата07.07.2017
өлшемі37.57 Kb.
#27136
Абдраухова Жайнагуль Жугинисовна

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Кластан тыс шара

Тақырыбы: Әйтеке би – шешен, қоғам қайраткері



Мақсаты: Кіші Жүзден шыққан атақты би, шешен, қоғам қайраткерінің тарихи тұлғасы туралы мағлұмат беру, айыр тілді шешеннің асыл сөздері мен өсиеттерін талдай отырып, оқушылардың тіл байлығын молайту, өз ойларын жеткізе білуге, өз бетінше іздене білуге баулу, ғылыми – зерттеушілік қабілетін дамыту, адамгершілікке, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 1. Әйтеке би портреті. Слайд

2.Кітап көрмесі. «Айыр тілді Әйтеке»

3.Баспасөз материалдары

4.Ұлағатты сөздер

5.Деректі фильм «Әйтекенің ақ жолы»


Өту барысы: 1. Кіріспе сөз. Билер тарихында қазақтың Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билердің орны ерекше. Бұл үшеуінің өз дәуірінде елін, жерін жаудан қорғап қалуда, елдің , халықтың бірлігін, ынтымағын сақтауда, адамгершілік, парасаттылық, ата – баба намысын, дәстүр - салтын сақтауда зор еңбек сіңірген хандарға ақыл – кеңес берген билердің биі, бас би, баба би, көсем би деп қадір тұтамыз. Қазақ халқының бұл үш биі ел басына күн туған қиыншылық кезде де, билер кеңесі кезінде де жер дауы, жесір дауы, құн дауы көтерілген жерде де бірге бас қосып, ел тағдырын бірге шешісіп келген. Солардың ішінде Әйтеке би білікті мақал - нақылмен мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешетін, өте әділетті, білгір, шешен би болған. Сондықтан да аға би атанып, Кіші жүз елін ұзақ жылдар басқарған. Тәуке ханның Төле би, Қазыбек би сияқты кеңесші бас билерінің бірі, «Жеті Жарғы» заңын жасасқан, қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері. Сондықтан алдыңғы кезекте оның өмірі мен өнегелі сөздері туралы мағлұмат алайық.

Деректі фильм «Әйтекенің ақ жолы» көрсетіледі.

І бөлім. 1.«Әйтеке би және Жеті Жарғының қабылдануы» Баяндама. кітапханашы

2. «Айыр тілді Әйтеке». Кітаптар көрмесіне шолу.

3.Көрініс. Әйтеке би бірде Қаз дауысты Қазыбекке келіп, сәлем береді. Бұл Әйтекенің әлі жастау кезі болса керек.

- Уа, бала! Атадан жақсы ұл туса – елдің туы болады, жаман ұл туса – соры болады деуші еді. Соның қайсысы боласың? – дейді Қазыбек. – Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады, Шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады,- деуші еді? – дейді Әйтеке.

Қазыбек: - Е – е, бауырым, халқым сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, - дейді.

Әйтеке: - Мен де халқым құп алса, елімнің оң сөйлер ұлы болармын, - депті оған.

ІІ бөлім. Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Әйтеке би – шешен, қоғам қайраткері» тақырыбында өткелі отырған ғылыми конференцияны ашық деп жариялаймыз. Конференцияға қатысушылар - 9 «А» класс оқушылары.

Конференция тақырыптары:

1.Үш арыстың тірегі, үш асылдың бірі еді.

2.Алшын Әйтеке би ғұмырнамасы.

3. Ежелгі шежіре деректері.

4. Әйтеке би – шешен, қоғам қайраткері.

5.Әйтекенің жекпе – жектегі жеңісі.

6.Алшын Әйтеке бидің өсиеттері.

Әйтекенің асыл сөздері. «Суалмайтын суат жоқ»

Суалмайтын суат жоқ.

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Құйрығы суда тұрса да,

Уақыты жеткенде

Қурамайтын құрақ жоқ

Дүние деген фәни бұл!

Баласы жоқта мият жоқ,

Бәрінен қиын сол екен,

Артында жанған шырақ жоқ.

«Дұрыс сөзге тоқтай білген»

«Жігіттің жақсысы қандай болады?»

Енді бір аңызда аулына келіп отырған Төле би мен Қазыбек Әйтеке баладан: - «Жігіттің жақсысы қандай болады?» - деп сұрапты.

Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген,- дейді Әйтеке.

Сол уақытта үйге бір түлкіге даулы екі кісі келіп кіреді.


  • Бала, осы даудың төрелігін сен бере қойшы, - дейді билер.

  • Мен түлкінің жүні жетілсін деп жаз басынан сыртынан бағып едім, дейді жауапкер.

  • Мен кешегі қансонарда ізімен келіп індеттім, - дейді талапкер.

Сонда Әйтеке бала аз ойланып:

-Түлкі арлан болса, ізімен келіп індеткендікі; ұрғашы болса – жүні жетілсін деп ін баққандікі.Өйткені, ұрғашы ін сақтайды, еркек түз сақтайды, - дейді.



Қорытынды. Әйтеке бидің шешендік сөздерін қастерлей жинап, ол жөнінде зерттеу жазған Балтабай Адамбаев ол жөнінде былай жазады: «Қазақ руларының басын біріктіріп бір орталыққа бағындырып және туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып, жоңғар – қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесшісі, көмекшілерінің бірі Әйтеке болған. Сайып келгенде, Әйтеке шешендігімен бірге, кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері.»

Олай болса, әйгілі шешеннің өз сөзімен айтқанда, «- Бидің мұраты – ел бірлігі. Елінен айрылған ер бақытсыз, жерінен айрылған ел бақытсыз. Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме! Ерінің сағын сындырса, ел мұратқа жетер ме! Ел тірегі - ері, ер тірегі – елі бола білген қауымның басынан бағы кетер ме!»- деген нақыл сөздерінің мәні ерекше. Ел бірлігін, халқының қамын ойлаған, ақылға, татулыққа, елдікке шақырған атақты бидің асыл сөздері мен өнегелі өсиеттері ұрпаққа үлгі, болашаққа жол сілтеп тұрған шамшырақ деп санаймыз. Оны үйреніп, жаттап, оқып, көңілге тоқу – басты міндетіміз.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет