Кіріктірілген кеш (химия + биология + география) "Жеті грек жаңғағы"



Дата24.08.2018
өлшемі71.29 Kb.
Кіріктірілген кеш (химия + биология + география) "Жеті грек жаңғағы"

"Грек жаңғағының ортасына жету үшін, алдымен қабығын үгіту керек!"

 (Шығыстың нақыл сөзі)



Мақсаты:

Оқушылардың интеллектуалды дүние танымдарын кеңейту,

Логикалық ойлау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысы мен жүзеге асыруға икемділігін қалыптастыру,

Оқушыларды кәсіби бағытта жұмыс жасауға ынталандыру.



1 жүргізуші: "Қайырлы кеш, қымбатты достар!" Біз сіздерді бүгінгі биология, химия және география пәндерінің кешінде көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін біз грек жаңғағының қабығын үгіте отырып, жаңғақтың ядросында жасырылған білімнің шыңына шығуға атсалысамыз.

2 жүргізуші: " Ал көзделген мақсатқа жету үшін, сіздерге биология, химия және география ғылымдарынан жинаған білімдерің қажет болады".

1 жүргізуші: Барлық болып жатқан шараларды әділ қазы алқасы қадағалап отырады.

2 жүргізуші: Әділ қазы алқасының құрамды мүшелері:

1. Абаева Айгуль Турлыхановна

2. Жунусбекова Кайча Бейсеновна

3. Омирова Зайра Кудышевна


1 жүргізуші: Сонымен, біз бастаймыз. Сахна төріне қатысушы командаларды шақырамыз.

2 жүргізуші: 8-10 сынып оқушыларынан құралған командалар сайысқа дайын.

1 жүргізуші: Грек жаңғағының ядросы оны қоршап тұрған мықты қабығымен қорғалған.

2 жүргізуші: Біздің себетте 7 грек жаңғағы – жүргізілетін конкурстың санына сәйкес салынған. Әр команданың міндеті мейілінше көп жаңғақты үгітіп, максималды ұпай санын жинау.

1 жүргізуші: I конкурс: "Жұмбақ себеті".

Әр командаға ширату мақсатында химия, биология және география аймағында 3 сұрақтан беріледі.



2 жүргізуші: Ойлануға 10 секунд. Егер команда жауап бермесе, қарсылас команда жауап беріп, өзіне ұпай еншілейді.

1 жүргізуші: №1 командаға сұрақтар:

Ресей территориясындағы ең үлкен көл? (Байкал көлі)

..................................................................

Электртерістілігі ең жоғары элемент? (фтор)



2 жүргізуші: №2 командаға сұрақ:

Ең құрғақ материк? (Австралия)

Адам жасушасында неше хромосома бар? (46)

Химиялық реакция жылдамдығын баяулататын заттар қалай аталады? (ингибиторлар)



1 жүргізуші: №3 командаға сұрақ:

Аралдар жиынтығын қалай атайды? (архипелаг)

С дәруменінің химиялық атау? (аскорбин қышқылы)

Тірі ағзалардың эволюциялық даму теориясын ашқан кім? (Ч. Дарвин)



2 Жүргізуші: Әділ қазы алқасы командалардың жинаған ұпай сандарын есептегенше, біз екі грек жаңғағын жарайық. Екінші конкурс «Не артық?» деп аталады. Конкурс екі бөлімнен тұрады.

1 жүргізуші: 1 бөлім. Слайдта бірнеше сөздердің қатары берілген. Әр қатарда бір артық сөз бар. Қағаз бетіне сіздер команданың атын, сөйлемнің номерін және артық сөзді көрсетесіздер. (жақшаның ішіне не себепті таңдаған сөзді артық санау себебін түсіндіресіздер)

2 жүргізуші:

1 сөздар қатары: жарғанат, кептер, страус, көбелек, шыбын.

2 сөздер қатары: ара, шыбын, колорад қоңызы, шегіртке

3 сөздер қатары: күкірт, мырыш, хлор, азот, оттегі

4 сөздер қатары: жазық, шөлейт, тропик, бақша, тундра

5 қатар: Дарвин, Павлов, Пржевальский, Мичурин, Линней



1 жүргізуші: Конкурстың екінші бөлімі "Мюнхаузен зертхана ішінде" деп аталады. Сіздердің міндеттеріңіз – баронның ешбір өтіріксіз «шынайы» әңгімесіндегі қателерді анықтау:

Мен – тамаша химикпін. Еш жасыратыны жоқ, кейде аздап ебедейсізбін, қайтейін енді бұл – данышпан аамдардың негізгі кемшіліктері. Оой, мен не айтып кеттім?! АА, ебедейсіздігім жайлы екен ғой. Бір күні мен күкірт қышқылы құйылған бөтелкенің ауызын жабуды ұмытыппын, ал ол болса түгелдей ұшып кетіпті. Мен тез арада қышқылға су құйдым. Ал терезенің алдында кристалды тап-таза азот қышқылы тұрды. Мен мыс сымды алып, оған концентрлі күкірт қышқылын құйып, сутегі газын жинай бастадым. Көбірек сутегі жинап алайын деп суды қайната бастадым, бірақ менде озон түзіліп кетті де, мен ұйықтап қалдым. Себебі озон наркоз үшін қолданылады. Мен ұйықтап жатқан уақытта сутегі суда еріп кетіпті. Осылайша мен ауа шарымды сутегімен толтырып ала алмадым. Бірақ ештеңе етпейді, келесі жолы мен шарымды оттегі мен судың қоспасымен толтырып аламын.

1 жүргізуші: Жауаптарыңыз жазылған ақ қағаздарыңызды әділ қазы алқасына берулеріңізді сұраймыз. Әділқазы алқасы бұл конкурстың нәтижесін шығарғанша, командалар біраз сергіп алсын.

(музыкалық үзіліс)

2 жүргізуші: Сонымен 2 грек жаңғағы шағылды. Кезекте 3-жаңғақ тұр. Бұл жаңғақтың қабығы өте мықты, оны үгіту үшін команданың әр мүшесінің білімі қажет.

1 жүргізуші: Келесі конкурс «Мен натюрморт саламын» деп аталады. Ол 2-ге жіктеледі: команданың 1 мүшесі координата бойынша мектеп қабырғасының ішіндегі натюрторттың жасырылған түпнұсқасын іздейді, ал команданың қалған мүшелері натюрморттың көшірме суретінің қиқымдарын ақ қағаздың бетіне жапсырады.

2 жүргізуші: Егер команда натюрморттың түпнұсқасы мен көшірмесін әділ қазы алқасына тапсыратын болса, тапсырма орындалды деп есептеледі.

1 жүргізуші: тапсырманы орындауға 5 мин беріледі. Ал сол уақыт аралығында көрермендер де өз білімдерін сынай алады.

2 жүргізуші: дұрыс жауап бере отырып, ең белсенді қатысқан көрермен «Ақылды» жолақшасына ие болады. Ең белсенді көрерменде әділ қазы алқасы таңдайды.

Көрермендерге сұрақтар:

Бұл адам – орыстың ұлы ғалымы, ең бірінші болып түсті шыны алудың әдісін ойлап тапқан. Оның еңбегіне атом-молекулалық ілімінің ашылуы жатады. (М.В.Ломоносов)

Қай теңіз жануары 10-15 сағат бұрын штопмның келе жатқанын болжай алады? (медуза)

Барлығымыз сүт өнімдері ағзаға өте пайдалы, себебі ішектің жұмысын жақсартады. Айранды алуда қандай химиялық процеске негізделген? (ашу)

Курс облысының кейбір аудандарында қай минералдың қалдықтары компасты пайдалануға мүмкіндік бермейді? (магнитті теміртас - магнетит)

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде неше период, неше қатар, неше топ, неше топша бар? (7 период, 10 қатар, 8 топ, 2 топша )



1 жүргізуші: жұмысқа берілген уақыт аяқталды. Натюрмортты әділ қазыларға береміз.

2 жүргізуші: Әділ қазы ұпай сандарын есептегенше, біз «Тоқта – кадр» конкурсына өтеміз. Егер команда бұл конкурстан сүрінбей өтсе, 4-жаңғақты үгітіп, білім шыңына жақындаймыз.

1 жүргізуші: конкурсқа қатысу үшін 3 оқушыны шақырамыз. Сіздер қағазда берілген денелерді анықтайсыздар.

2 жүргізуші: Ал қалғанымыз кешіміздің 5 конкурсы «ДУБЛЯЖ» - ға өтеміз.

1 жүргізуші: Сіздерге жануарлар өмірінен кішігірім үзінді беріледі. Сіздер сол видеоны дуыстандырасыздар. Конкурсқа кіріспес бұрын мысықтар өмірінен қызықты үзінді тамашалайық.

(мысықтар туралы видео)

1 жүргізуші: Сонымен, «Дубляж» конкурсымызды бастаймыз. Өз әзілдеріңіз бен білімдеріңізді пайдалана отырып, көрген видеоны дауыстайсыздар.

Командалар дайын болғанша «Тоқта –кадр» конкурсына ораламыз. Қатысушылар суреттегі денелерді атайды.



2 жүргізуші: №1 команда ортаға шақырылады, №2-№3 командалар дайын тұрады.

1 жүргізуші: Кештің негізгі конкурсы «Капитандар сайысы» келіп жетті.

2 жүргізуші: Капитандар 6-жаңғақты үгітеді.

1 жүргізуші: 1 балдан 5балға дейінгі аралықта өз командасына ұпай әкеледі

1 команда

5 балл. Жасушаларды зерттейтін ғылым? (Цитология)

4 балл. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі ашылған жыл? (1869)

3 балл. Сүт ішкен кезде біз осы элементтің 80 % пайдаланамыз. (кальций)

2 балл. Қанның құрамына кіретін элемент. (темір)

1 балл. Бұл элементтің қосылыстарын тақтаға жазамыз. (кальций)

2 команда

5 балл. Егер адам ағзасында бұл элементтің мөлшері азайса, адамның тырнағы ағарады? (магний).

4 балл. Ауаның құрамына 21% кіреді (оттегі)

3 балл. Жай зат ретінде бұл элемент жер бетіне құлаған метеориттің құрамында таза күйінде кездескендіктен таралған. (темір)

2 балл. Металл аттарымен аталатын тарихи дәуірлер (темір, қола)

1 балл. Бұл элементтің қосылыстарын тақтаға жазамыз (темір)

3 команда

5 балл. Медицинада қан тоқтату үшін қолданылатын бейметалл (иод)

4 балл. Селитралар не үшін қолданылады (ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде)

3 балл. Жай зат күйінде екі атомнан тұратын элементтер. (хлор, бром, иод, азот, сутегі, оттегі)

2 балл. Дезинфекциялау мақсатында қолданылатын бейметалл (хлор).

1 балл. Электр шамдарында қолданылатын металл, қызуға төзімді (вольфрам)

1 жүргізуші: Міне, ең соңғы 7 конкурс "Эстафета" келіп жеттік.

2 жүргізуші: Бізге соңғы 1 жаңғақты шағу қалды. Бұл кедергіден өту үшін командалардың барлық мүшесі қатысу керек. Қабырғада түймедақ гүлінің күлтелері жабыстырылған, әр күлтеде сөз жазылған. Сол сөздерден құралған сөйлем бүгінгі кештің соңғы нүктесі болып табылады. Допты пайдаланып, команда қатысушылары кезектесіп, күлтелерді жинап, сөйлемді құрастырады.

1 жүргізуші: Қысқа уақыт аралығында сөйлемді құрастырған команда жеңіске жетеді.

Жауабы: "Білім инемен құдық қазғандай"



2 жүргізуші: Әділ қазылар нәтижесін шығарғанша көрермендермен бүгінгі сайыс туралы өз ойларыңмен бөлісуге болады.

1 жүргізуші: Кеш өз мәресіне жетті. Сіздермен келесі кездескенше қош сау болыңыздар.
Каталог: uploads -> doc -> 06f7
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет